Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық жоба.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.71 Кб
Скачать

3. Шахтаның өндірістік қуатын есептеу.

Кеніштің өндірістік қуаты оның белгілі бір кезеңінде (ауысым, тәулік, ай, жыл) өндірілетін кеннің көлемімен анықталады. Әдетте жобалауда және есептеулерде жылдық кезең пайдаланады. Сондықтан өндірістін қуаты кеніштің жылдық өнімділігі деп аталады.

Кеніштің жылдық өнімділігіне кеніштің құрылысына жұмсалған күрделі қаржының көлемі кенді өндіру мен өңдеудің өзіндік құны, келтірілген шығындар, түскен пайда көлемі, кұрделі шығындардың тиімділігі және басқа техника-экономикалық көрсеткіштеріне байланысты.

Заманауи кеніштің өнімділігі келесі аралықта кездеседі: 100мың т/жылда 5 млн т/жылға дейін. Әдетте 0,5-3 млн/т жылына аралықта болады.

Кеніштің өндірістік қуаты келесі тау-кен мүмкіндіктерге байланысты: кенорынның өлшемдері мен жату жағдайларына және тау-кен жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастыруына байланысты.

Кенорынның жату бұрышы >30º кезде кеніштің тау-кен мүмкіндіктері бойынша жылдық өнімділігі Аж келесі формула арқылы есептеледі:

Аж=υК1К2К3К4Sжγ , т/жыл

мұндағы:

υ – өндіру барысында тау-кен жұмысының орташа жылдық төмендеу деңгейі, м;

К1; К2; К3; К4 – кенорынның жату бұрышы мен қалыңдығына сәйкес қолдану қазу жүйе түрімен және бір мезгілде қазымдалып жатқан қабаттар санына байланысты жылдық төмендеу деңгейінің түзету коэффициенті;

Sж – қабаттағы кеннің орташа жазықтық ауданы, м2;

γ- кеннің тығызды, т/м3;

Ж және Қ кенді өндіру барысында пайда болатын жоғалымды және құнсыздануын ескеретін коэффициент.

Кенді алу кезінде, тау-кен жұмыстарының орташа жылдық төмендеу деңгей шамасы қабаттағы кеннің орташа жазықтық ауданына байланысты:

Sж=Lш.а.mж = Lш.а. , м2;

мұндағы:

Lш.а – шахта алабының созылым бойынша ұзындығы, м;

mж – кенорынның жазықтық бойынша ұзындығы, м;

m – кенорынның нормаль бойынша қалыңдығы, м;

α – кенорынның жату бұрышы, град.

Жоғарыдағы тәуелділікті келесідей көрсетуге болады:

Sж, мың.м2

<5

5-12

12-15

>25

υ, м/жыл

30

30-25

25-22

15

К1 түзету коэффициенттер шамасы кенорынның α жату бұрышымен анықталады:

α, град

90

60

45

30

К1

1,2

1,0

0,9

0,8

К2 түзету коэффициентінің шамасы кенорынның нормаль бойнша қалыңдығымен анықталады:

m, м

<3

3-5

5-15

15-25

>25

К2

1,3

1,2

1,0

0,8

0,6

Қолданылатын қазу жүйелер түріне байланысты К3 түзету коэффициенттер шамасы мен кеннің жоғалым және құнсыздану көрсеткіштері келсе мәндерәмен анықталады:

Қазу жүйе

К3

Ж бірдің бөлігі

Қ бірдің бөлігі

Табиғи сүйемелдеп қазу кентіректерді алмай

1,0

0,3-0,5

0,05-0,1

Табиғи сүйемелдеп қазу кентіректерді алу

1,0

0,08-0,12

0,12-0,15

Қоймалап қазу

1,0

0,05-0,1

0,1-0,15

Бекітпелеп

0,9

0,05-0,07

0,05-0,1

Толтырмалап

0,8

0,02-0,05

0,05-0,1

Қатпарлап құлату

0,8

0,02-0,05

0,05-0,1

Қабаттық құлату

1,0

0,1-0,15

0,15-0,2

Қабатаралық құлату

1,0

0,07-0,15

0,07-0,15

К4 түзету коэффициенттер шамасы бір мезгілде қазымдалып жатқан қабаттар санымен Nқ анықталады:

