- •1. Оқу практикасын өтуші студентке берілетін нұсқаулар
- •1.1. Белгіленуі және қолдану саласы
- •1.2. Нормативті қамтамасыз ету
- •1.3. Жалпы ережелер
- •1.4 Соңғы кәсіби жұмыста ұйымдастырылатын өндірістік қауіпсіздіктің негізгі ережелері
- •1.5 Жұмыс уақытында техника қауіпсіздігінің талаптары
- •1.6 Кәсіпорын алаңын жоспарлау және жайластыру, санитарлы қорғаныс аймағы
- •1.7 Жұмыс аяқталған кездедегі қауіпсіздік техникасының талаптары
- •2. База туралы мәліметтер
- •2.1 Жшс «ФитОлеум»
- •2.2 Компания миссиясы:
- •2.3 Компания мақсаты:
- •«ФитОлеум» жшс сапа саласындағы қызметінің стратегиялық мақсаты:
- •2.4 Міндеттері:
- •2.5 Ғылыми зерттеулер
- •3 Өп өту мерзімі кезінде студентке берілетін жеке жоспарлар
- •4 Күнделікті орындалатын жұмыс мазмұны
- •5 Количественный учет практических навыков
2.4 Міндеттері:
Шығарылатын препараттар сапасын қамтамасыз ету мен кепіл беру
Мемлекеттік ұлттық стандартқа сәйкес келу Сапа саясаты
2.5 Ғылыми зерттеулер
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымына әсер етуші заттарды және көмекші заттарды зерттеуге, жаңа құрамын және дәрілік субстанциялар өндірісінің технологиясын ойлап табуға, табиғи өсімдік және минерал шикізаты негізінде жаңа жоғары тиімділіктегі қауіпсіз дәрілік заттар жасауға бағытталған ғылыми-ойлап табу бөлімі (R&D-research and development) кіреді.
Фармацевтикалық ғылым докторлары мен кандидаттары, медицина және фармация ғылымдарының магистрлары бар бөлім қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі, сонымен бірге жоғары технологиялық қондырғылар қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жаңа технологиялық деңгейде дамуына және ғылыми зерттеулердің жүргізілуіне мүмкіндік береді.
Бөлім жетістіктері – жаңа дәрілік субстанция алу, оригиналды технология, табиғи өсімдік және минерал шикізаты негізінде дәрілік қалып жасау болып табылады.
2015 жылы компания жаңа оригиналды «Мия майы», «Киіз шоңайна майы», полифиттік «Шукир май» майы, «Қызылмай шырғанақпен» суппозиторилері сияқты фитопрепараттар шығарды. Цистанхе шикізаты негізінде: «Цистанхе солончаковая, бөліктерге бөлінген буындары», «Цистанхе солончаковая сұйық экстракты», «Цистанхе солончаковая құрғақ экстракты», «Цистанхе солончаковая көмірқышқылды қою экстракты» жаңа дәрілік заттар алынды.
Бүгінгі күні бөлімнің С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің фармацевтика факультетімен бірге қызметі Цистанхе солончаковая, түркістан сасықшөбі, түркістандық шүйгіншөп, бунге киікоты, үлкен киіз шоңайна сияқты Қазақстанның эндемиялық өсімдіктерін зерттеуге бағытталған.
Компания өзінің жаңадан алуларын және ҚР Алматы қ-сының С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Украинаның Харьков қ-сы, Ұлттық фармацевтикалық университеті, Польшаның Люблин Ұлттық медициналық университеті, Ирландияның Trinity College Dublin сияқты отандық және шетелдің ғылыми мекемелерімен серіктестік байланыстарды сәтті үйлестіруде.
ЖШС «ФитОлеум» базасында «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша магистрлік және докторлық диссертациялық жұмыстар аясында ғылыми зерттеулер жүргізіледі.
Инновациялық технологиялар, дәрілік препараттар алуға деген бастамалар, классикалық технологиялық әдістемелерді жаңа тенденциялармен үйлестіру, компанияның ғылыми потенциалы сапалы, тиімді, қауіпсіз препараттар шығаруға кепіл береді.
Сурет1. ЖШС «ФитОлеум»
3 Өп өту мерзімі кезінде студентке берілетін жеке жоспарлар
№ п/п |
Жұмыс атауы |
Оқу сағаттары |
Жұмыс сағаттары |
1 |
Өндіріс орнымен, ұйымдастырушылық құрылымымен, бұйрық заңдарымен, техникалық жабдықтауларымен танысу. |
10 |
9:00-14:00
Дүйсенбі 14:00-18:00 Сейсенбі 12:00-18:00 Бейсенбі 8:00-12:00 Жұма 8:00-9:00 |
2 |
Фитохимиялық цехте жұмыс жасау |
20 |
|
3 |
Таблеткалық цехте жұмыс жасау |
20 |
|
4 |
Ампулалық цехте жұмыс жасау |
30 |
|
5 |
Қиын фармацевтикалық препараттар цехінде жұмыс жасау. |
20 |
|
6 |
Жақпамай цехінде жұмыс жасау. |
10 |
|
7 |
Қаптау цехінде жұмыс жасау. |
20 |
|
8 |
Таңғыш заттар цехінде жұмыс жасау. |
10 |
|
9 |
Сынақ құжаттарын рәсімдеу (отчет, мінездеме). Сынақ тапсыру. |
10 |
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ: |
150 |
