- •2.Минимум немесе шектеуші (тежеуші) фактор заңы .
- •2.1 Аймақтың топырақ-климат жағдайы
- •Географиялық орналасуы
- •Климаты
- •2.2 Күнбағыс дақылына жалпы сипаттама
- •2.3 Халық шаруашылығындағы маңызы
- •2.4 Күнбағыс дақылының аймақ сорт таңдау ерекшеліктері
- •III.Күнбағыс дақылының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері
- •3.1 Морфологиялық ерекшеліктері.
- •3.2 Биологиялық ерекшеліктері.
- •3.3 Топырақтың қоректену элементінің қажетсінуі.
- •3.4 Аймақ жағдайында күнбағыс дақылының қоршаған орта факторымен қамтамасыз етілуі.
- •IV. Күнбағыс дақылының өсіру технологиясын негіздеу және жасау.
- •4.1 Ауыспалы егістегі орны
- •4.2 Топырақ өңдеу жүйесі
- •4.3 Күнбағыс дақылының тыңайтқыш жүйесі мерзімі n,p,k есеп-к мөлшерін енгізу тәсілдерін қоректену диагностикасы
- •4.4 Тұқымды себуге дайындау
- •4.5 Себу мерзімі(тәсілдері)
- •4.6 Егістікті күтіп-баптау жүйесі және зиянкестер,аурулар мен арамшөптерден егістікті қорғау.
- •4.7 Өнімді жинау
I.Кіріспе
II.Курстық жұмысқа алғы деректер
2.1 Аймақтың топырақ-климат жағдайы
2.2 Күнбағыс дақылына жалпы сипаттама
2.3 Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы
2.4 Күнбағыс дақылының аймақ сорт таңдау ерекшеліктері
III.Күнбағыс дақылының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері
3.1 Күнбағыс дақылының морфологиялық ерекшеліктері
3.2 Күнбағыс дақылының жылуға,ылғалға және жарыққа қоятын талаптары
3.3 Топырақтың қоректену элементінің қажетсінуі
3.4 Аймақ жағдайында күнбағыс дақылының қоршаған орта факторымен қамтамасыз етілуі
IV.Күнбағыс дақылының өсіру технологиясын негіздеу және жасау
4.1 Ауыспалы егістегі орны
4.2 Топырақ өңдеу жүйесі
4.3 Күнбағыс дақылының тыңайтқыш жүйесі мерзімі N,P,K есеп-к мөлшерін енгізу тәсілдерін қоректену диагностикасы
4.4 Тұқымды себуге дайындау
4.5 Себу мерзімі(тәсілдері)
4.6 Егістікті күтіп-баптау жүйесі және зиянкестер,аурулар мен арамшөптерден егістікті қорғау
4.7 Өнімді жинау
4.8 Өсіру технологиясы бойынша машина жүйесі
4.9 Күнбағыс дақылының өсіру технологиясының сұлбасы
V.Қорытынды
VI.Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығы өндірісінің бір саласы. Еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісі негізінен екі саланы – өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Бұл салаларды қарқынды дамытып қана қоймай, азық-түліктің өзіндік құнын азайтып, аталған салаларда еңбек өнімділігін анағұрлым арттыра отырып, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру үшін күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.
Біздің елімізде өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде басымдыққа ие. Өсімдік шаруашылығының негізгі құралы – жасыл өсімдіктер, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдары қоректік заттардың негізгі көзі болып табылады.
Өсімдік шаруашылығының өнеркәсіп өндірісінен айтарлықтай айырмашылығы бар: басты айырмашылығы – маусымдылық; өнім мөлшері мен сапасының топырақ-климат жағдайларына тәуелділігі; өсімдік тіршілігіне қолайлы жағдайлар жасауда далалық жұмыстардың дер кезінде және сапалы іске асырылуы т.б.
Өсімдік шаруашылығы мал шаруашылығымен тығыз байланысты: оған ол ірі сабақты, шырынды, құнарландырылған жем азық берсе, мал шаруашылығынан ол тұрақты және мол өнім алу үшін, әсіресе құнарлылығы төмен жерлерде, органикалық тыңайтқыштар алады.
Қазіргі кезеңде өсімдік шаруашылығы өндірісінде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық таза өсімдік және мал өнімдерін өндіруді қабыстыра жүргізген жөн. Сондықтан да осы заманғы ғылыми жетістіктерге сүйенген оңтайлы технологияны қолдану, қоршаған ортаны қорғау шараларына кепілдік береді. Жалпы қоршаған орта, оның ішінде топырақ, неғұрлым таза су көздері, мал, өсімдік гендік қорлары, жануарлар әлемі біздің болашақ ұрпақтарымызға лайықты мұра болып қалуы керек.
