- •1.1. У. Черчилль – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері
- •2.1. У.Черчилль үкіметінің фашизмге қарсы тұру мақсатында ұйымдастырылған халықаралық конференцияларға қатысуы.
- •І Тарау екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Уинстон Черчилль басқарған үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты
- •1.2. У.Черчилль-антифашистік идеяның қызу қолдаушысы «Егер Гитлер тозаққа түсер болса мен ібіліске мақтау өлең арнар едім»
- •2.1. У.Черчилльдің фашизмге қарсы тұру мақсатында ұйымдастырылған халқаралық конфернцияларға қатысуы
- •2.2. У.Черчилль-«қырғи қабақ» соғыстың негізін қалаушы әрі қолдаушысы
- •2.3. Екінші дүниежүзілік соғыстан Черчилль үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты
- •Қорытынды
- •Сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттер тізімі:
2.2. У.Черчилль-«қырғи қабақ» соғыстың негізін қалаушы әрі қолдаушысы
1945жылы көктемінде Черчилль өз жоспарымен ағылшын халқынан алшақиап кетті. 1945 жылы бүкіл Европада, Англия ны есептемегенде халық көңіл күімен билік санасып отырды. Ағылшындар КСРО-мен ынтымақтасуға, содай-ақ, елдің ішкі өмірінде демократиялық бағыттарды дамытуды талап етті. Бұл жәиттерді Черчилль байқамады, және түсінбеді, нәтижесі оған ауыр соққы болыптиген болатын.
Германияны тізе бүктіргеннен кейінгі ағылшын парламенті (1935 жылы сайланған) тағы онжыл өмір сүрді.
Германияны тізе бүктіру ісінде ерекше рөль атқарған Кеңес Одағының жеңісі социолизм ісіне деген жағымды құбылыстарды қалыптастырды. Бұл мемлекетте, яғни Англия да социолизмге деген ынта ерекше болды. Консерваторлар партиясы лейбористерге сынау барысында көбіне социолистік партия деп айыптады. Черчилль лейбористер партиясының жетекшілеріне килігіп, оларды сын астына алды. әитпесе, дәл сол қайраткерлер 1940 жылы коалициялық үкіметтің келісімімен оны осы билікке әкелген болатын. Ол «лейбористер партияс ағылшын халқының абыройы мен бостандығына апат алып келеді» деп мәлімдеді. Ол лейбористер қоғам игілігі мен қажнттіліктерін толық қанағаттандыра алмайды, егерде лейбористер саилауда жеңіске жете қалса, елде гестапо орнайды деп іріткі таратты.
Осылайша,Черчиль кансеваторлар партиасының 1924-1931 жж сайлау кампаниясының әдістерін жүргізді.Олар сол кезде ұсақ бржуазия тап өкілдерін ревалюциа елестерімен қорқытып, оларды кансерватолар қарамағына тартып алған еді. Бұл жолы Черчилль оларды тотаметаризм апаты күтіп тұр деп қорқытуды жоспарлады. Консервативтік пресса ( сіздер Германиядағы гестапо қалай енгенін көре отырып сол гестапо өзге атаумен сіздердің үйлеріңізде орнауы мүмкін екенін қалай көрмейсіздер. Қалайша, сіздер Черчильден осы сөздерді естіп мемлекеттік бақылау фашизмге алып баратынын түсінбейсіздер.Черчилльдің 1945 жылғы лейбористерге қарсы сотциализмге қарсы мүндай сайлауалды кампаниясы әубастан-ақ оны қателіктерге ұрындырды. Көпдеген консерваторлар мұны дер кезінде түсінбеді. Сайлау науқанында Черчилль бел шеше кірісті. Оның бағдарламасын насихаттаған кез келген қаладағы машиналар үстіндегі мегафондардан: «Бізге қосылыңыздар, ол әлемдегі ең әигілі адам, көрнекті мемлекет қайраткері, деген дауыстарды» деген дауыстарды есту үреншікті құбылыстарға айналды. Қала және село көшелерінде Черчилль дің суреті ілінген плакаттарда: «Бұл адам соғыстан жеңімпаз болып шыққан» «Бұл адам сол істі аяғына дейін бітіреді» деген жазулар қаптап кетті.
