- •12 Тақырып ұйымның қаржылық жағдайын талдау
- •12.1. Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың міндеті, негізгі бағыты және ақпараттық қамсыздандыру
- •12.2. Ұйым теңгерімдегі активтердің құрамы мен құрылымының өзгеруін талдау
- •12.3. Ұйым теңгерімі пассивінің құрамы мен құрылымындағы өзгерістерді талдау
- •12.4. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау
- •12.5. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау
12 Тақырып ұйымның қаржылық жағдайын талдау
12.1. Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың міндеті, негізгі бағыты және ақпараттық қамсыздандыру
Қаржылық жағдай - бұл ұйымның өз қызметін қаржыландыру қабілеті деп түсінеміз. Ол қалыпты жұмыс атқару үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуін, басқа да заңды және жеке тұлғалармен қаржылық қатынасты, қаржылық ресурстарды дұрыс орналастыруды және тиімді пайдалануды, төлеу қабілеттілігі мен несие алу қабілеттілігін, қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.
Нарықтық жағдайда даму үшін және банкротқа ұшырамау үшін қаржыны қалай басқару керектігін, құрамы мен қалыптасу көзі бойынша капиталдың қандай құрылымы болуын, қандай үлесте меншікті капитал, оның қандай үлесін несиелік капитал түрінде алу керек екенін білу керек. Нарықтық экономиканың негізгі болып саналатын: төлемқа- білеттілікті, қаржылық тұрақтылықты, іскерлік белсенділікті, табыстылықты және т.б. ұғымдарды білу қажет.
Қаржылық жағдайды талдаудың басты мақсаты - дер кезінде қаржылық іс әрекет- тегі қателіктерді анықтап, оны жою, ұйымның қаржылық жағдайын жақсарту резервтерін табу.
Осымен қатар келесі міндеттерді шешу қажет:
1. Өндірістік, коммерциялық және қаржылық іс әрекеттердің өзара байланысын зертеу негізінде қаржылық жағдайды жақсарту тұрғысынан қаржылық ресурстардың келіп түсуі бойынша жоспардың орындалуын және оларды пайдалануынын бағалау қажет.
2. Ұйымның қаржылық жағдайына әртүрлі факторлардың әсерін анықтап, қаржылық жағдайдың бағалау және диагностикалық үлгісін құру қажет.
3. Ресурстарды пайдаланудың әртүрлі нұсқалар негізінде қаржылық жағдайды бағалау және диагностикалық жасалған үлгісі мен қолда бар меншікті және несиелік ресурстарын, шаруашылық іс әрекеттің нақтылы жағдайын ескере отырып, мүмкін болатын қаржылық нәтижені болжау керек.
4. Қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға және қаржылық жағдайды нығайтуға бағытталған нақты іс-шараларды жасау.
Ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау үшін өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі қолданылады:
• орналастыру және қалыптасу көздері бойынша капиталдың құрылымы;
• ресурстардың пайдалану тиімділігі мен қарқындылығы;
• төлеу және несиелік қабілеттілігі;
• қаржылық тұрақтылығы.
Қаржылық жағдайды талдау көбінесе коэффициенттік (салыстырмалы көрсеткіштер) әдіске негізделген. Талданып отырған ұйымның қаржылық жағдайының салыстырмалы көрсеткіштерін келесілермен салыстыруға болады:
• тәуекелдік дәрежесі мен банкрот болатынын болжауды бағалау үшін
көпшілік қабылдаған «мөлшермен»;
• өзінің күшті және осал жағын және ықтимал мүмкіншіліктерін
анықтауға мүмкіндік беретін басқа ұйымдардың осындай мәліметтерімен;
• қаржылық жағдайдың жақсару және нашарлау үрдісін зерттеу үшін
осы мәліметтерді бұрынғы жылдармен.
Белгілі болғандай, ұйым тығыз қарымқатынастағы серіктестік топтардан тұратын өте күрделі құрылым. Серіктестік топтардың арасында оларды негізгі және негізгі емес деп бөлуге болады.
