- •1.1 9. Балалардың жоғарғы жақтын тұрақты бүйір күрек тістің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерін тізбектеніз.
- •10. Балалардың төменгі жақтын тұрақты бүйір күрек тістерінің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерін тізбектеніз.
- •11. Балалардың жоғарғы жақтын тұрақты ит тістің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерің тізбектеніз.
- •12. Балалардың төменгі жақтын тұрақты ит тістің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерін тізбектеніз.
- •11. Тісжегіні тексерудің қосымша диагностика әдістері.
- •24. Балаларда аденофлегмона. Этиологиясы, патогенезі.
1.1 9. Балалардың жоғарғы жақтын тұрақты бүйір күрек тістің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерін тізбектеніз.
Тіс сауыты пішіні бойынша орта күрек тістерге ұқсас, бірақ көлемі жағынан аздап кішілеу. Вестибулярлы бетіндегі сайларынашар дамыған. Әйелдерде таңдай бетіндегі сайлары нашар дамыған. Таңдай төмпешіктеріжиектік айдаршыққа қосылатын тұсы жақсы дамыған. Тұйық тесік тілдік төмпешіктің алдында орналасқан.
Тіс қуысы көлемі жағынан кішілеу, сауыт пішінін қайталайды. Вестибулооральдық бағытты қуыстың тарылуы байқалады.
Нұсқалар:сауыттың пішінінің көптеп түрін өзгеруі байқалады. Кейбір күрделеніп дамуы кезінде бүйір күрек тістің тістеу қыры үшкірленеді және көрші тістен көлемі кішілеу болады.
Тіс түбірі конус тәріздес, медиодистальді бағытта өте қысыңқы келеді. Түбір ұшы үшкірлеу және оральді жаққа қарай ауытқыған. Көлденең кесіндіде түбір сопақша пішіндес.
10. Балалардың төменгі жақтын тұрақты бүйір күрек тістерінің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерін тізбектеніз.
Тіс сауыты пішіні жағынан орта күрек тістен өзгешілігі аз, орта күрек тіске қарағанда көлемі үлкендеу. Сауыттың вестибулярлы беттерінде біліктері, жиектік айдаршығы және тілдік төмпешіктері орта күрек тіске қарағанда жақсы дамыған.
Тіс қуысы сауыт пішінін қайталайды. Тістің мойын бөлігіне бағыттала біртіндеп тарылады да, түбір өзегіне жалғасады.
Тіс түбірі тік, жалғыз. Мезиодистальді бағытта аздап қысылған. Түбірдің дистальді бетінде сайлары жақсы дамыған. Көлденең кескінде бүйірлене қысылған сопақ тәріздес болып көрінеді.
Тіс түбірінің өзегі негізінен біреу, медиодистальді бағытта қысылған.
Нұсқалар түбірдің орта бөлігінде өзек екіге ацырылуы мүмкін.
11. Балалардың жоғарғы жақтын тұрақты ит тістің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерің тізбектеніз.
Тіс сауыты ірі, көбіне бес бұрышты, пішіні найза тәріздес. Кесу қыры негізгі төмпешіктердің еңістігінен құрылған. Ерін беті дөңестеу, тігінен білік орналасқан.
Тіс қуысы медиодистальді бағытта созыла отырып тіс сауытының пішінін қайталайды және айқын шекарасыз түбір өзегіне ауысады.
Нұсқалар сауыт пішіні кейде конус немесе трапеция тәріздес болып келеді.
Тіс түбірі негізінен біреу, бүйір жағынан аздап қысылып келген конус тәріздес. Барлық тіс түбірлерінің ішіндегі ең ұзыны.
Тіс түбірінң өзегі негізінен кең жақсы өтетін бір өзек болады.
Нұсқалар кейде түбірдің айыршықтануы мүмкін.
12. Балалардың төменгі жақтын тұрақты ит тістің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерін тізбектеніз.
