Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 ТӨТЖ Тәжірибе жұмысы №9.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
229.89 Кб
Скачать

Тәжірибе жұмысы № 9

Жұмыс тақырыбы: Көпжіпті тізбекті жиекті торлап инешаншым тұрғызу тігін машиналарының сипаттамасы мен құрылысы.

Жұмыстың мақсаты: Тәжірибелік жұмысты орындай отырып, 51 кл. «Промышленные швейные машины» ЖАҚ және 51-264 кл. «Агат» зауыты жиекті торлап инешаншым орындау машиналарының жіптерді сабақтауын, құрылысын, жұмыс істеу қатарын және негізгі реттеулерін оқып үйрену.

Жабдықтар, құралдар және материалдар. 51 кл. «Промышленные швейные машины» ЖАҚ және «Агат» зауытының 51-264 кл. машиналары. 51 кл. және 51-264 кл. тігін машиналары бойынша көрнекі құралдар (плакаттар және кинематикалық сұлбалар). Бейнероликтер: «Оверлок. Уроки 1-6».

9.1 Жұмыстың мазмұны

  1. Екі- және үшжіпті жиектеп торлау инешаншымды тігісінің тұрғызылу үдерісін оқып зерттеу.

  2. 51 кл. «Промышленные швейные машины» ЖАҚ немесе «Агат» зауытының 51-264 кл. машиналарының орындаушы құралдардың құрылыстарын, қозғалу сипаттарын және инешаншым құруда өзара әсерлесулері оқып талдау.

  3. 51 кл. «Промышленные швейные машины» ЖАҚ немесе «Агат» зауытының 51-264 кл. машиналарының ине жетегінің, төрткілдешітің, ілгектегіштерінің және пышағының механизмдерінің құрылыстарын, реттеулерін оқып талдау.

  4. Жиектеп торлау машиналарының техникалық сипатталарының және құрылысының ерекшеліктерімен танысу.

  5. Жиектеп торлау машинасында жұмыс істеудің амалдарды оқып үйрену.

  6. Жұмыс бойынша есепті орындау.

9.2 Әдістемелік нұсқаулар

Кейбір трикотаж бұйымдарының кесінді жиегін торлап және сырып тігуге 51 кл. «Промышленные швейные машины» ЖАҚ немесе «Агат» зауытының 51-264 кл. және басқа да машиналар қолданылады. Олардың жұмысы негізіне екіжіпті және үшжіпті тізбекті инешаншым тұрғызып, матаның кесу жиегін торлауға негізделген. Тәжірибе жұмыста оқып зерттеу үшін 51 классты машинасы ұсынылады.

Машинамен танысуды үшжіпті тізбектің құрылу үдерісімен танысудан бастау қажет. Инешаншымды тұрғызу кезінде әр атқарушы элементтің қызметін анықтау қажет. Ілмектегіштердің біреуінің кеңейткішке ауыстыру кезінде құралдардың өзара әрекеттесуі, қалай өзгеретінін және екіжіпті тізбектің өрілуі қалай тұрғызылатынын көрсету қажет.

Машина механизмдерінің құрылысын оқып зерттеуді әр құралдың орындайтын қозғалыстарының түрін ескеріп жүргізу қажет. Құралдарды оқып зерттеудің қатары келесідей:

  • ине механизмі;

  • ілмектегіштер механизмі;

  • мата жылжытқыш механизмі;

  • матаның жиегін қию механизмі.

51 классты машинасындағы ине механизмі кеңістік көпбуынды. Ине инежүргізгішпен ине тілімшесіне еңіс бұрышпен жоғары-төмен қозғалыс жасайды. Инежүргізгіштің ине тілімшесіне еңіс қозғалуы параллель жазықтықтарда қозғалыс жасайтын, оң және сол ілмектегіштердің ине жібімен өзара әрекеттесу қатарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Иненің биіктігі бойынша реттеу, қайықты тігісті әмбебап машиналарындағы үдеріске ұқсас негізде орындалады. Сонымен қатар, қалыңдығы әртүрлі маталарды өңдеу кезінде иненің қозғалу шамасын реттеу қажет. Бұл реттеу механизмнің күйентелердің бірінің ұзындығын өзгертумен жүзеге асырылады.

Машинадағы қос ілмектегіш қозғалысты бір жетекші буыннан алады және фазалары үйлесе жұмыс орындайды. Оң ілмектегішке қозғалыс кеңістіктік төртбуындықтың көмегімен беріледі, оның күйентесінің ұзындығы реттеледі. Бұл төртбуындық қосымша бұлғақтың және күйентенің көмегімен қозғалысты сол жақтағы ілмектегішке де береді. Осылай, реттелетін күйентенің ұзындығы өзгерген кезде біруақытта ілмектегіштердің екеуінің де жол мөлшері өзгереді. Реттеу матаның қалыңдығы мен қиынды жиектің ені өзгерген кезде қажет. Ілмектегіштерді бекіту тораптары ілмектегіштерді инеге және бір-біріне қарасты реттеуге мүмкіндік береді. Осы реттеуге көңіл бөлу қажет.

