Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31686.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
304.13 Кб
Скачать

Қорытынды

Қорыта айтқанда, екі ғасырдың тоғысында өмір сүрген ағылшын халқының ұлы премьер-министрі Уинстон Монард Спенсер Черчилль ХХ ғасырдағы халықаралық саясатқа өзіндік қолтаңбасына қалдырған тұлғалардың бірі. Сапырлыс пен аласапыранға толы саяси өмірінде Черчилль асығып қимыл жасады. Әсіресе оның мұндай әрекеті ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында қатта байқалды.

Черчилльден мақсат пен мұратқа неге үнемі асығатыны жайлы сұрағанда, ол өз әкесінен өмір сүргісі келмейтіндіктен асығатынын және Рондольф жеткен табыстарға жету үшін асығатынын айтқан еді. Сонымен Уинстон өз әкесінің тұра екі есе артық өмір кешті.

1955 жылы саясаттан кеткеннен кейін Уинстон қалған он жылды тыныштықмен өткізді. Ол осы жылдары Хайт-паркке таяу тұстағы Чартвелде тұрды. Ол француздардың Ревьерасында болғанды өте жақсы көрді. Кейде Жерорта теңізі мен жүзген «Кристина» кемесімен Грек миллиордері Аристотель Онасиске де қонақ ретінде барып тұрғанды жақсы көрді.

Бірінші кезекте Черчилльге айналасындағы жолдасытары мен журналыстердің арасындағы ол биліктен кеткеннен кейін өзін қалай ұстайды, қандай іспен шұғылданады деген мәселелер өткір қызу таласқа айналды. Кейбіреулер оны биліктен кеткен соң билік тету үшін һүкіметке өз ақылы мен Кеңесін айтатын. Еңбек сіңірген саяси қайрткер ретінде болжаса енді ол біреулер ол саяси өмірмен қош айтысады деп даурықты.

Бұл болжамдардың ешқайсысыда жүзеге аспай қалды. Черчилль өмірінің соңына дейін парламент мүшесі болып қала беруді жан деп тапты. Черчилль парламентке сирек келіп тұрды. Және бұрыштағы орнында үнсіз отыратын. Айналасында болып жатқан таластарға еш үн қоспады. Тек даусын беру құқығын ғана пайдаланып шығып кететін.

Тек бір де Черчилль (1956 жылы Идн үкіметі Египетке қарсы агрессиясы сәтсіздікке ұшырағанда) мемлекет ісіне араласуға тура келді. Консерваторлар Суэтц авантюрасы үшін Иднды құрбандыққа шалып, оны биліктен алыстатты. Премьер –министр болып Черчилльдің жақын ізбасары – Гарольд Макмилан сайланды. Қоғамдық ойлар мен пікірлер Египетке байлансты жылы саясат ұстанған Ритчерд Батлерді Англияның премьер-министрі болады деп тапшылаған. Черчилль ханшайымға ақыл-Кеңес беру мақсатында Букенгем сарайына келіп, Макмилан үкіметінің кандиторлық кондитатурасын пайдаланып, нәтижесінде премьерлік Черчилльдің ізбасарына бұйырды. Биліктен кеткен тұста Черчилльдің саяси өмірден алшақ өмір кешетінін айтып, кітап ісіне баса назар аударатын айтқан. Алайда, оның бұл ойы жүзеге аспады. Оставкадан психологиялық құлдырауы күшті болғаны соншалықты, ол енді әдеби еңбектермен айналыса алмай қалды. Оның бұл үшін физикалық немес интекллектуалдық күші де қалмады.

1956-1958 жылдары оның «ағылшын тілінде сөйлейтін халықтардың тарихы» атты төрт томдық еңбегі жарық көрді. Черчилль Моренға айтқанындай, бұл томдарды ол өте жылдам –екінші дүниежүзілік соғыс аяқтиалғанна кейін 1 жыл 3 айдай мерзім ішінде жазып бітірген. « мен бұл еңбекті әрі түні сағат 2-ге дейін жаздым. Әрине, менің көмекшілерім де болды, бірақ әрбір сөзін өзім жаздым» дейді.

