- •5Во71700-«Жылу энергетикасы» мамандығы
- •1 Жылулық процестер
- •1.1 Жылулық процестің маңызы
- •1.2 Ысыту және суыту процестері
- •2 Жылу алмасу қондырғылары
- •2.1 Жылуалмастырғыш аппараттардың ерекшеліктері
- •3 Сурет. Тығыз жабылған жылу құбыры
- •4 Сурет.
- •2.2 Өндірісте кең қолданыдатын жылуалмастырғыштар
- •2.3 Қаптама құбырлы жылу алмастырғыштың жұмыс жасау принципі
- •3 Сурет. Температуралық теңестіргіш құрылымдары бар қаптама құбырлы жылу алмастырғыштар: а) линзалы теңестіргішті; б,в) құбырлар торы қозғалмалы; г) u-тәрізді құбырлы; д)сальникті теңестіргішті
- •2.4 Ирек құбырлы жылуалмастырғыштар
- •2.5 Қатпарлы жылу алмасу аппараттары
- •4 Сурет. Қатпарлы жылу алмасу аппараттар.
- •5 Сурет. Жылу беруші пластина
4 Сурет.
Жылу тасушылардың айтылған қозғалыс схемалары қарапайым деп аталады. Қозғалыстың күрделі схемасында ең болмаса бір ағынның қозғалу бағыты екіншіге қатысты өзгереді. Жылу тасушы бағытын өзгертпей өткен ара қашықтық жүріс деп аталады. Жылу тасушылардың қозғалу бағыттары өзгермейтін жылу алмасу аппараттар бір жүрісті (4,в сур.) деп аталады, егер ағынның бағыты ең болмағанда бір рет өзгерсе, аппарат көп жүрісті деп аталады (4,г сур.).
Егер жылу алмасу (жылу-масса алмасу) процесі аппараттағы екі жылу тасушы ағындары арасында өтетін болса, аппарат екі ағынды деп аталады, егер жылу алмасу (жылу-масса алмасу) процесіне үш ағын қатысатын болса – үш ағынды деп айтылады жəне т.с [2].
2.2 Өндірісте кең қолданыдатын жылуалмастырғыштар
Құрылысына қарай бір арынды (бөлшектенбейтін және бөлшектенетін) және көп арынды болып бөлінеді. Құбыр ішіндегі құбыр типті бөлшектенбейтін жылуалмастырғыштарды екі жолмен дайындайды. Құбырдың ішкі бөлігінде механикалық тазалаусыз тасымалданатын жылуалмасу құбырларында дәнекерленген двойник бар және құбырдың механикалық тазалануына мүмкіндік беретін жылуалмастыру құбырларында алынатын двойнигі бар. Құбыр ішіндегі құбыр типті жылуалмастырғыштардың бөлшектенбейтін құрылысында ішкі құбырлар сыртқысына тәуелсіз ұзартуына алады. Мұндай құрылыс ішкі бөлшекті ластанудан механикалық тазалауға мүмкіндік береді. Көп ағынды жылуалмастырғыштарда реттеуші камера ағысты жылуаламтырғыш құбырларда алынатын двойнигі бар. Көп атомды жылуалмастырғыштарда реттеуші камера ағысты жылуалмастырғыш құбырда бағыттауға қолданады. Мұндай жылуалмастырғыштар екі жолды болады. Құбыр кеңістігіндегі жылуалмастырғыштардың эффектісін көтеру үшін ағысқа бұзғыш және турбуленттеуші қондырғылармен әсер ету әдісін қолданады. Осы тип жылуалмастырғыштарының кемшілігі үлкен габаритті, сонымен қатар қыздыру бөлігінің бірлігіне үлкен металл шығыны болып табылады.
U тәрізді құбырлы қапты жылуалмастырғыштар.
Мұндай жылуалмастырғыштарда U тәрізді құбырдың екі шеті де бекітілген. Бір құбыр қорған болады. Ол температура өзгерген кезде құбыр ұзындығын еркін ұзартуға мүмкіндік береді. Мұндай аппараттардың құбырларының ішкі және сыртқы жақтарын тазарту қиын болғандықтан тек таза өнімдер үшін қолданылады. Бу кеңістігі бар буландырғыш (рибойлер) қабы және 3/1 құбыр жиынынан тұрады. Рибойлерде қалқымалы головканың немесе U тәрізді құбырларды аппараттарды секілді құбырлар жиыны қолданылады. Қос құбырлы құбыр қапты жылуалмастырғыштарда 2 құбырлы қорған болады. Ол аппараттың бір жағында болады. Бір құбыр қорғанда жоғарғы жағы ашық , кіші диаметрлі құбырлар. Ал екіншісінде төменгі жағы бекітілген үлкен диаметрлі құбырлар қолданыла бастайды. Мұндай аппараттарда бір жылуалмасушы орта қақпақпен жоғарғы құбыр қорған арасындағы кеңістікке штуцер арқылы келіп түседі. Мұннан кіші диаметрлі құбыр арқылы төменге бағытталады. Одан шығар кезде ағыс құбырлар арасындағы кеңістікке қайта келеді. Содан соң аппараттан шығарылады. Орама құбырлы жылуалмастырғыштарда мұнай және газды өңдеу кезіндегі жылуды алмастыру үшін қолданады. Олардың бірі жоғары қысымды болады. Жылуалмастырғыш қап құбырлы қорғандардан тұрады. Оған болаттан жасалған құбырлар бекітілген сердечник катушка ролін орындайды. Қысымы 5МПа, температурасы 700С табиғи газ құбырдың ішкі бөлігімен қозғалады. Ал қысымы 4,2МПа, температурасы 420С метан фракциясы құбыр аралық кеңістікке беріледі. Құбыр қапты жылуалмастырғыштың эффектілігі жылуалмастырушы ағынның қозғалыс жылдамдығы және олардың турбуленттілік дәрежесімен жоғарылайды. Қозғалыс жылдамдығын арттыру үшін жол саны әр түрлі бөлшектер қолданылады. Жылуалмастырушы аппараттар ағыстың бағыттау сипатына қарай тік, қарсы және қиылысқан ағысты болып бөлінеді [3].
