- •Нархоз университеті
- •Дипломдық жоба
- •«5В090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандығы
- •Алматы, 2017 аңдатпа
- •Мазмұны
- •1 Қала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік маңызы
- •1.1 Алматы қаласындағы көшелер бойындағы жаяужолдардың
- •Қазіргі жағдайы
- •2 Алматы қаласы аудандарындағы жаяужолдардың қазіргі сипаты
- •2.1 Жаяужолдардың қазіргі жағдайы бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізу
- •2.2 Әуезов, Бостандық, Алатау, Медеу аудандары бойынша жаяужолдардың қазіргі жағдайы, мәселелері және шешу жолдары
- •2.3 Қала аудандарындағы жаяужолдар сипатын талдау («Алматы қаласының даму орталығы» ақ мысалында)
- •3 Алматы қаласының жаяужолдарын көркейту, жетілдіру бағыттары
- •3.1 Қала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік маңыздылығын анықтау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3 Алматы қаласының жаяужолдарын көркейту, жетілдіру бағыттары
3.1 Қала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік маңыздылығын анықтау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар
Жаяужүргіншілер мен велосипедшілер үшін қол жетімді және тартымды көшелер болу үшін төмендегідей талаптар орындалу керек.
жер деңгейіндегі анық белгіленген жаяужүргіншілер өткелдерін орналастыру, жолдың жүретін бөлігін кеңейту және аз қозғалатын жаяужүргіншелерге арналған жолдың жүретін бөлігін қысқарту арқылы жолдың ортасынан бөліп тұратын аралдар құру. Жаяужүргіншілерге арналған жер асты өткелдерін қайта жөндеу;
көше бойларын уақыт өткізуге арналған түрлі шаралар ойлап табу және орындықтар қою;
көшеде уақыт өткізетіндерге арнап көзге тартымды болу үшін ағаштарды және арық жүйелерін қоршау қажет;
көше бойларына және ғимараттардың кіре берістерін талдардың жабайы шыбықтарынан тазартып сәнсіз қоршауларды жойып көрнекілігін жақсарту;
барлық көшелердің бойларына велосипедтік жолдарды ұйымдастыру.
Алматы қаласындағы жаяужолдарда әдемілік пен тартымдылық мүмкіндіктері шектеулі. Себебі: ағаштар мен оның бұталары көшелер мен жаяужолдарды тар етіп көрсетеді. Бұның бәрі жаяужургіншілерге кедергі келтіреді. Арықтары қоқысқа толы. Бұлақтар бойында жаяужолдар үшін қауіпсіздік шаралары қарастырылмаған. Қарттардың және жастардың тротуармен жүру үшін, ең бірінші олардың қызығушылықтарын ояту керек. Ол үшін жаяужолдар таза және барлық заманауи талаптарға сай болуы қажет. Таулы аймақтардағы демалысқа арналған жасыл аймақтарды қалаға қосу. Осындай жасыл аймақтар, жаяужүргіншілерге және велосипед айдаушыларға берілу тиіс. Жасыл дәліздер жаяужүргіншілер мен велосипедшілер үшін тартымды. Басымдылық жаяужүргіншілер мен велосипедшілерге беріледі, жасыл желектер арасымен олардың қозғалысы жеңіл, әрі ыңғайлы болады. Адамдардың көшенің екі жақ бойында бір-бірін толық көре алатындай, көше белгілерін көретіндей етіп, жабайы өсімдіктер қысқартып, ағаштарды бұталардан тазарту қажет [15].
Алматыдағы арық жүйесі арқылы қар және жаңбыр сулары ағады, ол көшелердің таза болуына және ыстық күнде салқын леб беруіне әсер етеді. Арық жүйелері тұрақты күтімді қажет етеді. Құрылысы жақсы арықтар адамдарға деген қауіпті азайтады.
Көшелерді таза ұстау, ағаштарға дұрыс күтім жасау, қаланы жағымды және ыңғайлы етіп көрсетуге септігін тигізеді. Кең көшелерде ағаштардың көп болуы, көшені жағымды етіп көрсетеді. Барлық ағаштардың уақытында кесіліп, күтілуі жол мен жаяужолға ешқандай кедергісін келтірмейді.
Барлық көшелердегі ортақ кемшіліктер бойынша оларды жоюға мынадай ұсыныстар әзірледік.
