- •2.Минимум немесе шектеуші (тежеуші) фактор заңы .
- •2.1 Аймақтың топырақ-климат жағдайы
- •Географиялық орналасуы
- •Климаты
- •2.2 Күнбағыс дақылына жалпы сипаттама
- •2.3 Халық шаруашылығындағы маңызы
- •2.4 Күнбағыс дақылының аймақ сорт таңдау ерекшеліктері
- •III.Күнбағыс дақылының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері
- •3.1 Морфологиялық ерекшеліктері.
- •3.2 Биологиялық ерекшеліктері.
- •3.3 Топырақтың қоректену элементінің қажетсінуі.
- •3.4 Аймақ жағдайында күнбағыс дақылының қоршаған орта факторымен қамтамасыз етілуі.
- •IV. Күнбағыс дақылының өсіру технологиясын негіздеу және жасау.
- •4.1 Ауыспалы егістегі орны
- •4.2 Топырақ өңдеу жүйесі
- •4.3 Күнбағыс дақылының тыңайтқыш жүйесі мерзімі n,p,k есеп-к мөлшерін енгізу тәсілдерін қоректену диагностикасы
- •4.4 Тұқымды себуге дайындау
- •4.5 Себу мерзімі(тәсілдері)
- •4.6 Егістікті күтіп-баптау жүйесі және зиянкестер,аурулар мен арамшөптерден егістікті қорғау.
- •4.7 Өнімді жинау
2.3 Халық шаруашылығындағы маңызы
Күнбағыс өсімдіктер әлеміндегі әмбебап дақыл десе болады. Ықылым заманнан бері күнбағыс адамзат өркениетінде қоректі дақыл ретінде қолданысқа ие. Дәрумен ретінде де, дәрілік қасиетіне қарай да халық медицинасында кеңінен қолданылады. Майлы күнбағыс өсімдігінің негізі қолданылуы – тағам өнімдерін дайындауда және техникалық қажеттіліктерге қарай пайдаланылатын күнбағыс майын алу үшін өндірілуі. Кұнбағыс майының гидрогенизациясы нәтижесінде маргарин алынады. Сондай-ақ, май лактеу, сырлауда, сабын қайнату өндірісінде кеңінен қолданылады. Кейбір елдерде өңделген асхана майы мотор жанармайына қосымша ретінде іске асырылады .Күнбағыс майы өндірісінің қалдықтары (күнжара, шрот) мал үшін ақуызға байытылған азық ретінде қолданылады. Ресейде күнбағыс майы өндірісіне дейін-ақ қуырылған күнбағыс дәндері (шемекі) халықтық дәмді тағам ретінде қолданылады. Дәндері ірі күнбағыстың шекілдеуік түрі осы мақсатта өсіріледі. Күнбағыс дәндерінде РР және Е дәрумендері мол, бұдан басқа құрамында фосфолипидтер, лецитин, өсімдік балауызы бар, сондай-ақ, май қышқылымен байытылған. Күнбағыс сәндік өсімдік ретінде де қолданылады. Күнбағыс өз құрамында каучуктің барлығымен де белгілі. Соңғы кезде сабағынан көп мөлшерде латекс өндіретін селекциялық сортын өсіру қолға алынған. Осы латекс негізінде жасалатын резеңке табиғи және синтетикалық каучукке қарағанда гипоаллергендігімен ерекшеленеді. Күнбағыстың қауызы биожанармай өндірісінде жанармай брикеті ретінде қолданылады. Күнбағыстың дәнінде фосфолипидтермен бірге адамның қартаю процесін болдырмайтын стирол май еріткіш дәрумендер, теріні нығайтатын, қышқыл сілті балансын реттейтін дәрумендер бар. Сонымен бірге күнбағыс медицинада кеңінен қолданылады. Атеросклероз, миокард инфаркті, жүрек тамыр аурулары, бауыр және өт жолдарының ауруларына бірден-бір ем. Бір дәннің өзінде 20 пайыз ақуыз, көп мөлшерде амин қышқылы, кальций, 850 Ккалл бар. Күнбағыстың қоректік қасиетін зерттеген Фиок Тист 35 жыл бойы тек күнбағыспен қоректенген.
Дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30 — 36% калий тотығы бар. Күнбағыс күнжарасында — құнарлы мал азығы, онда 38%-дан астам ақуыздық зат, 20 — 22% көмірсу және 6%-дай май бар. Күнбағысты бұршақ өсімдіктерге қосып сүрлемдік дақыл ретінде өсіреді. 100 кг көктей орылған Күнбағыс құрамында 18 азық өлшемі, 1,4 кг сіңімдіпротеин бар. Көктей шабылған Күнбағыс га-нан 400 — 500 ц балауса азық алынады. Қазақстанның солт., шығыс аудандарында ерте және тез пісетін саратовтық 10; 169, шортандылық — 41, қостанайлық — 91, т.б. сұрыптары аудандастырылған. Осы сұрыптардың 1 га-нан 10 — 12 ц күнбағыс майы алынады. К-тың негізгі зиянкестері:сым-құрт, күнбағыс қан көбелегі, т.б.; аурулары: боз шірік, сұңғыла, т.б.
