- •5Во71700-«Жылу энергетикасы» мамандығы
- •1 Жылулық процестер
- •1.1 Жылулық процестің маңызы
- •1.2 Ысыту және суыту процестері
- •2 Жылу алмасу қондырғылары
- •2.1 Жылуалмастырғыш аппараттардың ерекшеліктері
- •3 Сурет. Тығыз жабылған жылу құбыры
- •4 Сурет.
- •2.2 Өндірісте кең қолданыдатын жылуалмастырғыштар
- •2.3 Қаптама құбырлы жылу алмастырғыштың жұмыс жасау принципі
- •3 Сурет. Температуралық теңестіргіш құрылымдары бар қаптама құбырлы жылу алмастырғыштар: а) линзалы теңестіргішті; б,в) құбырлар торы қозғалмалы; г) u-тәрізді құбырлы; д)сальникті теңестіргішті
- •2.4 Ирек құбырлы жылуалмастырғыштар
- •2.5 Қатпарлы жылу алмасу аппараттары
- •4 Сурет. Қатпарлы жылу алмасу аппараттар.
- •5 Сурет. Жылу беруші пластина
1 Жылулық процестер
Жылу алмасу аппараты деп жылынатын орта арасында жылу алмасуға арналған құралды айтады. Кейде оларды жылутасығыш деп атайды. Мұндай қажеттілік көптеген салаларда: энергетика,химия,металлургия, мұнай, тамақ өнеркəсібі сияқты бағыттарда туындайды.
Жылу алмасу құралдарындағы жылулық процесстердің көптеген түрі болады: жылыту,суыту,буландыру, қайнату, конденсация,балқыту , қатыру тағы басқа күрделі процестер.
Жылу алмасу құралдары былай бөлінеді:-қолданылуы бойынша ысытатын,конденсторлар,суытқыш,буландырғыш,буды қайта түрлендіргіш жəне т.б.-жұмыс жасау принципі бойынша : беткейлік жəне араластырғыш. Барлық жылу қондырғылары əр түрлігіне қарамастан,негізгі мақсаты - бір ортадан (денеден)екінші ортаға жылу беру. Бірақ əр біреуінің жылулық есептеулерінің ерекшеліктері бар.
Беткейлік жылу қондырғылары жылытқыш бөліктері қатты қабырғалармен қамтамасызданған . Олар жылытатын ортаға жылу береді. Рекуперативті қондырғыларда жылу алмастырушы тетікті тағы бір қабырға бөліп тұрады. Сонда жылу қабырғаның əр нүктесінде таралу бағытын сақтап отырады. Регенартивті деп бірнеше жылытқыш бөліктерін алма кезек ауыстырып отырады. Сонда суып отыратын жылу қабылдағышы қайта - қайта жылып отырады. Көбінесе жылу алмасу үздіксіз жүріп отырады. Ал бұған қарама- қарсы жұмыс жасайтын қондырғыларды тербелісті қондырғылар дейді(жылу беру режимі өзгеріп отырады).
1.1 Жылулық процестің маңызы
Мұнай және газ өңдеу процестерінде аппараттарды қажетті температурамен қамтамасыз ету үшін жылуды енгізу немесе шығару қажет. Бұл үшін технологиялық қондырғыларда немесе жылуалмастыру аппараттары немесе жылуалмастырғыштар (қыздырғыштар, буландырғыштар, қайнатқыштар, тоңазытқыштар, конденсатор және т.б.)кеңінен қолданылады. Жылуалмастырғыш аппараттардың жұмыс жасау көрсеткіштері тәуелді болады. Жылуалмастырғыштар жұмысының жоғарғы эффектілігіотын шығынын, энергия шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Жылу алмастырғыштың жіктелуі: қыздыру және салқындатуға арналған аппараттарда жылу алмасу екі ағыс арасында өтеді. Осы кезде біреуі қыздырылады, екіншісі салқындайды. Сондықтан мақсаттың қайсысын алу керектігіне байланысты қызу және салқындау оны жылу алмастырғыш аппараттар деп атайды. Жылу алмастырғыштар жылудың берілу әдісіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
Жоғары бөлікті жылуалмастырғыш аппараттары
Араласу аппараттары
Технологиялық процес нәтижесінде алынған жылудан екінші ағыстың жылынуы жүретін жылу алмастырғыш. Мұндай түрін қолдану жылу және салқындату агентінің азайтуға мүмкіндік береді. Аппараттың осы тобына мұнайды, газды, утилизатор қазандықтарын қызуға арналған жылу алмастырғыштар жатады.
Қыздыру немесе бөлшекті буланужоғары температурамен мұнай өнімдері немесе арнайы жылу алмастырғыштар (су буы, даутерн буы,май) есебінен жүретін қыздырғыштар буландырғыштар.
Арнайы салқындатқыш агент (буланатын аммиак,пропан, ауа, су) қолданылатын бу конденсациясы салқындату үшін қолданылатын тоңазытқыштар, конденсаторлар.
Кейбір заттар қоспасы түзетін кристаллдар түзілуін қамтамасыз ететін температураға дейін сұйық ағыстарды салқындатуға арналған кристалдатқыштар.
Құбырлардың орналасуына байланысты көлденең және тік бағытты болып бөлінеді. Қалқымалы головкалы құбыр қапты қозғалмалы құбыр қорғанды жылу алмастырғыштар жоғары бөлікті жылу аппараттарының ішінде ең көп қолданылады. Қозғалмалы құбырлы қорғандар құбырлар жиынына корпусқа тәуелсіз қозғалу мүмкіндігін береді. Аппараттың қабы құбыр аралық кеңістік бойынша қалқымалы головкалы аппарат бір жолды болады. Температуралы конденсаторлары бар құбыр қабы жылуалмастырғыштан температуралық ауырлықтарды компенсациялау үшін арнайы элементтер компенсаторлар қолданылады. Олар корпуста орналасады. Қозғалмайтын қорғандары бар. Тік құбыр қапты буландырғыш екі кожухтың ортасына орналасып линзалық компенсаторлардан ерекшеленеді[1].
