- •Нархоз университеті
- •Дипломдық жоба
- •«5В090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандығы
- •Алматы, 2017 аңдатпа
- •Мазмұны
- •1 Қала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік маңызы
- •1.1 Алматы қаласындағы көшелер бойындағы жаяужолдардың
- •Қазіргі жағдайы
- •2 Алматы қаласы аудандарындағы жаяужолдардың қазіргі сипаты
- •2.1 Жаяужолдардың қазіргі жағдайы бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізу
- •2.2 Әуезов, Бостандық, Алатау, Медеу аудандары бойынша жаяужолдардың қазіргі жағдайы, мәселелері және шешу жолдары
- •2.3 Қала аудандарындағы жаяужолдар сипатын талдау («Алматы қаласының даму орталығы» ақ мысалында)
- •3 Алматы қаласының жаяужолдарын көркейту, жетілдіру бағыттары
- •3.1 Қала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік маңыздылығын анықтау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Қала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік маңызы
1.1 Алматы қаласындағы көшелер бойындағы жаяужолдардың
Қазіргі жағдайы
Қаланың әдемілігі, тыныс тіршілігі ондағы халықтың жүріп-тұруына қолайлы, тіршілік етуге тартымды, экологиялық, санитарлық тазалығы, тәртібі қала көшелерінің, тротуарларының, демалыс орындарының саябақтарының негізгі ахуалына байланысты. Олар өз кезегінде қала тұрғындары мен қалаға келген қонақтар және саяхатшылардың назарына ұсынылатын тарихи, мәдени маңыздылығы бар демалыс орындарының заман талабына сай болуында. Солардың бірі - қаладағы жаяужолдардың жағдайы немесе тротуарлардың бар болуы және заман талабына сай келуі қажет.
Тротуар – жаяужол, ағылшын тілінде бір жол жағының бойымен жүру жолы деген мағынаны білдіреді. Кей жерлерде бұл термин – парк арқылы жол, жаяу жүргін жолы және белгі деп те қолданылады [4].
Тротуралардың пайда болу тарихы АҚШ-тан басталады. АҚШ-та жаяужол термині жол жанындағы жаяужүргіншілер үшін пайдаланылады. Жаяужол, жаяужүргіншілер мен велосипед қолданушылар үшін тиімді болып табылады. Сонымен қатар, жаяужолдарда орналасқан баспалдақтар аллеясы, өту жолдары, пандустар термині кеңірек таралған [5].
Тротуарлар ежелден бері салынған деген мәліметтер бар. Грекиялық Коринф қаласы 4 ғасырда қаланған және де римдіктер тротуар құрылысшылары болды деген деректер бар. Оларды ежелде «Semitas» деп атаған. Алайда, ортағасырда тар жолдар бір мезгілде екі санатты кез-келген жаяужүргіншілер мен вагондар пайдаланатын жолға айналды. Жаяу жүру жолы немесе тротуар қызметтерін ерте қолдану әдетте, тиімді болған жоқ [6].
1666 жылғы Лондондағы үлкен өрттен кейін, қаланы қайта өңдеу баяу жүріп жатты. 1671 жылы жаяужолға және көшелерді тазалау мәселелеріне байланысты тәртіптер енгізілген болатын. Олар тротуарды салу үшін «Purbeck» тасын қолданып, жаяу жүргіншілерді орта жолдардан қорғау үшін бағаналар орнатқан екен [7].
Көп жылдардан бері жаңа қалаларды жоспарлау, адамдардың орталық көшелердің жасыл аймағына көлік құралдарын қамтамасыз етуге назар аудара отырып, жүзеге асырылды. Бұл жағдай адамдардың орталық көшелерден кетуіне және көліктердің қоғамдық орындарында көбеюіне әкеліп соқтырды. Көліктер кептелісті және шаңды құрап, қалалық өмірді, ортаны жағымсыз етіп көрсетті. Бұл көрсетілген элементтердің барлығы Алматы қаласында кездеседі.
