Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терминология жоба Санжар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59.09 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Филология факультеті

Мұнай-газ саласындағы терминдер

Орындаған: С.Сабыр

Е.Айтбай

Қабылдаған: Г.Мамаева

Астана,2017

Жоспар

1.Мұнай-газ саласындағы терминдердің қалыптасу жайы

2.Терминологиялық сөздіктермен жұмыс

3.Мұнай және газ саласындағы терминдердің жасалу жолдары

3.1 Терминдер сөзжасамының семантикалық тәсілі

3.2 Терминдер сөзжасамының морфологиялық тәсілі

3.3 Терминдер сөзжасамының синтаксистік тәсілі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Тәуелсіз Қазақстанның экономикасының түбегейлі өзгеруіне байланысты және еліміздің мұнай-газ саласының халықаралық ұйымдардың араласуымен қарқынды түрде дамуына сәйкес бұл ғылым саласында көптеген жаңа терминдер пайда болады. Бұл жағдай оларды күйелеуді, тәртіпке келтіруді және ғылыми тұрғыдан түбегейлі зерттеуді қажет етіп отыр.

Мұнай әлемдік жанар-жағар май өндірісінде негізгі орынды алатындығы бәрімізге белгілі. Аталған шикізаттың жалпы қолданыстағы тұтыну үлесі күннен-күнге өсіп келеді. Мұнай-газ саласында аудармашыларды қатыстыру арқылы көптеген мемлекетаралық қарым-қатынастар жүзеге асып келеді. Бұдан өзге, бұл сала заңгерлік, қаржылық, маркетингтік және басқа да қызмет көрсету саласының қызметкерлерімен де үнемі байланыста болады. Соңғы жылдары мұнай химиясы, мұнай өндіру және мұнай өңдеу салаларында айтарлықтай өзгерістер болады, ал бұл өз кезегінде осы саланың терминологиясының өзгеруіне тікелей әсер етті. Арнаулы сала тілін түсіну бүкіл қызмет көрсету кешенінің жұмысын жоғарылатады, қарқынды нарықтық жағдайда олардың белгілі бір терминнің мағынасын іздеуге жұмсалатын уақытын қысқартады.

Бұл ғылыми жобада біз мұнай-газ саласындағы терминологияның жүйелік және семантикалық ерекшеліктерін қарастырамыз.

Ғылыми жобаның өзектілігі:

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда мұнай-газ саласындағы мұнай өндіру, өңдеу жұмыстарының қарқынды түрде дамуына байланысты осы салаға қатысты көптеген сөздіктер мен энциклопедиялық еңбектер баспадан шығарыла бастады. Бұл еңбектерде арнаулы сала тілін аударуда көптеген қателіктер жіберіліп жатты, ал бұл мұнай саласындағы қызметкерлерге терминдерді қолдануда, құжаттар жүргізуде көптеген қиындықтар келтіріп отырды. Осының негізінде, аталған салада терминдік жүйені қайта қарау және оларды жүйелеу ісінің қажеттігі туып отыр. Бірақ терминжүйені біріздендіру үшін аталған мәселенің зерттелу жайына шолу жасай келе, осы салаға қатысты әрбір терминнің нақты түсініктемесін тілдік заңдылықтарға бағына отырып, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін анықтау қажет емес. Бүгінгі күні мұнай-газ саласындағы терминдер біздің тілімізге орыс тілі арқылы қабылданып отырған жоқ, тікелей ағылшын тілінен алынып отырғандығы белгілі, демек бұл саладағы терминдер осы екі тілді салғастырмалы түрде зерттеудің қажеттілігін көрсетіп отыр.

Ғылыми жобамызда арнаулы сала тілін жан-жақты зерттеуге ұмтылыс жасалды, мұнай-газ саласына қатысты ағылшын және қазақ тілдеріндегі терминдерге семантикалық тұрғыдан түсініктеме беруге тырыстық, сол сияқты екі тілдің терминдік жүйесі арасындағы өзгешеліктер мен ұқсастықтардын ажыратуға көңіл бөлінді.

Ғылыми жобаның мақсаты мұнай-газ саласына қатысты терминжасам тәсілдерін анықтау, зерттеу еңбектеріне шолу жасау, ағылшын және қазақ тілдерінің материалдарына сүйене отырып, мұнай-газ саласы терминдерінің құрылымдық-семантикалық, атауыштық және қызметтік қасиеттеріне сипаттама беру болып табылады.

Ғылыми жобаның міндеттері:

1) қазақ тілдеріндегі «мұнай-газ» терминологиялық өрісінің қалыптасу және даму тарихына шолу жасау;

2)терминологиялық сөздіктердегі дұрыс аударылмаған немесе қате жазылған терминдерді түзету;

3) «мұнай-газ» терминологиялық өрісі терминдерінің терминжасам тәсілдерін зерттеу.