1. Қала халқын бұзылған жаяужолдар туралы ақпарат беруге үйрету:
ақпараттық желілерде немесе әлеуметтік торлар бойынша арнайы жаяужолдардың апатты жағдайы туралы ақпараттар беретін парақшалар ашу;
қала тұрғындарының ішінен еріктілер тобын жасақтау, олар айына бір рет қаладағы тротуарлардың жағдайына зерттеу ұйымдастыру арқылы ақпараттар жинап тиісті әкімшілікке хабарлау, сол арқылы жаяу көшелердің жағдайын, ондағы қоқыс жәшіктерінің, орындықтардың барлығын анықтауға болады;
жастар, студенттер, оқушылар арасынан жасыл полиция жасақтарын ұйымдастыру (жаяужолдардың экологиялық жағдайын қарастыратын, жаяужолға кедергі келтіретін ағаштардың, бұталардың барлығы туралы және сынған ағаштар туралы ақпараттар беріп отырады);
реттелмейтiн жол тоғыспалары және көшелер мен жолдардың түйісулерінде, сондай-ақ жүргіншілер өтетін жолдарында көру үшбұрыштарын қарастырып ақпараттар беру.
2. Тротуарларды жасаған кезде халықтың әлжуаз санаттарының: қарт кісілердің, балалы адамдардың, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың ерекшеліктерін ескере отырып жасау керек:
қаладағы жаяу жүретін жолдардың барлығы халықтың көмекті қажет ететін топтарына икемделуі тиіс, ол пандустардың барлығы, бордюрлердің коляска өтуге арналған орындары бар болуы тиіс;
жаяужолдардағы орындықтардың жағдайы қарт кісілердің демалуына ыңғайлы болуы қажет (кір болмауы, қоқыстан таза тұруы), орындықтардағы сынған ағаштардың болмауы;
тротуарлардағы велосипедпен жүріп өтетін жолақтың анық болуы, жыл сайын жаңалап сызып отыруы қажет;
қарттар мен мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған үйлер, денсаулық сақтау мекемелерi мен көпшiлiк баратын басқа да мекемелер орналастырылған қоныстық аудандарда механикалық мүгедектер арбасы жүре алатын жүргiншiлер жолдарын қарастыру қажет. Мұнымен бірге жүру жолындағы тік кедергiлердiң биiктiгi (жиектеме тастары) 5 см-ден аспауға тиiс; өр (100% астам) қысқа жарыққалқандар, сондай-ақ жаяужолдар мен жүргiн еңiсi 50%-тен астам болуына жол берiлмейдi. Еңiстiгi 30-60% жолдарда әрбiр 100 м сайын ұзындығы кем дегенде 5 м көлденең бөлiмшелер қарастыру қажет;
салынған құрылыс аумағы шеңберiнде қозғалысы реттелетiн магистральды көшелер мен жолдарда жоларалығы 200-300 м бiр деңгейдегi жүргiншiлердiң өту жолдарын қарастыру қажет;
әр деңгейдегi, баспалдақ және көлбеушелермен жабдықталған жүргiншiлердiң өту жолдарын келесi жоларалықпен қарастыру қажет: шапшаң қозғалыс жолдарында, шапшаң трамвай және темiр жолдары тораптарында – 400-800 м; үздiксiз қозғалыс магистральды көшелерiнде 300-400 м болуы тиіс.
3. Дайындалған ақпараттармен әкімшілікте шұғыл түрде жұмыс жасауды ұйымдастыру және тиісті жауапты адамдарды халық алдында есеп беруге машықтандыру:
қаладағы жаяужолдардың жағдайы туралы әлеуметтік желілерден, почта арқылы түскен ақпараттарға дереу әрекет ету, жаяу жолдарды үнемі қадағалап отыратын жасақтардың құрылуы тиіс;
қыс ішінде қар түсу көлемi 600 м3/м-ден асатын жерлерде көшелер мен жолдардың жүріс бөліктері шегiнде қар жинау үшiн енi 3м-ге дейiн жолақтар қарастыру қажет;
әкiмшiлiк және сауда орталықтарының, мейманханалардың, театрлардың, көрмелердiң және базарлардың жанындағы жүргiншiлер жолдарын (жаяужолдар, алаңшалар, баспалдақтар) "жүріс шыңы" сағаттарындағы жүргiншiлер ағынының тығыздығын 0,3 адам/м2-тан аспайтындай етiп; зауыт алдындағы, спорт-ойын-сауық мекемелерiнiң, кино-театрлардың, вокзалдардың жанында– 0,8 адам/м2 шамасында қамтамасыз ету шарттарымен жобалау қажет;
тең бүйiрлi үшбұрыш жақтарының мөлшерi "көлiк–көлiк" шарттарына жүрiсiнiң жылдамдығы 40 және 60 км/сағат болғанда тиістi түрде, м: 25 және 40-тан кем болмауға тиіс. "Жүргiншi–көлiк" шарттары үшiн көру тiк бұрышты үшбұрышытың мөлшері көлік жүрiсiнiң жылдамдығы 25және 40 км/сағат болғанда тиісті түрде 8х40 және 10х50 м болуға тиiс [16];
жаяужолдар мен жолдардың жаяу жүру бөлiмiнiң енiне киоскiлер, орындықтар және т.б. орналастыруға қажет аудандар кiргiзiлмейдi;
салынған күрделi құрылыс жағдайында қажеттi көріністік үшбұрыштарын ұйымдастыруға мүмкiншiлiк болмаса, көлiк пен жүргiншiлердiң қауiпсiз жүрiсiн реттеу құралдары мен арнайы техникалық жабдықтар арқылы қамтамасыз ету керек.