Машинадағы мата жылжыту механизмінің түрі төрткілдешті, дифференциалды. Машинада екі төрткілдешті қолдануы өңделетін материалдың қасиеттерімен байланысты, трикотаж материалдардың тығыздығының аз және созымдылығының жоғары болумен байланысты. Материалды инешаншым шамасына жылжу үдерісінде алдыңғы (жұмыс орындаушысына қатысты) төрткілдеш, артқыға қарағанда, үлкен шамаға жылжиды. Осы жағдайдың нәтижесінде қысқыш табандықтың қысым күшінің, материалды жылжыту төрткілдешінің күшінің әсерлерінен пайда болатын созымталдығын өтімделеді.

Төрткілдештердің жетегі көлденең және тік жылжыту механизмдерімен орындалады. Инешаншымның шамасы төрткілдештердің көлденең жылжу механизмінің жетекші буыны болып табылатын, эксцентриктің эксцентриситетінің өзгеруімен реттеледі. Дәл осы механизмде артқы табандықтың жүрісінің шамасын алдыңғыға қатысты реттеуге арналған құрылғысы бар. Реттеу қажеттілігі сырып тігілетін материалдардың қасиеттерінің әртүрлілігінен туындайды. Бұл реттеу көлденең жылжыту білігіндегі күйентенің ұзындығын өзгертуіне негізделген. Осы реттеу құрылымының құрылысын және жұмыс істеу негізін оқып зерттеу қажет.

Материалдың жиектерін қию жылжымалы және жылжымайтын екі пышақтардың көмегімен жүзеге асырылады. Жылжымалы пышақ жылжуы төртбуынды механизмнің көмегімен орындалады. Ерекше назарды пышақтардың өзара реттелуіне және қиындының еніні реттеуіне көңіл бөлу қажет.

51 классты машинамен салыстыра қарап 51-А классты, 208 классты машинаның техникалық сипаттамаларымен және олардың құрамдалған түрлерімен танысу қажет. Олардың құрылысын, технологиялық ерекшеліктерін қарастыру қажет.

Жұмыс бойынша есеп орындау. Жұмыс бойынша есепте келесі мәліметтер болу қажет:

  1. тәжірибелік сабақтың аталуы мен мақсаты;

  2. инешаншымды тұрғызу кезінде «Промышленные швейные машины» ЖАҚ-сының 51 классты машинасының құралдарының жұмыс істеу реті;

  3. жіптерді сабақтаудың және олардың керілуін реттеудің суреттемесі;

  4. машинада инешаншымның ұзындығын, енін және дифференциалдың шамаларын реттеу;

  5. жиекті торлау машинасында пышақтарды орнатудың ережелері;

  6. пышақтардың кесу сапасын тексеру тесті;

  7. машинада жұмысты орындау кезіндегі амалдарды, жиекті торлау машинасының механизмдерінің құрылыстарының ерекшеліктерін түсіндіру;

  8. «Промышленные швейные машины» ЖАҚ 51, 51-А немесе 208 классты машиналардың қолдану мақсаттары мен техникалық сипаттамалары;

  9. оқытушының тапсырмасы бойынша «Промышленные швейные машины» ЖАҚ 51 классты машинаның механизмдерінің кинематикалық сұлбасын тұрғызу:

Нұсқа 1 – Ине механизмінің кеңістік кинематикалық сұлбасы.

Нұсқа 2 – Ілмектегіштердің жетек механизмінің кеңістік кинематикалық сұлбасы.

Нұсқа 3 – Мата жылжытқыш механизмінің жазықтықтағы кинематикалық сұлбасы.

Нұсқа 4 – Мата жылжытқыш механизмінің кеңістік кинематикалық сұлбасы.

Нұсқа 5 – Матаның жиегін қию механизмінің кеңістік кинематикалық сұлбасы.

Нұсқа 6 – Матаның жиегін қию механизмінің жазықтық кинематикалық сұлбасы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Машинаның жұмысы кезінде ілмектегіштер қандай қызметтер орындайды?

  2. Ине жүрісінің жолының шамасы қалай реттеледі?

  3. Ине механизмінің жұмыс істеу негізі мен құрылысын түсіндіріңіз.

  4. Ілмектегіш механизмінің жұмыс істеу негізі мен құрылысын түсіндіріңіз.

  5. Мата жылжытқыш механизмінің жұмыс істеу негізі мен құрлысын түсіндіріңіз.

  6. Материалдың жиегін қию механизмінің жұмыс істеу негізі мен құрылысын түсіндіріңіз.

  7. Артқы төрткілдештің қозғалу шамасы қалай реттеледі?

  8. Жиектеп торлау машинасында материалдың жиегінің қиығын тегістеу қалай орындалады?

  9. Жиектеп торлау машинасында пышақтарды қалай орнатады?

  10. Инешаншымның ені қалай реттеледі?

  11. Машинада инешаншымның ұзындығы қалай реттеледі?

  12. Өңделетін матаның қиығына қатысты қысқыш табандықтың саусағы қалай орналасуы қажет?

  13. Материалды кесу кезінде жылжымайтын пышақтың жүзіне жылжымалы пышақтың жүзінің тиюін қалай болғызбайды?

  14. 51-а және 51 классты машиналарының құрылыстарындағы айырмашылығы қандай?

  15. Тігін бұйымдарының қиықтарын жиектеп торлау неге 51-А классты машинасы қолданылады?

  16. 208 классты машинаның түрлері болып табылатын машиналарда қандай технологиялық операциялар орындалады?

  17. 51 классты машинасында жіптерді сабақтау қалай жүзеге асырылады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]