Қазақ тіліндегі мұнай-газ саласындағы терминжүйенің қалыптасу жайы мен жалпы сипаты.

Тіліміздегі тіл білімінің терминология саласының дамуы қоғамның ғылыми-техникалық тұрғыдан дамуымен тығыз байланысты болып келеді. Қазақстан Республикасы әлем бойынша ірі мұнай өндіруші елдердің қатарына жатады, мұнай қоры жағынан алғашқы ондыққа кіреді, әрине, бұл қазақ терминологиясының осы салада белсенді дамуына өз әсерін тигізбей қоймады, мұнай-газ өндіру саласы отандық өндірістің негізгілерінің бірі саналады.

Қазақ терминологиясының дамуына үлкен үлес қосқан ғалым – А.Байтұрсынов. Ғалымның фонетика, лексикография, терминология салаларына қатысты жазылған еңбектері күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай келеді. А.Байтұрсынұлы төл терминдер мен кірме терминдерді ұлт ілінің фонетикалық, орфографиялық заңдылықтарына сәйкес дұрыс жазудың, өзге тілдерден термин қабылдау мен термин алмасудың жолдарын, тәртібін атап көрсеткен ғалым. Сол кезеңнің өзінде-ақ ғалым термин комиссиясының төрағасы қызметін атқара отырып, көптеген жаңа терминдерді салалық мамандармен қосыла талқылап, оларды бекітіп, қолданысқа енгізді.

Қазақ тіліндегі терминдерді өңдеуде және бірыңғайландыруда сол кезеңнің көрнекті өкілдері – Н.Төреқұлұлы, Е.Омарұлы, Х.Досмұхамедұлы, К.Кемеңгерұлы, Ж.Күдерин, М.Бекенұлы Жұмабаев, Ж.Аймауытұлы, М.Дулатұлы, Т.Шонанұлы сынды алаш зиялылары да өз үлестерін қосқандығын атап кетуге болады. Мәселен, Елдес Омарұлы 1924 жылы қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде «Қазақша пән сөздер» деген тақырыпта баянадама жасаса, Нәзір Төреқұлұлы 1926 жылы «Жат сөздері туралы» деген еңбегінде кірме терминдерді қабылдау, оларды ұлт тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп жазуға қатысты мәселелерді көтереді. Бұл кезеңде қазақ зиялылары бірнеше ғылым салаларының негізгі ұғымдарының атауларын өз тілімізде жасап, қолданысқа енгізді.

Қазақ терминологиясының дамуы туралы сөз еткенде белгілі ғалым Құдайберген Жұбановты атамай кете алмаймыз. Ол бірнеше жылдар мемтерминком жұмысына басшылық етті және мемлекеттік терминология комиссиясы Бюлеттінің төрт санын баспадан шығарды. Сонымен қатар, әлеуметік экономика, математика, физика, ботаника сияқты ғылым салаларының терминдеріне қатысты мақалалар жариялады. Ғалым Қ.Жұбанов ұсынған терминология қағидаттары 1935 жылы Мәдениет қызметкерлерінің съезінде қабылданды. Қазақ тіл білімінде Қ.Жұбанов термин сөзінің тұңғыш рет ғылыми анықтамасын жасап, олардың лексиканың өзге қатпарларынан өзіндік ерекшелігін қолға таяқ ұстатқандай етіп көрсетіп береді. Профессордың тұжырымын дәл беру мақсатында анықтаманы сол түпнұсқасындағыдай түрінде беруді жөн көрдік: «Термином называется специфический вид определенных словесных обозначений, передающих определенные понятия, установленные на данном этапе развития науки и революционной практики, причем передаваемое термином терминологическое понятие может не совподать со словарным значением, которое присуще данной словесной величине в обыденной жизни».

30-90 жылдары Қазақстанда терминтануға катысты практикалық жұмыстардың жүргізілгенін, терминологиялық сөздіктер жасалғанын, терминдерді қолдану мен біріздендіруге қатысты мақалдардың жарық көргенін айта кетуге болады. Осы кезеңде Ә.Қайдаров, К.Мұсаев, Ө.Айтбаев, Т.Жанұзақов, А.Абдірахманов, Ж.Молажаров сынды ғалымдар мен Ә.Сатыбалдиев, Е.Аққошқаров сияқты сала мамандарының термин мәселесіне арнап жазған өзге де авторлардың жекелеген ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалары жарық көрді.

