- •1.1. У. Черчилль – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері
- •2.1. У.Черчилль үкіметінің фашизмге қарсы тұру мақсатында ұйымдастырылған халықаралық конференцияларға қатысуы.
- •І Тарау екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Уинстон Черчилль басқарған үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты
- •1.2. У.Черчилль-антифашистік идеяның қызу қолдаушысы «Егер Гитлер тозаққа түсер болса мен ібіліске мақтау өлең арнар едім»
- •2.1. У.Черчилльдің фашизмге қарсы тұру мақсатында ұйымдастырылған халқаралық конфернцияларға қатысуы
- •2.2. У.Черчилль-«қырғи қабақ» соғыстың негізін қалаушы әрі қолдаушысы
- •2.3. Екінші дүниежүзілік соғыстан Черчилль үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты
- •Қорытынды
- •Сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттер тізімі:
2.1. У.Черчилльдің фашизмге қарсы тұру мақсатында ұйымдастырылған халқаралық конфернцияларға қатысуы
Әскери-саяси шиеленістер Европадағы екінші майданның ашылуына себеп болды. Германия қарулы күштерінің 2/3 бөлігі әлі декеңес қарулы күштеріне даяр болды. 1943 жылдары кеңес-германмайданына 70 дивизиядан астам күш түсірілді. Оның көп бөлігін танклер мен мотоатқыштар құрады. Бұл одақтастар әскрлерінің Францияға басып кіруін жеңілдетті. Мұнда оларды көптеген антифашистік коалицияның адамдары күтіп алды. АҚШ пен Англия мұнда өздерінің қарулары мен техникаларын орналастырды. Алайда, белгілі бір мүдделерді көздей отырып, одақтастар екінші майдан ашу ісін созып келді. Тіпті олар Гитлерлік Германия мен құпия келісімдерге дейн барды. КСРО-ның ту сыртынан агрессор мемлекетпен келісімге келу Испания, Португалия, Швеция, Швейцария, Ватикан т.б кейн жүзеге асырылды. Американдықтардың Европадағы барлау бөлімінің бастығы Ален Даллес 1943 жылы акпанда Гитлердің сенімді князі М.Гогенлоэ мен Швейцариядағы құпия кездесуінде Даллес Германияның толық талқанданғанын қаламйтындығын жеткізген. Даллес КСРО-ң батыс шекарасында антифашистік ұйым құру жоспарын ұсынды. Германия мен жасалған мұндай келіссөздер АҚШ-тың одақтастар алдындағы міндеттері мен уәделерін дәексіз түрінде орындап кележатқандығынан хабар берді.
Ал кеңестік өкмет керісінше Еуропада антифашистік одақтың тірегін мықтауға кірісіп, Еуропа халықтарын гитлер бұғауынан азат етуді мақсат етіп койды. 1943 жылы 19-30 қазанла Мәскеуде КСРО, АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің конференциясы өткізілді. Оның жұмысына КСРО-дан Молотов, АҚШ-тан Хэлл, Ұлыбританиядан-Иден қатысты. Кеңес делегациясы Еуропадағы Германияға қарсы соғысты ерте аяқтауды ұсынды. АҚШ пен Англия өкілдеріде өз кезегінде солтүстік Францияға әскер енгізуді КСРО тарпынан орындалуы тиіс талаптарды қойды.
Конференция соғыстан кейінгі әлемдік құрлысты, соның ішінде неміс мәселесін қарастырды. АҚШ пен Англия делегациясы Германияны бөлшектеу мәселелерін көтерді. Конференция қатысушылары Италия туралы да делегация қабылдап, бұл елдегі фашистік диктатураны жойып, елде демократиялық қоғам орнатуды мақсат етіп қойды. Италиядағы бақылау механизімнің қызметін бақылау үшін Консультативті кеңес құрылды. Декларацияда Австрия мемлекетінің тағдыры да талқыланып, Австрия Германияға күшпен біріктірілуі тиіс емес, керсінше тәелсіз мемлекет статусын алу керек деген шешімге келді. Осы кезде Австрияның соғыста гитлерлік Германия тарапында соғысқаны үшін жауап алынды. Мәскеу конфернциясында КСРО, АҚШ, Ұлыбритания өкілдері кірген Еуропанын консултативтік комиссия құру туралы шешім қабылданды. Оның міндеті мен мақсаттарына: соғыстан кеиінгі Еуропаның реконструкциясы, Германияның жеңімпаз мемлекеттерге капитуляция (соғыс шығыны) төлеу т.с.с. жатты.
