Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31686.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
304.13 Кб
Скачать

2.3. Екінші дүниежүзілік соғыстан Черчилль үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты

1951 жылғы лейбористік партияның ішіндегі келіспеушіліктер мен дау-дамайларда көптеген қайраткерлердің биліктен кетуіне алып келді. Еңбек және әлеуметтік қамтамасыздандыру министрі Гарольд Вильсонда бар еді.

Елдегі белең алған саяси шиеленістер лейбористік партияны мерзімінен бұрын парламентте 1951 жылы 25 қазанда сайлау өткізуге итермеледі.

Әлемдегі соғыс пен бейбітшілік мәселесі сайлаудағы басты мәселе болды. Ағылшын халқын лейбористер басшыларының социалистік көзқарастары арқылы көзбояушылық жасап, шын мәнінде империалистік пиғылдарды іске асырған іс-әрекеттері әбден мезі қылған болатын. Бір жағынан ағылшындар билікке келген жағдайда консерваторлар елді жаңа бір жойқын соғысқа киліктірді деп қорықты. Сондықтан да консерваторлар өздерінің мұндай пиғылдары жоқ екенін дәлелдеумен болды.

Черчилль өзін соғыс өртін тұтандырушы тұлға ретінде халық арасында танылып кетеніне алаңдаумен болды. Сондықтан да ол билік басына келген сәтте КСРО және АҚШ басшылықтарымен ымыраға келіп, ынтымақтасатын мәлімдеді.

Консерваторлар сайлау компаниясында жеңіске жеткенімен Черчилль ойлағандай жоғары басмыдылыққа ие бола алмады. Жаңа қауымдар палатасында консерваторлар 321 орынды, ал лейбористер -295 орынды иеленді.

Сайлау қорытындысы 1951 жылы 25 қазанда мәлім болды, келесі күні Черчилль соңғы рет Англияның пермьер-министрі болып сайланды. Үкіметтегі басым орындар мен маңызды посттарды бұрынғы консерваторлар гвардиясының ескі өкілдері иемденді. Антони Иден дәстүр бойынша сыртқы істер министрлігіне тағайындалды. Партия бағдарламасымен айналысып келген Батлер қаржы министрінің портфеліне ие болды. Ал консерваторлық партияны қайта құру ісімен айналысқан лорд Вультон лорд лауазымын алып, Кеңестің президенті болып тағайындалды. Черчилльдің ескі досы профессор Линдеман почта министрлігіне жайғасты.

Ал Черчилль өзі соғыс жылдарындағы практикаларына сүйене отырып, құрамына әскери-теңіз, әуе күштері кіретір қорғаныс министрлігінің орынын иемденді. Бейбіт заманында Черчилльге бұл қосалқы орынның қажеті де шамалы болатын. Черчилль көп өтпей-ақ, бұл орыннан өз еркімен бас тартты.

Бұл жолы Уинстон Черчилль 77 жасқа келіп, премьер-министір болды. Сырттай қарағанда, мұндай жасқа келген Черчилльдің денсаулығы мен күш ағзасы сыр бере бастады. Ол біртіндеп, керең күйге түсті, дәрігерлердің көмегінде оған жәрдем бола алмады. 1951 жылғы қазан айындағы парламент сайлауы кезінде де Черчилль керекдігіне байланысты қиналысты бастан өткерді. Сайлау кезінде Моран (Черчилльдің жеке дәрігері) мынадай тұжырым жасады: «ол осы сайлауда бағы жанып, Даунинг-стрит 10-нан бір-ақ шыққан күннің өзінде мен оның одан кейінгі саясаттағы өмірін айта алмаймын». Ол өзін 1940 жылы ел тағдыры үшін, халық мұқтаждығы сайланғанын ал 1951 жылы таза ағылшын дәстүріне сай өзі басқаратын пратияның жжеңісі арқасында сайланғанын естен шығармады.

Лейбористер кезіндегі Англияның жаппай қарулану деңгейі төмен деп дабыл қаққан. Черчилль енді өзі билік тұтқасын ұстасымен бұл салаға қаржыны Эттли кезіндегі дәрежеде төмен қылды. Эттли үкіметі соңғы үш жылда жаппай қарулануға 4700 млн фунт стерлинг жұмсаса, Черчилль бұл соманы төрт жылда біртіндеп жұмсауды көздеді. Оның мұндай қылығы зор таңданушылық жасады. Черчилль үкіметі мұнымен қаруландыру қысқартуды көздемеді. Шын мәнінде, ол лейбористер тұсындағы әскери салаға бөлінетін орасан зор бюджет қаржысы экономикалық құлдырауға алып келетіндігіне сенді.