Жеңіс ағылшын сайлаушылары үшін өткен іс ретінде болды. Олар бейбіт өмірді қалыптастырушы адам үшін дауыс бергілері келді. Олар Черчилль дің жопарынан ондай тұоғаның белгісін байқамады.
Консерваторлардың сайлау компаниясы КСРО-ға қарсы пиғыл ұстану сайлаушылардың қолдауынан айрылуға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ұғынды. Сондықтанда, Черчилль лейбористерге социолистер ретінде шабуыл жасай отырып, КСРО-мен байланысты соғыс тұсында консерваторлар орнатқан деп дәлелдегісі келді. Әсіресе, сйлаунауқанында Черчилльдің И.В Сталинмен достығы ерекше насихаталынды.
Консерваторлар өздерінің сайлау компанияларының тек лейбористерді сынаумен жүзеге асырды. Іс жүзінде өздері ешбір жағымды бағдарламалар ұсынбады. Черчилльдің бір өмірбаянын жазушы кісінің айтқанындай, олар өздерінің жеткшілерінің портретін арқалап соның абыройымен парламенткетіке кіреміз деп ойлады.
Ал лейбористер басшылығы 1945 жылғы сайлау компаниялары өте ұқыпты, байсалды түрде жүргізе білді. Олар ең маңызды бағдарламаларды, халықтың көкейінде жүрген мәселелерді қозғады. Лейбористер ағылшын экономикасындағы маңызды салаларды ұлттандыратындығын, әлеуметтік қорғау жүиелерін жақсариуды, тұрғын-үй құрлысы т.б бағдарламаларды ұсынды. Олар КСРО, АҚШ, Ұлыбритания арасындағы әскери одақ пен ынтымақтастығтарды сақтап қалуды уәде берді. Черчилль елді арнайы пойыз бен митинглерді керемет авто көліктермен өткізсе, лейборис тер жетекшісі Эттли қала-қаланы өз әйелімен ескі автокөлікте аралады. Осылайша, Эттли, өзін сайлау науқаны кезінде төзімді, байсалды ұстай білді. Оны нақақтан-нақақсынап, компрамат іздеген Черчилль барған сайын абыройының төмендеп бара жатқанын аңғарды.
Ендігі жерде Черчилль сайлаушылар шешімінің кімнің пайдасына шешілетіндігінде болжай берді.
Дауыс беру 5-ші шілде күні өтті. Сайлау нәтижелері әлемнің әр түкпіріндегі алынатын сайлау бюлльетенндерінің кешігуіне тек 26-шы шілдеде белгілі болды.
Потсдам конференциясында КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшылары Англиядағы сайлау қортындылары жарияланбай тұрып, өз жұмысын бастап кетті. Конференция жұмысында Черчилль сайлау қортындысына қатысып келу үшін үзіліс болды. Подздамнан атанар тұста ол «менің қайтып оралтыныма еш шүбәләріңіз болмасын» деп мәлімдеді. Черчилльдің дәрігері Моран Берлинде барлық киімдерді тастап кете барды. Өйткені, олда бірәз күннен кейін өз примерімен қайтып оралатындығына кәміл сенді.
Лейбористер сайлау қортындысы бойынша консерваторлардың алдын орап, орасан зор соққы берді. Лейбористер қауымдар палатасынан 393 орынды ал, консерваторлар – тек 213 орынды емденді. Бұл Черчилльге күтпеген жерден берілген соққы болды.
Черчилль 1945 жылы сайлау үшін ағылшын халқын еш кешірмеді. Ол ағылшын халқы өзін және оның партиясын биліктен аластап, үлкен ақымақтық жасады деп ойлады.
С. Хаффнер: «Черчилль Англияға Германиямен соғысу үшін керек болды, алайда, Германияға қарсы соғыста көрсеткен оның данышпандығымен ерлігіне ағылшын халқы басиді, бірақ, кеңестер одағымен Англияны соғысудан арашалап қалу үшін олар сондай қал\дамға барды» деп жазды.