Сыртқы істер министрлерінің конференциядағы шешімдері антифашистік одақ құруына берік қадам болды. Бұл конференция осы үш держава басшыларының Тегерандағы кездесулерін белгіледі. 1943 жылдың соңына Тегеран конференциясында У.Черчилль поляк мәселесіне мынадай шешім қабылдауды ұсынды: «поляк мемлекеті мен хақының отаны Керзон линиясы деп аталатын және Одер өзенінің линиясы деп аталатын аймақта болуы тиіс, оның құрамына шығыс Пруссия мен Оппельн провициясы енуі тиіс.» Сталин мен Рузвельд бұл ұсынысты қабылдады.
Соғыстың соңғы жылдарында У.Черчилль поляк мәселесіне аса жоғары мән берді. Ол тіпті Кеңес өкіметіне Батыс Украина мен Батыс Беларуссияның Қызыл армия азат еткен бөліктерін Ұлттар ұйымның бақылауына беруді ұсынды. Бұл мәселеге Сталин У.Черчилльге жазған хатында былй деп жауап қайтарды: «Біз сіздің ондай пікірлеріңізді талқылауға жатқызбаймыз, тіпті мұны кеңестер одағын қорлау деп түсінеміз».
1944 жылы У.Черчилль Иден мен мәскеуге келіп, мұнда поляк және Блқан елдерінің тағдыры туралы талқылығысы келді. Рузвельт алдағы президент саилуына байланысты бұл жиынға қатыса алмады.
Мәскеуде У.Черчилль мен Иденнің поляк ұлттық азат ету комитетінің басшылары мен кездесуі өтті. Екі ағылшын қайраткері де соғыс жыдарында фашистік оккупацияға қарсы күрескен поляк патриотарының өз отандарының тағдырын өздері шешуге ұмтылған әрекеті таң-тамаша қылды. У.Черчилль Польша мәселесін түгелдей АҚШ-ң қолдауы мен шешуге ұмтылған әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Кеңестер одағы оларға қолдан келген көмектерін корсетіп, Польшада демократиялық өзгерістердің дамуына қолдау корсетті. Осы уақытта кеңес өкметі польша билігіне сол елдің демократиялық қайратенрлерін қою туралы ағылшындармен келісімдерге баруға дайын екендіктерін жеткізді.
У.Черчилль мұны келешекте Польшадғы билікті реакцеонерлік өкіметке әперіп, бұл елде комунизм мен социолизмнің дамуына жол бермеуді мақсат етті.
Потсдам конференциясында да КСРО, АҚШ, Ұлыбритания өкіметінің басшылары Пльшаның батыс шекарасы жөнінде дау-таластарға тап болды. Кеңсткр одағы поляк халқына бұрын немістер аннекциялап иеліктерді қайтаруды талап етті. Ал Черчилль болса бұл жерлердің бұрынғысынша Германия иелігінде қала беруін қалады. Потсдам конференциясы-Польша президенті Бруттың Польшаның батыс шекарасын Одер өзенімен Батыс Нейсе аралығында бекіту туралы ұсынысын тыңдады. У.Черчилль Бруттың айтқан уәждеріне қарсы болды.
Қырым конференциясында қатысқан У.Черчилль (1945 жылы ақпан айы) КСРО, АҚШ басшыларымен «алдағы уакыттағы тыныштык пен беибітшілікті сақтау» осы үш алпауыт державалардың құзұрына берілмек деген шешімге келеді. У.Черчилль бұл шешімге мәжбүрлікпен қол қойды. Ол уақытта ағылшын премиер-министрі КСРО мен өзара қатынастар туралы ойламады, ол тек шығыс Еуропадағы КСРО-ның ықпалы мен кең өріс елып бара жаткан социолистік құрлыс пен кеңестер одағына қарсы әрекет етуді ғана ойлаумен болды. Өзінің әскери мемуарларында У.Черчилль1945 жылдары наурыз айында саяси стратегиясы мыналардан тұрды.
