- •Көркемдік бөлім
- •1.1 Сәннің болашақ бағыты (зерттеу бөлімі)
- •1.4 Негізгі модельдің техникалық сипаттамасы
- •2.Конструкциялық бөлім
- •3.Технологиялық бөлім
- •3.1 Лекалолар жаймасын матада жасауға қойылатын талаптар
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •1.Көркемдік бөлім........................................................................................................................6
- •2.Конструкциялық бөлім.........................................................................................................17
- •3.Технологиялық бөлім...........................................................................................................43
Кіріспе
Жеңіл өнеркәсіп - халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық-үйық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары — мақта-мата, зығыр, жүн, жібек, кендір-кенеп, аяқ киім, былғары жөне аң терісі бұйымдарын өндіретін салалар.
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындардың әдемі, ең бастысы тиімді- жоғары сапалы киіммен қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары тар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы "шешімін таппаған" сала болып есептеледі.
Жеңіл өнеркәсіп - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін , экологиялық жағынан таза және көбінесе әйелдер қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала- мата тоқү саласы Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, киіз шығарады. Оларды өсімдік (мақта зығыр) немесе жануарлар ( жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.
Киім адам денесінің қоршаған ортаның әр түрлі әсерінен (ыстық, суық, ылғал, шаң-тозаң және т.т.) қорғайтын құрал ретінде пайдаланылады. Қоғамдық дамудың қазіргі сатысында киім деп өсімдік, мал тектес және жасанды материалдардан тігіп, адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғайтын, ағзаның қалыпты температурасын сақтайтын және сонымен бірге, оған көрік беретін әр түрлі заттарды атайды. Киім адамзат материалдық мәдениетінің элементтерінің бірі болып табылады. Адамзат қоғамының әрбір тарихи даму кезеңінде тігін бұйымдары өзгеріске ұшырап отырады. Ол қоғамдық құрылыстың, техника мен экономика дамуының, сондай-ақ ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшелігін, халық тұрмысының, көркемдік талап-талғамы мен салт-дәстүрлерінің талаптарын бейнелейді. Біз, шын мәнісінде, іш киім, жеңіл киім және сырт киім, бас киім, аяқ киім, биялай, шұлық және басқа бұйымдар сияқты заттардың кең жиынтығын киім деп түсінеміз.
Киімге таңдалған материалдарды өңдегенде, бұйымды дайындау кезінде материал қасиетінің өзгеруін және осы өзгерісті бұйымның нақты пішінін немесе силуэтін жасауда қолдануды терең білу қажет. Тігін пішінін немесе силуэтін жасауда қолдануды терең білу қажет. Тігін бұйымдарын жасау үдерісі суреттен немесе эскизден басталып, бұйым лекалдарын құрастыруға және тігу технологиясын дайындауға дейін көптеген күрделі жолдардан өтеді. Сондықтан киімнің үлгісінің эскизін дайындаған материалдардың эстетикалық қасиеті, сән бағытымен дұрыс таңдалып қана қоймай, нақты киім силуэтін жасауды қамтамасыз ететін қасиеттерімен, киімді құрастырудың қазіргі уақыттағы дайындау технологиясының мүмкіншіліктеріне өте көп әсер етеді.
Өзбектер, түріктер және хорезмдердің киімі негізінен бір-біріне ұқсас болып келеді. Олардың киімдері қарапайым және пішілуі жағынан барлық жастағылар мен ерлердің де, әйелдердің де киімі бір пішінде болды.
Киім тігу үшін ХІХ ғ. екінші жартысында қолдан жасалған дөрекі мақта-мата маталарды қолданды. Фабрикалық маталар (әсіресе ала сиса, қызыл мата, жолақты және ақ қағаз маталар), қала тұрғындарының арасында Ресейге қосылмай тұрып-ақ кең тарады, ауылдық жерлерде темір жолдар салынғаннан кейін, ХІХ ғ. соңында пайда бола бастады.
Ерлер, әйелдер және балалардың киімдері көйлек, шалбар және шапаннан тұрды. Көйлек немесе «куйляк» туникаға ұқсас етіліп пішілді. Ерлер көйлектері тізеден төмен болып тігілсе, әйелдер мен балалар көйлектері тобыққа дейін түсіп тұрды. Ерлер көйлектерінің жеңінің ұзындығы саусаққа дейін жетсе, ал әйелдердің көйлектері жеңінің ұзындығы қолын төмен түсіргенде тобыққа дейін жететін болды.
