- •Нархоз университеті
- •Дипломдық жоба
- •«5В090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандығы
- •Алматы, 2017 аңдатпа
- •Мазмұны
- •1 Заманауи студенттің әлеуметтік портретін жасаудың теориялық және практикалық маңызы
- •1.1 Студенттің әлеуметтік портреті туралы түсінік
- •1.2 Мәселенің қойылымы, зерттеу әдістері
- •2 Нархоз университеті студенттерінің әлеуметтік келбетіне социологиялық талдау жасау
- •2.1 Білім алушылардың салауатты өмір сүру сипаттамасы
- •2.2. Жастардың өзін-өзі бағалауы мен бос уақытын өткізу мәдениетіндегі көзқарастарын бағалау
- •3 Нархоз университеті студенттерінің бейнесін қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу
- •3.1 Білім алушылардың тұлға ретіндегі қалыптасуындағы негізгі қағидалар (білім алудағы, жетістіктері, даму бағыты, отбасылық өмірге дайындығы)
- •Қорытынды
1 Заманауи студенттің әлеуметтік портретін жасаудың теориялық және практикалық маңызы
1.1 Студенттің әлеуметтік портреті туралы түсінік
Студенттердің әлеуметтік портреті – бұл барлық студенттерге тән негізгі әлеуметтік демографиялық және басқа да жеке қасиеттердің кешенді сипаттамасы.
Студенттердің қызметі мақсаты, тапсырмасы, мазмұны, сыртқы және ішкі талаптары, мәселе құрал-жабықтары, қиындықтары, психологиялық процесінің ағыны, ынталандыру бойынша өзіндік ерекшеліктері болады. Студенттердің негізгі қызметтері-оқу, ғылыми және тәрбиелеу бағытында өткізілетін әртүрлі іс-шараларға қатысу [2].
Студенттер оқып қана қоймай сонымен қатар өздерін кәсіби салада өздерін тексеріп көргісі келеді. Гуманитарлық бағытқа қатты әсер етеді. Олар мамандандырылмаған қызметпен және мамандықтан тыс іспен айналыса отырып, өздеріне қосымша іздеуге мәжбүр.
Қазіргі студенттердің әлеуметтік портретін қарастыру - стандартын қоғамның дамуы мен түрленуіне және оқу бағдарын түзету мүмкіндігін құрудағы оқу процесін басқарудағы және ЖОО-ның саясатын іске асырудағы, абитуриенттерді ЖОО-на қызықтыру әдісіндегі өткір мәселелерді шешуге көмектеседі.
Студенттердің әлеуметтік портретін көптеген орыс ғалымдары зерттеп қарастырды. Атап айтатын болсақ: Кибакин М.В., Жадрина М.Ж., Карпенко М., Воронский В.А., Балаева М., Лубышева Л.И., Караваева В.А., Волосков И.В., Кораблева Г.Б [3-10].
Олар студенттердің әлеуметтік портретін оқу-педогогикалық үрдістің нысанасы ретінде ғана емес, сонымен қатар оқу бөлімінде өз мүмкіндіктерін іске асыра алатын белсенді әлеуметтік субъект ретінде де қарастырған.
Ресей ғалымдарының зерттеулерінде студент портретінің интеграцияланған мінездемесі келесі ұғымдардан қалыптасады: оқу үрдісін қамтамасыз ету (ЖОО – да оқуды саналы түрде таңдау; оқу формаларына деген қызығушылық; қосымша қызмет; шет елде тәжірибе өту, т.б; кәсіби қызметке орналасу; әлеуметтік топқа қатысу; біліктілік көрсеткіштері; өмір сүру деңгейі және тұрмыстық мәртебе) және оны ұйымдастыру (филлиал және өкілдер бойынша оқудың сипаттамасының жалпыламалылығы; оқу талабының бағасы мен оқу үрдістер тиімді ұйымдастырылды).
Ресей ғалымдарының зерттеу-еңбектерінің негізгі болжамы студенттердің көпшілігі нарықтық қатынасқа белсенді қатысуға бағытталған жоғары сападағы білім беру және әлеуметтік байланыстар негізіндегі орта топ өкілдерінен топтасады. Олар гипотезаның нәтижесі ретінде келесілерді ұсынады: студенттердің отбасыларының өздерін зиялы санауы; оқудың технологияларын қолдануға дайындықтың деңгейі бойынша студенттер жоғары көрсеткіштерге ие; кәсіби бағыт-бағдар; ЖОО - ның студенттері өз-өзін жоғары бағалауға және лидерлік қасиеттерге, біліктілікке ие және әлеуметтік статусқа сай жұмыстарға талпынады. Білім алушылардың әлеуметтік типологиясы әлеуметтік ортада өмір сүрудің сипаттамасы арқылы және әртүрлі кәсіптік қызмет түрлерін орнату арқылы пайда болады. Статистика бойынша студенттердің орташа пайызы ЖОО-на өз қалауымен түседі. Оларды көбінесе жоғарғы технология және оқудың сапалылығы қызықтырады. Тек кейбіреуі ғана жарнамаға және түсудің оңайлылығына қарайды. Білім берудің екі мақсаты бар: «романтикалық» - өзін-өзі дамыту және біліктіліктің жоғарылауы және «прагматикалық» - жұмыспен қамтудың жақсы орындалуы. Студенттердің халықаралық бағыттары – сынақ мерзімін шетелде өту және шетелдік ЖОО-ның дипломы. Көптеген студенттерді бакалавр дипломы қанағаттандырады, бірақ олар кәсіби маман дипломын алуға қарсы емес магистрант болуды қалайды. Оқу бітірген соң студенттер үлкен жеке корпорацияларда, коммерциялық құрылымда, өзінің жеке бизнесінде жұмыс істегісі келеді. Ең аз жетістікке мемлекеттік ұйымдағылар жетеді. Студенттердің жұмысқа орналасуға танысы және мүмкіндігі бар, тек аз пайызы ғана коммерциялыққұрылымға жұмысқа орналасады, ал қалғаны мемлекеттік ұйымда және үлкен корпорацияда істей алады.
ЖОО-на студенттер жалпы білім беру мектептерінен және орта кәсіби мекемелерден келген. Оқу кезінде жұмыс істейтін студенттер де бар.
