Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой аппарат.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
953.86 Кб
Скачать

2.1 Сүзу процессі

Майларды рафинациялау

Натуралды майлардың құрамында дайын өнімнің тауарлы түрін және тағамдық қасиетін төмендететін қоспалар кіреді. Бұл заттардың кейбіреулері майда технологияның бұзылуынан немесе майлы шикізатты сақтау кезінде пайда болады. Шикі өсімдік майын тазарту - рафинация деп атайды.

Майдың құрамындағы қоспалардың мөлшеріне қарай түрлі әдістер қолданылады:

  • физикалық(механикалық),

  • химиялық

  • физико-химиялық.

Толық тазарту келесі операциялардан тұрады:

- Физикалық әдіске- тұндыру, центрифугирлеу және сүзу жатады;

- Химиялық әдіске-гидратация,сілтілі және қышқылды рафинация жатады;

- Физико-химиялық әдіске -адсорбционды рафинация, гезодорация және дистилляция жатады.

1- физикалық әдіс/ сүзу

Механикалық тазалу - майды тұндыру, фильтрлеу немесе центрифуглау арқылы бөгде қоспалардан тазарту. Механикалық тазартудан өткен майды рафинадталмаған деп атайды.

Өсімдік майын өңдіруде ең маңызды процестердің бірі- сүзу (фильтрация).

Өсімдік майын өндіруде жиі кездесетін сүзгілер - сүзгі-престер болып табылады.Сүзгі-престер төменгі қысымда жұмыс істейді.Сүзгіш элементі ретінде рамкаға керілген мақталық-қағаз немесе синтетикалық маталар (полипропилен т.б.) қолданылады, содан соң май қысыммен осы сүзгіш матадан өтіп, тазарады және коллекторға жиналады.Мұндай сүзгілердің өнімділігі рамаларлың өлшемдеріне, қысымына, және сүзілетін майдың қоспалар санына, температурасына байланысты.Фильтраттың көбеюіне байланысты,сүзгіш матаны тазалау керек. Сүзгiш матаны тазарту үшiн және фильтратта майдың санын кемiту үшiн – ауа «үрлеу» қолданылады.Сүзгі матаны ауыстыру аптада 1 рет болу қажет. Ол тақтадан және рамадан тұрады, арасында сүзгіш материал «сүлгі» орналасқан. Рамалар мен тақталар тігінен бір қатарда және бүйір табандарымен рельсті тұғырына жалғасқан. Тақтаның үстіңгі беті типыл, ал орта бөлігі бұдыр болып келеді. Тақтаның астыңғы бөлігінде науаша фильтраттың бұруы үшін каналға шыға алады. Тақтаның жоғарғы бөлігінде: орталық бөлімінде- суспензия беруі үшін және екі жақ бөлігі- жуылғыш сұйықтықты беру үшін тесіктер орналасқан.Бұндай тесіктер рамаларда да бар.

1-схема.Тақталар мен рамалар сызбасы

2-Схема сүзгі-престердегі сүзу процесі

Сүзгі-пресс бірінен кейін бірі тізбектеліп орнатылған тақталар (плиталар) және рамалардан құралған .Олар екі жанынан екі параллель таяныш стержендерге бекітіледі. Тақталар мен рамалар арасына сүзгі маталары бөгеттері қойылады.Рамалар және тақталар, жылжыйтын тақтамен, қозғалмайтын тақта арасын роликтері бар гидравликалық механизм жәрдемімен тұмшалап (саңылаусыз) қысылады. Суспензия құбыр арқылы,ал жуатын су құбыр арқылы беріледі. Құбырлар және қозғалмайтын тақтада орналасады да, тақталар мен рамаларға сәйкес тесіктермен жалғанады.Сүзінді және жуатын сұйық шүмек арқылы шығарылады.

Өндірісте тұнбаны гидравликалық және механикалық тәсілдермен түсіретін сүзгі престері пайдаланады. Гидравликалық тәсілмен тұнбаны түсіргенде рамалар мен тақталарды жылжытпай, тұнбаны су ағынымен суспензия күйінде шығарады. Механикалық тәсілде сүзгіге орнатылған қайырылмалы дөңгелек тік рамалар жәрдемімен түсіріледі.

Тақталардың бетінің шеттері тегіс,ал ортасы науалы бұдыр болып жасалынған. Олар сүзгі бөгеттерімен жабылған және олардың сүзіндіге және жуатын сұйық өтетін және тесіктер жасалған. Сүзгі бөгеттерінде де осы тесіктерге сәйкес келетін тесіктер болады.

Тақталы –рамалы сүзгі-престің жұмыс істеу тәсілі. Сүзу кезеңінде суспензия үлкен қысыммен орта канал және каналдар арқылы екі жағынан сүзгі бөгеттерімен және раманың ішкі бетімен шектелген кеңістікке беріледі. Сүзінді екі сүзгі бөгетінен бірдей өтіп, канал және шүмек арқылы шығарылады. Бұл кезде барлық тақталардың шүмектері ашық болады. Кеңістік тұнбаға толған соң, суспензия беруді тоқтатады. Жуу кезеңінде жуаты сұйық және каналдар арқылы беріледі де, тұнба қабатынан өтіп, крандар арқылы шығарылады. Тұнбаны жуып болғаннан соң, оны сығылған ауа немесе бу арқылы құрғатады, ал одан соң жылжымалы тақтаны жылжытып, тақталар мен рамаларды ажыратып, тұнба шығарылады

Е8-МФП сүзгі-пресі механикалық қоспалардан майдың үздіксіз тазартуы үшін арналған. Бұл насосты станциясынан 1 және сүзгі-престен тұрады,ол келесі әрекетте жүзеге асады:

тазартылмаған май насосты станциядан 1 май фильтрге қысыммен ығысады,сүзгіш төсемдер 5 арқылы өтеді және қабылдағыш арнашыққа құйылады.Фильтр төсемдер периодты түрде ауыстырылады.Төсемдердің матасы ретінде – бельтинг пайдаланады.

Бөлшектеу және құрастыру сүзгісі секция бойынша бұраманы 8 қолданады.

1 – насос; 2 –тірек бөлігі; 3 –фильтрдің корпусы; 4 –фильтрдің бөлігі;

5 – сүзгіш төсемдері(бельтинг); 6 –күш түсірілетін бөлігі;

7 – қабылдағыш науасы; 8 –бұрама/винт