Халықтың өскелең талабы, өнеркәсіптің өркендеуі өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өздіксіз ұлғаюын талап етеді.
Өсімдік шаруашылығы саласы өзіне егіншілікті, көкөніс, жеміс-жидек, жүзім, гүл, шалғындық, орман шаруашылықтарын біріктіреді. Алайда ғылыми пән ретінде тек қана танаптық дақылдарды – дәнді астық, дәнді бұршақ, картоп, мал азықтық, бақша, талшықты дақылдарды ж.б. қарастырады.
Өсімдік шаруашылығында барынша ауқымды егістік аумағы дәнді дақылдардың (бидай, арпа, сұлы, тары, жүгері, күріш) үлесінде. Елімізде жыл сайын 15 млн. гектардан астам жерде дәнді дақылдар өсіріледі.Астық емес дақылдардан елімізде майлы дақылдар кеңінен өсіріледі (күнбағыс,рапс,қыша,мақсары,майбұршақ,ж.б). Өсімдік майы тамақ өнеркәсібінде,медицинада,техникалық, және басқа мақсаттарда кеңінен пайдаланылады. Соңғы жылдары,өсімдік шаруашылығындағы диверсификацияға байланысты,майлы дақылдардың егістік аумағы күрт өсті. Атап айтқанда ,1996-2000 жылдары майлы дақылдар жыл сайын 371 мың гектар жерге өсірілсе,2006-2007 жж ол көрсеткіш 715 мың гектарға жетті,ал 2009 жылы -1,0 млн.гектардан асты. Тиісінше майлы тұқымның жалпы түсімі мен өнімі де артты.
Майлы дақылдардың үлкен егістік аумағы Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының еншісінде (негізінен күнбағыс дақылы) және соңғы жылдары майлы дақылдардан рапс егістігі күрт артып келеді (СҚО, Қостанай, Ақмола ж.б облыстарда)
Өсімдік шаруашылығы – ғылыми пән. Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған үлкен міндеттерді шешуде өсімдік шаруашылығының ғылыми пән ретінде атқаратын рөлі зор.
Өсімдік шаруашылығы ғылыми пән ретінде XVIII-ғасырдан бастау алады және оның дамуына үлкен үлес қосқан жақын шетел ғалымдары, оның ішінде М.В.Ломоносов, И.И.Комов, ал XIX ғ. басында А.Т.Болотов сияқты Ресей ғалымдарын атап өтуге болады. Алайда өсімдік шаруашылығының ғылыми жетістіктерді жарнамалау мақсатында ірі ғылыми жұмыстар жазу бағытында жемісті еңбектерімен XIX ғасыр мен XX ғ. басында Ресейдің ұлы ғалымдары К.А.Тимирязев, И.А.Стебут, Д.Н.Прянишников, Н.И.Вавилов іске асырды.
Өсімдік шаруашылығының ғылым ретінде дамуына үлес қосқан Қазақстандық ғалымдар:
-А.Ж.Жұматов – белгілі өсімдік шаруашылығы ғалымы, дәнді және басқа дақылдардың өсіру технологиялары мәселелерімен айналысқан;
-К.М.Мыңбаев – ірі өсімдік шаруашылығы ғалымы, селекционер-генетик, ғылым докторы, кезінде Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясының Қазақ филиалы перзидиумының алғашқы төрағасы;
-М.Н.Ерлепесов – көп жылдар бойы В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми зерттеу институтының директоры болған, ғылым докторы, профессор, ҚазССР-ның ғылымға еңбегі сіңген қызметкер, көптеген орден, медалдардың иегері;
-Р.А.Оразалиев – есімі әлемге әйгілі селекционер, ғылым докторы, профессор, Ресей АШХА, Украина ҒА, ҚР ұлттық ҒА академигі;
-И.А.Абуғалиев – көп жыл бойы В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми зерртеу институтына жетекшелік еткен, өсімдік шаруашылығының белгілі ғалымы, ғылым докторы, профессор;
-А.И.Бараев – кезінде көп жыл бойы Бүкілодаұтық астық шаруашылығы ғылыми зерртеу институтының директоры, ғылым докторы, академик, Лениндік сыйлықтың иегері, оның жетекшелігімен елімізде топырақ қорғау жүйесі жасалып, өндіріске енгізілді.
