- •2.Минимум немесе шектеуші (тежеуші) фактор заңы .
- •2.1 Аймақтың топырақ-климат жағдайы
- •Географиялық орналасуы
- •Климаты
- •2.2 Күнбағыс дақылына жалпы сипаттама
- •2.3 Халық шаруашылығындағы маңызы
- •2.4 Күнбағыс дақылының аймақ сорт таңдау ерекшеліктері
- •III.Күнбағыс дақылының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері
- •3.1 Морфологиялық ерекшеліктері.
- •3.2 Биологиялық ерекшеліктері.
- •3.3 Топырақтың қоректену элементінің қажетсінуі.
- •3.4 Аймақ жағдайында күнбағыс дақылының қоршаған орта факторымен қамтамасыз етілуі.
- •IV. Күнбағыс дақылының өсіру технологиясын негіздеу және жасау.
- •4.1 Ауыспалы егістегі орны
- •4.2 Топырақ өңдеу жүйесі
- •4.3 Күнбағыс дақылының тыңайтқыш жүйесі мерзімі n,p,k есеп-к мөлшерін енгізу тәсілдерін қоректену диагностикасы
- •4.4 Тұқымды себуге дайындау
- •4.5 Себу мерзімі(тәсілдері)
- •4.6 Егістікті күтіп-баптау жүйесі және зиянкестер,аурулар мен арамшөптерден егістікті қорғау.
- •4.7 Өнімді жинау
4.3 Күнбағыс дақылының тыңайтқыш жүйесі мерзімі n,p,k есеп-к мөлшерін енгізу тәсілдерін қоректену диагностикасы
Күнбағыс 1 тонна дән құрау үшін топырақтан 60 кг азот, 26 кг фосфор және 186 кг калий пайдаланады. Осы сіңірілген элементтердің орнын толтыру үшін топырақты тыңайту керек. Ол үшін күнбағыстың осы элементтерді қай уақытта қалай пайдалану ерекшеліктерін білген жөн. Күнбағыстың қоректік элементтерді ең көп қажет ететін кезі — көктем шыққаннан бастап, гүлденгенге дейін, ал одан кейін ол бұл элементтерді шамалы мөлшерде пайдаланады. Алғашқы өсіп-даму кезеңінде азотқа онша зәру болмағанымен, кейін бас алып табақ құрғаннан гүлденгенге дейін оны көп мөлшерде керек етеді, бірақ бұдан соң оның азотты сіңіруі тағы да төмендейді. Калийді бүкіл өсу кезеңі бойынша пайдаланады, дегенмен, оны табақ құрудан толық пісіп жетілгенге дейін көбірек сіңіреді. Егер топырақта азот көп, фосфор жеткіліксіз болса, күнбағыстың өсу кезеңі ұзарып, дәніндегі майдың мөлшері азаяды. Күнбағыстың жақсы өсіп дамуына топырақтың өзіндегі калий қоры жеткілікті, сондықтан оған калийлі минералды тыңайтқыш берудің қажеті жоқ. Күзде сүдігер жырту алдында әр гектарға 30-40 тонна көң және әсерлі заттар есебімен 60-90 кг фосфор шашып, топыраққа сіңіреді. Себу кезінде тұқыммен бірге әр гектарға әсерлі заттар есебімен 10-15 кг түйіршікті суперфосфат сіңірген жақсы нәтиже береді. Азот минералдың тыңайтқышымен күнбағысты әр гектарға әсерлі заттар есебімен 15-20 кг мөлшерде үстеп қоректендіру қажет.
4.4 Тұқымды себуге дайындау
4.5 Себу мерзімі(тәсілдері)
Кондициялы тұқым себуден 15-20 тәулік бұрын 80% ТМТД улы химикатпен (2-3 кг.т),немесе 50% фундазолмен (3кг.т) аурулар мен тұқым өңезіне қарсы дәріленеді.
Жоғары сапалы, іріктелген тұқымдар сепкенде ғана күнбағыстан мол өнім алуға болады. Әр түрлі ауруларға шалдықпау және зиянкестермен зақымданбау үшін тұқымның әрбір тоннасын 2-3 кг ТМД препаратымен дәрілейді. Тұқым себу мерзімін белгілей білудің зор маңызы бар. Қолайлы мерзімде себілген танапта арамшөптер жойылып, егінді күтіп-баптауға шығын аз жұмсалады, ал күнбағыстың өнімі гектарына 1,3-3,2 центнерге артады. Күнбағысты себудің ең қолайлы мерзімі — тұқым сіңіру тереңдігіндегі топырақтың 10-12 С жылынған кезі. Егер температура бұдан төмен болса, себілген тұқым көпке дейін өніп шықпайды. Мұның өзі топырақта оның өну қабілетін төмендетіп, олардың біразының шіруіне әкеліп соқтырады. Тұқым себу мөлшері сол жердің ауа райына, топырақтағы ылғал қорына, себу әдісіне және басңа жағдайларғабайланысты өзгеріп отырады. Орманды далалық және далалық аймаңтардағы тұқым себудің ңолайлы мөлшері әр гектарға 40-45 мың бас, жартылай қүрғаңшылың-далалық аймақта 30-40 мың бас дән болады. Өсірудің интенсивтік технологиясын қолданғанда тұқымның себу мөлшері 10 пайызға көбейтіледі.
Күнбағысты қазіргі кезде пунктирлі әдіспен өсімдік қатараралығын 70 см, ал олардың қатардағы арақашықтығын 24 см етіп, СПЧ-6МФ немесе СУПН-8 дән сепкіштердің бірімен себеді. Тұқым себу тереңдігі құрғақ топырақтарда 8-10 см, ал ылғалы мол жерлерде — 4-5 см. Егісті күтіп-баптау жұмысы тұқым себумен бір мезгілде жүргізілетін топырақты нығыздаудан басталады. Егін себілгеннен 4-5 күннен кейін, яғни арамшөптердің «аң жіпше» кезеңінде оны бірнеше рет тырмалайды, ал екінші рет тырмалау тұқым көктеп шығуға 3-4 күн қалғанда жүргізіледі. Күнбағыс көктеп шыққанша жүргізілетін бұл екі тырмалау арамшөптер өскінінің 50-60 пайызын жояды. Агрегаттардың жүру жылдамдығы сағатына 6-7 шақырымнан аспауы керек. Күнбағыстың 2-3 нағыз қос жапырағы пайда болғанда танапты егін себу бағытына кесе-көлденең жеңіл тырмалармен тырмалау ерте шығатын арамшөптердің өскінін 90 пайызға дейін құртады. Бірақ, бұл агротехникалық шараны ептілікпен байқап жүргізбесе, күнбағыс өскіні де залал табады, оның 6-9% -ы жойылуы мүмкін. Егістікті әрі қарай күтіп-баптауға өсімдіктердің қатараралығын қопсыту жатады. Қатараралықты бірінші қопсыту күнбағыстың үш-төрт нағыз қос жапырағы пайда болған кезде, келесісі 10-12 күннен кейін жүргізіледі.
