- •Тәжірибе жұмысы №2
- •2.1 Жұмысты орындауға әдістемелік нұқсаулар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.2Тәжірибе жұмысқа дайындалу үшін қажетті материалдар
- •2.2.1 Жалпақ пышақты жылжымалы пішу машиналары
- •3.2.2 Тегерікті пышақты машиналары
- •2.2.3 Тұрғылықты таспалы пышақты пішу машиналары
- •2.3 Пішу машиналарының жұмысындағы кездесетін ақаулар
- •2.4 Пішу машиналарында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •2.5 Пішуді жаңа тәсілдермен орындайтын жабдықтар
Тәжірибе жұмысы №2
Тәжірибе жұмыс тақырыбы: Пішу машиналары
Жұмыстың мақсаты:
Жылжымалы, тұрғылықты пішу машиналарының техникалық сипаттамаларын оқу;
Пішу машиналарына қызмет көрсету кезіндегі жұмыс амалдарын оқып зерттеу;
Жылжымалы пышақпен маталардың кесу үдерісін оқып зерттеу.
«Паннония» фирмасының CS – 529 машиналарының конструкциясы мен жұмыс істеу негізін оқу;
ЭЗДМ-1 машиналарының құрылыстық ерекшеліктерін оқу;
РЛ-3 типті машиналардың құрылысын, жұмыс істеу ретін және механизмдерін, реттеулерді оқу.
Есеп беруді рәсімдеу.
Көрнекті құралдар: CS – 529 және ЭЗДМ-1 машиналары, плакаттар, бейнероликтер: «Дисковый раскройный нож RS -120 Aurora», «Ленточный раскройный нож CF -1200», «Раскройная ленточная машина Hoffman 200 TF/750», «Раскройный комплекс BUllmer» және де басқалар.
2.1 Жұмысты орындауға әдістемелік нұқсаулар
Пішуге арналған қайшылар биіктігі үлкен емес (50 мм,-ге дейін) төсемдерді пішуде және фабрикаларда, тігінханаларда жеке жаймаларды кесуге және пішімді дәлдеуге қолданылады. Қайшылар жеңіл (600 г), әрі қолдануға қолайлы болады. Электр пішу қайшылардың ішінде кеңірек тарағандар келесілер: S-50, S-54, S-58 маркілі Pannonia (Венгрия) фирмасыныке; 602 SL, 604 SL, 606 SL маркілі Bullmer (Алмания) фирмасыныке; КМ RS –50 Birdie, WD-1, YJ-70 маркілі KM (Жапон) фирмасыніке және басқалар.
Электр пішу қайшылары жылжымалы пішу жабдықтарының ең қарапайым түрі болады. Жылжымалы пішу машиналары төсемді көлемді бөліктерге бөліп алу үшін қолданылады. Тұрғылықты пішу машиналары жылжымалы машиналармен бөлшектелген төсем бөліктерінен пішінді бөлшектерді дәлдеп қиып алуға қолданылады.
Жылжымалы пішу машиналары екі түрге бөлінеді. Олар: түзу жалпақ (қылышты) пышақтылар (ЭЗМ-2, ЭЗМ-4, ЭЗМ-5 (Ресей), CS-529, CS-530, CS-532 (Венгрия), Comet-8, С1350, С1600, HF-140, 715 (Алмания), 160АD (Финляндия), KM KS-AUV 10 және KM KS-AUV 8 маркілі (Жапон), KX-G068 8 және KX-G068 10 (Қытай)) және тегерікті пышақты машиналар (ЭЗДМ-2, ЭЗДМ-3, ЭЗДМ-4, ЭЗМ-5 (Ресей), CS-531, CS-539 (Венгрия), HF-100 (Алмания), RAK-99S (Польша), КМ RS-100 Octa (Жапония), Professional-100 (Қытай).
Тұрғылықты таспалы машиналарға Ресейде шығарылатын төрттегерлі РЛ-6, РЛ-630, РЛ-1000-1, үштегерлі РЛ-4, екітегерлі РЛ-5 және де басқалар жатады. Осылармен қатар Pannonia фирмасының (Венгрия) R-1532, R-1532-1, Hoffman фирмасының (Алмания) HF-200T/750, Kaigu компаниясының (Қытай) BKM-550 және басқалар кең қолданыста.
Тәжірибе жұмысты орындауда, алдыменен CS-529, РЛ-3 машиналарының құрлысына, жұмыс орындау негізіне көңіл бөлінуі қажет.
CS-529 машинасының жұмыс құралы түзу сызық бойымен ілгері-қайтымды қозғалатын пышақ болады. Ол қозғалысты айналшақты-сырғақты механизмнен алады. Мұнда жетекші буын - айналшақ, электрқозғалтқыштын білігіне бекітіледі. Электрқозғалтқышты іске қосқанда пышақ ілгері-қайтымды қозғалыс жасайды. Жұмысшының қолын кесіп кетуден сақтандыру үшін және төсемнің жоғарғы қабатының пышақпен ілесіп, жоғары көтеріліп кетпеуін қамтамасыз ету үшін машинада арнай табандық қолданылған.
Жылжымалы тегерікті пышақты машиналарды ЭЗМ-2 жалпақ пышақты машинамен салыстырып қарастырған дұрыс.
РЛ-3 машиналарының құрылысын және жұмыс орындау негізін қарастырғанда, олардың екі нұсқада: пышақтың жылдамдығын реттеуге мүмкіндік беретін вариатормен жене вариаторсыз шығарылатынын ескеру қажет.
РЛ-3 пішу машинасында келесі негізгі механизмдер мен құрылғылар болады: пышақтың жетегі, таспаны керілуін реттегіші, таспаұстағыштары, пышақты қайрағыш құрылғысы.
Таспалы пышақ қозғалысты тегерлердің көмегімен алады. Бұл тегерлердің бірі қозғалысты электрқозғалтқыштан алады. Арнайы шектеуіш ернемектер машинаның жұмысы кезінде шығып кетуден сақтандырады. Таспаның керілуін реттеу үшін жоғарғы тегердің орналасуын реттейтін құрылғы қарастырылған. Таспаның үзіліп кетіп, жұмыс алаңындағы қозғалуын болдырмау үшін екі таспаұстағыштар қолданылған.
Пышақтың мұқалуына байланысты қайрау құрылғысы мезгілді іске қосылады.
Машиналардың құрылысын, жұмысын орындау негізін оқып тануда жетек механизміне, таспаны керу, қайрау және таспаұстау механизмдеріне айрықша көңіл бөлінуі қажет.