Nқ

1

2

>3

К4

1,0

1,2-1,5

1,5-1,7

Шахтаның өндірістік қуаты кенорынның жату бұрышына байланысты екі жағдай бойынша анықталады. Яғни, құлау бұрышы 30º дейін және 30º жоғары болған жағдайда. Бізге берілген алғашқы мәліметтер бойынша, біздің кенорынның жату бұрышы 75º. Сол себепті біз құлау бұрышы 30º жоғары мәндегі жағдайды қабылдаймыз.

Жоғарыда берілген мәліметтер бойынша біз шахтаның өндірістік қуатын есептейміз. Ол үшін ең алдымен Sж анықтаймыз, яғни қабаттағы кеннің орташа жазықтық ауданы анықтаймыз.

Кеннің орташа жазықтық ауданың анықтау үшін бізге шахта алабының созылым бойынша ұзындығы, кенорынның жазықтық бойынша қалыңдығы және кенорынның құлау бұрышы мәндерін аламыз.

Sж=500* =31058 м2

Осы берілген формула бойынша, кеннің орташа жазықтық ауданың анықтадық. Енді шахтаның өндірістік қуатын есептеуімізге болады.

Кеннің орташа жазықтық ауданың есептеп алдық, енді осы мән арқылы кестеден өндіру барасында тау-кен жұмысының орташа жылдық төмендеуін анықтаймыз. Ол бізде 15 мәнін құрайды.

Келесі К1 түзету коэффициентің анықтау үшін кенорынның құлау бұрышына мән береміз. Кесте бойынша 75º құлау бұрышына келетін мәнді қабылдаймыз, сонда біздің К1=1,1 тең болды.

К2 түзету коэффициентің анықтау үшін, біз кенорынның қалыңдығына назар аударамыз. Кестеден 60 м келетін мән арқылы К2 мәнің анықтаймыз. Ол бізде К2=0,6 тең болды.

Енді К3 түзету коэффициентің анықтау үшін, қолданылатын қазу жүйелер түріне байланысты кеннің жоғалым мен құнсыздануына мәне беремез. Біз таңдаған қазу жүйе қабатаралық құлата, сол себепті біздің түзету коэффициентіміз К3=1,0 тең болды. Ал, К4 түзету коэффициентің анықтау үшін, бір мезгілде қазымдалып жатқан қабаттар санымен анықтаймыз. Ол үшін біз қабаттар саның анықтауымыз керек.

Қабаттар саның анықтау үшін, ең алдымен кенорынның тік сызық бойынша ұзындығына мән береміз. Ол бізде 750 м тең. Ал қабаттар биіктігі 60-100 м аралығында болуы мүмкін. Сол себепті біз биіктігі 75 м болатын, 10 қабат деп аламыз.

Қабаттар саның анықтады, енді енді К4 түзету коэффициентің анықтауға болады. Кестеде 3 жоғары болған жағдайдағы мәнді қабылдаймыз. Сонда біздің түзету коэффициентіміз К4=1,7 тең болды.

Кеннің тығыздығы берілген, ал қабаттағы кеннің орташа жазықтық ауданың анықтадық. Енді анықтаған мәндер бойынша, шахтаның өндірістік қуатын есептеуге көшеміз.

Аж=15*1,1*0,6*1,0*1,7*31058*2,7 = 1360000т/жыл.

Есептеулер бойынша біздің шахтаның өндірістік қуаты 1360000 т/жыл құрады. Яғни, шахтамыздың өнімділігі жоғары екенің көрсетеді.