-Біріншіден Кеңестік Ресей бейбіт әлем үшін өте қауіпті күшке айналды;
-Екіншіден, оның кең қанат жаюына тосқауыл қоятын қимылдар жасау;
-Үшіншіден, бұл майдан Европадан барынша шығысқа кету керек;
-Төртіншіден-ең басты және орындалуға тиіс ағылшын-американ агрессиясының мақсаты-Берлин;
-Бесіншідень-Чехославакияны американ әскерлерін енгізу арқылы босату;
-Алтыншыдан-Вена мен бүкіл Австрия батыс Европа мемлекеттері тарапынан бақарлуы керек;
-Жетіншіден-дереу арада маршал Броз Титоның агрессиялық әрекетін шектеу;
У.Черчилльдің бұл саясаты мен стратегиясы осыдан бірнеше апта бұрын Ялтада айткан декларациясынан айырмашылығы недe? Енді Ресей ол үшін-алапат қатер және оғанжаңа майдан ашылу қажет.
У.Черчилль қатысқан 1945-жылы 17-ші шілдеден 2-ші тамыз аралығында өткен КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшыларының кездесуі жоғарыда айтқандай, Берлинге таяу тұстағы Потсдам жеріне орын алды. Конференцияның шешімі үш алып державаның әр-түрлі мәселелерінің қайшылыктарын шешу үшін ымыра қалыптастырды. Ең басты шешім-бұл-герман маселесінің түбегейлі түрде шешімін тапты. Олар келешек Германиа мемлекетін құра отырып,бүл мемлекеттің саяси өмірін демократизациалау, демилитаризатциялау жане денацификациялау жоспарларын жасады
Германияға қатысты Англияның саиясаты бұл уақытта салмақтылықпен жүзеге асырылды. Соғыс жылдарында Германиа өзін өте қауіпті жау екендігін анғартқн болатын.Осыған орай Англия да Америка құрама штаттары сияқты Гер маняны әлсіретіп,яғни оның әскери патенциалын шектеп, аграрлы елге айнадырыуды көздеді.Осы бағытта ағылшыи жане американ кездесулерінде Германианы бөлшектеп, тәуелсіз, өзін-өзі басқаратын мемлекеттерге бөлу мақсттары алға қойылды.Алайда бұл соғыстан кеңестер одағының жеңімпаз болып шығуы және қуатының күн санап артып келе жатқандығы ағылшын-американ билеуші топтапрын ойландыра быстады. Олар ендігі жердн Германияға қатысты жоғарыда айтып өткен саясаттарын өзгертуді ойластырды. Ағылшын үкметі соғыстан кейін Германияны күшті әскерленген мемлекетке айналдырып, сол арқылы келешекте оны кеңестер одағына айдап салуға жоспар түзе бастады.
1944 жылы Фельдмаршал Аланбрук өз күнделігінде былай деп жазды: «Әскери министірлікте сыртқы істер министрмен соғыстан кейінгі Европаның саясаты мен тағдыры туралы сөз қылдым, Германияны бөлшектеу арқылы әлсірету немесе көп одақтас мемлекет ретінде қабылдап,әскери көмек бере отырып, 20 жылдан кеиінгі орыс қауіпіне қарсы пайдалану мәселелерін талдадық. » мен бұл жолдың ен сонғысын ұсындым,сондықтанда ендігі жерде Германиаға басқаша көзқараспен қарауымыз тиіс.Германиа ендігі жерде Европаға үстемдікке ұмтылушы ел емес.Ондай ел бар болса ол Ресей.Сондықтанда Германианы қуатты ете отырып, Батыс Европа федератциасына қабылдауымыз керек.Өкінішке орай, мұнын бәрін Англианын, Ресейдін,Американың қасиетті одағының аясында іске асыруымызға тура келеді.
Осындай ұстанымдармен канференцияда Черчил Труменнің қолдауына сүйене отырып КСРО-ның құқығын таптауды мақсат етті,ол КСРО-ның Германиадан алынуға тиіс соғыс шығындарын өндіріп алуына қарсы ойлар білдірді. КСРО-ның мұндай занды талаптары бұл қатынаста толық іске аспай орындалмады.
