- •I. Кәсіпорынның негізгі және айналым қорлары
- •1.1Айналым қоры және оның мәні
- •1.2 Кәсіпорынның негізгі және айналым қорларының маңызы
- •1.3Айналым қорларын қаржыландыру көздері
- •II. Айналым қорларының құрлымы
- •2.1 Кәсіпорынның негізгі және айналым қорларын бағалау көрсеткіштері
- •III. Экономикалық есептеу бөлімі
1.3Айналым қорларын қаржыландыру көздері
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:
-өндірістің маусымдылығы;
-тауар – материалдық құндылықтарды жеткізудің әркелкілігі;
-қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы және тағы басқалары.
Айналым қорын тиімді пайдалануды арттырудың бірқатар резервтері сол кәсіпорынның өзінде. Кәсіпорын айналым қорының қозғалысын оңтайландырудың ішкі резервін пайдалана алады. Айналым қорының құрылымын ескерудегі маңызды резерв - өндіріс қорын тиімді ұйымдастыру жүйесінде. Өндіріс қорын қысқартудың негізгі жолдарына мыналар жатады: оларды оңтайлы пайдалану; нормадан тыс материалдар мен қорды ликвидациялау, шаруашылық айналымға нормадан тыс және артық қорды қатыстыру; өндірісті қамтамасыз етудің материалдық-техникалық жүйесін жетілдіру, соның ішінде жабдықтау келісімінің нақты жағдайының тәртібін бекіту, олардың орындалуын қамтамасыз ету; нормалауды жетілдіру; тікелей шаруашылық байланысты оңтайландыру мен кеңейту; жабдықтаушылардың тиімдісін таңдау; транспорттық жүйенің тиімді жұмысы және басқалары қойма шаруашылығын ұйымдастыруда анағұрлым маңызды нәтижелер береді. Аяқталмаған өндірістегі айналым қорының қатысу уақытын қысқарту өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру, негізгі қорды пайдалануды жақсарту жолымен, қолданылып жатқан техника мен технологияға, айналым қорын қозғалыстың барлық кезеңінде үнемдеу арқылы қол жеткізуге болады.
Айналым аясындағы айналым қорының айналымдылығын жылдамдату дайын өнімнің кәсіпорын қоймасында болу кезеңі мен тұтынушылардың оның төлем ақысын төлеу кезеңін минимизациялау арқылы жүзеге асырылады. Айналым қорының айналымдылығын жылдамдатудың негізгі алғышарттары – келісімдік және төлемдік тәртіпті сақтау, кәсіпорынның тиімді маркетингтік стратегиясы, есеп айырысудың прогрессивті
формаларын қолдану, құжаттаманы дер кезінде толтыру мен оның қозғалысын жылдамдату.
Айналым қорының айналымдылығын жылдамдату ауқымды соманы босатуға мүмкіндік береді. Ол соманы қосымша қаржыландыру көздерін іздестірмей-ақ өндіріс көлемін арттыруға жұмсауға болады, ал босатылған құралды кәсіпорын қажеттілігіне сәйкес пайдалануға болады.
II. Айналым қорларының құрлымы
2.1 Кәсіпорынның негізгі және айналым қорларын бағалау көрсеткіштері
Кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады (капитал). Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды – орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.
Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.
Айналым капиталының қалыптасу көздері маңызды дәрежеде олардың тиімділігі қолданылуын анықтайды. Шаруашылық субъектідегі қордың айналымының арналымды ерекшеліктермен шарттасқан меншікті және тартылған қаражаттардың оптималды сәйкес келуі басқарушы жүйесінің маңызды мәселесі болып табылады. Айналым капиталдарын қалыптастыруды басқару процесінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарды рационалды және тиімді пайдалану жауапкершілігімен бірге құқықтары қамтамасыз етілуі қажет. Меншікті және қарыз қаражаттарының жеткілікті минимумы айналымның барлық кезеңіндегі айналым капиталының қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуі қажет, бұл өндірістің ақша және материалды қаражаттарға қажеттілігін қанағаттандырады, сонымен қатар жабдықтаушылармен, бюджетпен банктермен және басқалармен уақтылы және толық есеп айырысуды қамтамасыз етеді.
Қалыптасу көздерінің құрамындағы маңызды рөлді меншікті айналым қаражаттары ойнайды. Олар рентабельді кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті кәсіпорынның мүліктік және оперативті өзіндігін қамтамасыз ету қажет. Меншікті айналым қаражаттары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының дәрежесін, оның қаржы нарығындағы деңгейін куәландырады.
Меншікті айналым қаражаттары запастарды, яғни нормаланатын айналым қаражаттарын жабудың көзі ретінде қызмет етеді. Олардың бастапқы қалыптасуы компанияның құрылуы кезінде және оның жарғы капиталының жасалуы кезінде болады. Бұл кездегі меншікті айналым капиталының көзі құрылтайшылардың инвестициялық салымдары болып табылады. Кейіннен кәсіпкерлік қызметтің дамуымен меншікті айналым қаражаттары алынатын пайда, бағалы қағаздарды шығару мен қаржы нарығындағы операциялар, қосымша тартылатын қаражаттардың есебінен толықтырады.
Қазіргі кездегі шарттармен қарыз қаражаттары айналым капиталының қалыптасу көздеріндегі маңызды және негізгі мән-мағынаға ие болуда. Қарыз қаражаттары кәсіпорынның ақша қаражаттарына уақытша қосымша қажеттілігін жабады. Қарыз қаражаттарын тарту өндіріс сипатымен, нарықтық экономикаға өту кезінде пайда болған қиын есеп айырысу қатынастарымен, меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіз мөлшерін толтыру қажеттілігімен және басқа да объективті және субъективті себептермен шарттасқан.
Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды. Тауар өткізу, қоймадағы дайын өнімдердің қорлануы жөніндегі мәселелерді жеткілікті, терең пысықтауы төмен болуы мүмкін. Бірақ та, кез келген жағдайда алдағы кезде межеленген сату болжамы болуы керек. Олай болмаған күнде шығарылған өнімдер қоймада ұзақ жатып қалады және ақшалай қаржыларының едәуір бөлігі айналымнан оқшауланады, сөйтіп кәсіпорынның қаржы жағдайының орнықтылығына әсер етіп, оның банкротқа ұшырауы мүмкін.