1945 жылы күзде Вашенктонға сапары алдында Эттли мемлекеттер қауымдастығы атым бомбасының құпиясы тек АҚШ пен Англияның қолында болу керек деген доктринаға келіспейтіндігіне көз жеткізіп, бұл мәселені кеңестер одағымен бірге талқылау керек деп шешті. Сыртқы істер министірі Э. Бевин бұл мәселе Труменмен Сталин алдында көтерілмеуі керек деп ойлады. Сонымен, Бевин бірдей атым бомбасын Кеңестер одағының сес көрсетуге шақырды. Бұл Черчилльдің Фультондағы сөзінен тура жарты жыл бұрын айтылған болатын
Кеңстер одағын еліссөзге шақыра отырып, Эттли өзі айтқанындай, «сенім актісін жариялағысы» келді Труменге ұсынылатын хаттың жобасын Эттли Черчилльге көрсетіп, кеңес сұрады. Ашу мен ызаға булыққан кәрі консерватор лейбористер жетекшісіне жегіп тастады: «сөзсіз американдықтар атом бомбасын жасалу процесін ұлттар ұйымында жария еткенін калайсызба, «сіз сонда олар орыстарға атом бомбасын калай жасалатындығын айтқанын қалайсыз ба? Черчилль бұлидеиаға қарсы екенін мәлімдеп, қоғамға аян болған тұста оны сынайтындығын айтады. Черчилль әлемдегі қауіпсіздікпен тұрактылыкты кеңес одағы емес, АҚШ және біз қамтамасыз етуіміз керек деп тұжырымдады. Черчилль ойлағандай Эттли де анау айтқандай, мейрімді, бейбітшілікті сүюші адам емес еді.
Сонымен «қырғи қабақ» соғысының негізін Черчилль дің өзі қалады. 1945 жылы лейбористердің жеңісінен кейін ол отставкаға шықты, бірақ саияаси өмірден қол үзбеді. 1946 жылы 5-ші нурызда Фультон қаласында (Миссури штаты, АҚШ) ол бүкіл батыстың демократиясын КСРО тарапынан төнетін қауіпке қарсы тұру үшін, әлемдік комунизмді құрту үшін ағылшын тілінде сөйлейтін «бауырлыс халықтардың» ассосациясын құруға шақырды. Черчель совет өкіметінің тоталитарлық режимінен төнуі мүмкін қауіптерді ескертіп, дабыл қақты. Осыған орай шығыс пен батыс европаны бөліп тұрған темір бет пердені (Железная занавес) де авторы болды.
1949 жылы сәуірде Черчельдің ұйтқы болуымен бірқатар капиталистік мемлекеттер құрамына енген агресивтік пиғыл ұстанған солтүстік атлантикалық шарт ұйымы құрылды. Яғни, бұл факт бойынша Потздан конференциясындығы қол жеткізілген табыстардың барлығы жоққа шығарылды. Германияға қарсы саясатты өзгерту көзделді, батыс Германияда мелитаристік жән ереваншистік саясаттарды дамытуды мақсат етіп алды.
Англияны НАТО ға енгізген лейбористер ағылшын халқына аса ауыр салмақ салды. Қытайдағы халық революциясы жеңіске жеткенне кейін Англия белгілі бір экономикалық, саяси мүдделерді көздей отырып, Қытай халық республикасын мойындады. (1950 жылы) Эттлимен Бэвин үкіметтері тұсында Англия АҚШ пен бірге 1950 жылы Кореядағы агрессияға қатысты 1951 жылығ қиыр шығыстағы американ әскери базасына айналған Жапониямен бейбіт келісімге қатысты. Алты жылға жуық басқарған лейболистер бұрын сайлау алдын ұсынған «социялистік» бағдарламаларының бірінде орындамады.
Міне , Англиядағы жығдай 1950 жылдардың кезеңінде осылай өрбіді. Черчель парламенттегі консерваторлар партиясының беделді опппозиционер жетекшісі болды.
Көптеген айыптаулармен сынап мінеудің арқасында 1951 жылы Черчель консервативтік партиясымен билікке қайтадан келді. Черчель екінші дүниежүзілік соғысқа өзіндік көзқарас білдіре келе, соғыс Англияжәне әлемдік капитализм үшін үлкен трагедиямен аяқталды және оған кеңестер одағының зұлым саясаты себеп болды деп есептеді. Ол өз еңбектерінде де 1945 жылы ағылшын-американ әскери күштерінің көмегімен кеңестер одағы және Шығыс Европадағы бас көтерген социолистік ревалюцияларды тұншыктырғысы келген. Осы арқылы екінші дүниежүзілік соғыс толық аяқталмай, үшінші дүние жүзілік соғыс тұтандырудыда коздеген еді.
