Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық жоба.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.71 Кб
Скачать
  1. Кенді жеткізу құралдарын таңдау және оларды дәлелдеу

Кенді тазартылыс үңгубеттен тасымалдау деңгейжиекке дейін жылжыту – жеткізу деп аталады.

Жалпы тазартылыс алудағы шығындар көлемінің 30 - 50% кенді жеткізудің үлесіне тиесілі және тек кейбір елдерде ғана 10%-дан аспайды.

Кесте1. Кенді жеткізу тәсілдерінің жіктемесі.

Тәсілдер

Ерекшеліктері

  1. Өзағынды:

қазымдалған кеңістікте

кенқұдықтармен

Кен қазымдалған кеңістікте құлайды не блоктың түбінде үңгіленген кен қазбаларға қарай салмақ күштің әсерінен өзі ағылады.

  1. Механикалық:

өзіжүргі жабдықтармен

конвейерлермен және қоректендіргіштермен

ысырма қондырғыларымен

Шынжырлы табанды не доңғалақты өзіжүргі жабдықтар. Онымен тек кенді тиеп жеткізеді, немесе тек тиегіш ретінде не жеткізуші үшін қолданылады.

  1. Басқалары:

жарылыс арқылы жеткізу

гидравликалық

жеткізу

Уату барысында сілемнен ажыратылған кен шығару кен қазбаларға қарай бағытталады.

Кен су ағынымен шайылады.

Әдетте, кен өзағынды және механикалық тәсілдермен жеткізіледі, кейде жарылыс тәсілдерімен, сирек жағдайларда судың күшімен жеткізіледі.

Алғашқы жылдары, яғни 1893жылдан бастап ұзақ уақыт бойы механикаландырылған тәсіл ретінде ысырма қолданылды. Соңғы жылдары өзіжүргі жабдықтар, конвейерлер мен қоректендіргіштеркеңінен қолданылған.

Кен, әдетте, кенқұдықтарға жеткізіледі және ол кенқұдық арқылы өз салмағының күшімен төменгі, яғни тасымалдау деңгейжиекке жеткізіледі. Тасымалдау деңгейжиеккке жеткізілген кен вагоншаларға не конвейерлерге тиеледі. Кенқұдықтың диаметрі 1,5 – 5 м, тереңдігі 20 – 30 м-ден 2 – 3 қабаттың биіктігіне тең болады (200 – 300 м-ге дейін).

Кенді жеткізу тәсілі қазу жүйесімен тікелей байланысты және соған байланысты анықталады. Ендеше кенді жеткізу тәсілдеріне жеке-жеке тоқталып өтсек.

Кен өзағынымен тазартылыс кеңістікте не кенқұдықтар арқылы жеткізіледі.

Бұл тәсілмен темір кендерінің 90%-ы, түсті металлдар кендерінің 50%, ал фосфаттардың 100% жеткізіледі. Уатылған кен тазартылыс блоктың түбінде үңгіленген, шығару кен қазбаларға ағылады. Шығару кен қазбаларға, кенқұдықтарға не кенді жеткізуге арналған кен қазбаларға шығарылады.

Тазартылыс кеңістік кеннің және жанас жыныстардың орнықтылығына байланысты ашық болады не уатылған кенмен толтырылады. Егер жанас жыныстар орнықсыз болса, кен құлатылған жабылғы жыныстардың астынан шығарылады.

Қабатаралық жеткізу қазбалардың үңгілеуіне байланысты кеннің қабатаралық не қабаттық шығаруы ажыратылады, ал арнайы шығару қазбалардың үңгілеуіне байланысты – түптік не дүмдік шығарылуы ажыратылады.

Сонымен, кен блктың түбінен не дүмнен шығарылады. Кенді шығаруға арналған қазбаларға жүмсалатын қаражат шығыны, жалпы даярлау және тазартылыс жұмыстардың шығындарының 20 – 40 % құрайды.

Кен блоктың түбінен орлар не шүңеттер арқылы шығарылады. Орлар мен шүңеттердің ені 4 – 20 м-ге дейін болады. Шығару кен қазбаларға қума жатады. Қумалар орлармен шүңеттердің түбінен үңгіленеді. Қуманың диаметрі, әдетте, 1,5-2,5 м-ге дейін.