Еңбектің бірінші томы «Британияның пайда болуы» деп аталады. Автор ежелгі заманнан бастап, Тюдорлардың билікке келген кезіне дейінгі аралықты осы томда қамтып өтеді. Екінші том – «Жаңа ілім» 1485- 1688 жылдары ағылшын тарихын қарастырады. Үшінші том- « Төңкеріс дәуірі» деп аталған бұл бөлім VII ғасыр соңы мен 1815 жылға дейінгі Англиядағы, АҚШ тағы тарихи уақиғаларға арналған. Соңғы төртінші томы – « Ұлы демократия» - 1901 дейінгі ағылшын және американ тарихының мазмұнын қамтиды.

Бұл еңбекті оқыған кез-келген оқырман мұндағы автордың шовинистік позицияларын ат аңғаруы қиын емес еді. Ол осылайша, англо-саксон халқының ерекшелігін, өзге ұлттарға көрсете білетіндігі насихаттады. Черчилль бұндай ойларын өзінің әдеби еңбектерімен сөйлеген сөздерінде сан мәрте айтқан. Алайда бұл туындыдағы білдірілген шавинистік ұстанымдар бұғандейін көпе-көрнеу айтылып келді. Сондықтан да «ағылшын тілінде сөйлейтін халықтардың тарихы» атты еңбек Черчилльдің шовинистік ойлары күшті әрі нақты екпінді түрде айтылған тұңғыш кітап болды. Өмірдің соңғы жылдарына дейін ол әрбір қала, мемлекет өзінің құрметті азаматы еткен қадірлі тұлғаға айналды.

Президент Чарльз де Голь оны азаттық медалімен марапаттады. 1958 жылы қарашад ол Гольмен кездесіп, өзін Францияның жосы екеніне қуанышты екенін жеткізді. 1963 жылы сәуірде американ конгерсі Уинстон Черчилльді АҚШ тың құрметті азаматы деген арнайы актіні жариялады. Бұл шешімге президент Джон Кеннеди қол қойып бекітті.

Ұзақ жылдар бойы Кеннеди онымен кездесуді армандады. Оның бұл тілегі 50-жылдың аяғында орындалды. Каммунда қонақта жүрген Черчилль Кеннеди демалуға келген сәтте жолықты. Кеннеди жастайынан Черчилльге еліктепі, оның шығармалары мен шешендік өнерін үйренуге талпынған. Каныдағы кезде суда Кеннеди Черчилльмен оңаша сөйлесіп одан: « сәз неліктиен өміріңізді аласапыран саяси күрестерге қарамастан осынша ұзақ жасап келесіз дегенде, Черчилль: «Мен ашқашан отыратын кезде тұрмадым, және ешқашан жататын кезде отырмадым» деп жауап берген екен.

1964 жылы Черчилль парламентке сайлауда өз кандидатурасын сайлау жөнінде сайлауда өз кандидатурасын ұсынбау жөнінде шешім қабылдады. Парлмаментитегі саяси карьерасында нүкте қойды. Қауымдар палатасы оны жылы лебіздермен шығарып салды. әрбір партияның өкілдері бірінен кейін бірі 89 жастағы консервативтік қайраткердің Англияның саяси өмірінде атқарған қызметін жоғары бағалап, құрмет көрсетті. 1964 жылдың соңына қарай Черчилль өзінің 90 жасқа толуын атап өтті. Мерей тойға орай, ол 60 мың хат , телеграммалар алды. Көптеген Лондон тұрғындары Хай –паркгейкке келіп, Черчилльдің үйіне жақындады. Көп ұзамай-ақ ол терезеден көрініп, көпшілікпен амандасты. Дәл осы халықпен жүздесуіне әскери жылдардағы әйгілі костюмын соңғы рет киіп шықты.

1965 жылы Черчилль науқастанып жатып қалды. 14965 жылы 15 қаңтар күні басына қан құйылып, олес түсінен танып қалды. Ұлы қайраткер осылайша ессіз-түссіз апта бойы жатты. 24 қаңтар күні Черчилль қайтыс болды деген хабарлар таратылды. Черчилльдің қазасын бүкіл Англия, АҚШ тағы сондай сияқты Батыс елдері үлкен қаралы күн деп жариялады.

Жалпы қорыта айтқанда, Уинстон Рондоль Спенсер Черчилль тек Англия тарихында ғана емес, әлемдік таризтың халықаралық саясаттың ажыралмас бір бөілігіне айналғандай болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]