Тротуарлар транспорттық мәселеде маңызды рөл ойнайды, себебі олар адамдар қауіпсіздігін қорғайды. Ауылдық жерлерде жаяужолдардың болуы өте аз. Ал қалалық аудандарда және қалаға жақын жерлерде тротуарларды әр көшесінде кездестіріп жатамыз. Жаяужолдың болуы тұрғындардың жүрек-қан тамырларына семіздікті алдын алуға, басқада денсаулық сақтау мәселелеріне көмегін тигізеді. Сондай-ақ мектепке баратын балалардың концентрациясының жақсы болуынада көмегін тигізеді.
Халықтың әр санатындағы тұрғындары қарт кісілер, балалы әйелдер мүмкіндігі шектеулі адамдар және жастар үшін жаяужолдың маңыздылығы мен ерекшелігіне назар аударамыз.
Алматы қаласына тән қозғалыс мүмкіндіктері және мәселелері:
1. Көше бойындағы автокөліктердің басым болуы. Орталық көшелерде автокөліктерге көп орындар мен жолақтар берілген, бұл қозғалыстың қиындауына әкеліп соғады. Қиылыстарда жаяужолдар өте аз. Жаяужолдар көшедегі жылдамдығы жоғары қозғалыстар бойында орналасқан.
2. Қоғамдық орындардағы жаяужолдар төмен сапада жасалынған. Жаяужолдардағы кедергілер: өсіп кеткен ағаш бұталары, баспалдақтар, жаяужолдың сынған бөліктері және т.б. Жүргіншілержол аймағындағы жарықтар сапасының төмендігі, адамның діттеген жеріне бағытын көруге кедергі болады. Тағы айтып кететін мәселе, көшелерде жаяужолдарға арналған демалыс орындары қарастырылмаған. Осылардың барлығы Алматы қаласы үшін тротуарлардыңдың қазіргі жағдайы арнайы зерттеуді қажет ететіндігі үлкен мәселе болып табылады. Ол мәселелерді былайша анықтадық:
көптеген көшелердің жаяужолдары қала тұрғындары үшін қауіпті;
жаяужүргіншілерге арналған жерасты өтпелдері тиімді болып саналады;
кейбір жаяужүргіншілерге арналған жолдар, төмен сапада жасалынған;
көптеген жаяужолдарда баспалдақтар орналасқан. Алайда, қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, баспалдақтар мен табалдырықтардан көтерілуі қиындық туындатады;
қыс мезгілінде кеш уақыттарда, жаяужолдардағы шұңқырлар мен кедергілер адам өміріне қауіпті;
Енді, Алматы қаласында орналасқан жаяужолдарды, шет елдердегі қалалардың жаяужолдарымен салыстыратын болсақ, онда сынаны байқауға болады:
Сурет-1 Райымбек даңғылы мен Дания еліндегі Копенгаген қаласының
жаяужолдары
Ескерту: А-автормен қарастырылған, В-https://www.google.kz
1-ші суретте Райымбек даңғылындағы жаяужолдардың төменгі басымдылығы көрсетілген. Бұл жобаны жасағанда көше кең болғандықтан сәтті орындалған жоқ. Яғни, ғимараттар мен жаяужолдар арасындағы арақашықтық қалалық өмірге кедергілерін тудыруда. Зерттей келе, тротуар арқылы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін 8 221 жаяужүргіншілер өтетіндігі анықталды.
Оның жанында Копенгаген, Дания қаласы көрсетілген. Бұл Копенгаген қаласындағы көлік қозғалысы көп көшелердің бірі болып саналады. Жолақтар мен жаяужол маңы жоспарланып салынған. Тәулігіне жаяужолдан 50 000 жаяужүргіншілер өтеді. Барлығы адамдар үшін жасалған [8].
Сурет-2 Абай даңғылы мен Париж қаласындағы Елисейлік алаңындағы жаяужолдар
Ескерту: А, В-https://www.google.kz
2-ші суреттегі Абай даңғылының ғимараттармен өзара байланысты еместігін көрсетеді. Көзқарас бойынша Абай даңғылы Райымбек даңғылымен сәйкес келеді. Тротуар арқылы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін 8 785 жаяужүргіншілер өтті. Ал оның жанындағы Елисейлік алаң – бұл Париждегі ең тартымды аймақ. Кең аумақты жаяужолдар ғимараттарды тартымды әрі көрікті етіп көрсетеді. Күніне 9 683 жаяужүргіншілер жаяужол арқылы жүреді [8].