Сонымен, Черчилль 1945-1945 жылдары қыс мезгілдерңде бірнеше айын АҚШ штаттарында өткізеді. Ол мұнда президент Трумен және озге де мемлекеттік департамент төрағаларымен кездесті. Дәл осы кездесулерде Черчилль дің әлемдік саясат оның жалпы тұжрымы қалыптасты. 10 ақпан күні ең маңызды деген мәселелер «президент Трумэнмен болған кездесуде шешілді. Бірнеше апта бойы Черчилль Флорида штатындағы курортта болып, өзінің антикоммунистік идеяларын тарата түсті. Барлығы дайын болған сәтте ол президент Трумэнмен бірге Флорида штатынан Фультон қалашығы орналасқан Миссури штатына аттанды және ол 1946 жылы 5 наурызда «суық соғысқа» бастама болған «әйгілі» сөзін Вестминистр колледжінде айтқан болатын. Міне, Черчилльдің Фультондағы сөзінің шығу тарихы осындай еді.
Әрине, оның бұл сөздері Эттли мен Бевин және президент Трумэнмен АҚШ мемлекеттік хатшысы Бирнстердің келсімімен бір ауыздан мақұлданып, айтылғаны анық. Тіпті, Трумэннің Черчилльдің тыңдаушыларға таныстыру үшін мыңдаған шақырым жолды ерінбей бағындырып келуінің өзі біраз жәйттерден хабар беретіні де жасырын емес. Пелменгтің айтуынша, Черчилль Эттлиге «Трумэн менің сөздеріме өте риза» деп жеткізген. Черчилль бұл сөйлеуде тек өз ойын білдіріп қана қоймай, екі державаның (Англия мен Құрама штаттар) антикеңестік бағдарламасын басқарып отырған топтарын КСРО-ға қарсы бағыт ұстануға, коммунистік структураны түбірімен жоюға шақырды. Трумэннің бұл Фультондағы Черчилльдің үндеуіне қатысуыда АҚШ-ң келешектегі бүкіл капиталистік мемлекеттердің авенгарды болуын мақсат еткені анық.
Ол әлемге тікелей және залалды түрде жаңа дүниежүзілік соғыс қатері төнгелі тұр, және осы қауіптердің тікелей факторларымен себепкерлері Кеңестер Одағы мен Халықаралық коммунистік қозғалыстар дей келе ағылшын тілінде сөйлейтін бауырлас, туысқан халықтардың ынтымағын, бірлігін құру идеясын ұсынды. «Бұл деген Британ ұлттары мен империясының Достастығы және Америка құрама штатарының халықаралық істерде ортақ мәселелері жетерлік, қару-жарақтарымызбен әскери потенциалдарымызды соңғы үлгіде бірлесе жарақтауымыз керек, және офицерлер мен тыңдаушыларды техникалық колледждерде оқытып, бір-бірімізбен алмастырып тәжірибе үйренуіміз қажет» деді. Бұл заман талабы болғандықтан екі мемлекетке тиесілі әлемнің түкпір-түкпіріндегі әскери-әуе, әскери теңіз т.с.с. күштерімізді бірге жұмылдыруымыз керек, бұл американ флоты мен авиациясының күшеюіне, Британ империясының қарулы күштерінің күшеюіне алып келетіндігі анық.
Соңында бұл «ортақ қаржылық экономикаға, сондай-ақ, ортақ азаматтыққа жеткізетіндігіне мен сенемін» дейді.
Ағылшын-американ әскери одағы кімге бағытталуы керек? «Черчилль еш бүкпестен бұл оңай салауға социалистік революциялардың қанат жаюына ықпал етіп, қолдау көрсетіп отырған Кеңестер Одағы қарсы бағытталады» деп жауап қайтарды. Ол өзінің жоғарыда айтқандай, антикеңестік іріткі салушылар арасында кеңінен тараған «темір бетперде» терминін қолданды. Оның сөзіне қарағанда, «темір құрсау немесе бетперде» бойынша Европа құрылғы Балтикадағы штаттин сызығынан Адриатикадағы триестке дейінгі аралықта бөліну, капитализмді оқшаулау саясаты болып табылады.