Ерлер, балалар және қыздардың көйлектерінің жағасы көлденең жырықты және тік жағалар болды (хорезм тілінде айтқанда «киптаки»). Көйлектің жағасын жияк деп аталатын тоқылған таспамен немесе басқа матаның жіңішке жолақ-қиындысымен жиектеді. Әйел көйлегі жағасының ұзын тік жырығы болды. Оны да үш саусақтың көлеміндегі таспамен жиектеп, мойынның тұсынан баумен байлап қойды. Таспаны қара жүннен иіріп, сары және қызыл жіптерден тоқылған кестемен әсемдеді.
Үйден шыққанда әйелдер тағы бір астарсыз, жолақты матадан тігілген желак деп аталатын жеңіл шапанды бастарына жауып шықты. Желекті кигенде оның бір жеңі арқаға түсіп тұрды. Ал паранджа – алдамшы ұзын жеңі бар, жамылғыш шапан тек байларда ғана кездесті, әдетте оны тойға сатып алатын және оны жас келін бетіндегі торсыз киді.
Еркектер аяқ киіміне келетін болсақ, олар етік, мәсі (махси) және оның сыртынан галош (кавуш)киді. Әйелдер кавушты жалаң аяқтарына ғана киді. Жас әйелдер кавуштың биік өкшелі түрлерін киді. Ауқатты отбасыларының жасы үлкен әйелдері қысты күні мәсіні кавушпен бірге киді.
Әйелдердің зергерлік бұйымдары – моншақ, сырға, білезік және сақиналар негізіненкүмістен жасалды, алтын және алтын жалатылған бұйымдар тек ауатты адамдарда ғана болды (әсіресе, отырықшы халықта). Олар Бұхара және Самарқандтың қалалық зергерлерінің бұйымдары еді.
Зергерлік әшекейлердің ішінде маржан моншақтар барлық жастағы әйелдер арасында кең тарады (чин маржон), ал ақ моншақтар мен күміс теңгелерден жасалған әшекейді (зебигардон) жас келіншектер тақты. Тұрмыстағы әйел міндетті түрде мұрынның шетіне латиба деп аталатын сырға тақты. Жас келіннің сәлдесіне бір біріне жалғанған күміс қаңылтырлар және салпыншақтардан тұратын шекелік әшекейді (синсила) тақты.
Әйелдер шашын екі бұрым қылып өрсе, жас қыздар шаштарын көптеген ұсақ бұрымдарға бөліп өрді. Бұрымдарына жүн немесе қағаз жіптен жасалған шашбауларды (пупак) тақты.
Егде әйелдер бөзден тігілген ақ көйлектер киді, алайда шалбарлары калямидан тігілді. Барлық жерлерде әйелдер шалбарының көрінбей тұратын жоғарғы жағын арзан матадан тіксе, көрініп тұратын төменгі жағын қымбат матадан тікті. Ауқатты обасыларында көйлектер мен шалбарларды алачадан тікті.
Тұрмыстағы әйелдің мунисак деп аталатын мақтамен сырылып тігілген, жағасыз, жеңнің астынан бүріліп тігілген халаттың ерекше түрін, сонымен қатар, астарсыз халат жегдені киді. Қыздардың сыртқы киімі сырылған, жағасыз халат болды. Оның мунисактан айырмашылығы жеңінің астында бүрмесі болмады.
Қонаққа барғанда әйелдер бірнеше көйлекті бірінің сыртынан бірін киді. Іш көйлек әдетте ақ түсті болса, жастардың сыртқы көйлектері ашық түсті, ал жасы үлкен әйелдердің киімі сыпайы түсті болды.