Қазақстандағы терминология саласы Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда қарқынды түрде дами бастады, күрделі зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл салада өнімді еңбек еткен ғалымдар қатарына І.Кеңесбаевты, Ғ.Мұсабаевты, М.Балақаевты, Ә.Қайдаровты, К.Ахановты, Т.Қордабаевты айта аламыз.1925-1972 жылдар аралығында ҚазССР-нің ҒА Тіл білімі институтында 14 орысша-қазақша терминологиялық сөздік жарық көрген болатын, осылардың ішінде Н.Тұяқбаев пен А.Абрахмановтың 1972 жылы жарық көрген «Мұнай ұңғымаларын бұрғылау бойынша сөздігі» де бар.

Қазақ тіл білімінде терминтану мәселесін арнайы зерттеп, «Терминтану» атты оқу құралын жазып шыққан ғалым – Шерубай Құрманбайұлы. Ғалым бұл еңбегіне дейін «Қазақ терминологиясының дамуының кезеңдік сипаты» атты еңбегін жариялайды. Ғалым аталған еңбектерінде қазақ терминтану ғылымының барлық мәселесін кеңінен сөз етеді.

2000 жылы Ә.Нұржанова «Қазақ тіліндегі мұнай терминдерінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Ғалым өз жұмысында мұнай терминдеріне қатысты бірнеше мәселелердің жауабын табуға ұмтылады.

Қазақ тіліндегі мұнай-газ терминдерінің қалыптасу жайын ғылыми тұрғыдан негіздеп, түбегейлі қарастырған ғалым – Әбділманов Алтынбек Әбутәліпұлы деп айта аламыз. Ғалым осы тақырыпқа қатысты «Арнаулы сала тілін қалыптастырудың ғылыми-практикалық негіздері» атты диссертациялық жұмысында мұнай-газ саласы терминдерінің қалыптасуын негізі үш кезеңге бөліп қарастырады. Атап айтсақ,

Бірінші кезең – ХХ ғасырдың 30-60 жылдарының аралығы.

Екінші кезең – ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап, 1990 жылдарға дейінгі аралық.

Үшінші кезең – ХХ ғасырдың 90 жылдарынан кейінгі мерзім.

Ғалым терминдердің қалыптасу жайын мұндай түрдегі топтастыруға басты себеп – «арнаулы лексикалық бірліктердің тілімізде пайда болуына, дамуына және тілдегі қызметіне байланысты» деп түсіндірді.

Ғалым еңбегіне сүйене келсек, 1930-1960 жылдар аралығында мұнай-газ саласына қатысты жарық көрген еңбектердің қатарына мынадай жұмыстарды атай аламыз. Алғашқысы – С.Шариповтың «Нефть» оқулығы (1929 ж), «Ембі-нефть» қарамағындағы өндіріс орындарында және мекемелерде жұмыс ететіндер үшін ішкі тәртіп және айып табелі жобасы».

Еліміз тәуелсіздік алғаннан осы салаға қатысты мемлекеттік тілде жарық көрген оқулықтарды ата кеткенді жөн көрдік. Олар: С.Бәкіров «Геология негіздері»(1995), Б.Нариман «Кенді жер астында қазу және жобалау» (1996), Ш.Әбдіраманов «Кәсіби-техникалық бағыттылықты қалыптастыру» (1998), К.С.Нұрбекова «Газконденсатты кен орындарын игеру мен пайдалану» (2003), Х.Суербаевтың «Мұнай-газ ісінің негіздері»(2008).

Қазақ тіліндегі мұнай-газ терминдерінің қалыптасу жайын зерттеуші ғалым А.Әбділмановтың пікірінше, жоғарыда аталған еңбектердің ішінде Х.А.Суербаевтың оқулығын ерекше атауға болады. Себебі, оқулықтың тілі түсінікті, арнаулы сала бойынша теориялық материалды нақты әрі дәлелді баяндайды. Оқулықта қолданылған терминдердің негізгі бөлігі Терминологиялық комиссия тарапынан бекітілген терминдер. Мәселен: бұрқақ, зауыт, кенорны, қат, ұңғыма, шоғыр.

Қазіргі қазақ тіліндегі мұнай-газ саласына қатысты терминдері төмендегідей сипатта болып келеді.

1.Кірме терминдерді еш өзгеріссіз қолдану: битум- битум-bitumen, датчик-датчик- probe, забой-забой-bottomhole,карьер-карьер- quarry.

2.Кірме терминдерді ана тілінің заңдылықтарына сай сәл өзгертіп қолдану: азотсыздандыру-деазотирование-denitrogenation, айырғыш-сепаратор-separator, ауытқы – аномалия-anomaly.