Черчилль АҚШ атом бомбасы арсеналына ие тұста дереу арада КСРО-ға күш қолдану керек деп ұсыныс жасады. Яғни, ол КСРО әлі де болса, атом бомбасына ие еместігіне нық сенімде еді. Оны ендігі жерде бұрынғы Британияның бір елді екіншісіне айдап салу дәстүр қанағаттандырмады. Ол ендігі жерде импералистердің жаңа саясатын «Күш позициясынан» доктринасын мәлімдеді «Менің орыстармен кездескенде бір ұғынғаным олар күшімен мақтанады» деді. Ол 1946 жылы «Ресеймен барлық мәселеде өзара түсіністікке келуді дақтап шыға бастады. Бірақ, осы арқылы ол Кеңестер Одағын өз ырқына бағындыруды, атом бомбасы қаруымен үрейлендіруді мақсат еткен еді.
Черчилльдің Фультондағы сөзінің мәні мынада болатын: Кеңестер Одағы қалған басқа халықтардың қауіпсіздігі мен бостандығы үшін айтарлықтай дәрежеде қатер төндіреді, сондықтан да, адам зат баласы бұл алапаттың алдын-алып, залалсыздандыру үшін ағылшын-американ достастығының аясына бірігуі керек деді. Осылайша, Черчилль бүкіл әлемді халқына қарсы көтерілуге шақырды. Бұл әділетсіз әрі арандатушылық сөздер Черчилль тарапынан екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына бір жыл өтпей мәлімденуі соғыс пен жеңістің көз жасы сапырылысқан Кеңес халқының ашу-ызасын туғызды. Черчилльдің мұндай теріс сөздерін-ақ КСРО көптеген дамдарын жеңіс альтарына құрбандыққа шалып, Англияны фашизмнен құтқарып қалғаннан соң айтылды.
Черчилльдің Фультондағы мәлімдемесі Кеңес халқының ашу-ызасы мен наразылығын туғызған процеске айналды. Кеңес адамдарын бұрынғы өз Одақтасы болған оны енді КСРО-ға қарсы жаңа жорықты ұйымдастырушы, жаңа жаһандық соғыстың өртін тұтандырушы, әлемдем тек бір ғана халық пен нәсілдік гегемониясын (үстемдігін) орнату арқылы өзге халықтарға әмір жүргізуді мақсат еткен екіжүзді адам ретінде тани бастады.
И.В.Сталиннің «правда» газетінің тілшісіне берген сұхбатында былай делінген: «Черчилльдің қылықтарынан мен жаңа соғыс өртін тұтандыру әрекеттерін көріп тұрмын. Бұл жерде ол жалғыз емес, оның сойылын соғып, шашбауын көтергендер тек Англияда ғана емес, Америка құрама штаттарында да жететіндігі бізге аян нәрсе». Сондай-ақ, сұхбаттың келесі бір жерінде генералисимус Черчилльдің Фультондағы мәлімдемесін Гитлермен салыстырып былай дейді: «Гитлер нәсілдік террорды насихаттай отырып, соғысты туындатты. Тек неміс ұлты ғана ұлт деген атауға лайық деп қателікке ұрынды. Черчилль мырза да өз идеясында ағылшын ұлтының басқа ұлттардан «ерекшеліктерін» насихаттай отырып, соғысты туындатуға жан-тәнімен ат салысуда. Черчилль мен оның АҚШ-ғы серіктерінің әрекеттерінен мынаны анық көруге болады, «олар ағылшын тілінде сөйлемейтін халықтар біздің үстемдігімізді мойындасаңдар ғана бәрі жақсы болады, ал оған келіспесеңдер соғысудан құтыла алмайсыңдар деген ультиматум қойғысы келетін сияқты. Мен мұны КСРО-ны тікелей соғысқа шақыру деп түсінемін».