Кәсіпкерлік қызметке қажетті қызығушылығы мен өзі қатысқанның орнын толтыруға байланысты талаптар, негізгі серіктестік топтардың тізбесі, олардың шаруашылық іс әрекетке қосатын үлесі 12.1-кестеде жүйелі түрде келтірілген.
12.1-кесте. Негізгі серіктестік топтар
Серіктестік топтар |
Серіктестік топтардың үлесі |
Өтелім талаптары |
Қаржылық талдаудың нысаны |
Меншік иесі |
Меншікті капитал |
Дивидендтер |
Қаржылық нәтижелер, қаржылық тұрақтылық |
Инвесторлар, несие берушілер |
Несиелі капитал |
Капитал және жұмсалған капиталға пайыздар |
Төлемділігі (несиеқабілеттілігі), қаржылық тұрақтылық төлемқабілеттілігі |
Басшылар (әкімшілік) |
Істі білу және басқару қабілеттілігі |
Еңбекақы және айлықтан тыс пайданың үлесі |
Ұйым іс әрекетінің барлық жағын |
Жұмысшылар |
Құралдар мен еңбек затын іске қосу |
Еңбекақы, сый- ақы, әлеуметтік жағдайлар |
Төлемқабілеттілігі, қаржылық нәтижелер |
Капиталды жекізіп беру- шілер және мердігерлер |
Өнім өндіріу үдерісінің тиімділігін және толассыздығын қамтамасыз ету |
Келісімді баға |
Төлемқабілеттілігі |
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер |
Өнімді өткізу |
Төлемқабілетті-лігі |
Дебиторлық, кредиорлық берешектер, өткізуден түскен табыс |
Салық органдары |
Қоғамға қызмет көрсету |
Дер кезінде және толық салық төлеу |
Ұйымның қаржылық нәтижелері |
Негізгі емес серіктестік топтар – бұл ұйымның табысына оншалықты қызығушылық танытпайтындар (сақтандыру компаниялары, аудиторлық және заң фирмалары және т.б.) Қаржылық талдау тәжірибесінде әлдеқашан қаржылық есепті талдау әдістемесі жасалынып қойылған. Талдаудың жеті негізгі бағытын бөліп көрсетуге болады.
1. Деңгейлес (уақытша) талдау - есептің әрбір жайғасымы алдыңғы кезең- мен салыстырылады.
2. Сатылас (құрылымдық) талдау - қаржылық көрсеткіштердің құрылы- мын анықтау (олардың барлық сомасындағы әрбір көрсеткіштің меншікті мәні).
3. Трендлық талдау – есептің әрбір жайғасымын алдыңғы кезеңдердің бірнеше қатарымен салыстыру және трендіні анықтау, яғни көрсеткіштердің уақыттық қатар деңгейінің өзгеру беталысы.
4. Салыстырмалы көрсеткіштерді талдау (қаржылық коэффициенттер) – есептің әртүрлі формаларындағы сандық қатынастарды есптеу, көрсеткіштердің өзара қарым- қатынасын анықтау.
5. Салсытырмалы талдау, ол келесілерге бөлінеді:
• шаруашылықішілік - кәсіпорынның және еншілес кәсіпорынның бөлім дердің негізгі көрсеткіштерін салыстыру;
• шаруашылық аралық - орташа салалықтың және бәсекелестердің көрсеткіштерімен салыстыру.
6. Факторлық талдау – қортындылайтын нәтижелерге кейбір факторлардың әсерін талдау.
7. Стохастикалық үлгілердің негізінде талдау. Қаржылық жағдайды талдау үшін ақпараттың негізгі көзі ретінде бухгалтерлік және статистикалық есептердің әртүрлі формалары саналады.
Қаржылық есептерді талдау кезеңінде ұйымның қаржылық жағдайын талдау бухгалтерлік теңгерімді «оқудан» басталады. Сонымен қатар төмендегі маңызды сипаттамалары анықталады:
• ұйым мүлкінің жалпы құны;
• жұмылдырылмаған және жұмылдырылған капитал құны;
• ұйымның меншікті және несиелік қаражаттарының көлемі және т.б.
