Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-класс1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

Ғұндар(б.З.Б 4ғ-б.З3ғ)

Қытай деректерінде "ғұн" атауының пайда болған кезі б.з.б. ІІІ ғ. аяғы(Гун руң,хун ю)

Қытай деректеріндегі ғұн басшысы лауазымы: "Шаньюи"

Ғұндар туралы дерек беретін қытай деректері

Ғұндар кезеңін қамтитын аралық б.з.б. ІУ ғ.-б.з. ІІІ ғ.

Қытай деректерінде Өз әкесімен болған күресте билікті қолына алған –Мөде

Көрші отырған адамдардан бір ғана атты аяудың қажеті не? деп атын, әйелін берген-Мөде

Ғұн державасының негізін қалаған Мөде

"Жер дегеніміз - мемлекеттің негізі, оны қалай береміз" деген ғұн басшысы Мөде

Шығыстанушы Л.Н.Гумилевтің мәлімдеуінше ғұн державасының пайда болған мерзімі б.з.б. 209 ж.

Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендеген ежелгі тайпа ғұндар

Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша оң, сол, орталық

Ғұндарға жібек,мақта күріш,әшекей заттар салық ретінде төлеп тұрған мемлекет-Қытай

Ғұндар талқандап басып алған оңтүстіктегі көршісі-дунху

Ғұн шаньюйінің жақын туыстары иеленген лауазым "Түменбасы"

Ғұндарда мыңбасын, жүзбасын, онбасын тағайындаған-"Түменбасы"

Ғұндарда әскери реформалары арқылы қуатты мемлекетке айналдырған- Мөде

Ғұн мемлекетіндегі ру саны 24

Ғұн мемлекетіндегі Түменбасы әскерінің құрамы 10 мың атты әскер

Ғұндарда империяны басқару тобы құралды – Ру-тайпа ақсүйектерінен

Ғұндардың күш қуаты туралы дерек береді- қытай деректері

Ғұндар бағындырған Хан әулетінің негізін қалаушы-Лю-Банды

Ғұн мемлекетінде ақсақалдар кеңесі жылына 3 рет шақырылды

Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс қимылдары созылған уақыт 300 жылдан астам

Ғұн мемлекетінің саяси күшейген кезі б.з.б. ІІ ғ.-б.з.б. І ғ. аралығы

Ғұн мемлкетінің оңтүстік және солтүстік болып бөлінген мерзімі б.з.б. 55 жыл

Солтүстіктегі ғұндарды тәуелсіздігін сақтап қалу үшін батысқа көшіріп әкеткен шаньюй-Чжи-Чжи

Чжи-Чжи бастаған солтүстік ғұндардың батысқа жылжыған уақытысы-Б.з.б 1ғ аяғы

Қазақстанның оңтүстік батысы мен Арал бойына ғұн тайпаларының келе бастаған екінші толқыны-Б.з 1 ғ басталады

Ғұндардың екінші толқыны нәтижесінде батысқа, Каспии теңізіне ығысуына мәжбүр болған тайпалар-Алан,ас

Оңтүстік ғұндарды бағындырған қытай әулеті – Хань

Қаңлылармен бейбіт келісімге келген ғұндар көшіп қонуға мүмкіндік алған жер-Талас өзенінің шығысы

Ғұндардың шығыстан батысқа қарай жылжуы басталған мерзім б.з.б. Iғ басталып - б.з III-IVғ

"Халықтардың ұлы қоныс аударуын" бастаған Ғұндар

5ғ 30 жылдарында Ғұндар басып алған Рим империясының аудандары-Паннония мен Мезия

Ғұндар Рим империясының аудандары-Паннония мен Мезияны басып алғаннан кейін –Франция жеріне өтті

Ғұн империясы өзінің дамуының жоғары сатысына жетті-Еділ патша тұсында

Еуропа тарихында Ғұндардың сіңірген еңбегі-1) Рим үстемдігінен азат етті, 2)Құл иеленушілік қоғамды жойды, 3)Жаңа дәуір-орта ғасырлардың ашылуына жол ашты

Рим империясына қауіп туғызған ғұн басшысы Еділ

Еділ патша тұсында ғұн қоғамында нығайған құрылыс-Әскери - демократиялық

Еділ (ғұн) жауынгерлерінің Галлиядағы Каталаун даласындағы шайқасы болған жыл 451 жыл