Ішкі саясатына келер болсақ, консерваторлар партиясы елде аса елеулі радикалды қадамдарға бара қойған жоқ. Бірақ та лейбористер кезеңінде Черчилль билеуші үкіметтің дәл осы салаларыда радикалды қадамдарға баруын талап етіп келген болатын. Әлеуметтік қорғау жүйесі бұрынғысынша, лейбористер тұсында қалай іске асса, солай жүргізіледі. Черчилль меншіктерді ұлттандыруға (национализация) аса зор мәні бермеді. Керісінше, металлургия өнеркәсіптері мен автомобиль Транспорттары жекешенлендірілді. (денационализация) жалпы, елдің ішкі саясаты бұрынғысынша Черчилльді аз ойлаедырды. Бұл сферада оның министрі өзіндік басқару тәсілімен іс жүргізді.

1952 жылы қаңтарда Черчилль Америка Құрама штаттарында АҚШ президентімен кездесу үшін аттанды. Ол әскери шені бар киімімен көптеген Кеңесшілер және жақтастарының демеуімен АҚШ-қа аяң басты. Черчилль американдықтардан Англияға қарулану саласына қаржылай көмек сұрауға келген еді. АҚШ Англияға түсті мателлдарға айырбас ретінде болат пен шойын беретін келісімге қол жеткізді. 1948 жылы лейбористтер үкіметі Британ аралдарында американ әскери базаларын салуға рұқсат берген болатын. Черчилль енді бұл базаларды соғыс бола қалған жағдайда екі елдің үкіметтері бірлесе отырып пайдалану туралы келісімдерге қол жеткізеді. Президент пен премьер-министр құрылғылары жатқан Еуропалық қорғаныс қауымдастығын сондай-ақ Батыс германияны Әскери блоктарда қорғауға уәде берді. Черчилль американдықтарды НАТО құрамындағы қаруларға ағылшындық әлемде теңдессіз санап, келген ағылшын вентовкасын ендіргуе көндірбек болып еді. Алайда, Американдықтар бұл ұсыныстан үзілді-кесілді түрде бас тартты.

Черчилль американ конгресмендерінің алдында сөз сөйлеу құқығын пайдаланып, Кореядағы Англия саясатын, АҚШ-тың Қытайға жасап отырған саясаттарын қолдауға шақырды. Оның конгрессте сөйлеген сөздері Англияда сөйлелеген үнеулерінен ерекшеленіп тұрды. Оның бір сөздері агрессиялық сипатта еді. Черчилльдің АҚШ-тағы сөздерінің қателігін пайдаланған лейбористер сынауға көшті. Эттли американ газеттеріндегі Черчилль берген сұхбаттарға көзқарас білдіре отырып, «кәрі ағылшын бұрынғысынша пікірінен таймаған» деп сынады.

Черчилль үкіметі әсіресе атом бомбасы төңірегіндегі зерттеу мәселелеріне баса назар аударды. 1945 жылдың өзінде-ақ, Черчилль АҚШ сынақтан өткізген атом бомбасын жоғары бағалап, оны ғылыми-техникалық революцияның ең ірі жетістігі деген болатын. Бірақ, ол өзінің бұл болжамын жасай отырып, қателескен болатын. Оның осы қаруды пайдалана отырып, Кеңестер одағына сес көрсетіп, ағылшын-американ диктаторының (өктемдік) бағындыру әрекеттері де сәтсіздіктерге ұшырады. Черчилль үшін тағы бір күтпеген жәйт болды. Ол: 1946 жылы АҚШ қабылдаған макшагон актісі бойынша атом-бомбасы құпияларын Англиямен бөліскісі келмейтін әрекеттері еді. Жаңа қаруды жасау ісіне көптеген ағылшын ғалымдар мен техникатері қатыстырылғанына қарамастан американдықтар осындай қадамға барды. Черчилль басқа да ойларында қателіктерге бой ұрды. Біріншіден ол потсдам конференциясында Трумен Сталинге атом бомбасын жасап шығарғанын мәлімдегенде Генералисимус мұның мәнін түсінбеді деп ойлады, екіншіден, Кеңестер одағына бұл қарудың құпияны ашып, жасап шығару үшін көп уақыт керек деді. 1949 жылы тамыз айындағы Кеңестер одағында жасалған атом жарылысы Черчилльге ашық күндегі найзағайдай жарқ ете қалды. Американ зерттеушісі А.Пьерр: «Кеңес үкіметі атом бомбасының өте жылдам уақытта жасап шығарылуы тек Лондон үшін емес, сондай-ақ Вашингтон үшін де күтпеген сый болып табылды» деп жазды. Сондықтан да Черчилль 1951 жылы билікке келген сәтке дейін лейбористер үкіметін өзге елдерден әскери потенциалдар бойынша қалып бара жатқанына кінәлі деп келді. 1949 жылы қыркүйекте Черчилль консерваторлық партьияның өзге де депутаттарымен ағылшын атом бағдарламасына қайта қарауды талап етіп, « Орыстар бізді қуып басы бозды» деді. «Уақыт және шыдамдылық» - деді, ол « бізге қызмет етпейді» деген еді. Алайда, тарих көрсеткеніндей Черчилль лейбористер негізсіз айыптар тапқан болатын.

