Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсовой Молдир.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.87 Кб
Скачать

3.3 Топырақтың қоректену элементінің қажетсінуі.

3.4 Аймақ жағдайында күнбағыс дақылының қоршаған орта факторымен қамтамасыз етілуі.

Алғашқы даму кезеңінде күнбағыс жылуды онша керек етпейді. Оның себілген дәні топырақтың тұқым сіңіру тереңдігіндегі жылылық 3 °С жеткенде өне бастайды. Бірақ себілген тұқым тез және біркелкі көктеп шығуы үшін қолайлы температура +20-25 °С шамасында болып табылады. Топырақта бөртіп, бірақ өнбеген тұқымы 13 °С, ал жер бетіне көктеп шыққан жас өркені 5-6 °С суыққа үсімейді. Күнбағыстың гүлдену кезеңіндегі қолайлы температура 20-25 °С болып саналады. Күшті дамыған және топырақтың терең қабатына бойлап өсетін тамыр жүйесі болғандықтан күнбағыс құрғақшылыққа да төзімді келеді. Дамуының алғашқы кезеңінде ауа және топырақ құрғақшылығын жақсы көтереді.

 Ылғалды ең көп қажет ететін мезгілі — күнбағыстың сабағы пайда болуы — гүлдену кезеңі. Осы мезгілде өсімдік өсу кезеңінде сіңіретін барлық ылғалдың 44 пайызын пайдаланады. Аталған уақытта ылғал жеткіліксіз болса, табақтың ортасындағы дәндер толыспай, жеңіл болып қалады. Күнбағыстың бір ерекшелігі, ол көктеп шыққаннан бастап табақ құрғанға дейін топырақтың 80 см тереңдігіне дейінгі ылғалды пайдаланады. Бірақ, одан артық тереңдіктегі ылғалды пайдалану қиындыққа соғады. Сондықтан жаздың екінші жартысында жауған жаңбыр күнбағыс үшін өте пайдалы. Құрғақшылыққа төзімді болғанымен, күнбағыстың транспирациялық коэффициенті 470-570-ке тең, сондықтан одан мол өнім алу үшін топырақтың ылғалдылығын оның далалық су сыйымдылығы 70 пайыздан кем болмауы керек. Күнбағысқа егуге қара және қызыл-қоңыр топырақтар қолайлы. Гранулометриялық құрамы ауыр саздақ және жеңіл құмдақ топырақтар күнбағыс өсіруге жарамайды.

IV. Күнбағыс дақылының өсіру технологиясын негіздеу және жасау.

4.1 Ауыспалы егістегі орны

Күнбағысқа ең жақсы алғы дақылдар сүрі танаптан кейінгі бидай ,жүгері, дәнді бұршақ тұқымдастар болып табылады.

Күнбағысты бір орында қайтадан орналастырып өсірсе егістік аурулар және маманданған зиянкестермен залалданады.Өсіру аймағында бұрынғы орынға 8-10 жылдан ерте орналастырмаған абзал.Күнбағысты қант қызылшасы,жоңышқа,судан шөбінен кейін сеппеген дұрыс,өйткені олар топырақты қатты ылғалсыздандырады.Асбұршақ,майбұршақ,рапстан кейін де орналастырмаған абзал,олар мен күнбағыстың ортақ аурулары бар.Ең дұрысы күнбағысты сүріден кейін өсірілген бірінші немесе екінші бидайдан кейін орналастырып өсіргенде жақсы тұқым өнімі жиналады. Әр түрлі аурулар, зиянкестер және арамшөптер, оның ішінде сұңғыла күнбағысқа зиян келтірмеуі үшін оны бір егілген жеріне 7-8 жылсыз қайталап себуге болмайды.

4.2 Топырақ өңдеу жүйесі

 Басқа дақылдар сияқты күнбағысқа танапты дайындау алғы дақылдарды жинап алғаннан кейін топырақты негізгі өңдеуден басталады. Күзде топырақ өңдеу тәсілі күнбағыстың алғы дақылына, танаптағы арамшөптердің түрлеріне және басқа жағдайларға байланысты. Дәнді дақылдар мен жүгері алғы егістерінен кейін танапта бір жылдың арамшөптер басым болса, топырақ ты 6-8 см-ден 8-10 см-ге дейін 2-3 рет қопсытады, содан кейін ПН-4-35, ПН-8-35 және басқа түренді соқалардың бірімен 20-22 см тереңдікке сүдігерге жыртады. Танапта көп жылдың арамшөптер басым болғанда оны гербицидпен қоса әр түрлі тереңдікке өңдейді. Алғы да-ңылды жинап алғаннан кейін аңызды ЛДГ-10, ЛДГ-15 сыдыра жыртқыштарымен 6-8 см тереңдікте өңдейді, ал арамшөптер көктеп шыққаннан кейін танапты жазық сыдыра тілгіштермен 12-14 см тереңдікке өңдеуді ңай-талайды. Арамшөптерді толың жою үшін әр гектарға 1,5-2 кг 2,4-Д гербицидін бүркеді. Осыдан 10-15 күн өткен соң жерді 27-30 см тереңдікке түренді соқалардың көмегімен жыртады. Топырақ жел эрозиясына ұшырайтын аудандарда жерді жазық табан сыдыра тілгіш терең қопсытқыштармен аудармай өңдейді. Ерте көктемде жер дегдісімен топырақтың күзде негізгі өңделген әдісіне қарай БЗСС-1,0, БЗТС-1,0 (түренді соқалармен жыртылған жерлерде), БИГ-ЗА (аңыз сақталып, жазық табан сыдыра тілгіштермен қопсытылған танаптарда) тырмаларымен ылғал жабылады. Егін себер алдында бүркілетін гербицидтердің топырақтың беткі қабатына дұрыс

сіңуіне және егің себу жүмысы сапалы болуына жағдай жасау үшін танапты НП-8 құралымен тегістейді. Содан кейін әр гектарға 1,5 кг трефлан, 2-3 кг прометрин немесе 3,5 кг түйіршікті эп-там, Гезабард 50, с.п. 12,0-4,0 кг/га гербицидтерінің бірін енгізіп, топырақтың 8-10 см жоғарғы қабатымен араластырады. Осы гербицидтер арамшөптерді 60-95 пайызға дейін құртады. Тұқым себер алдында топырақты 6-8 см тереңдікте қопсытады.

Қазақстанның солтүстігінде(күнгірт қара қоңыр топырақтарда)топырақты негізгі өңдеуді 25-27 см.тереңдікте жазықтілгіш-терең қопсытқыштармен (ПГ-3-100,ПГ-3-5)жүргізген дұрысырақ.Қарак топырақтарда алғы дақыл жиналғаннан соң жел эрозиясы қауіпі болмағанда танапты әуелі БДТ-7 ауыр дискілі тырмасымен өңдеп,соңынан терең аудара жыртқан (25-27) жөн,бұл агрошара атпа тамыроы агрошөптермен ластанған танаптарда өте тиімді.Қыста қар тоқтату да оң нәтиже береді.Көктемде жазықтілгіщ құралдармен өңделген танаптарда БИГ-3,БМШ-15 немесе БМШ-20, ал аудара жыртылғанда-тісті тырмалармен тырмаланады.Себу алдында топырақ 6-8 см.тереңдікте культивацияланады,бір мезгілде тырмалау мен бұдырлы катоктармен тығыздау іске асырылады.