- •2.Минимум немесе шектеуші (тежеуші) фактор заңы .
- •2.1 Аймақтың топырақ-климат жағдайы
- •Географиялық орналасуы
- •Климаты
- •2.2 Күнбағыс дақылына жалпы сипаттама
- •2.3 Халық шаруашылығындағы маңызы
- •2.4 Күнбағыс дақылының аймақ сорт таңдау ерекшеліктері
- •III.Күнбағыс дақылының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері
- •3.1 Морфологиялық ерекшеліктері.
- •3.2 Биологиялық ерекшеліктері.
- •3.3 Топырақтың қоректену элементінің қажетсінуі.
- •3.4 Аймақ жағдайында күнбағыс дақылының қоршаған орта факторымен қамтамасыз етілуі.
- •IV. Күнбағыс дақылының өсіру технологиясын негіздеу және жасау.
- •4.1 Ауыспалы егістегі орны
- •4.2 Топырақ өңдеу жүйесі
- •4.3 Күнбағыс дақылының тыңайтқыш жүйесі мерзімі n,p,k есеп-к мөлшерін енгізу тәсілдерін қоректену диагностикасы
- •4.4 Тұқымды себуге дайындау
- •4.5 Себу мерзімі(тәсілдері)
- •4.6 Егістікті күтіп-баптау жүйесі және зиянкестер,аурулар мен арамшөптерден егістікті қорғау.
- •4.7 Өнімді жинау
2.2 Күнбағыс дақылына жалпы сипаттама
Күнбағыс. Қазақстанда майлы дақылдардың ішінде егіс көлемі бойынша барынша кең тарағаны (70%) -күнбағыс. 1996 жылы ол 330 мың га жерде өсіріледі, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 160 мың га, Павлодар облысында 88 мың га болды. Оның жартылай кебетін майы табиғи түрінде де, өңделген түрінде де (майонез, маргарин) азық-түлікке кеңінен қолданылады, олиф, сабын, т.б. өнеркөсіп бұйымдарын жасауда пайдаланылады. Күнбағыстың күн жарысы — өте құнды мал азығы. Суыққа төзімділігіне және жоғары өнімділігіне байланысты Солтүстік Қазақстанда бірқатар аудандарда сүрлемдік жүгеріні ойдағыдай алмастырады. Егуге рұқсат етілген күнбағыс сорттарының тұқымдарында 47-54% май болады. Республикадағы майлы дақылдардың ең бастысы — күнбағыс. Оның дәнінде 50-52 пайыз май және 16-16,5% протеин болады. Күнбағыс майы негізінен тағам үшін, яғни маргарин, майонез, балық және көкөніс консервілерін, нан және кондитер өнімдерін шығаруға қолданылады. Сонымен қатар, оның майы сабын қайнату және зәйтүн өндірісінде пайдаланылады. Дәнінің қауызы жақсы отын. Күнбағыс табағының күлте жапырақшаларынан дәрі дайындайды. Күнбағыстың күнжарасында 8-10% май, 1,1% мал азықтық өлшем болады, сондықтан ол — малға бағалы концентратты жем. Күнбағыс — балды өсімдік және отамалы дақыл болғандықтан, ауылшаруашылық өсімдіктері үшін жақсы алғы егіс. Егіншілікте егіс танаптарында ықтырма дақыл ретінде себіледі. Күнбағыс Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында дән және сүрлем үшін, ал республиканың басқа облыстарында тек сүрлем үшін ғана өсіріледі. Қазақстанда 2006 жылы күнбағыстың егіс көлемі 453,8 мың гектар, оның ішінде суармалы жерлерде 30,0 мың гектарға жетті. Орташа есеппен алғанда, сол жылы республика бойынша күнбағыстың әр гектарынан 6,3 центнер өнім алынып, ал оның жалпы түсімі 285,9 мың тонна болды. Қазақстан бойынша 2006 жылы күнбағыстың Арманирец, Восход, Заря, Салют, Казахстанский 3/24 буданы, Родник, СПК, Солнечный-20, Казахстанский-341 сорттары аудандастырылады. Негізінен күнбағыс әсіресе суық, жаңбырлы, көктем және жазы салқын кездері күнбағыс жүгеріге маңызды толықтырма дақыл болып табылады. Ол көк балаусасының жоғары өнімін құрғақ далалық аймақта да береді.
Жүгері сүрлеміне қарағанда күнбағыс біршама нашар желінеді, себебі гүлдену жапырақтар мен кәрзеңкесінің үлесіне жалпы салмағының 30-40 % ,ал сабақтардың үлесіне 60-70% тиеді.
Сүрлемдік дақылдардың өнімін метеорологиялық жағдай әр қилы жылдарда тұрақтандыру және теңестіру әр түрлі сүрлемдік дақылдар себу арқылы жүзеге асады. Ауа-райы қолайсыз уақытта әсіресе,жүгері өнімін қалыптастыруға , күнбағыс және одан дайындалатын сүрлемдік дақыл ретінде көп шаруашылықтарда өсіріледі.Сүрлемдік дақылдар егістігінің құрамына күнбағыстың белгілі бір бөлігін енгізу шілденің аяғы мен тамыздың басында күнбағыстан сүрлем сала бастауға мүмкіндік береді, ал жүгері оған қажетті уақытта жиналады. Сүрлем өндірісін тұрақтандыру үшін күнбағыс егістігін көбейту қажет ,оны жүгеріге қосымша дақыл ретінде және сүрлем конвейерін жасауға пайдаланады.
Өсіп-өну кезеңі шағын шаруашылықтарда күнбағыстың сүрлемдік дақыл ретіндегі маңызы арта түседі. Қазақстандағы сүрлемдік күнбағыстың егіс көлемі шамамен 160 мың га та,оның 70 мың га Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.