1947 жылы Англияда Оксфорд университетінің профессоры М.Гоингтің леибористер үкметі тұсындағы атом бағдарламаларын куәландыратын құжаттар сипатталған кітабы жарық көрді. 1945 жылы 10 тамызда лейбористер үкмет тізгінін ұстағанын екі апта өтпей-ақ, Лондонда ядролық потенциялдың дамытудың алғашқы қадамдары жасала бастаған екен. Яғни, бұл істі жүзеге асыру 15 жылға созылып, миллиард фунт стирлинг қаржысын жұмсауға мәжбүр еткен көрінеді, нақ осы бағдарлама мен айналысқан «Джем-75» деп аталатан құпия комитеттің құрамына премьер-министр К.Эттли, сыртқы істер министрі Э.Бевин, ішкі істер министрі Г.Моррисн, және сауда министрі С.Криппстор енген. Бұл комитетке қарды министрі Х.Дальтон мен министр Д.Уймот енген. Бұл сферадағы шын мәнәндегі билік екі адамның қолына шоғырланды. Олар: К.Эттли және Д.Андорсон соңғысы операцияның алдыңғы орындығында отыратын әсершіл консерватор. Соғыс жылдарында ол Черчилль өкіметінің тұсында Андорсон атом саясатын жүзеге асырды. Ол дәл осы функциясын Эттли кезінде де атқарды.

Билікке келген Черчилль өзіне дейінгі лейбористердің атом бағдарламасына 100 млн. Фунт стелинг жұмсап, мұны парламенттен құпия ұстап келгендерін ұстады. Яғни атом саласына жұмсалған бұл қаржылар Эттли тұсында жұмыс орындарыфн, құрылыстары мен қоймалар т.б. салу үшін жұмсалды деп бюджеттен бөлінген еді.

Билікке келген Черчилль атом ісін дамыту жоспарын Эттли, Андрсон тұсындағы бағытпен жалғастырды. 1952 жылы 3 қазанда Англия өзінің алғашқы атом бомбасын жасап шығарды.

Елдің экономикасын құлдыратқан қару жасау ісіне бөлінген қаржы қаражаттарды құбан ете отырып, ағылшын билеуші топтары қандай мақсаттар көздеді. Біріншіден, осы қаруға қол жеткізе отырып, Англияның социализмге, коммунизмге, ұлт азаттық қозғалыстарға қарсы ықпалын күшейту, Кеңестер одағына қарсы айталған. «Фультондағы сөздің» маңыздылығы мен мәнін көрсету «Англияның жеңімпаз болуын қамтамасыз ету; екіншіден, АҚШ-пен арадағы тең емес қарым-қатынастарды қалпына келтіру; ағылшын атом бомбасы Англия үкіметінің американдықтармен тең дәрежеде сөйлесуіне мүмкіндік беруі тиіс. Үшіншіден, Англияның билеуші топтары атом бомбасын иелене отырып, бұрынғы әлемдегі ұлы державаның (Британия Империясы) ықпалын қайта орнатуды көздеді.

1952 жылы ақпан айында 56-жасқа таяған шағында ағылшын Королі Георг VІ қайтыс болды. Англияда ханшайым ретінде оның қызы Элизабетте ІІ шақырылды. Мархұм корольдің жерқойнауына тапсырылу рәсімін ойдағыдай орындап, жаңа монархтың көңілінен шығуға тырысты.

1953 жылы жаңадан таққа отырған ханшайым. Черчилльдің Англияның жоғары ордені –ерлік орденін тапсырды. Бұл марапаттаған рицер мәртебесі және Сэр Уинстон Черчилль деп аталуына құқық берді.

Биліктегі өзін соңғы мерзімдерінде Черчилльдің саяис беографиясы бұлынғырлана түсті. Оның стратегиялық концепциясының мәні социалистік жүйені заласыздандырып, әлемді жалғыз капиталистік системаны орнату жатты.

