- •I. Кәсіпорынның негізгі және айналым қорлары
- •1.1Айналым қоры және оның мәні
- •1.2 Кәсіпорынның негізгі және айналым қорларының маңызы
- •1.3Айналым қорларын қаржыландыру көздері
- •II. Айналым қорларының құрлымы
- •2.1 Кәсіпорынның негізгі және айналым қорларын бағалау көрсеткіштері
- •III. Экономикалық есептеу бөлімі
Кіріспе
Үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік қорлармен қатар оған заттармен материалдық ресурстар қажет. Еңбек заттары еңбек құралдарымен бірге үдерісіке қатысып, олардың құны өндірілетін өнімнің материялдық негізін жасап, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Өнеркәсіпте айналым қаржылары негізгі екі топқа бөлінеді: айналым қорлары және айналым құралы. Айналым қорларының құрамына жөнелтілген дайын өнім, бірақ ақысы әлі төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі есеп – шоттардағы, кассадағы ақша, есептесіп бітпеген жердегі ақша қаражаттары жатады.
Кәсіпорындарда айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорын айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезегінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және тағы басқаға байланысты болады. Айналым қорын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады.
Ұзақ мерзімді айналым қорындағы негізгі капитал және өндіріс алды шығындар деп екі инвестицияға бөлуге болады. Қысқа мерзімді айналым қоры кәсіпорынды құрғаннан кейін қаржыландыруға, кейін жұмысына жұмсалады. Айналым қор келесі активтерді біріктіреді: тауарлы – материалдық қорлар. Төлем есептері несие талаптары бойынша, яғни шикізат, материалдар мен басқа қызметтер белгілі мерзімге беріліп уақытты келгенде төленеді. Мұндай төлемдер мерзімін ұзарту арқылы айналым қоры бағасын қысқарта алады. Ұзақ мерзімді қордағы сұранысты негізгі капитал және өндірісалды шығындар деп екі инвестицияға бөлуге болады.
Негізгі қордағы инвестицияның типтік капиталы мыналар:
- Жер учаскесін алу және оны игеру;
- Алаңдар мен ғимараттар салу немесе игеру;
- Өндірістік және көмекші машиналар, жабдықтар алу;
- Тазаланған ғимараттар салу;
- Жобалы – конструкторлық жұмыстар.
Өндірісалды шығындар құрамына өндіру алдында жұмсалған шығындар келеді. Олар мыналар:
Компания жасаумен байланысты шығындар;
Өндіріске дейін жалданған қызметкерлер мен оларға төленетін ақы
Арендалық төлемдер;
Іссапар және байланыс шығындары;
Кеңесшілерге төленетін ақы;
Жинақтар мен салықтар;
Банк қызметіне кеткен төлемдер;
Түрлі қызметтерімен келісім үшін шығындар;
Байқап көру шикізаты;
Кәсіпорынға жатпайтын білім үшін төлем;
Өндірісалды маркетингтік ұстам төлемдер
I. Кәсіпорынның негізгі және айналым қорлары
1.1Айналым қоры және оның мәні
Айналым қорын тиімді пайдалану оның айналымдылық көрсеткіштерімен өлшенеді. Айналым қорының айналымдылығы дегеніміз – қордың өндіріс пен айналымның жеке кезеңдерін тізбектеп өту ұзақтығы.
Айналым қорының айналымдылығының келесі көрсеткіштері қолданылады:
2) айналымдылық коэффициенті;
3) айналым құралын жүктеу коэффициенті;
4) бір айналымның ұзақтығы.
Айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның айналым қорының орташа қалдығын көтерме бағада сатылған өнімнің көлеміне қатынасына тең:
Кайн = Өс / Қорт
Мұндағы, Кайн – айналым қорының айналымдылық коэффициенті, айналым;
Өс – сатылған өнім көлемі, тг;
Қорт – айналым қорының орташа қалдығы, тг.
Айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның айналым қорының белгілі кезең ішіндегі (жыл, тоқсан, ай) жасаған айналым саны немесе айналым қорының 1 теңгесіне шаққандағы сатылған өнімнің көлемін көрсетеді. Формуладан көрініп тұрғандай, айналым санының артуы, не айналым қорының 1 теңгесіне шаққандағы өнімнің шығарылуын арттырады, не өнімнің осы көлеміне аз айналым қорының сомасын жұмсау керектігін көрсетеді.
