Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық жоба.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.71 Кб
Скачать

2. Шахта алабындағы кен қорын есептеу.

Кенорынның барланған бөлігіндегі пайдалы қазылымдар қорлар көлемі геологиялық қор деп аталады. Пайдалану мүмкіндігі бойынша олар баланстық және баланстан тыс қорларға бөлінеді.

Тау-кен техникалық және экономикалық факторлар бойынша қазуға тиімді қорлар көлемі баланстық қорлар деп аталады.

Бүгінгі таңда қолданатын кенді өндіру технология мен өңдеу тиімсіз қорлар көлемі баланстан тыс қорлар деп аталады.

Баланстық қорлар көлеміне өнеркәсіптік қорлар және жалпы кеніштік жоғалыдар кіреді.

Тау-кен жыныстар жоспары бойынша қазуға арналған қорлар кенорынның өнеркәсіптік қоры деп аталады. Өнеркәсіптік қордың көлемі кенорынның өлшемдеріне байланысты есептеледі.

Шахта алабындағы кен қорын есептеу үшін алдымен берілген алғашқы мәліметтерге назар аударамыз. Сосын берілген формулалар бойынша кеннің геологиялық қорын, кеннің баланстық қорын, кеннің өнеркәсіптік қорын және шахта алабындағы пайдалану қорлар көлемін анықтаймыз.

  1. Шахта алабындағы кеннің геологиялық көлемін Qr анықтаймыз:

Qг=LHmρk/sinα, т

мұндағы: S - кенорынның ауданы, м2;

m - кенорынның қалыңдығы, м;

ρk - сілемдегі кеннің тығздығы, т/м2;

L - кенорынның созылым бойынша ұзындығы, м;

H - кенорынның тік бағыт бойынша ұзындығы, м;

α - кенорынның құлау бұрышы, град.

Qг=500*750*60*2,7/sin75=62000000 т

  1. Шахта алабындағы кеннің баланстық қорлар көлемін Qб анықтаймыз:

Qб =Kб.қ.Qг, т

мұндағы: Kб.қ – баланстық қорлар көлемінің коэффициенті.

Qб= 0,9*62000000=56500000 т

  1. Шахта алабындағы кеннің өнеркәсіптік қорлар көлемін Qө анықтаймыз:

Qө= Кө.қ.Qб, т

мұндағы: Кө.қ – жалпы шахталық жоғалымдарды ескергендегі (кеннің сақтау кентіректердегі жобалық жоғалымдары) өнеркәсіптік қорлар көлемінің коэффициенті, т.

Qө=0,9*56500000=50800000 т.

  1. Шахта алабындағы пайдалану қорлар көлемін Qп анықтаймыз:

Qп= Qө , т

мұндағы: Ж және Қ кеннің жоғалымын және құнсыздануын ескеретін коэффициенттер.

Бұл коэффициенттер кесте 1 анықталады. Қолданылатын қазу жүйенің түріне байланысты жоғалымын және құнсыздануын ескеретін коэффициенттер мәндері келесідей болады.

Кесте 1. Қолданылатын қазу жүйенің түріне байланысты кеннің жоғалымын және құнсыздануын ескеретін коэффициенттер мәндері.

Қазу жүйе

К3

Ж бірдің бөлігі

Қ бірдің бөлігі

Табиғи сүйемелдеп қазу кентіректерді алмай

1,0

0,3-0,5

0,05-0,1

Табиғи сүйемелдеп қазу кентіректерді алу

1,0

0,08-0,12

0,12-0,15

Қоймалап қазу

1,0

0,05-0,1

0,1-0,15

Бекітпелеп

0,9

0,05-0,07

0,05-0,1

Толтырмалап

0,8

0,02-0,05

0,05-0,1

Қатпарлап құлату

0,8

0,02-0,05

0,05-0,1

Қабаттық құлату

1,0

0,1-0,15

0,15-0,2

Қабатаралық құлату

1,0

0,07-0,15

0,07-0,15

Qп=50800000 = 46100000 т