3. Қазақ тілінің негізінде жасалған төл терминдерін қолдану: саз-глина- clay, сүзгі-фильтр-filter

Мұнай-газ саласының терминдері семантикалық табиғаты жағынан көнерген терминдер және кірме терминдер болып бөлінеді. Көнерген терминдердің өздері бір кездері басқа тілдерден енген кірме терминдер болып табылады. Мысалы, желі-жила, сұйық отын – жидкое топливо, қақпақ – клапан.

Көнерген терминдер дара сулы- водный және күрделі сусыз аммиак – безводный аммиак болып екіге бөлінеді.

Бұл салада ауызекі тілден алынған термин-сөздер де молынан кездеседі: дірілдек елеуіш – вибрационное сито, қайыстық беріліс – ременная передача, газдық тақия – шапка газовая.

ХХ ғасырдың 20 жылдарында кірме терминдерді қабылдауда көптеген кемішіліктер жіберіліп жатты. Осыған сәйкес, 1935 жылы Қазақстанда мәдени қайраткерлердің Съезі болып өтті және осы шарада қазақ тіліндегі терминдер сөзжасамның негізгі қағидалары бекітілді.Осы қағидалардың негізінде екі томдық «Орысша-қазақша терминологиялық сөздік» жарық көрді. Бұл сөздікке геология, тау-кен ісінің терминдері де енгізілді. Терминдерді зерттеу ісі тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары ғана қолға алына бастады. 1956 жылдан бері қарай ҚазССР-і ҒА-ның Тіл және әдебиеті институтының жанынан ғалым С.Аманжоловтың жетекшілігімен екі томдық терминологиялық сөдіктер жариялана бастады. Соның ішінен Н.Тұяқбаев пен А.Абдрахмановтың «Барлама бұрғылау бойынша орысша-қазақстан сөздіктің» баспадан шыққандығын айта кетуге болады.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында терминология бойынша алғашқы ой-пікірлер айтылып, осы саланың негізін салуға ұмтылыс жасалды; 30 жылдардан бастап техника саласы бойынша алғашқы сөздіктер баспадан шыға бастады; 40 жылдары соғыстан кейін ғылымды дамутыға негізгі назар аударылуына байланысты бұл сала да зерттеу нысанына айналды; 50-60 жылдары мұнай-газ саласының терминологиясы түсіндірме, аударма сөздіктермен толыға бастады. ХХ ғасырдың 90 жылдарында қазақ тіл білімінде ел экономикасының күрт өзгеруіне байланысты лексика саласында үлкен «жарылыс» болды. Бұл терминқорға да тікелей байланысты терминология да жаңа терминсөздермен толыға бастады.

Қазақ тілінде интернационалдық терминдер мен олардың аудармаларының қатар қолданылу жағдайлары да кездесіп отырады. Мәселен: жіктеу- классификация, сарқылу – дренаж, кернжарғыш – кернвзрыватель, әрекеттер – реагент, көрсеткіш – индикатор.

Мұнай-газ саласында жаңа терминдердің қалыптасуы көп жағдайда сыртқы экономикалық жағдайларға да байланысты болып келеді. Бұл біздің еліміздің нарықтық экономикаға көшуіне байланысты қалыптасқан экономикалық іс-әрекеттің жаңа түрлерінің пайда болуымен де түсіндіріледі.

Қарастырылып отырған терминдер құрамында шет тілінен енген атаулар да кездеседі. Біздің зерттеуіміздің барысында бұл сөздер иран, араб, монғол, қытай, ағылшын және орыс тілдерінен алынғандығы мәлім болды. Десек те, қазақ тіліндегі шет тілінен енген терминдердің негізгі бөлігін иран және араб сөздері құрайды: айна – зеркало, шарайна – броня, шөміш – ковш-пластинка с гладкой полированной поверхностью, болат – сталь, найза – копье.

Терминологиялық сөздіктермен жұмыс

Сөздіктерде қате жазылған терминдер

Орысша баламасы

2011 жылғы терминологиялық сөздік

2015 жылғы терминологиялық сөздік

Дұрыс нұсқасы

автобензоправщик

автобензинқұюшы

автобензин құюшы

автобензин құюшы

зона

айма/қ

аймақ, жер

аймақ

разбушеваться

-

алай-түлей болу

алай-дүлей болу

месилка

былғауыш

бұлғауыш

былғауыш

покрышка

аяққап

доңғалақ тысы

дөнгелек тысы

кернокол

тасбағанжарғыш

кен жынысы үлгісінің қазығы

тасбаған жарғыш

репер

қадабелгі

қада белгі

қада белгі

толь

қарақағаз

үйдің төбесін жабуда қолданылатын су өтпейтін қалың қатты қағаз

қара қағаз

деготь

қара май

қарамай

қара май

фильтрат

сүзгіден өткізілген сұйықтық

сусүзбе

су сүзбе