Өсімдік шаруашылығының ілімдік негізі – биология болып табылады, ол өсімдіктердің даму ерекшеліктерін ашады және олардың қоршаған орта факторларына қоятын талаптары жөнінде толық мағлұмат береді.
Өсімдіктердің жеке өсуі мен дамуында жаңа мүшелер пайда болады, сонымен қатар өсімдіктердің жеке дамуы үдерісінде олардың құрылысында өзгерістер орын алады.
Бір айта кетерлік жәйт, елімізде негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімінің соңғы жылдары біршама артып келе жатқаны байқалады. Оған қолайлы ауа-райы жағдайлары мен қатар егіншілік мәдениетінің арта бастағаны, жаңа техника, құрал жабдықтардың қолданыла бастауы,мемлекеттік қолдаулар да әсер етуде.Дегенмен,астық, мал азығын және басқа өсімдік өнімдерін өндіру мен олардың сапасын арттыру мәселесі баяу шешілуде.Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған «Аграрлық-өндірістік кешенді тұрақты дамыту консепциясында» көрсетілгендей, өсімдік шаруашылығы саласында АӨК-ді одан әрі дамыту кластерлік жүйе есебінен іске асырылуға тиіс: астық өндірісі мен оны тереңдете өңдеу (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында) және т.б (Қызылорда облысында), мақта (Оңтүстік Қазақстан облысында) және т.б кластерлерін дамытудың болашағы зор. Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды ауыл шаруашылығы дақылдарының агротехнологияларын жетілдіру бірінші кезектегі маңызды мәселе болып қала береді.
Н.Н.Кулешов тұқымдық өсімдіктерге төмендегідей жас кезеңдерін ажыратады:
1.Эмбрионалдық, немесе тұқымдық – аналық тұқымдағы қорлық қоректік заттар пайдаланылатын өскіннің күйі.
2.Жастық кезеңі - вегетативтік мүшелердің пайда болуымен сипатталады (мәселен, егін көгі, түптену, сабақтану)
3.Есейген кезеңі – көбею мүшелерінің (органдардың ) қалыптасуы (масақтану,бүрлену).
4.Көбею кезеңі – гүлденуі,тозаңдануы және ұрықтануы.
5.Солу (кәрілік) кезеңі – жемістер мен тұқымдардың пісуі.
Танаптық екпе дақылдардың дамуы мен өнімін басқару жөніндегі осы заманғы білім жүйесі көп жылдардағы нақты зерттеулермен белгіленген объективті заңдылықтарды біріктіреді. Ондай заңдылықтарға мыналар жатады:
1.Өсімдіктің тіршілік факторланың тепе-теңдік және алмастыруға жатпайтындығы заңы. Оның мәні мынада : өсімдіктердің қалыпты тіршілік қызметіне әсер ететін факторлар тепе-тең дәрежеде болады, белгілі бір факторды ( мәселен қоректік заттарды) екінші бір фактормен (ылғалмен) алмастыруға болмайды.
2.Минимум немесе шектеуші (тежеуші) фактор заңы .
Бұл заңға сәйкес топырақтың тиімді құнарлығын сақтау үшін өнімді қалыптастыруға өсімдіктермен шығындалған заттарды (элементтерді) топыраққа енгізіп отыру қажет. К.Маркс қайтарым заңының ашылуын Ю. Либихтің бірден бір өшпес еңбегіне жатқызды, ал К.А. Тимирязев пен Д.Н. Прянишников бұл заңдф ғылымның ұлы жетістігі деп атады.
3.Факторлардың жиынтық (қосынды) әсер заңы. Бұл заңға сәйкес өсімдіктердің жоғары өнімділігін әртүрлі факторлармен қамтамасыз етеді, ал ол ар аймақта әртүрлі болуы мүмкін.
Өнім өсімдікк тіршілігінің жиынтық нәтижесі, немесе барлық факторлардың қосынды әсерінің интегралды шамасы.
II .
2.1 Аймақтың топырақ-климат жағдайы
Топырағы
Қара топырақты жерлер облыстың солтүстігінде. Мұнда топырақтың қарашіріндісі аз, негізінен қиыршық құмды келеді. Топырағы тығыз саздауыт, стрегірек жерлері саздан қалыптасқан. Аздап дренажі бар ркльефі ойпаңдау жерлерде, жердің әсіресе тығыз қабатында сортақтану көбейе түседі.
Географиялық орналасуы
Қаланың географиялық координаттары — 50°16′00″ с. е. 57°13′00″ ш. б. (G) (O) (Я) [13]. Уақыт белдеуі — UTC+05:00.