1957 жылы Черчилль: жаңа, мүлде ақылға сыймайтын күш, кез-келгенді жойып жібере алуға күш пайда болды» деп жазды. Оның бұл ойы Кеңестер одағының ғылым техника салаларында жеткен жетістіктеріне байланысты айтылған болатын Кеңестер одағының Англия енді ядролық қаруын жасауға, кірісіп жатқанда, атом бомбасын былай қойып, термоядролық бомбасын жасап шығаруға Черчилльдің бір жағынан қатта қапаландыраса енді бір жағынан қатты таң қалдырды. Сондықтан да Черчилль КСРО мен есеп айырысу мәселесін кейінге қалдыра берпді. Кеңестер одағы соғыстан қираған экономикасын қайта қалпына келтіріп, саяси экономикалық, мәдени дамудың келесі сатысына көтерілді. Мұның бәрі Кеңес халықтарының төккен терісініңт арқасында болған болатын. Өйткені, оларды олар дәл мұндай даму сатысына көтерілмеген жағдайда, ядрролық бомба шабуылының, империаслитік державалардың агрессиясынан аман қалу екітайлай екінін үғынды. Бұл Кеңестер халықтарының ерен-ерліктерінің үлгісі болып табылды.

Кеңес мемлекетін тікелей қолдауына сүйенген Европа мен Азияның бірқатар елдері социалисытік төңкеріс жасап, социалситік жүйе бағытымен жылжи бастады. Бұл әлемдік капитализмге, соның ішінде ағылшын берілген күшті соққы болды. Отар және тәуелді жерлер, тәуелді елдердегі ұлтазаттық қозғалыстарда ағылшын американ империализміәне шаңырағы шайқалта бастады.Черчилль Британ империасына Бодан мемлекеттердің біртінде, өзіндік даму жолына түсіп, азаттық алған бағыттарына жол бергісі келмеді. Алайдағ Черчилльдің бұл әдістері бұл кезеңүшін ескерген әдіс екені аңғарды.

Екінші дүниежүзіңлік соғыстан кейін орын алған бұндай процестерге Черчилль және оның жақстастары кедергі жасай алмады.

Черчилль әскери стратегия саласындағы алпауыт авторитет –капитан Лиддел Гартқа үлкен қарады. Өз статьяларында Лиддел Гар атом соғысы бола қалған жағдайда бұл қару бірінші кезекте англияның өзін құрбан етеді. Сондықтан да , Черчилль КСРО ның «сөзсіз тізе бүгуінен» - үмітін үзді. Ол екеу аралық атом соғысы бүкіл адамзат баласын, тіпті өздерінде жоқ қылып жіберетінін де түсінді. Ол нақ осындай ойлармен 1953 жылы сөз сөйлеген. Ал 5-7 жыл алдын ол Батыс елдерінің Кеңестер одағын тізе бүктіру жолын қатаң ұстанған болатын. «Ядролық ғасыр» дейді ол. «ұлы державалар арасындағы қатынастарды өзгертті, бұл қаруды жасап шығарудағы орыстардың деткен жетістіктерімен әскери-әуе күштерінің қуаты біздің социализмен бейбіт жолмен тарату идеямызға оп-оңай кедергі қоя алатынына көз жеткіздік».

Черчилль дәл осындай ойлармен арпалысып жүрген кезінде, И.В. Сталин қайтыс болды. Деген хабар келді. Черчилль соғыс жылдарында сталинмен хат алмасып тұратын. Соғыстың соңғы кезеңі мен 1945 жылғы парламент сайлауында ол Сталинді өзінің «ең жақсы досы» ретінде өзін көрсеткісі келген. Бұл КСРО мен жақындасуды талап еткен ағылшындардың сенімінен шығуға бағытталған оның мықты ораторлық тактикасы болатын. Шын мәнінде Черчилль Сталинге іштей жек көрініштілік пиғылмен қарады.

Ялта конференциясында түскі ас кезінде Черчилль тост сөйлеп, былай деді: « мен, біздің қас жауымызды» аяғын аспаннан келтірген керемет АҚШ президентімен Маршел Сталинге бізді дұрыс жолға апарады деп сенемін, кедейшілікпен, жүгенсіздіпен, ашщтыққа қарсы күресте дұрыс жол бастап, әлемді тұры бағытқа бастайтындарына сенімдімін» дейді Черчилль маршел Сталиннің өмірін «Баға жетпес қазынаға» бағалайтынын, осындай әскери тұлғамен жер басып, бірген жүргенін мақтаныш қылатынын бірнеше қайталай айтқан. Тіпті, ол бір сөзінде « Жолдас Сталин, соқалыф Ресейді атомдық держава дәрежесіне көтерді.» деп те, мақтаған . Бұл сөздер Черчилльдің көкейіндегі сөздермен әлдеқайда алшақта жатқан болатын.

