- •Нархоз университеті
- •Дипломдық жоба
- •«5В090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандығы
- •Алматы, 2017 аңдатпа
- •Мазмұны
- •1 Заманауи студенттің әлеуметтік портретін жасаудың теориялық және практикалық маңызы
- •1.1 Студенттің әлеуметтік портреті туралы түсінік
- •1.2 Мәселенің қойылымы, зерттеу әдістері
- •2 Нархоз университеті студенттерінің әлеуметтік келбетіне социологиялық талдау жасау
- •2.1 Білім алушылардың салауатты өмір сүру сипаттамасы
- •2.2. Жастардың өзін-өзі бағалауы мен бос уақытын өткізу мәдениетіндегі көзқарастарын бағалау
- •3 Нархоз университеті студенттерінің бейнесін қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу
- •3.1 Білім алушылардың тұлға ретіндегі қалыптасуындағы негізгі қағидалар (білім алудағы, жетістіктері, даму бағыты, отбасылық өмірге дайындығы)
- •Қорытынды
Нархоз университеті
« Қорғауға жіберілді »
«Мемлекеттік басқару»
кафедрасының меңгерушісі
______ э.ғ.к.н., доцент Рысқұлова М.М
№_____хаттама, ____2017 ж.
Дипломдық жоба
тақырыбы: «Нархоз Университеті» АҚ студенттерінің әлеуметтік портреті
«5В090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандығы
Орындағандар: «5В090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандығының ІV курс (4 ж.о.) студенттері
|
_______________
|
Султанқазы С.Е
|
|
_______________
|
Жүгінісова А.Ө
|
|
_______________
|
Орынтаев Е.С
|
Ғылыми жетекші: PhD докторы |
_______________
|
Абенова К.А
|
Алматы, 2017 аңдатпа
Нархоз университеті АҚ студенттерінің әлеуметтік портреті
Жоба Нархоз университеті студенттерінің әлеуметтік портретін зерттеуге бағытталған. Жобада ғылыми зерттеу жүргізе отырып университет студенттерінің өмір салтын және өздерінің қанағаттанушылығын, бос уақыт өткізу мәдениетін, әлеуметтік топтарға бөлінуін, өмірлік мұраттарын, өмірлік жетістіктерін, білімділігін және дамуы мен өз-өзін дамыту жоспарларын, отбасын құруға және некеге деген қызығушылықтарын, ата-аналарымен өзара қарым-қатынасын толықтай анықталды. Жүргізілетін сауалнама Германия еліндегі белгілі Shell Youth Study зерттеулеріне негізделе отырып жасалынды. Германияда студенттер туралы көрініс алу мақсатында және олардың қызығушылығының барлық саласын жан-жақты зерттеу мақсатында Shell Youth Study зерттеу әдістемесін қолданған. Бұл зерттеу алғаш рет 1953 жылы энергитикалық концерн Shell жүзеге асырды. Қазіргі кезде Shell Youth Study аясында жүргізілетін сауалнама нәтижелері Германиядағы түрлі ғылыми бағыттағы студенттерді зерттеуді дамытуға және алуан түрлі қоғамдық және мемлекеттік институт жастарымен жүргізілетін тәжірибелермен жұмыс жүргізу үшін негізге айналған.
Қазіргі таңда ЖОО-ы студенттерінің әлеметтік портретін зерттеу назар аударатын мәселелердің бірі болып отыр. Осы мәселені негізге ала отырып, студенттердің әлеуметтік портретін жан-жақты зерттеп, Нархоз университеті студенттерінің әлеуметтік портретін жоғарылататын, басшылық қызығушылық танытатындай әдістемелік ұсыныстар жасалынады. Жоба тақырыбына сәйкес көптеген әдебиеттер қаралып, ғалымдардың еңбектері меңгерілді.
Әртүрлі әлеуметтік зерттеулер жүргізе отырып, біз жас ұрпақтың қызығушылығын, мақсат-мұраттарын анықтауға тырыстық. Жүргізілген сауалнама нәтижесі жастардың көзқарастарын зерттеуге ғана емес, сонымен қатар олардың мақсаттарын, қызығушылығын зерттеуге бағытталып, жас мөлшерлері бойынша оларды салыстыруды қамтамасыз етті. Нәтижеге талдау жасай отырып, қазіргі жастарды сипаттайтын мәселелерді көрсетуге болады: белсенділік; жоғары табысқа деген ұмтылыс; көзқарастардың әртүрлілігі; шыдамдылық пен төзімділіктің жоғарылылығы.
