Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 ТӨТЖ Тәжірибе жұмысы №10.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76.18 Mб
Скачать

Тәжірибе жұмысы №10

Жұмыстың тақырыбы: Тігін жартылай автоматтарының сипаттамалары мен құрылыстары (қысқа тігісті тігін жартылай автоматтары).

Жұмыс мақсаты: Тәжірибе жұмысын орындай отырып, қысқа тігісті жартылай автоматтарында жіп сабақтауын, құрылысын, қызмет көрсетуін, жұмыс істеу негізін және негізгі реттеулерін оқып зерттеу.

Жабдықтар, құралдар және материалдар: В.А.Дегтярева атындағы «Орша» ЖАҚ зауытының 1820 сериялы және «Промышленные швейные машины» ЖАҚ 220М кл. машиналары. Көрнекті құралдар (плакаттар және кинематикалық сұлбалар) бекітпелерді орындауға арналған Орша» ААҚ 1820 сериялы жартылай автоматы. Бейнероликтер: «DUХRKOPP-ADLER - закрепочая машина», «Закрепочная машина Juki LK-1900ASS MC-596N55», «Закрепочная машина Sunstar SPS-D-B1201», «Швейный полуавтомат кл.745-34-3D», «Электронная закрепочная машина Broter KE-430F».

10.1 Жұмыстың мазмұны

Тәжірибе жұмысын орындау кезінде 1820 классты «Орша» АҚ жартылай автоматында бекітпенің тұрғызылу үдерісін, инешаншымның тұрғызылу үдерісін, жартылай автоматтың негізгі техникалық мәліметтерін; жартылай автоматтың құрылысын, жұмысын және негізгі механизмдерінің реттеулерді оқып зерттеу; жұмыс бойынша есеп орындау.

10.2 Әдістемелік нұсқаулар

Ең алдымен, үлкен және кіші бекітпелерді қолдану аймағын анықтай отырып, оларды тұрғызу үдерісімен танысу керек, содан кейін қайықты инешаншымның тұрғызылу үдерісін оқып талдау және осы үдерістің негізгі кезеңдерімен ерекшелігін бөліп көрсету керек.

«Орша» АҚ 1820 классты жартылай автоматында 1022 кл. машинасының ине мен жіптартқыш механизмдеріне ұқсас механизмдері бар. «Орша» АҚ 1820 классты жартылай автоматтың қайық механизмін оқып талдап, қайық қозғалысының түріне, қайық механизмінің құрылысына, инешаншымның тұрғызылу үдерісіне әсер ететін, реттеулерге назар аудару қажет. 1820 классты «Орша» АҚ жартылай автоматында мата қозғалту механизмі 95 классты жартылай автоматының осындай механизміне ұқсас. Жартылай автоматтың ұзынабойлық және көлденең жылжыту механизмдерінің құрылысына; бекітпені орындау үдерісімен байланысты болатын, реттеулеріне назар аудару қажет. Пышақ механизмінің құрылысын, жұмыс орындау қатарын, реттеулерін оқып талдау қажет.

«Орша» АҚ 1820 кл. жартылай автоматының автотоқтатқыш механизмі 95 кл. жартылай автоматындағыдай. Бұл механизмді оқуда, оның орындайтын қызметін жақсы түсіну қажет.

Пышақ құрылысын, жұмысын және механизмін реттеуді оқып талдау қажет.

Жұмыс нәтижесінің есебін орындау. Есепте келесі мәліметтер болу керек:

  1. 1820 классты «Орша» АҚ жартылай автоматының қолдану мақсатын және қысқаша техникалық сипатамасы.

  2. 1820 классты «Орша» АҚ жартылай автоматында орындалатын технологиялық операциялардың сұлбасы.

  3. Жартылай автоматтың механизмдерінің кинематикалық сұлбасы (оқытушының тапсырмасы бойынша):

Нұсқа 1 – Матаны көлденең жылжыту механизмі.

Нұсқа 2 – Матаны ілгері жылжыту механизмі.

Нұсқа 3 – Автотоқтату механизмі.

Нұсқа 4 – Пышақ механизмі.

Нұсқа 5 – Қайық механизмі.

Нұсқа 6 – Ине мен жіптартқыштың механизмі.

Бақылау сұрақтары:

  1. 1820 классты «Орша» АҚ жартылай автоматының негізгі техникалық мәліметтерін атаңыз.

  2. Кіші бекітпені дайындаудан үлкен бекітпені дайындауға өту үшін не істеу керек?

  3. Матаны ілгері және көлденең жылжытулардың шамасы қалай реттеледі?

  4. Осы реттеулермен бекітпеде қандай параметрлер қамтамасыз етіледі?

  5. Мата мен инені жылжыту механизмдерінің жұмысының фазаларының үйлесуі қалай қамтамасыз етіледі?

  6. Қысқыш табандықтың қысымы қалай реттеледі?

  7. Қайық қозғалыстың қандай түрін жасайды?

  8. Қайықтың жүрісі реттеледі ма?

  9. Инешаншымның тұрғызылу үдерісімен байланысты болатын, қайықтың технологиялық реттеулерді атаңыз.

  10. Ілмекті қайықты айналасынан айналдыра өткізу қалай орындалады?

  11. Пышақ механизмі жұмысының негізгі кезеңдерін түсіндіріңіз.

  12. Автотоқтату механизмі қандай негізгі қызметтерді орындайды?

  13. Жартылай автоматты тоқтатудың уақыттылығы қалай қамтамасыз етіледі?

  14. 1820 сериялы тігін жартылай автоматтардың технологиялық мүмкіндіктері қандай?

  15. Жартылай автоматта қандай операциялар оператордың қатысуынсыз автоматтық режимде орындалады?

  16. 1820 классты машинада қандай бөлшек инешаншымның түрін беретін бағдарлама тасушы болады?

  17. 1820 классты тігін жартылай автоматында инешаншымның параметрлерін ахb сақтау үшін материалды ілгері жылжыту механизмінде қандай реттеулерді орындау қажет?

  18. Жартылай автоматта тігісті орындау кезінде қысқыш табандықтың қолдану мақсатымен жұмыс істеу негізі қандай?

  19. Қайық механизмінің құрылысының ерекшелігі неде және қайық тұмсығының инеге жақындауының уақыттылығы қалай қамтамасыз етіледі?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]