Каталаун даласындағы шайқаста Еділге қарсы тұрған күштер-Римдіктер мен Франктер

Ғұн билеушісі Еділдің қайтыс болған уақыты 453 жыл

Ғұн империясы ыдырап кетті-453 жыл Еділ өлгеннен соң

Еділ (Аттила) жөнінде құнды дерек қалдырған Прийск

Еділдің сырт келбетін «бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады, басы үлкен орта бойлы мығым денелі деп»суреттеген- Прийск

Ғұндар туралы « олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді» деген- Прийск

Ғұндар туралы «әсіресе жақындарын өздерінің мейірімді әрі жылы ілтипатымен және сүйіспеншілігімен бауырына тартады» деп жазған- Прийск

Ғұн әміршісінің сарайы туралы сипаттап жазған Прииск

Ғұн әміршісінің сарайындағы аппақ тастан салынған монша туралы ерекше таңданыспен жазған- Прииск

Ғұн үстем тап өкілдерінің зираттарынан кездеседі-Қытай маталары

Аттиланың (Еділ) шамамен өмір сүрген жылдары 400-453.

"Атилла" операсын жазған италиян композиторы Джузеппе Верди

Қай ғасырдан бастап Еділ туралы шығармалар жазыла басталды-6 ғ

"Еділ" (Атилла) атымен аталатын өзен Волга

Ғұндар жөнінде маңызды дерек қалдырған Марцеллин

Ғұн әскерлерінің негізгі құрамы Атты әскерлер

Ғұндар соғыс кезінде қолданған техника – Қорған бұзғыш машина, тас атқыш техника, жылжымалы қамалдар

Ғұндар өсірген үй малдары Малдың барлық түрін

Ғұндардың астық сақтайтын ұралары табылған жерлер үй-жайлардың іші

Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер

Ғұндарда сүт, қымыз, айран сияқты сұйық тағамдар құйылатын ыдыс жасалды-Қыш пен ағаштан

"Ғұндар жақсы шыныққан, олар отты да қажет етпейді", «Ертелі кеш ат үстінен түспейді » деп жазған Марцеллин

Ғұндардың ру көсемдері Ақсақалдар

Ғұндардағы биліктің берілу жүйесі Мұрагерлікпен берілді

Ғұндарда опасыздық жасағандарға берілген жаза түрі өлім жазасы

Ғұндарда ұсақ қылмыстары үшін берілген жаза түрі-Айыптының бетін тілген

Ғұндардың негізгі өмір салты көшпелі өмір

Ғұндар бұйымының бетіне түрлі-түсті заттарды жапсыру стилі "Полихромдық стиль"

Ғұндарда бұйым бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі Зерлеу

Ғұндарда бұйымдарды безендіру үшін қолданылған негізгі бейне Жабайы аңдар

Ғұндардың жүннен киім тоқып кигендігін көрсететін негізгі дәлел Ұршық бастары

Ғұн қоғамында үй қызметшісі және бақташы есебінде кімдер пайдаланылды – Құлдар

Цинь патшалығы өзінің шекарасын қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын соқты-Б.з.б 3 мыңжылдықта

Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы-4000 шақырым

Ұлы Қытай қорғанының биіктігі-10м

Ұлы Қытай қорғанында күзет мұнараларының арасы-60-100м

Ғұндардың баспаналарында жылыту жүйесі – Түтіндік

Деректерде Моде шаньюйден атын, сүйікті әйелін, жерін сұратқан-Дунху патшалығы

Ғұндарда шаньюйден кейінгі басты тұлға –Түменбасы

Оның жасаған реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды-Моде

Қаңлылармен бейбіт келісімге келген ғұндар көшіп қонуға мүмкіндік алды-Талас өзенінің шығыс жағында

Римнен шыққан елшіліктің тілмашы ретінде Аттила еліне келген-Прииск

Приисктің Аттиланың ордасында болған уақытысы-448ж

Ғұндарды бейбіт халық деп сипаттаған-Прийск

Қытай жылнамаларында айтылғандай б.з.б 4 және 3 ғасырларда Қытайдың солтүстігінде Ордостан Байкалға дейінгі аралықты мекендеген –Ғұн тайпаларының бірлестігі

Римнен шыққан елшіліктің тілмашы ретінде Аттила еліне келген-Прийск

Б.з.б 2 ғ мен 1 ғ аралығында Ғұн мемлекетінің бір мемлекетке бірігіп күшейген кезі-Мөде тұсында

Ғұндардың Оңтүстік Қазақстанға дейін жетіп бейбіт келісімге келген тайпасы-Қаңлы

Ұлы ғұндар туралы бірнеше туындылар шықты-Неміс, Француз,Итальян тілінде

\

7-сынып