Көркемдік бөлім
1.1 Сәннің болашақ бағыты (зерттеу бөлімі)
Ұлттық киімнің негізгі құрамдас бөлігі ретінде бас киім аса мәнді, сәнді де ерекше көрінеді. Онда жас, жыныстық және аймақтық ерекшеліктер берік сақталған. Қандай да бір бас киімді киген адамның әлеуметтік мәртебесін немесе діни ерекшелігін анықтауға болады. Мысалға, мұрақты Шыңғыс ханның ұрпақтары болып саналатын төрелер ғана киген (XIX ғасырдың еікші жартысынан бастап «қарасүйек» қазақ шонжарлары да кие бастаған). Көптеген халықтардың дәстүрлі наным-сенімі бойынша шаш – жанның тұрақтайтын орны. Шаш қойысы мен бас киімінің өзгеруі адамның және оның жанының есейуін білдіреді. Балалардың, қыз бойжеткендердің әлеуметтің мәртебесі жиі өзгеріп отыруына байланысты, олардың бас киімдеріне тағылатын тіл-көзден сақтауыш үкі қауырсыны мен көз тастары айрықша қызмет атқарады. Ырым-тыйымдар жүйесінде бас киімнің төңкеріліп қойылмауы, теріс қаратылып киілмеуі, жерге тасталмауы сияқты салттық жоралғыға негізделген қызметтері де айқындалады.
Хорезм ұлты той-думанға, ұятты жерлерге ең әдемі деген орамалдарын байлап, барқыттан, атластан (көбіне қызылы түсті) тігілген, моншақтармен, алтын, күміс тастармен безендірілген киімдерді киіп барады. Бас киім ерлерде – тақия, жүн қалпақ, әйелдерде – орамал.
Музей топтамасында әйелдерге арналған шапан — хорезм халаты да бар, хорезм жейдесі яхтанг деп аталады. Ертеде киім астары қымбат емес, ақ немесе мақтадан жасалған матадан тігілген. Үсті барқыттан, шұға немесе ши барқыттан жасалған матадан тігілген. Қазіргі кезде егде мен жас адамдар да шапандар киіп жүр. Халат қаусырма, кең болады, оның жеңдері түзу мен ұзын болады. Ол күнде киілетін киімдердің қатарына жатады, бет жағы жасанды, әртүсті кескіндермен оюланған матадан тігіледі. Халаттың астына яхтанг деп аталатын жейде киіледі, ол түзу мен кең болады. Мақтадан жасалған матадан тігіледі. Оның бүйір тігістерінде тіліктер болады, жеңдері түзу, қысқа. Жейденің жағасы үшбұрыш пішінді болады. Хорезм халқы киімінің міндетті атрибуты — бельляма. Ол жасанды жібектен жасалады. Өрнек ретіндегі түстердің үйлесуі арқылы тігіледі. Белбеудің екі жағы толқын кестемен толқын пішінді үш сызық тігілген.
Хорезм елінің ұлттық бас киімдері:
Бас киімде ұлттық эстетикалық талғам мен табиғи ортаға бейімделу ерекшеліктері, адамдардың жас және жергілікті, рулық ерекшеліктері көрініс табады. XIX ғ.-дың II жартысынан бастап қазақ қоғамында орын алған әлеуметтік өзгерістерге байланысты мәдени өмірде де үлкен өзгерістер болды. Мұрақ – лауазымды адамдар киетін, екі жағы қошқар мүйізденіп келген, салтанатқа ғана арналған қалпақ түрі. Мұраққа қарап халық мансапты адамды айырады. Мұрақты кей жерде қалпақ деп те атап келген. Бас киімнің бұл түрінің тек ғұрыптық, салтанаттық қана маңызы болғандығы сондықтан. Өкінішке орай, мұрақтың қазіргі қолданысы мен жасалу техникасы дәстүрлі үлгіге мүлдем келмейді.
Жалбағай, балшық, далбай, күлпара деп аталатын бес киім түрлері тымақ тәрізді қалың немесе жұқа матадан да, жұқа ақ киімнен де тігіледі. Олардың пошымы бір-біріне ұқсас. Кең, мол пішілген, бас киімнің ту сыртынан киіліп, иықты жауып тұратын, жауын, желден қорғайтын бас киімнің ерекше түрі. Жаз, күз, көктем айларында киеді. Жеңіл, жылы, қолайлы жұмыс киімі –күлпараның төбесін шошақ етіп пішіп, екі қабат матадан сырып тігеді.
Әйелдер мен қыздар бірінші баласы туғанша шаштарын көрсетпей ұсақ етіп өріп қояды (кейде 40 жасқа дейін).