Қала Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде, Жайық сағасы Елек өзенінің жағалауында, Қарғалы өзені келіп құятын тұсында[14], теңіз деңгейінен биіктігі 250—400 м жазықтық болып келетін Орал асты платосының орталық бөлігінде орналасқан[15]
Климаты
Қала Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан едәуір алшақтықта орналасқан, осының кесірінен қала климаты шұғыл континенталды болып келеді. Ауа райының шұғыл континенталдығы күн ментүн, қыс пен жаз арасындағы температураның айырмашылығында, Күн радиациясы мен құрғақшылықта көрініс табады.
Қыс мезгілінде қаланың ауа райы Исландия үстіндегі терең циклон (испандық минимум) мен Моңғолия үстіндегі қуатты азиялық антициклонның әсерінде болады. Бұның кесірінен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталған үлкен бар градиенттері пайда болады.
Ақтөбедегі орташа жиынтық Күн радиациясы тәулігіне 108 ккал-ға тең, Күн сәулесі көлемінің орташа жылдық көрсеткіші — 2316 сағат.
Жазы ұзақ әрі ыстық. Жылына бес ай бойы күндізгі орташа температура 20 °С асып түседі. Қысы қоңыр салқын, жылымықтар болуы мүмкін. Ең қалың қар жамылғысы қараша айында байқалады (31 см). Ашық, бұлтты және жауын-шашынды күндердің жылдық саны — сәйкесінше 174, 148 және 43 күн. Орташа жылдық бұлттылық коэффициенті — 5,7 балл. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай —маусым (35 мм), ең аз түсетін ай — қыркүйек (19 мм).
Орташа жылдық температура — +5,3 C°
Орташа жылдық жел жылдамдығы — 2,4 м/с
Орташа жылдық ауа ылғалдылығы — 68 %
Ақтөбенің ауа райы |
|||||||||||||
Көрсеткіш |
Қаң |
Ақп |
Нау |
Сәу |
Мам |
Мау |
Шіл |
Там |
Қыр |
Қаз |
Қар |
Жел |
Жыл |
Абсолюттық максимум, °C |
4,5 |
5,3 |
23,6 |
30,9 |
39,0 |
39,9 |
42,2 |
42,9 |
38,3 |
29,7 |
17,0 |
11,2 |
42,9 |
Орташа максимум, °C |
−8,1 |
−7,1 |
−0,4 |
13,3 |
22,0 |
28,2 |
29,9 |
28,3 |
21,7 |
12,1 |
0,7 |
−5,7 |
11,2 |
Орташа температура, °C |
−12,3 |
−11,9 |
−5,4 |
7,0 |
14,9 |
20,9 |
22,7 |
20,7 |
14,0 |
5,7 |
−3,2 |
−9,7 |
5,3 |
Орташа минимум, °C |
−16,5 |
−16,3 |
−9,8 |
1,4 |
7,9 |
13,4 |
15,6 |
13,5 |
7,4 |
0,6 |
−6,5 |
−13,6 |
−0,2 |
Абсолюттық минимум, °C |
−48,5 |
−45 |
−37 |
−18,9 |
−7,6 |
−0,9 |
4,1 |
0,7 |
−7,9 |
−26,3 |
−35 |
−41,5 |
−48,5 |
Жауын-шашын нормасы, мм |
25 |
23 |
26 |
31 |
34 |
35 |
29 |
27 |
19 |
27 |
28 |
29 |
333 |
Ақтөбе облысының аумағы континентте ішке қарай орналасқандықтан анық байқалатын континенталдығымен ерекшеленеді.Оған күрт өзгермеоі температура тән:өте суық қыс пен жаз, жыл маусымдары тез ауысады, қысқа көктемгі кезең ,атмосфералық жауын-шашынның тұрақсыздығы мен тапшылығы ,ауаның құрғақтығы т.б құрғақшылық үрдістер белгілі бір деңгейде жыл сайын өсімдіктердің әртүрлі өсіп-даму кезеңдерінде байқалады. Көп жылдық деректерге қарағанда облыс аумағында жылдық жауын-шашынның мөлшері 120-600 мм. Аралығында өзгереді, оның үстіне ол жыл бойы біркелкі түспейді. Топырақ бедері де әртүрлі : солтүстік бөлігінде күңгіре қара-қоңыр және қара топырақтар кең тараса ,оңтүстігіне қарай ашық қара-қоңыр саздақты және құмдасын топырақтар болып келеді. Агроклиматтық бағытта облыс аумағы 4 аймаққа бөлінген: орташа құрғақшылықты далалы ,құрғақщылықты далалы, жартылай шөлейтті және шөлейтті аймақтар.