Черчилльдің бұл сөзі тіпті буржуазиялық мемлекеттердің өзінде үлкен резонанс тудырды. Көптеген көзі ашық, көкірегі ояу адамдар бұл үндеудің жаңа жаһандық соғысқа шақыратындығын білді. Ағылшын парламентінде 100 ден астам лейбористер Черчилльдің сөзін айыптаған революция ұсынды. Алайда, Эттли үкіметі бұл мәселеге ауыз ашпады. Тіпті, кейін бұл жеке тұлғаның жеке пікірі, біз оған шектеу қоя алмаймыз, әр адамның ой еркіндігі, сөз бостандығы бар деген сылтаулар мен құтылды. Шындығында, Эттли басқарған лейбористер үкіметі де сол Фультонда жолға қойылған бағыттан ауытқымауға тырысып бақты.
Ағылшын компартиясы Черчилль құрастырған импералистік бағдарламаларды қатаң айыптады. Коммунистік партия Фультондағы мәлімдеменің антикеңестік бағытта екенін, Черчилль жаңа дүниежүзілік соғыс өртін тұтандыруға белсене кірісіп жүр деп әшкереледі.
1947 жылы наурызда американ үкіметі Черчилль саясатына алшақ емес «Трумэн доктринасын» қабылдады. Англия, АҚШ үкіметтерінің белсенді әрекеттері нәтижесінде екі елдің КСРО-ға қарсы бағыт ұстанған агрессиялықәскери-саяси одақтарын құру жоспарланды. Бұл Фультон үндеуінің іске аса бастағандығынан хабар берді.
Сонымен, көп өтпей-ақ, Черчилль тағы бір қоғамға іріткі туғызған идеясын мәлімдеді. 1946 жылы күзде ол Швейцарияның Женева көлі мен Монбландағы демалыс аймағында тағы бір мәлімдемесін 1946 жылы 19 қыркүйекте жариялады. Цюрих университетінде жасаған мәлімдемесінде ол Кеңестер Одағы мен сондай-ақ, шығыс Еуропадағы белең алып келе жатқан социалистік, коммунистік биліктерді залалсыздандыру үшін Біріккен Еуропа ұйымын құру мәселесін ұсынды. Айта кететін бір жәйт, Черчилль осындай мәлімдемелерін жариялай отырып, Англияның дүниежүзілік саяси аренадағы жетекші орынды иеленуіне әрекеттер жасады. Черчилльдің жеке дәрігері Моран 1946 жылы 8 тамызда Черчилльмен әңгімелескенін айтады. Черчилль үнсіз қалыпта отырып келешек туралы сөз қозғады.
Сіздің ойыңызша, таяу арада тағы бір соғыс болуы мүмкін бе? – деп сұрады Моран.
Иә, - деп жауап қайтарды Черчилль.
Сіздің ойыңызша бұл соғыс жақындағы 10 жылдың көлемінде орын алады ма?
Жақында, 7 немесе 8 жыл көлемінде. Мен ол кезде болмаймын.
Бұл соғыс Россияның одақтастары мен англосаксондық мемлекеттер арасында бола ма? деп сұрадым дейді, Моран.
Иә, Франция, Скандинавия, Бельгия, Голландия бұл соғыстан тыс қаламай, біз жақта соғысады.
Мен кіп-кішкене Англия қалайша атом соғысына қатыспақ деп ойға қалдым. Черчилль: «Біз Россия дайындалғанша күтпеуіміз қажет. Мен орыстар бұл бомбаға 8 жылдан кейін қол жеткізеді деп сенемін».
Екі ай өткен соң 1946 жылы қазанда екеуара әңгіме тағы да жалғасты. Моран: «Сіз бұл соғыс 2 немесе 3 жылда басталады деп ойлайсыз ба?
Черчилль: «Тіпті одан да таяу аралықта, тіпті осы қыста басталып кетуі де мүмкін. Міне, ағылшын премьерінің мұндай қылықтары келесі бір алапат соғыстың басталып кетуіне себеп бола жаздады.
Мейбористік үкіметтің сыртқы саясаты (1945-1951 жж) да Черчилльдің бағытымен ұқсас болды. 1947 жылы Англия Франциямен антикеңестік Одақ құру туралы факт жасады. 1949 жылы Америка құрама штаттарының ықпалымен солтүстік Атлантикалық шарт ұйымы өмірге келеді.
Сонымен, Уинстон Черчилль антикеңестік майданды құру мен «қырғи-қабақ» соғысының өртін тұтандыруға жасаған талпыныстар 1955 жылы ол биліктен кеткеннен кейінгі 40 жылдық мерзім ішінде де тоқтамады.