Айналым қорын жүктеу коэффициенті айналымдылық коэффициентіне кері көрсеткіш. Ол сатылған өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы айналым қорының сомасын көрсетеді.
Кжүк = Қорт / Ө
Мұндағы, Кжүк – айналым қорының жүктеме коэффициенті.
Айналым қорының ең негізгі функцияларының бірі оларды пайданың өндіріс активі ретінде пайдалану. Осы қордың (капиталдың) аты айтып тұрғандай, айналымдағы олардың маңызы өте зор. Осы мақсатта айналым қорының көлемін белгілі кезең ішіндегі олардың айналымдылық санын бағалайды және кәсіпорынның қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ететін қор көлемі неше күнге жететіндігін анықтайды. Жалпы бір айналымның ұзақтығын күн есебінде мына формула бойынша анықтаймыз:
Т күн = С / Кайн
Мұндағы, Ткүн – күн есебіндегі қор көлемі;
С – кезеңдегі күн саны (360, 90, 30).
Ал шикізаттың, материалдың, дайын өнімнің және т.б. қорын талдау, жоспарлау және бақылауды ұйымдастыру мақсатында қор көлемін күн есебінде мына формуламен анықтаймыз:
Ткүн = Қі / Ші
Мұндағы, Ткүн – күн есебіндегі қор көлемі;
Қі – натуралды өлшем бірліктегі қажетті ресурс түрінің (і) қоры;
Ші – сол өлшем бірліктегі қажетті материалдың (і) орташа күндік шығыны.
Әрбір кәсіпорында қордың орташа мөлшері мәліметтер екі датаға берілген жағдайда орташа арифметикалық әдіспен және мәліметтер үш және одан да көп датаға берілген жағдайда орташа хронологиялық әдіспен анықталады.
Қорды басқару жағдайын бағалау үшін олардың айналымдылығын күн және рет есебінде мына формулалармен анықтаймыз:
Тайн = Σ Ā / Шкүн
Мұндағы, Тайн - күн есебіндегі айналымдылық;
Σ Ā – белгілі бір кезең ішіндегі орташа тауар қоры, сомада;
Шкүн – сол кезең ішіндегі бір күндік шығын, сомада.
Трет = Vсат / Σ Ā
Мұндағы, Трет – рет есебіндегі айналымдылық;
Vсат – белгілі кезең ішіндегі сатылған көлем;
Σ Ā - сол кезең ішіндегі орташа қор.
Орташа айналымдылықты есептеу дегеніміз – бірдей бағадағы қордың орташа көлемінің сатылған өнімнің өзіндік құнына қатынасы.
Күн есебіндегі айналымдылық көлемі ликвидтік көрсеткіштің бірі болып табылады, яғни ол қордың ақшаға айналу жылдамдығын анықтайды.
Айналым қорының айналымдылығы азайған сайын немесе сол сатылған өнімнің көлеміндегі олармен жасалған айналымдылық саны артса, айналым қоры соғұрлым аз қажет болады, және керісінше, айналым қоры көп айналым жасаған сайын, оларды пайдалану соғұрлым тиімді болып келеді.
Қазіргі жағдайда кәсіпорынның алдыңғы қатарлы мәселелерінің бірі айналым қорының айналымдылығын жылдамдату болып табылады. Оған мынадай жолдар арқылы қол жеткізіледі:
1)өндірістік қордың қалыптасу кезеңінде – қордың экономикалық негізделген нормасын енгізу; шикізат, жартылай фабрикаттар, қосалқы бұйымдар және тағы да басқалардың жабдықтаушыларын тұтынушыға жақындату; жабдықтаушы мен тұтынушы арасындағы тікелей байланысты ұзақ, кеңінен пайдалану; материалдық-техникалық қамтамасыз етудің қоймалық жүйесін кеңейту, сондай-ақ көтерме сауданы материалдар мен жабдықпен қамтамасыз етуді жетілдіру; қоймадағы арту-түсіру жұмыстарын кешендік механикаландыру, автоматтандыру.
2) Аяқталмаған өндіріс кезеңінде – ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдату (аз қалдықты және қалдықсыз прогрессивті техника мен технологияны енгізу); стандарттауды, унификациялауды, типизациялауды дамыту; өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру, анағұрлым арзан құрастырғыш материалды пайдалану; шикізат пен отын-энергетикалық ресурсты үнемді пайдалануды экономикалық ынталандыру жүйесін жетілдіру; жоғарғы сұранысқа ие өнімдердің үлес салмағын арттыру.