И.В Сталинді өз кезегінде ағылшын премьер-министрінің «жалаң»мақтауын сенбейтіндігін дәлелдегісі келген. Ол Черчилльге былай деп жауап қайтарды: «мен біздің одақ үшін көтерілгім келеді... Одақтың ішінде одақтастар бірін-бірі алдамауы керек. Осы дұрыс па, талантты дипломант: «Неге маған менің одақтасымды алдамасқа ?» деп айтады. Бірақ, мен турашыл адам ретінде айтамын, одақтасыңды ол ақымақ болса да алдамау керек. Мүмкін, біздің одағымыз күшті болғандықтан болар, біз бір-бірімізді біріміз алдамаймыз; мен біздің үш державамыздың мықты бірлігі шін тост көтеремін. Одағымыз күшті әрі тұрақты болсын, және бір-бірімізбен ашық сөйлесейік».

Черчилль мұның әзіл емес салмақты әңгіме екенін ескеріп, көп жылдар өткеннен кейін өз мимуарында былай деп жазды: « мен ешқашанда ол мұншалықты ашық адам деп ойламаппын» дейді.

1953 жылдың наурыз айының басында Сталиннің сыртқатының сыр беруіне байланысты Черчилль бұл іске аса зор мән берді. Ол Лондондағы Кеңес елшісімен байланысып, Сталиннің жағдай туралы үнемі хабардар болды. И.В. Сталин көз жұмған кезде Черчилль жария түрде еш пікір білдірмеді, бұл оның Сталин туралы ойын іште жасыруына түрткі болды. Черчилль Кеңестер одағына қарсы ондаған жылдар бойы үздіксіз күрес жүргізіп келсе де, бұлмемлекет туралы аз білді. 1953 жылы көрнекті Кеңес қайраткерінің өмірден өтуі КСРО-ның толық ыдырауына алып келеді деп сенді.

1953 жылы көктемде Черчилль АҚШ, КСРО, Франция басшыларымен ұйым құру идеясымен таныстырмақ болды. Ағылшын премьер-министрі бұл кездесуде Кеңес үкіметіне үстемдік етіп, оның империалистік державалрдың алдында тізелетпек ойын жоспарлады.

Кеңестер одағы да өз кезегінде бұл жиынға кездесу үшін емес, қарсыластардың күш-қуатын сынап көруге келген еді. Черчилль өзі айтқандай, осы кездесуде орыстарда жаңа ойлау қалыптасты ма әлде, саяси бағыттар өзгере ме ? міне осы мақсатта осы жиынға мұрындық болды. Бір жағынан Уинстон Черчилль үлкен үшитік жиынын ұйымдастыра оытырып, ағылшындармен қарсыластырының арасында беделге ие болғысы келгені жасырын емес. Өйткені, бұл үлкен үштіктің екеуі көз жұмды. Сондықтан да ол осы жиын үлкен бедел әпереді деп сенді.

Черчилль үшін тағдыр мәселе маңызды болды: ол сайлаушыларына берген уәдесіндегі КСРО басшылығы мен ымыраға келу жоспарында ұмытып қалдырмады.

Осы мәселеді. Черчилльдің жоспарына американ лидерлері келсе көлденең тұрып алды, егер ағылшын премьері дөңгелек үстелде Кеңес басшылығымен кездесуге әзір екендігін , американ делегациясы Кеңестері мен бір үстелде отырмайтындықтарын мәлімдеді. Бұл уақытта АҚШ та мұндай рекационерлік бағытты радикал сенатор Маккарти жүзеге асырып жатты. Американ үкіметі қиыр Шығысқа агрессиясын жалғастыра берді.

Ағылшындар бұл шиеленістерге аса зор қауіппен қара бастады. Черчилль және өзге де ағылшындар АҚШ тың қиыр Шығыстағы операциялары үшінші дүниежүзіоік соғысқа ұрындыратындығына кәміл сенді. Бұл америкаға өз жерінде атом базаларын салуға рұсқат бергендіктен. Бірінші кезекте ядролық соғыстың құрбандары болатынын терең түсінді. Қиыр Шығыстағы АҚШ тың жеңе қалған жағдайдағы одан әріге саясаты Англия отарларына келіпт тірелетіндігін тағы да ескерді. Ағылшын коллониялары американ империализмін қолына өтіп кету қаупі, ағылшын үкіметін қатты алаңдатты.

