Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Исправленныи Вопросы-ОТВЕТЫ ГЭК СД каз 2017г.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154.3 Кб
Скачать

Көктамырға эуфиллин ертіндісін енгізу іс-әрекетін көрсетуге арналған бақылау парағы

Студент :

Топ:

Күні:

Қолы:

Қадамдар

Ия/Жоқ

1

Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беріңіз.

2

  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, спирттелген мақта шариктерімен өңдеңіз, демперде мен қолғапты киіңіз.

3

Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз

4

  1. Ампуланы ашар алдында, ондағы ерітіндінің атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түрін қараңыз (дәрігердің ем парағымен тексеріңіз).

5

  1. Ампуладағы дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз.

6

  1. Дәрілік ерітіндіні сорып алуға арналған инені кигізіп, контейнерге салыңыз.

7

  1. Көктамырға иньекция жасауға арналған инені кигізіп, саусақты алмай тұрып ауасын шығарыңыз.

8

  1. Бір рет қолданылатын шприцтің орауының ішкі бетіне шприцті салыңыз.

9

Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.

10

Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы бөлігіне салфетканың немесе киімінің үстінен байлаңыз.

11

  1. Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеу керек

12

Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оның қысуын сұраңыз

13

Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілгісіне қарай бағыттап уқалаңыз, қолдың ұшымен сәл ғана шапалақпен шынтақ шұңқыры аймағын ұрыңыз

14

Көк тамырды зерттеңіз. Қолмен сипалап, еңкөп толған көк тамырды табыңыз

15

Шынтақтың бүгілген жердіңішкі бет терісін спирттелген мақта шаригімен екі рет тазалаңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасына салыңыз

16

Оң қолға шприцті алып: ІІ саусақпен – иненің канюлясын, V саусақпен – шприцтің поршенін, ІІІ, ІV, І – саусақтармен цилиндрді ұстаңыз

17

Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз

18

Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген жері аймағының терісін біраз

қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын «құысқа» тұскенін сезгенше көк тамырға енгізіңіз

19

Поршендіөзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз

20

Сол қолмен бұраудың бірбос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз

21

Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз

22

Шприцті қозғамай сол қолдың үлкен саусағымен поршенді басып ерітіндіні баяу (4-6 мин) көктамырға енгізу.

23

Тескен жерге 3-ші мақта шаригін басып инені шығару, тескен жерді сәл басып, 3-5 мин ұстап қолын бүгіп, қан тоқтағанша ұстауын өтінеміз.

24

Қолданған шприцті, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

25

Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

"-" ұпай - қадамды қате орындады немесе орындамады

"+" ұпай - қадамды дұрыс орындады

Ұпайдың максимум саны: 25 (100%)

Жинаған ұпай саны: ______ ( ____ %)

Оқытушы: –––––––––––––––––––––––––––––––