3) Айналыс кезеңінде - өнімді тұтынушыларды, оларды дайындаушыларға жақындату; есеп айырысу жүйесін жетілдіру; тікелей байланыс бойынша тапсырыстарды орындау, өнімді мезгілінен бұрын өндіру, үнемделген материалдан өнімді өндіру арқылы өнімді сату көлемін арттыру.
Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретінде кең мағынаны береді. Ол айналым қоры мен айналыс қорынан тұрады. Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айрысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде корінеді. Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі -ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету. Сонымен, айналым капиталы деп өндірістік айналым қоры мен айналыс қорына арналған кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын айтамыз. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін жеткілікті көлемде айналым капиталының болуы қажетті алғышарт болып саналады.Демек айналым капиталы өндірістің үздіксіз жұмыс атқарауын қамтамасыз етеді.Ең бастысы, мына мәселені анықтауы қажет: кәсіпорын айналым қоры мен айналыс қорын мейлінше тиімді пайдалану үшін не істеу керек және өнімнің материал сыйымдылығын төмендетіп,айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдету үшін қандай шаралар қолданған жөн деген мәселеге қатты көңіл бөлу керек.Кәсіпорынның іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт-қолда бар айналым қаражаттарының болуы.Айналым қоры-бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.Айналым қорының мәні -ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады. Айналым қорлары — бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі.Әдетте,өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.Айналым қорларының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады.Кәсіпорындардағы айналым қорларының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды.Кәсіпорында айналым қорларыныің құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.
(Айналым капиталы 2 бөлімнен тұрады:
өндірістік айналым қорлары;
айналыс қорлары;
Кесте-1. Айналым қорлары
Айналым қорлары |
Айналыс қорлары |
|
|||||||||||||
өндірістік запастар |
Аяқталмаған өнадіріс |
Болашақ кезең шығындары
|
Қоймадағы дайын өнімдер |
Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар |
Есептеулердегі ақша құралдары |
Ақша және т.б. қаражат айналымы |
|
||||||||
Нормаланған |
Нормаланбаған |
|
|||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||
Өндірістік айналым қорлары — өндірістік процессте бір рет қолданылады және өзіндік құнын толығымен өндіріетін өнімге аударады. Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен металл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.Өндірістік айналым қорларына шикізат, негізгі және қосымша материалдар, комплекттік бұйымдар, өндірісте аяқталмаған өнім, отын, тара және басқа еңбек құралдары.
Өндірістік айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:
Өндірістік запастар. Оларға — шикізат, негізгі материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің қалдығы, бағасы 100 тенгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады.
Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.
Болашақ кезеңдердің шығындары — жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге кеткен шығындар.
Айналыс қорлары — запастағы дайын өнімдер, әлі бағасы төленбеген, бірақ жөнелтілген тауарлар, есептеу құралдары және кассадағы ақша қорлары.
Сонымен, айналым қорлары — бұл өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруға арналған, кәсіпорынның ақша қорлары.
Айналым қорларын қаржыландыру көздері:
Тузілу көздеріне қарай айналым капиталы меншікті және несиелік болып екіге бөлінеді. Меншікті айналым капиталы — бұл үнемі кәсіпорын иелігінде болатын және өз ресурстары (пайдадан және т.б.) есебінен құралатын қаражаттар болып саналады. Қозғалыс үдерісі негізінен меншікті капитал қатарына уақытша бос тұрған еңбекақы төлеу үшін жиналған қаражаттар кіруі мүмкін. Бұл қаражаттар меншікті капиталға теңестіріледі немесе тұрақты пассивтер деп аталады. Несиелік айналым капиталы деп банк несиесі, несиелік қарыз (коммерциялық несие) және басқа да пассивтерді атайды.Кәсіпорынның меншікті айналым капиталының жалпы көлемін (норматив) жоғарғы басшылар бекітеді және ол бір жыл ішінде тек кәсіпорынның өндірістік жоспары өзгерген жағдайда ғана өзгеруі мүмкін. Өндіріс жоспарын орындауға, өнімді өткізуге, сондай-ақ төлемақыларды белгіленген мерзімінде төлеуге қажет кәсіпорынға бекітілген аз мөлшерлі меншікті айналым капиталын құру үшін норматив белгіленеді.
Жыл сайын кәсіпорындардың және бірлестіктердің қаржы жоспарында меншікті айналым капиталының нормативінің өсімі,ең алдымен, жеке ресурстар (пайда және т.б.) есебінен құралады.