1953-1954 жылы Черчилль батыс пен Шығыстың барлық саясаткерлерін таң қалдыра отырып, « Ресеймен бейбітшілік келісімге келуге дайын екендігін түсініп» мәлім етті. 1954 жылы Америкаға келген Черчилль: « мен әлемде өз одақтастарымызбен бейбітшілікті қамтамасыз етуіміз деген пікірімді тағы айтамын» деп мәлімдеді, бұл деклорация Черчилльдің Фультонда сөйлеген сөзінен бергі барлық саясатының жеңіліс тапқандығынан хабар берді. Ол онда Кеңес үкіметіне қарсы атом соғысын жариялау барша адамзат үшін алапат қырғынға алып келуі мүмкін» деген еді. Черчилльдің саясатымен бірге 180 градусқа ауысқанын қалай түсіндіруге болады? Әрине, ол жоғарыда айтып өткеніміздей, біріншіден ядролық бомба бірінші Англия жерін жалмайтынын т үсінді, екіншіден, ол дүниежүзілік соғысты бастаушы Гитлер сияқты адамзат санасында жағымсыз тұстармен қалғысы келмеді.

1953 жылы шілдеде Корея жөніндегі ымыраға қол жеткізілгеннен кейін Американ үкіметі Францияның Үнді-Қытайдағы отарлық соғысын жалпы империалистік мемлекетттерді ұлт-азаттық қозғалыс ұйымдастырған Оңтүстік Шығыс Азия халықтарына келген уақытта қарсы қобды көздеді АҚШ мемлекет хатшысы Ален Даллас Үнді-Қытай халқына дәл кәрістерге ұйымдастырған интервенцияны жалғастыруды жоспарлады. 1954 жылғы американдықтардың қиыр Шығыстағы саясаттары әлемді жаңа соғыс табалдырығына жақындата түсті.

Даллас шұғыл түрде Лондонға келді, алайда ол Черчилль үкіметін Азиядағы үлкен өртін тұтандыруға көндіре алмады. Ағылшын басшылығы бұл мәселені Женева конференциясында карастыруды мәлімдеді.

Бұл конференция ақыры орын алды. Кеңестер одағы ,Қытай, Франциядағы тағы басқа елдер Үнді-қытай мәселесіне билік түрде шешуіне талап етті. Англия ұстанымы да осы елдерге жақын болды. Американдықтар ағылшындардың өздерін сатып, сазға отырғызып, кеткендеріне қатты ашуланды «Женева келісімі бұл ағылшындармен американдықтардың қатынасын ұшытыруға дейін апара жаздады» деп жазды ағылшын тарихшысы Д. Кенбелл .

Алайда, Англия 1954 жылы қыркүйект қиыр Шығыс елдеріне әскери-агрессия ұйымдастыру мақсатында империалистік елдер құрған – СЕАТО ұйымының құрылуына ұйытқы болды. Сыртқы істер министрлігінің арызында; «Кеше ғана Англия мен Франция Азия халықтарына бауырмалдық білдіріп, олардың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға тырысамыз деген, ол бүгін келіп, Азия мемлекеттеріне интервенция ұйымдастыру жоспраларын қалай түсінуге болады».

1952 жылы мамарды Англия тағы да басқа капиталистік мемлекеттер Аденауер үкіметімен екі келісіммге қол жеткізіп, Батыс германдық қарулы күштер мәселелерін қарады. Бұл күштер Европа армиясының ядросы болады деп белгіледі. Бірақ, европа қару-жарақты герман федеративтік республикасына тасымалдау бұл таяудағы болған Европадағы қайға мен көзжасты тағы бір қайталау мүмкін деген күдікпен өмір сүре берді. Бірқатар елдерде, соның ішінде Англия, Батыс Германияның римилитаризпциялау (қаруландыру) ісіне байланысты халық наразылықтары күшейді. «Европалық армия» құру бастамасына әсересе фртанцуздар қатты қарсылық танытты. Олардың өзіндік серіктері де бар еді. Черчилль Францияның келісімінсіз Батыс Германияны қаруландыруға болмайтындығын, білді. Ол сондай-ақ , Францияның батыс Германияны жаппай қаруланджыру жобасынан үрейленіп жатқан заңды себептерін де түсінді. Кейін өзі жазғандай; - 70 жылғы жуық француздар 3 рет немістердің Рейнмен бастаған шабуылына ұшырады. Әрине, Седан, Верден түбіндегі қандық қырғын, 1940 жылдары күйрей жеңілістер мен екінші дүнижүзілік барысындағы окупацияларды ұмыта қою қиын болатын. Мен Францияда жаңа герман мемлекетіне қару-жарақ бере отырып, кепілдік берсем де, жаппай наразылықтар мен келіспеушіліктердің болатынын білемін. Алайда, біз келешектегі Кеңес әскерлеріне батысқа агрессиясы бола қалған жағдайда. Оларды тойтаратын да немістер болатынын ескеруіміз қажет».