Қыздардық бас киімі кестесіз тақиялар мен салла (сәлде) болды. Егде адамдар салланың астынан сырылған немесе теріден тігілген бөрік киді.
Тұрмыстағы әйел адамның бас киімі күрделі болды. Ол шашбаулары, мойын мен кеудені жабуға арналған ақ мата кесіндісі, бір немесе бірнеше орамалдан тұратын сәлдесі бар дөңгелек бас киімнен тұрды. Бас киімнің пішіні, оның атауы, орамалдардың саны әр түрлі этникалық топтарда бірдей болмады. Жартылай көшпенді хорезмдердің көбінде кийгич деп аталатын мұндай бөрік арасына мақта салып сырылған және оның шашбауы бұрымды белге дейін жауып тұрды.
Бөріктің сыртынан румол деп аталатын қиғаш бүктелген үлкен орамалды жауып жүрді. Орамалдың сыртынан сәлденің пішінінде мата қиындысын (дастор) байлап алды.
Мойын мен кеудені тік бұрышты ақ мата кесіндісі лачакпен жауып жүрді.
1-сурет.Хорезм ұлттық қыздар бас киімі
Жартылай көшпенді хорезмдерде сәлденің сыртынан томок румол деп аталатын тағы да бір үлкен орамалды, оның екі ұшын мойынды айналдыра тақты. Жасы егде әйелдер сәлденің сыртынан ақ орамал тақты, ал жастар мұндай орамалыңд түсті жіптермен кестеленген түрін тақты.
2-сурет.Хорезм халқының ұлттық жас қыздар бас киімдері
Тұрмыстағы әйел адамның бас киімі күрделі болды. Ол шашбаулары, мойын мен кеудені жабуға арналған ақ мата кесіндісі, бір немесе бірнеше орамалдан тұратын сәлдесі бар дөңгелек бас киімнен тұрды. Бас киімнің пішіні, оның атауы, орамалдардың саны әр түрлі этникалық топтарда бірдей болмады. Жартылай көшпенді өзбектердің көбінде кийгич деп аталатын мұндай бөрік арасына мақта салып сырылған және оның шашбауы бұрымды белге дейін жауып тұрды.
Бөріктің сыртынан румол деп аталатын қиғаш бүктелген үлкен орамалды жауып жүрді. Орамалдың сыртынан сәлденің пішінінде мата қиындысын (дастор) байлап алды.
Мойын мен кеудені тік бұрышты ақ мата кесіндісі лачакпен жауып жүрді. Жартылай көшпенді өзбектерде сәлденің сыртынан томок румол деп аталатын тағы да бір үлкен орамалды, оның екі ұшын мойынды айналдыра тақты. Жасы егде әйелдер сәлденің сыртынан ақ орамал тақты, ал жастар мұндай орамалыңд түсті жіптермен кестеленген түрін тақты.
Үйден шыққанда әйелдер тағы бір астарсыз, жолақты матадан тігілген желак деп аталатын жеңіл халатты бастарына жауып шықты. Желекті кигенде оның бір жеңі арқаға түсіп тұрды. Ал паранджа – алдамшы ұзын жеңі бар, жамылғыш халат тек байларда ғана кездесті, әдетте оны тойға сатып алатын және оны жас келін бетіндегі торсыз киді.
Әйелдердің зергерлік бұйымдары – моншақ, сырға, білезік және сақиналар негізінен күмістен жасалды, алтын және алтын жалатылған бұйымдар тек ауқатты адамдарда ғана болды (әсіресе, отырықшы халықта). Әйелдер шашын екі бұрым қылып өрсе, жас қыздар шаштарын көптеген ұсақ бұрымдарға бөліп өрді. Бұрымдарына жүн немесе қағаз жіптен жасалған шашбауларды (пупак) тақты. Ер адамдар шаштарын тақырлап алып, мұрт пен сақал өсірді, мұрттарын шариаттың заңдылығына байланысты қиып отырды.
1.2 25-30 жас аралығындағы жас әйелдерге арналған қыздарға арналған ұлттық көйлегінің модельдерін таңдау және талдау
Өзбектер, түріктер және хорезмдердің киімі негізінен бір-біріне ұқсас болып келеді. Олардың киімдері қарапайым және пішілуі жағынан барлық жастағылар мен ерлердің де, әйелдердің де киімі бір пішінде болды.