Тіс сауыты көлемі жағынан үстіңгі сүйір тістерге қарағанда кішілеу. Ерін беті дөңестеу, тілдік беті жазықтау және аздап иілген. Тілдік бетінде жақсы дамыған төмпешік бар.
Тіс қуысы сауыт пішінін қайталайды. Вестибулооральді көлемі медиодистальдіге қарағанда үлкендеу. Тіс қуысы бірден шекарасыз түбір өзегіне ауысып кетеді.
Нұсқалар сауыт пішіні күрек тістер пішініне немесе астыңғы жақ кіші азу тістер пішініне ұқсас болуы мүмкін.
Тіс түбірі үстіңгі жақ сүйір тістер түбіріне қарағанда қысқалау, біреу, медиодистальді бағытта қатты қысңқы келеді. Апроксимальді бетіндегі сайлары жақсы дамыған
Тіс түбірінің өзегі түбір айырлануы мүмкін, бірақ бұл жағдайда екі түбір өзегі- вестибулярлы және тілдік өзектер анықталады. Түбірдің айыршықтануы тіс мойынынан бастап түбірдің әр деңгейінде болуы мүмкін.
Нұсқалар кейде түбірдің айыршықтануы мүмкін.
1.2 9. Балаларда тісжегінің орта және терең түрінде клиникалық көрінісінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтыңыз. Науқастың шағымдары: орта тісжегіде науқас тісте орташа қуыстың барына және температуралық тітіркендіргіштерге қысқа уақытқа ауыратынына шағымданады. Ал терең тісжегіде тісте терең қуыстың болуына және барлық тітркендіргіштерге тістің қысқа мерзімге ауыратынына шағымданады. Анамнезі бірдей, яғни екеуінде де тісжегі тіс шыққаннан кейін пайда болған, қарқынды ағымда өткен, өздігінен ауырмайды. Этиологиясы бірдей: пайда болуына микроорганизмдер мен рН мәнінің төмендеуі себепші болған. Орналасуы екеуіде де тістің фиссураларында, шұңқырларында және апроксимальді, мойын беттерінде. Шұқып тексергенде орта тісжегіде қуыс орта тереңдікте, эмаль-дентин шекарасы зақымданған, тіс қуысымен байланыспаған, тіндер жұмсарған. Сүңгілегенде жиі ауырсынусыз. Ал терең тісжегіде терең қуыс болады, тіс қуысымен байланыспаған, тіндер жұмсарған, сүңгілегенде қуыстың түбі ауырады. Термодиагностикада орта тісжегі ауырсынусыз, терең тісжегіде ыстық\суыққа қысқа мерзімді ауырсыну болады, алғаннан кейін бірден тоқтайды. ЭОД орта тісжегіде 2-6мкА, терең тісжегіде 7-15мкА-ге сезімтал.
10. Тісжегіні тексерудің негізгі диагностика әдістері. Тісжегіні диагностикалау анамнезден жинаған мәліметтер мен обьективті тексеруге негізделеді. Анамнез жинағанда науқастың шағымдары анықталады. Тісте ауыру сезімі бар ма, ол қай уақытта ауырады, қанша уақытқа созылады, температуралық және химиялық тітіркендіргіштерге байланысты ма және т.с.с. Аурудың қалай дамығанын анықтайды. Сонымен қатар тісінің бұрын соңды емделген\емделмегенін сұрайды, емделген болса, оның нәтижесі қандай болғанын сұрайды.
Обьективті тексеру: қарап тексеру стоматологиялық айна көмегімен жүргізіледі. Қарау арқылы тіс эмалінің түсін, рельефін, тіс қағын, дақтарды, ақауларды, қуыстар мен пломбаларды анықтауға болады. Шұқып тексеру зондтың көмегімен жүргізіледі. Эмальдің тегістігін және оның бетіндегі ақауларды көруге, тісжегі қуысы мен қабырғаларының тығыздығын және оның сезімталдылық дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Перкуссияны тек тісжегінің асқынуларында қолданады.