Черчилль «Европалық армияны» құру үшін француздардың келісімін алу мақсатында егерде француздар Бонн және Париж келісімдеріне (1952) қарсылық танытса, герман қарулы күштері түктің түбінде Атлантикалық одақтың аясында құрылады. Деп қорқытты. Черчилль ешқанаш, әсересе, Францияда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін танылмаған еді. Ал оның француздарға көрсеткен қыры француз басшылығы тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады. Франция ұлттық жиналысын бірінші депутаты Филипп Баррес былай деп мәлімдеді: «Сэр Уинстон Черчилльге Францияны басқару құқығы әлі де берілген жоқ. Біз өз өзіміздің басымызды құрбандыққа тігеміз бе, әлде тікпейміз бе өзіміз шешеміз. Франция ұлттық жиналысы 1954 жылы тамызда Европалық қорғаныс қаумдастығын құру туралы келісімді мақұлдамады. Жауап ретінде ағылшын үкіметі батыс Германияны ремилитаризациялау ісіне бұрынғыдан беттер белсінділік таныта бастады.

Лондонда кейіннен Парижда 1954 жылы 24 қазанда конференцияларға шақырылып, онда Англияны қосқанда 9 мемлекет Германияда ремилитаризациялауға қатысты жаңа келісімді талқылады. ФРГ осыдан кейін Батыс Европалық одақпен соғыстың Антлантикалық соғыс шарт ұйымына (НАТО) мүшелікке өтті. Францияның ФРГ дан төнетін қауіпінің деңгейін төмендету мақсатында Черчилль үкіметі Батыс Германия территориясында өзінің әскери бөлімдерін ұстайтындығына сендірді. Лейборист Кроссмен осы саясатқа байланысты парламентте: «мен ағылшын армиясны Европада Германия милиторизмнің таралып кетпеуі үшін жасалған жалғыз жол десе сенер едім, алайда, 120 мың әскермен герман милитаризмін таратапау үшін апарып қою бұл шындығында да үлкен ақымақтық деп мәлімдеді.

Бұл кепілдіктерге қарамастан француз парламенті бұл ойларынан халықтың пәрменімен қайта бас тартуы мүмкін деген үрей де пайда болды. Черчилль Францияның осы құжатқа қол қойып, бекітуіне күшін еселеп жұмсады. 1955 жылы ол Франция премьер-министрі Мэндс-француаға хат жазды. Онда былай делінген: «Егер, Франция бейбіт әлемде жалғыз өзі нейтролита болып қалса, мені бұл жәйт қатты толғандырады». АҚШ пен Англияның реакционерлік күштері ақыры француз парламентіне батыс германияда реймелитаризациялау саясатын ратификациялаған (бекіткен) заң қабылдаттырды.

Англия бұл келісімге АҚШ және Франция тағы басқа капталыстік елдер ынтымақстаса отырып барды. Черчилльдің мақсаты, Батыс германияны жаппай қаруландырып, КСРО-ға қарсы бағыттау болатын. Осыдан кейін Черчилль үкіметі бүкіл әлем қауымдастығының алдында екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қол жеткізген Англия мен КСРО арасындағы дипломатиялық байланыстарды біржолата үзетіндігін мәлімет етті.

Кеңес үкіметі бірнеше рет Англияға КСРО ға қарсы пиғылдағы батыс германдық реваншистермен одақтасып Кеңес одағына қарсы бағыт ұстанса , бізде дәл солай Англиямен қарым-қатынастарымызыд мүлдем үземіз деп жауап қайтарды. Черчилль үкіметі Кеңестер одағының бұл мәлімдемесіне назар аудара қоймады. 1955 жылы 7 мамырда КСРО жоғарғы Кеңесінің президиумы ағылшын Кеңес келісімдері қайта қарау туралы жарлық шығарды.

Бұндай шешімді КСРО консерваторлық жетекші премьер-министр қосынан кеткеніне 1 ай толғанында қабылдады. Осылайша ол өзінің саяси карьерасын екі жақты акция мен аяқтады: 1)КСРО ға қарсы бағытталған батыс герман империализмімен одақ құрды. 2) Англия мен КСРО арасындағы қарым-қатынасты біржолата бұзды.

50 жылдың ортасына қарай Черчилльдің сыртқы саясатындағы тұрақсыз тұстар көріне бастады. «Қырғи қабақ» соғысты бастап, с оңында бұл саясаты сәтсіздікке ұшыраған соң оның беделі төмендей түсті. Күн өткен сайын үкімет басына жаңаша ойлайтын, жаңа ойлайтын тұлға керек екені ақындала берді.