Сурет-3
Абылай хан даңғылы мен Австралияның
Мельбурн қаласындағы тротуарлар
Ескерту: А- автормен қарастырылған, В-https://www.google.kz
Абылай хан даңғылы 3-ші суретте берілген. Мұнда орталық көшеде транспорт қозғалыстары және тұрақтағы көліктері орналасқан. Жоласты өтпелдері адамдар үшін ыңғайсыз. Тротуар арқылы күніне сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін 10000 жаяужүргіншілер өтеді. Ал Мельбурн қаласының орталық көшелерінде автокөлік қозғалыстары жоқ тек қана қызмет автокөліктері жүреді. Ғимараттар жанындағы кең жайлы жолдар және де оңай жаяужолдары қала тұрғындарына ыңғайлы етіліп жасалынған. Тәулігіне жаяужол арқылы 66 800 жаяужүргіншілер жүреді [8].
Сурет-4 Пушкин көшесі мен Барселона қаласындағы Ла Рамбл көшесінің бойында орналасқан жаяужолдар
Ескерту: А, В-https://www.google.kz
Төртінші суреттегі Пушкин көшесі – жасылдандырылған аймақтың енжарлы орны. Бұл бульварлық топтағы кең көше. Орталықтағы жасыл саябақта тұрақтағы және қозғалыстағы көліктердің саны өте көп. Орталық аймақ көп қолданылмайды. Күніне тротуардан 28 689 жаяужүргіншілер жүреді. Ал Ла Рамбл көшесінің орталық аймақтарындағы жаяужолдар қазіргі заман талабына сай етіліп жасалынған. Зерттеу бойынша бір күнде жаяужолдан 56 000 жаяужүргіншілер жүреді [8].
Сурет-5 Панфилов көшесі және Лион, Жан Мермоз даңғылындағы тротуарлар
Ескерту: А,В-https://www.google.kz
Панфилов көшесі 5 суретте көрсетілген. Көлік қозғалысына арналған жасыл дәліз. Панфилов көшесі Алматы қаласының ең жасылданған орталығы болып келеді. Көптеген метро бекеті мен орталық аймақтармен байланысқан. Бірақ та бұл көше адамдардың жүруіне ыңғайсыз. Себебі транспорттың көптігінен жаяужүргіншілер серуендеп жүре алмайды. Тіпті көліктер аз уақыт болған кезінде де орталық аймақтарды көліктер басып жатыр. Сол себептен бұл жерді ыңғайсыз етіп көрсетеді. Жаяужүргіншілер саны – 3 647 адам. Ал Жан Мермос даңғылындағы жаяужолдарға күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілген. Кең аумақ, кең көше, велосипедшілерге және жаяужүргіншілерге бөлек ыңғайлы кең жолдар салынды. Жаяужүргіншілер саны күніне – 18 453 адамды құрайды екен [8].