4. Жаяужолдардың қасындағы арықтардың бетін темір торлармен жабу. Бұл: 1 қауіпсіздік; 2 тазалық; 3 қаланың келбеті;
1. Зерттеу нәтижесінде қаладағы көптеген жаяужолдардағы арықтардың қоқысқа толып кетуінен нөсерлер кезінде жаяужолдарға су жайылып жүргіншілердің өтуіне кедергі келтіреді, балалардың ойнап арықтарға түсіп кету қаупі жоғары, сондықтан аялдамалардың маңы мен адамдар көп жүретін жаяужолдарда арықтарды темір торлармен жабу қауіпсіз және тазалық сақтауға ыңғайлы болады деп ойлаймыз. Сонымен қатар арықтардың тазалық жағдайын үнемі қадағалап отыру керек, жаяужолдарға жақын арықтар көп жерлерде тамақ қалдықтарына, пластик бөтелкелеріне толып қалады, түрлі ауыру тудыратын жәндіктердің мекен етуіне қолайлы жағдай тудырады, сол себепті де темір торлармен жауып қоюға ұсыныс жасаймыз.
2. Көшелер мен жолдардың енi есеп арқылы көлiк пен жүргiншiлер қозғалысының қарқындылығына, санитарлық-гигиеналық талаптар мен азаматтық қорғаныс талаптарын есепке ала отырып, көлденең пішін шеңберiнде орналастырылатын элементтердiң құрамына (жүру бөлiктері, жерасты қатынастарын салу үшiн техникалық жолақтар, жаяу жүру, екпе ағаштар және т.б.) байланысты анықталады. Қағида бойынша, қызыл сызықтардағы көшелер мен жолдардың енi, м: магистральдi жолдар – 50-75; магистральды көшелер – 40-80; жергiлiктi маңызы бар көшелер мен жолдар – 15-25 етіп алынады.
3. Күрделi жер бедері немесе қайта құрылымдау жағдайларында, сондай-ақ қала құрылысы құндылығы жоғары деңгейдегі аумағы бар аймақтарда жоспарлық айналу радиусын кеміту және бойлық еңiстерiн ұлғайту арқылы шапшаң жолдар мен үздiксiз қозғалыс көшелерiнiң есептiк қозғалыс жылдамдығын 10 км/сағатқа кемiтуге жол берiлеуі мен климаттық қосалқы аудандарында қыста қар түсу көлемi 200м3/м-ден асатын жерлерде магистральды көшелердiң жаяужол енiн 3 м-ден кем емес етiп алу қажеттігін қарау.Жаяужолдардың жүргіншілік бөлігінің, ғимараттар қабырғаларына, тiрек қабырғаларына немесе қоршауларға тiкелей қабысып тұрса, олардың енiн кем дегенде 0,5 м-ге көбейту керек. Магистралдық көшелер мен жолдардың, көлік қиылысуларының есеп мерзіміндегі параметрлерін әр түрлі даму кезеңдерінде қол жеткізуге жол беріледі, бұл үшін көлік пен жүргіншілердің қозғалысының нақты мөлшерін ескере отырып, осыған байланысты келешектегі құрылыс жұмыстарына арнап міндетті түрде жер резервтерін және жерасты аумақтарын қарастыру қажет [17].
3-ші тарауды қорыта келгенде, шешу жолдарына ұсыныстар берілді. Алматының халық тұрғындары үшін тротуарлардын әлеуметтік маңыздылығы анықталды. Оларды жетілдіру бағытына ұсыныстар әзірленді. Қаладағы көшелердегі тротуарлардың келбетін жетілдіру үшін ұсыныстар дайындалды. Себебі Алматы жаяужолдарының әдемділігі мен тартымдылық мүмкіндіктері шектеулі екенін назарға алып қарастырдық.
