Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
990.99 Кб
Скачать

1.2 Ысыту және суыту процестері

Ыстық сумен ысыту

Ыстық су жәрдемімен әдетте 1000C жоғары температураға дейін ысыту мүмкін. 1000C жоғары температураға дейін ысыту үшін жоғары қысымдағы су қолданылады. Кей жағдайда су буының конденсаты пайдаланылады. Ыстық су түтінді газбен ысытылатын қазандарда жаңа бумен ысытылып ысылатқышта алынады. Жылу беру коэффициенті будың кондесациялаудан кем жылу беті бойымен судың температурасының өзгеруіне байланысты ысыту біркелкі емес, процентті басқару қиын.

Суыту тәсілдері.

Химия өндірісінде газдарды, буларды және сұйықтарды суыту қажет болады. 10-300C суыту үшін ең арзан және қолайлы суытқыш ретінде су және ауа пайдаланылады. Судың жылу сыйымдылығы және жылу беру коэффициенті ауаға қарағанда үлкен. Жыл мезгіліне және ауа райына байланысты өзен және көл суларының температуралары 12-250C, ал артезиан суының температурасы 4-150C аралығында болады. Өзен ,көл сулары артезиан суына қарағанда арзан, бірақ оның температурасы жоғары. Суды үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау мақсатында айналма су кеңінен қолданылады. Бұл суды насадкалы, мұнаралы аппараттарда ауамен суытып, қайта суытқыш ретінде пайдаланады. Ауа суытқыш ретінде жылуалмастырғыштарда суды суыту үшін қолданылады.

Қондырмалы аппараттар бу немесе газдың қандай да бір сұйықтықты конденсациялауы үшін қолданылады. Салқындағансу жоғарғы бөлгіш қондырғы арқылы беріледі. Ал ол қондырғыда бөлініп кетеді, мұнда оның беткі қабаты үлкейеді. Бу суға қарама- қарсы бағытта әрекет етеді. Су мен конденсат аппараттың төменгі жағынан шығарылады, ал ауа жоғарыдан сығылады.

Жартылай аппараттарда сөре де қондырғы да жоқ, сондықтан салқындаған су жоғарыдан жіңішке бағытта ағып, жазық су көлкмін туғызады. Бу конденсацияға аппараттың жоғарғы бөлігінен беріледі. Су, конденсат және ауа бірге аппараттың төменіндегі ылғалды –ауа насосымен сорылады [1].

2 Жылу алмасу қондырғылары

Əр түрлі орталар арасында жылу алмасу процестер орындалатын қондырғылар жылу алмасу аппараттар (немесе қондырғылар) деп аталады. Жылу техникада барлық жылу алмасу процестер мен қондырғылар жоғары температуралы, орташа температуралы, төмен температуралы жəне криогенді болып бөлінеді. Жоғары температуралыларға жұмыс температурасы 700°С асатын процестер мен қондырғылар жатады (өндіріс пештер, қазан қондырғылар ж.т.б.). Орташа температуралы процестер мен қондырғылардың жұмыстық температуралары 150°С - 700°С диапазонында жатады (булату, кептіру, ректификациялық аппараттар ж.т.с.), ал төмен температуралыларда −150°С тан +150°С дейін барады (жылыту жəне желдету қондырғылар, кондиционерлер, тоңазытқыш қондырғылар ж.т.с.). Криогендік процестер мен қондырғыларда жұмыстық температура − 150°С аспайды (ауаны,газ қоспаларын ажырату қондырғылар жəне т.с.)

Ең жиі кездесетін процестер: қыздыру, суыту, конденсациялану, булату, кептіру, дистилляция, ректификация, балқу, кристаллизация жəне қату. Осы процестердің кейбіріне жылу алмасудан басқа масса алмасу да ере жүреді. Өзара жылу алмасатын екі немесе бір-неше орталар жылу тасушылар деп аталады. Жылу алмасу жəне жылу-масса алмасу аппараттар міндеттері, əрекет негізі, жылу тасушылардың қозғалу схемаларына, олардың фазалық күйлеріне,құрылымдық жəне басқа қасиеттеріне қарай əр түрлі болады. Мысалы, міндетіне қарай жылу алмасу аппараттар қыздырғыштар, буландырғыштар, тоңазытқыштар ж.т.б. болып аталады. Жылу-масса алмасу аппараттарға скрубберлер, абсорберлер, ректификаторлар, кептіргіштер, градирнялар ж.т.б. жатады[6].