Сурет - 6 Жібек жолы мен Копенгаген, Строгет көшелеріндегі жаяужолдар
Ескерту: А, В-https://www.google.kz
6-шы суретте Жібек жолы берілген. Ол енжарлы қоғамдық орын болып табылады. Жібек жолының жаяужолдарының енінің ұзындығы көптеген Алматы қаласының көшелері сияқты. Үлкен ғимараттар мен кең көшелер қоғамға әсерін тигізіп отыр. Сағат 10:00-ден 22:00-ге дейінгі зерттеу бойынша 14 000 жаяу жүргіншілер жүрді. Копенгаген көшелеріндегі жаяужүргіншілерге арналған жолдар қаладағы басты жаяужолдардың бірі болып табылады. Мысал ретінде жаз мезгілін алатын болсақ, бір күннің ішінде жаяужолдан 85 000 жаяужүргіншілер өтеді. Себебі жаяужолдарда жайлы орындар, ғимараттар, мекемелер және демалыс орындары орналасқан [8]. Жасалған салыстырмалы талдаудан Алматы қаласының бас көшелерін әлемнің атақты қалаларындағы жаяужолдары бар көшелермен салыстыруға келмейді. Мұның себептері 1-ден, қаладағы көлік санының көптігі, жаяу жолдарға арналған орындардың барлығына дерлік көліктер қойылып адамдардың өтуіне кедергі келтіруі және жекелеген жағдайларда өміріне қауіп төндіретіні белгілі. 2-ден, қаладағы жаяу жолдары бар көшелер өзінің маңызына орай пайдаланылмайтындығында немесе ондағы жаяу жолдар мен плиткалардың, сатылардың жүріп тұруға қолайсыз, демалатын орындықтар, қоқыс салатын жәшіктердің жоқтығы, ол көше бойымен демалып өтуге мүмкіндік туғызбайды. 3-ден, қаладағы жаяу жолдары бар көшелердің тартымсыздығы көзге түседі, ондағы ағаш бұталарының жайылып өсіп кетуі, тұрғындардың көз тоқтатып сүйсіне қарайтын қызықты мүсіндердің, су бұрқақтардың жоқтығы, үлкен мәселе ретінде қарастыруға болады. Енді жекелеген көшелердегі жаяу жолдардың қазіргі жағдайына назар аударатын болсақ, онда мынадай мәселелерді көруге болады. Мысалы, 7 суретте Каблуков көшесінің жағдайы бейнеленген. 8 суретте бейнеленген жаяужолдың сипатында қарт кісі, балалы әйелдер немесе мүмкіндігі шектеулі адам емес, сау адамның өзі жүруі мүмкін емес. Жаяужолдағы ағаш, алынбай қалған томар, көшенің кішірейіп кетуі, оның қоршаумен бекітілуі бұл көшенің тротуарын қайта салуды қажет ететіндігі көрініп тұр.
Сурет -7 Каблуков көшесіндегі жаяужолдың көрінісі
Ескерту: автормен қарастырылған
7-ші суреттегі жағдай Алматы қаласының көптеген көшелеріне тән жағдай. Сонымен қатар бұл көшенің бойындағы қоқыстар мен сол жерге қойылған автокөліктер адамдардың жүруіне кедергі тудырады. Тротуарлардың сапасы өте төмен. Бұл көшеге қайта күрделі жөндеу жұмыстары қажет.
Сурет
-8 Каблуков көшесінің көрінісі
Ескерту: автормен қарастырылған
8-суретте Каблуков көшесінің Әл-Фараби даңғылынан қарағанда оң жағы көрсетілген. Жаяужол жоқ, эстетикаға сай емес өсіп тұрған ағаш бұталары мен электр бағаналары көшенің көркін бұзуда. Әлеуметтік әлсіз топтардың жүруіне қиын. Осы көшелердің бойындағы жаяужолдардың көлемін кішірейтіп жіберген, адамдарға өте ыңғайсыз.
Сурет-9 Өтепов көшесіндегі трамвай линиясы мен жаяужолдың көрінісі
Ескерту: автормен қарастырылған
Жоғарыдағы суретте Өтепов көшесінде тротуар жоқ деуге болады. Оның себебі, бұрыннан қалып қойған трамвай теміржолы жаяужолдың рөлін атқаруда. Бұл көше бойында мектеп орналасқандықтан, осы жаяужолмен оқушылар көп жүреді. Жаяужол белгісі қойылмағандықтан, олар үшін жаяужолдар өте қауіпті болуда.
Сурет-10 Өтепов көшесіндегі жеке кәсіпкерлердің жаяужолға кедергісі Ескерту: автормен қарастырылған
Ал 10-суретте көше бойында орналасқан жеке кәсіпкерлер (мейрамхана, көлік жөндеу орталықтары т.б) жаяужолдарды өз мүдделеріне ыңғайластырып, жаяужүргіншілердің жүруіне кедергі келтіруде. Олар жаяужолдарды бұзып, өздеріне ыңғайлы етіп, бұзылған жерді жөндемей, қала сәніне кері әсер етіп тұр.
Сурет-11
Розыбакиев көшесіндегі жаяужолдың
жағдайы
Ескерту: автормен қарастырылған
Талданып отырған (11 сурет) Розыбакиев көшесіндегі жаяужолдардың жағдайы сын көтермейді. Арнайы веложолақтар жоқ, пандустар стандартқа сай емес. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай қарастырылмаған.Енді осындай көріністі Төле би көшесінен де (12 сурет) көруге болады.