Конференсия сыртқы істер министірлерінің кеңесіп құру туралы шешім қабылдап бұл ведомствоға келесі бейбіт конференцианы ұйымдастыру жұмыстары тапсырылды.Яғни, сыртқы істерминистірлігінің кеңесі келесі конференцияда Италиямен Руменямен Балгариямен Венгриямен және Финляндамен сондайақ Германианы бебіт өмір жағдайына бейімдеу мәселерін күн тәртібіне қойып, осы елдермен келіссөздер жасау көзденлді. 25 Бұл шешім КСРО-ның АҚШ және Англямен халқаралық мәселелердібірлесіп шешуде ынтымақтасатын дығынан хабар бергендей еді, бірақ, одақтастардың түпкі мақсаты басқаша болып шықты. Подсдам конференциясы соғыс аяқталғаннан кейінгі үш держава ынтымағының этабы еді. Потсдам конференциасының жетістігі-нәтижесінде кеңестер одағы өзінің ықпалы мен ролін демакратиялық әлем құру ісінде ерекше көрсете алды.Англлия мен АҚШ КСРО-мен ынтымақтасып, соғыстан кейінгі кездерде бірлесуді талап еткен ағылшын–американ халықтарының талаптарымен санасуы тиіс болатын. Черчил мен Труменді КСРО-мен мұндай ымыраға келуге американ үкіметінің қиыр шығыстағы соғыстарын аяқтау үшін кеңестер одағынан көмек алу мүдделеріде себеп болғаны анық. У.Черчилль бұл мәселеге онша көңіл бөле қоймады, өйткені, бұл аймақтардағы соғыстардың барлық қиыншылықтары мен ауытпашылықтарын АҚШ көтерген еді, бірақ, У.Черчилль бұл мәселедегі американдықтардың позициясымен санасуға тура келді.
Британ примьер-министрі Потсдам конференциясындағы жұмыс күнінде американ делегациясы атом бомбасының сынағы сәтті өткеніне хабар алғанынестіп, өте қатты қуанышқа кенелді. У.Черчилльбұл қаруды жасау-Америка үшін өз алдын күш қуат беретінін, ол Англия үшін жойқын күш беретіндігіне толық сенді. Енді міне, мұндай қару істеп шығарылды. У.Черчилльдің өкінішіне орай бұл қару Англияда емес, Америкада жасалынды, Черчилль үкметі барлық соғыстан кейінгі жылдарда американдықтардан осы қарудың бір бөлшегі мен жасалу жобасын алуды арман санады.
1943 жылы тамыз айында Черчилль мен Рузвельт Квебиптегі кездесу барысында атом бомбасын бір-біріне қолданбау оның жобаларын үшінші бір елге беруге тыим салынған меморондум қабылданды.
(Канада) Квебектегі келісім АҚШ пен Англия арсындығ ара салмаққа өзгеріс енгізді. Бұл 1943 жылы тамызда, яғни, Сталинграт пен Курск майдандарындағы шайқастар аяқталып, одақтастардың женгені айқындала түскен кез.
Әсіресе, үш алып держава башшыларын Тегеран конференциясы тарихта ерекшелігімен сақталып қалды. Бұл конференцияда АҚШ президенті Ф.Д Рузвельт Рейхті бөлшектеу арқылы бес мемлекетке бөлуді ұсынды. Олар мыналар: 1. Пруссия 2. Ганнавер және Германнияның солтүстік-батыс аудандары 3. Саксония және Леипцик 4.Бавария, Баден және Вюртенберг 5.Гессен-Дармштадт, Гессен- Кассель және Рейннің оңтүстік аймағы. Киль каналы, Рур және Саар облыстары халықаралық бақылау органының құзырына берілуі тиіс деді.
Тегерандағы түскі ас кезінде премьер-министр У.Черчилль мен президент Рузвельт Сталин туралы сөз қозғап екінші соғыстың қортындысымен одақтастар КСРО-мен келешектегі қарым-қатынастарын талқылады.
Сонымен, Сталин, Рузвельт, Трумендер қатысқан барлық халықаралық конференцияларға У.Черчилльде араласып, халықаралық саясаттың бағытын бағдарлап өз үлесін қосып жүрді. Мәсеудегі, Квебектегі, Ялтадағы, Подсдамдаңы, Тегерандағы т.с.с. әлем халқының келешек тағдырын бағамдаған барлық бейбіт конференцияларда У.Черчилль ағылшын хылқының атынан позициясы атынан додаға түсті. Сол арқылы Ұлыбританияның үш жүз жылдан астам уақыт бойы әлемдік саясатта өз бақылауында ұстап келген үстемдігін орнатқысы келді.
