Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
200417_Aida_Alemshat_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.4 Mб
Скачать

Нархоз университеті

«Қорғауға жіберілді»

«Мемлекеттік басқару» кафедрасының

меңгерушісі,э.ғ.к, доцент

_____________ М.М.Рысқұлова

№ __ хаттама, ________2017ж.

Дипломдық жоба

Тақырыбы: Жаяу жолдардың қазіргі жағдайы және олардың әлеуметтік маңызы (Алматы қаласының мысалында)

«5В090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандығы

Орындағандар:

«5В090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандығының

4 курс студенттері

_______________

А.Ж.Таужанова

_______________

_______________

Ә.М. Кадирова

Қ.Б.Құрманбаева

Ғылыми жетекші:

PhD докторы, доцент

_______________

К.А. Абенова

Алматы, 2017 аңдатпа

Бұл дипломдық жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің № 4642 «Қазақстан қалаларының дамуының әлеуметтік – эномикалық бағыттарының болашағы: 21 ғасырдың 10 жаһандық жағдайындағы мәселелері» тақырыбындағы гранты аясында «Алматы қаласы даму орталығы» АҚ- мен бірлесе дайындалған жобаның бағдарламасы негізінде орындалды. Студенттерге Алматы қаласының көшелеріндегі жаяужолдардың қазіргі жағдайын зерттеу, суретке түсіру, проблемалы көшелердің электронды картасын дайындау тапсырмасы берілді. Жалпы жобаның мақсаты - Алматы қаласының жаяужолдары бар негізгі көшелерінің, тұрғындардың, қала қонақтары үшін көрікті, ыңғайлы және демалыс орнына айналатындай етіп қалыптастыру. Сонымен қатар бұл мәселені шешуде халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының (қарт кісілер, балалы әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандар) мүдделерін ескере отырып, таза ыңғайлы, жайлы етіп жасау үшін мәселесі бар көшелер санын анықтау болып табылады.

Берілген тапсырманың өз мақсатына сәйкес қойылған міндеттері: жаяужолдардың әлеуметтік маңыздылығын қарастыру, халықтың арасында әлеуметтік сауалнама жүргізу, тротуарлардың қазіргі жағдайларының ерекшеліктерін көрсету, қаланың 4 ауданының көшелерінің қазіргі келбетін суретке түсіріп, талдау жүргізу;

Алға қойылған міндеттер орындалды. Алынған нәтижелер даму орталығының урбанистика бөліміне ұсынылып, қаланы көріктендіру және жөндеу жұмыстарына арналған 2018 жылдың жоспарына енгізілді.

Зерттеу нәтижелері Нархоз Университетінде 2017 жылдың 10-15 сәуір аралығында өткізілген «Тұрақты ойлауды дамыту: Орталық Азиялық жол» 2-ші халықаралық ғылым апталығының аясында ұйымдастырылған «Ыңғайлы қала: университеттер мен қалалардың өзара байланысы» дөңгелек столында студенттер баяндама әзірледі.

Аяқталған зерттеу жұмысы бітіру жұмыстарына қойылатын талаптарға сай жасалған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]