Сурет-12 Төле би көшесіндегі тротуардың сипаты
Ескерту: автормен қарастырылған
Төле би (12 сурет, 13 сурет) Алматы қаласының ең үлкен көшелерінің бірі. Бұл жерде қала тұрғындарының көп бөлігі шоғырланған. Бірақ жаяужолдар шұңқырларға, қоқыстарға толы. Демалатын орындықтар қойылмаған. Суретте көрсетіліп тұрғандай жаяужолдың қасындағы арықтар бұзылған, тастармен көміліп, бітеліп қалған. Нәтижесінде жаңбыр жауып, су аққанда бұл жердің қала тұрғындарына қаншалықты қиындық туғызатынын айтпай-ақ түсінуге болады. Тротауарлар стандартқа мүлдем сәйкес келмейді.
Сурет-13 Төле би көшесіндегі бұзылған арықтың сипаты
Ескерту: автормен қарастырылған
13 суретте Төле би көшесіндегі жаяу жолдардың келбеті берілген. Жаяужолдардың жанындағы арық жүйесінің іші қоқысқа толы. Бұл қоқыстар қаланың экологиясын бұзуда. Арық жүйесінің жағдайы бұзылған, жаяу жолдардың жиектері опырылып сынған және бұталар талғамға сай қырқылмаған. Қалың өскен бұталардың арасы қоқыс пен қалдықтарға толған.
Сурет-14
Басенов және Жароков көшелеріндегі
жаяужолдардың жағдайы
Ескерту: автормен қарастырылған
Ал 14, 14 (а) суреттерінде бейнеленген Басенов Жароков көшелерінің сол жағындағы қиылысында жаяужол жоқ. Тұрғындар жаяужолдың бөлігін өз мүдделері үшін қоршап алған, сол себепті жаяужолдың көлемі кішірейген. Ал көшенің оң жағындағы тротуардың жағдайы орташа. Көптен бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Көктем, күз мезгілдерінде бұл жаяужолмен жүру мүмкін болмай қалады. Жаңбыр жауғанның әсерінен шұңқырлар суға толады. Ал жаз мезгілінде көше шаңнан көрінбейді.
Осындай проблемасы бар қырық көшені электронды картаға, суретке түсіріп, оны Алматы қаласының даму орталығының урбандалу бөліміне ұсындық (15 сурет).
Сурет-15 Жоба барысында әзірленген электронды карта
Ескерту: автормен қарастырылған
15-ші суретте көрсетілген мәселелер одан әрі Алматы қаласының әкімінің алдында сұрақ ретінде ұсынылып, Алматы қаласы көшелерінің жаяужолдарын жөндеу, қайта салу тұрғындар үшін сапалы болуына, олардың бойында үлкен кісілерге, балалы әйелдерге, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған орындықтар, гүлзарлар, субұрқақтар салынуға себеп болады. Сонымен қатар «Ыңғайлы қала» жобасын жүзеге асыратын Алматы қаласының даму орталығының урбандалу бөліміне 40 көшенің жаяужолдары бойынша электронды картасын жасау жүзеге асырылды. Біз өз қаламыздың дамуына, оның тұрғындарының жайлы өмір сүруіне кішкентай болса да, ықпал еткенімізді мақтаныш тұтамыз.
1-ші бөлімде жаяужолдардың қазіргі жағдайының әлеуметтік маңыздылығын теориялық жағынан негіздей отырып, проблемалар анықталды. Сонымен қатар Алматы қаласындағы жаяужолдардың қазіргі жағдайына ең алдымен дүниежүзіндегі Копенгаген, Барселона, Австралия, Париж, Дания қалаларының көшелерімен бірге салыстырылып, анықтама берілді. Салыстырмалы талдау жаяужолдардың жағдайын қарастырып көруге өте ыңғайлы. Қала тұрғындары мен сырт елдерден келген саяхатшыларды қаланың әсемді, келбетті, таза болуы жағымды және тартымды етіп көрсетеді.
