Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсовой Молдир.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.87 Кб
Скачать

4.6 Егістікті күтіп-баптау жүйесі және зиянкестер,аурулар мен арамшөптерден егістікті қорғау.

Біржылдық астық тұқымдас және қосжарнақты арамшөптерге қарсы 2-4 кг/га мөлшерінде Гезагард, 50 (50% прометрин), трефлан, 24 (4-10 л/га), трофи, 90 % (1,4-1,7 л/га) көктеуге дейін, фроньтьер оптима 72 % (1,2 л/га), фроньтьер 90 % (1,4-1,7 л/га), Харнекс 90 % (2 л/га) гербицидтерінің бірімен себуге дейін және бірден топыраққа сіңіру қажет, немесе дақылдың көктеуіне дейін, сонымен қатар егістіктің ерте кезеңінде фуроре супер 7,5 % (0,8-1,2 л/га), флюзеланд супер 125 (1,0-1,2 л/га) біржылдық астық тұқымдастардың ерте кезеңінде (2-4 жапырақ). Гербицидтерді қолдану жерүсті бүріккіштерінің бірімен іске асырады. Арамшөптерді құрту және топырақты қопсыту үшін вегетация бойы тісті тырмалармен (көктегенге дейін және көктегеннен соң) танап тырмаланады, қатараралық өңделеді (ол үшін жебе табанды және бритва табанды құрылымдармен, сымды тырмалар және топырақсүйгіш құрылымдар жабдықталған культиваторлар қолданылады). Гербицид қолданған жағдайда көктеуге дейін тырмалау мен бір рет қатараралық культивация жүргізіледі. Егістікте гербицид қолданғанбаған жағдайда көктеуге дейін (себуден 5-6 тәулік соң) және көктегеннен кейін (1-3 жұп жапырақ кезеңінде) танап тырмаланады және 2-3 мәрте қатараралық культивация (біріншісін 6-8 см, екіншісін – 8-10 см тереңдікте) жүргізіледі.

Бос дәнділікке қарсы егістік бал араларымен қосымша тозаңдандырылады (1 га егістікке 1,0-1,5 ұядан – омарта орналастырылады). Күнбағыстың пісуін тездету және өсімдіктерді тамырында кептіру үшін егістікті жаппай гүлденуден 40-45 тәуліктен соң (себеттің 10-20 % қоңырлағанда, 20-30 % сарғыш-қоңыр, 50-60 % сары түсте тұрғанда) жинау алдындағы десикация жүргізіледі: ол үшін себет қоңырланғанда Реглон супер 150 (2,0 л/га) толық физиологиялық пісу кезеңінде (тұқым ылғалдылығы 35-40 % кезінде) Харвейд 25Ғ (1,2 кг/га) препараттарын қолдануға болады.

Арамшөпке қарсы қолданылатын агротехникалық шаралармен қатар химиялық әдістерде ,әсіресе прометрин, трефлан, эптам, эрадикан, каркес, деврипол, дуал сияқты гербицидтер пайдаланылады.

Күнбағыс егістігінде прометрин қос жарнақты арамшөпті жақсы, ал біржылдық астық тұқымдастарды нашар жояды. Препарат топыраққа көктегенге дейін енгізіледі. Астық тұқымдас және қос жарнақты арамшөпке қарсы трефлан, эптам және эрадиткан қолданылады.

Трефлан себуге дейін, себу кезінде және сепкеннен кейін 1,0-2,5 кг.га нормасымен топыраққа мала тіркелген қопсытқыш агрегатпен сіңіріледі, итқонақ, құс тарысы, ала бұта, гүл тәжі т.б жақсы құртылады.

4.7 Өнімді жинау

 Күнбағыстың піскен піспегенін мына белгілері бойынша анықтайды: себеттің астыңғы жағының сарғаюы, тілді гүлдердің солуы мен түсуі, шекілдеуігіндегі тұқымның қатаюы, көпшілік жапырақтарының қурап түсуі. Күнбағыс тамырында тұрып қалғанда шекілдеуігінің еріксіз шашылуы мен танаптың ластануына әкеліп соғады. Себеттерінің 85-90 % қоңырланғанда (тұқымның ылғалдылығы 12-14 %) күнбағысты жинай бастайды. Жиналған тұқымды бірден кептіріп, қалыпты сақтау үшін 8-10 % ылғалдылыққа жеткізген дұрыс.

Күнбағысты жаппай гүлдеген мерзімде шілденің аяғы-тамыздың басында жинайды, басқаша айтқанда, жүгеріні жаппай жинау басталғанша күнбағыс жиналып бітуге тиіс.