Сонымен бірге Черчилль бұл кезде ол өте қарт еді. Премьер –министр болған жылдары (1951) оған қуатына күшті одан сайын түсірді. 1953 жылы маусымда Черчилль инсульттан кейін денесінің сол жақ бөлігі жансызданып қалғанын қатты қайғырды. 79 –жасқа таяған ескі премьерм-министр үшін бұл сырқат өте қауіпті болатын. Бірақ, Черчилль сыртқаттарды қайта жеңе біліп, саяси өмірдің қол үзіп кетпеді. Денесінің жансызданған сол жақ бөлігі қайтадан қалпына келді, ал келесі жылы қазан айынан бастап ол консервативтік партияның жыл сайынғы конференцияада сөз сөйледі.

1954 жылы қарашада Черчилльдің 80 жылдығы көз көріп, құлақ естімеген думан ретінде тойланып өткізілді. Оны ағылшын саясатының көрнекті өкілі ретінде, буржуазиялық әлемнің жетекшісі ретінде құттықтаған құттықтаулар оның асқақ абыройының әлі де болса, ағылшын қоғамында бар екенін көрсетті. Думанды кешке қауымдар палатасы, ал шет елдерден келген қонақтар қатысты.

Парламент Черчилльге әйгілі ағылшын суретшісі Грехен Сазрлент салған портретті сыйға тартты, портрет үлкен дау туғызды. Біреулер, Черчилль мұндағы данагөй қолбюасшыға, кәрі қайраткерге ұқсамайды десе, басқалар тағы да сондай пікірлерде болды. Қауымдар палатасының бір депутаты бұл « Шынай бейне» деп атады. Яғни портрет кейіпкері мен кәрі минстр ұқсаса деген ой айтты. Бұл портретте атом бомбасын ойлап бас қатырған кәрі адамның бейнесі бейнеленген екен.

Ұзақ жылдар бойы 1954 жылы парламент сыйға тартқан портреттің тағдыры беймәлім күйде қалып келді. Тек оның әйелі Клементина Хозье қайтыс болғаннан кейін марқұмның күнделік кітабынан портреттің тағдыры туралы толық мәлімет анықталды.

Ол онда портретті күйеуі ұнатпағандықтан жыртып тастағанын айтқан екен. «мен мына суретте жарым ес болып бейнеленгенмін» деген еді. Ол осы туындыны сыйға алып тұрып. Портрет авторы, суретші Сазерленд суреттің жоюлуын «Вандализм актісі» деп бағалады.

1953-1954 жылдары консерваторлар партиясының өкілі Черчилльдің егде тартқан жасына байланысты партияның өзге жетекшімен алмастыру мәселелерін талқылады. Салыстырмалы түрде оның ізбасары болмады. 1940 жылы Черчилль консерваторлық партияның жетекшісі болып сайланған кезде. Бірқатар консерваторлар оны ізбасар етіп, Антоний Иднды сайлауды ұсынған. 1942 жылы АҚШ-қа сапарында корольге өзі опат бола қалған жағдайда, орнына премьер-министрлікке Иднды тағайындауды тапсырған.

1953 жылы Черчилль ауырған кезде Иднның дәурені басталғандай көрінген алайда, бұл кезеңде, Иднның өзі күрделі операциядан кейін ауырханада жатқан болатын. Черчилльдің ұлы Рондольф егер де сол кезде Идн Англияда болып, сау болса, онда ол сөзсіз премьер-министр болар еді дейді. Сондықтан да консерваторлық партияда Идн сырқатынан сау болып шықпайынша Черчилльдің отставкаға кетіру ерте деп ойлады.

Черчилль консерваторлық партияда оның отставкаға кетуін қалатындар саны өсіп келе жатқанын жақсы білді.

Черчилльдің отставкаға кету әрекеті шумен айқайсыз өтуі тиіс болды. Ол 1955 жылы қаңтарда қызметтен біржола кетуге бел шеше кірісті. Оны аса құрметпенен шығарып, салу рәсімі өтті. 1955 жылы 4 сәуірде ханшайым Элизаветта ІІ өз жұбайымен премьер-министрдің Даунинг стрит ондағы резиденциясына келді. Түскі ас кезінде кабинет мүшелері, көрнекті лейборист қайраткерлері, көптеген әскери соғыс кезіндегі және Черчилльдің сол кездегі жақтастары ханшайыммен бірге отырып ас ішті. Ханшайымның түскі асқа келіп тікелей қатысуы биліктің кетіп бара жатқан премьер-министрге деген аса зор қошеметтің белгісі еді.

Сонымен, Черчилль отставкаға біржолата кетті. Көптеген қым-қуыт оқиғаларға тола мұның ұзақты әрі қызықты карьерасы аяқталды. Сөз жүзінде ол парламент мүшесі болып қала берді, ал іс жүзінде ол саяси өмірімен қош айтысқан болатын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]