Кенді түбінен шығару тәсіл алғашқыдан қолданылады және кең таралған. Кенді шығару қазбалар блоктың қызмет ету мерзіміне дейін сақталады. Кен блоктың түбінен қабатаралық не қабаттық тәсілмен шығарылады. Пайдаланып жатқан кенді шығаратын қазбалар уатылған кенмен үнемі толып тұрады.

Кен дүмнен, яғни жанынан кенді жеткізу қазбаға шығарылады, соңынан өзіжүргі жабдықтармен не конвейермен кенқұдыққа жеткізіледі. Кен дүмнен қабатаралық тәсілмен жиі шығарылады. Кенді жеткізу қазбалар әр қабатаралықтың не блоктың астында үңгіленеді.

Бұл кен қазбалар шегіну әдіспен кенді қазу барысында, кен қазылып жатқан блоктың дүмнен ағылып тұрады және соның нәтижелерінде, жеткізу кен қазба бірте - бірте жойылып тұрады.

Кенді дүмнен шығару тәсілде, шығару кен қазбалар қолданбайды, сондықтан оның даярлау-тілме жұмыстарының құны арзандайды. Шығару барысында кен кенсіз жыныстармен араласып кетуіне байланысты оның құнсыздану дәрежесі жоғарылайды.

Біздің қазу жүйе қабатаралық дүмнен шығару болып табылады. Осы қазу жүйеге жоғарыда атап өтілген жеткізу тәсілдерінің ішінен механикалық тәсілді қолданған дұрыс. Соның ішінде ысырмамен жеткізу тәсілі сай келеді. Себебі, қолданылуы қарапайым және шығыны аз болып табылады. Сонымен қатар, мысалы конвейерлік тәсілмен жеткізуді салыстырар болсақ, ол әрине өнімділігі жоғары. Бірақ, конвейерлік және вибрационды конвейерлер тиеу үшін қосымша көліктер мен құралдарды қажет етеді. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарының шығыны жоғары. Және конвейер арқылы жеткізу негізінен қуаты аз жазық шоғырларда қолданылады. Ал біздің кенорын қуаты қалың және құлау бұрышы жоғары болып табылады. Осы себептерге байланысты біз ысырмамен жеткізу тәсілін таңдадық.

Қорытынды

Курстық жобаның тапсырмасы бойынша берілген алғашқы мәліметтер бойынша кенді кенорындарын жобалауды жүзеге асырдық. Жұмысты орындау барысында қазу жүйені таңдау және дәлелдеу, шахта алабындағы кен қорын, шахтаның өндірістік қуатын, кеніштің жұмыс істеу мерзімін, уатудың түрін, кенді жеткізу құралдарын, бекіту тәсілін таңдап және есептеулерді орындадық.

Сонымен қатар, осы таңдалған қазу жүйенің тәсімін суреттедік.

Курстық жобаның мақсаты – кенді кенорындарын ғылыми әдістермен жобалауды және ең тиімді әдісті таңдауды үйрену. Үңгубеттік жұмыскердің еңбек өнімділігі мен еңбек қауіпсіздігінің жоғары деңгейде болуы, жоғалым мен құнсыздануды төмендетіп, болктың өнімділігінің жоғары болуы үшін қазу жүйені дұрыс таңдауды үйрендік. Берілген алғашқы мәліметтерге сүйене отырып, бізге экономикалық және техникалық жағынан тиімді қазу жүйені таңдадық. Есептеулер барысында қазу жүйені қалай таңдауды, олардың критерийлерін ескеріп, сапалы жұмыс жасауға мейлінше көңіл бөлдік. Қорытындылай келе, біздің қазу жүйеміз ІІ таптың қабатаралық құлата қазу, оның ішінде кенді дүмнен шығару. Бұл қазу жүйе кеңінен қолданылады. Яғни, басқа қазу жүйелерге қарағанда, бұл қазу жүйені 30 - дан астам жағдайда қолданады.