Киім тігу үшін ХІХ ғ. екінші жартысында қолдан жасалған дөрекі мақта-мата маталарды қолданды. Фабрикалық маталар (әсіресе ала сиса, қызыл мата, жолақты және ақ қағаз маталар), қала тұрғындарының арасында Ресейге қосылмай тұрып-ақ кең тарады, ауылдық жерлерде темір жолдар салынғаннан кейін, ХІХ ғ. соңында пайда бола бастады.
Әйелдер және балалардың киімдері көйлек, шалбар және халаттан тұрды. Көйлек немесе «куйляк» туникаға ұқсас етіліп пішілді. Ерлер көйлектері тізеден төмен болып тігілсе, әйелдер мен балалар көйлектері тобыққа дейін түсіп тұрды. Ерлер көйлектерінің жеңінің ұзындығы саусаққа дейін жетсе, ал әйелдердің көйлектері жеңінің ұзындығы қолын төмен түсіргенде тобыққа дейін жететін болды.
Әйелдер, балалар және қыздардың көйлектерінің жағасы көлденең жырықты және тік жағалар болды (хорезм тілінде айтқанда «киптаки»). Көйлектің жағасын жияк деп аталатын тоқылған таспамен немесе басқа матаның жіңішке жолақ-қиындысымен жиектеді. Әйел көйлегі жағасының ұзын тік жырығы болды. Оны да үш саусақтың көлеміндегі таспамен жиектеп, мойынның тұсынан баумен байлап қойды. Таспаны қара жүннен иіріп, сары және қызыл жіптерден тоқылған кестемен әсемдеді.
Үйден шыққанда әйелдер тағы бір астарсыз, жолақты матадан тігілген желак деп аталатын жеңіл шапанды бастарына жауып шықты. Желекті кигенде оның бір жеңі арқаға түсіп тұрды. Ал паранджа – алдамшы ұзын жеңі бар, жамылғыш шапан тек байларда ғана кездесті, әдетте оны тойға сатып алатын және оны жас келін бетіндегі торсыз киді.
Кесте1 - 25-30 жас аралығындағы жас әйелдерге арналған қыздарға арналған ұлттық көйлегіне ұқсас модельдер таңдау және талдау:
№ |
Модельдің эскизі |
Сыртқы түрін сипаттау |
1 |
|
25-30 жас аралығындағы жас қыздарға арналған,қынамалы ұлттық хорезм жакет-шалбар және халаты. Жакеті қынамалы силуэтті, кеуде тұсынан кесілген. Алдыңғы бойы тұтас пішілген, жан тігіспен кеуде ұшына қарай бүкпе орналасқан.Кеуде тұсы қатырма тіктемесімен әрленген. Артқы бойы ортаңғы тігіспен, бел бүкпесімен өңделген. Артқы бойдың ортаңғы тігісі сыдырмамен өңделген. Шалбары кең тігілген. Халаты қынамалы тафта матасынан дайындалған. Артқы бойы тұтас пішілген. Жеңі бір тігісті. Ұсынылған өлшем 170-88-96 |
2 |
|
Қыздарға арналған қынамалы креп матасынан тігілген хорезм ұлттық көйлегі. Алдыңғы бөлігі тұтас пішілген. Көйлек алдына, мойын тұсына хорезм ою түрлерімен әрленген. Артқы бойы тұтас пішілген. Жан бөлігіне сыдырма орнатылған. Жеңі қондырмалы,біртігісті жең. Ұсынылған өлшем 158-96-104 |
3 |
|
25-30 жас аралығындағы қыздарға арналған қынамалы хорезм ұлттық көйлегі. Көйлек екі бөліктен тұрады: көйлек үстінен және көйлек астынан. Көйлек үсті етегі қоңырау тәрізді төрт бөлікке бөлінген. Алдыңғы бойы тұтас пішілген, бел бүкпесімен өңделген. Артқы бойы тұтас пішілген, бел бүкпесімен өңделген. Жеңі қондырмалы, бір тігісті жең. Көйлек етегі және көйлек алдыңғы бойы хорезм оюларымен өңделген. Көйлек асты жартылай күн тәрізді, атлас матасынан дайындалған белдемше. Ұсынылатын өлшем: 158-96-104 |
3-сурет
