Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-класс1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

1)Оң қанат(Барунгар)

2)Сол қанат(Жоңғар)

3) Орталық қанат(Кул)

Шыңғысханның жеке басын қорғайтын таңдаулы мыңдық – Кешіктен

Шыңғысхан Енисей қырғыздары мен Сібір орман халықтарын бағындырды.1207-1208 жылдары.

Енисей қырғыздары мен Сібір орман халықтарын бағындырған Шыңғысханның баласы- Жошы

Шыңғысхан таңғұттар мемлекетін, Тұрфан князьдігін және ұйғырларды бағындырды- 1207-1209ж.ж.

1211-1215 жж. Моғол армиясы Қытай жеріне баса көктеп кірді

1218 ж. Шыңғысхан мен Мұхамед Хорезмшах арасында қандай келісім жасасты? сауда жөнінде

Отырар опаты болған жыл: 1218 жылы

1219 жылы Шағатай мен Үгедей қоршауға алған қала - Отырар

1219ж. Шыңғысханның Мәуренахрға басып кіруін қандай жағдай тездетті? 1218ж. Отырардағы Шыңғысхан жіберген сауда керуенінің өлтірілуі

1223 ж. Калка өзеніндегі шайқаста монғолдарға кімдердің біріккен күші қарсы тұрды? Орыстар мен қыпшақтар (половецтер).

1211-1215ж.Шыңғысхан Қытайға жорығында қолға түсірді – Соғыс техникасын

Шыңғысхан 1217 жылы Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуына кімді аттандырды?

Жебе ноянды.

1219 жылы Шыңғысханның қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды-150мың қолмен

Отырар қаласының қақпасын ашқан-Хорезм шах жіберген Қараша хажиб

Мұсылман діні үшін Қарақытайлармен күрес жүргізген Арслан хан көмекке шақырған Монғол ханы- Құбылай

Монғолдар Жетісу жеріне енді- 1218ж.

Шыңғысхан Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін көз тіккен аймағы- Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азия

Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды бағындыруға аттанған Шыңғыс баласы-Жошы

Сырдың жоғарғы ағысындағы қалалар мен Бұқараны алуға аттанған Шыңғысхан баласы- Төле

3 ай бойы монғолдарға қарсылық көрсеткен қала- Сығанақ

15 күндей монғолдарға қарсылық көрсеткен қала-Ашнас

Монғол шапқыншылығының зардабынан жер бетінен жойылып кеткен Жуас(Гоба) қала- Баласағұн

Жетісудағы 200-ден астам елдімекеннің ХІІІ-ХІVғ.ғ. монғол шапқыншылығынан аман қалғаны-20-ға жуық

Сыр бойындағы қалалар монғолдардың иелігіне көшті:1219-1220 жылдар

Монғол басқыншыларының қолына түскен Сыр бойы қалалары-Үзкент, Баршынкент

Қазақстан жерінде құрылған Монғол ұлыстарының саны- 3

Шыңғысхан жаулап алған жерлерін балаларына бөліп берген.Үлкен ұлы Жошыға тиісті ұлыс қай жерлерді қамтыды? Ертіс өзенінен батысы Еуропаға дейін.

Қазақстан жерінен үлес алмаған Шыңғыс ұрпағы- Төле

Шыңғысханның кіші баласы Төлеге қараған аймақ- Монғолия территориясы

Шағатай ұлысына тиісті жерлер- Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Орта Азия

Үгедей ұлысына тиісті жерлер- Б.Монғолия, Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы.

Шағатай ұлысының орталығы- Алмалық

Шағатайдың жазғы ордасы- Құяш(Іле өзенінің бойында)

Үгедей ұлы хан атағын алғаннан кейінгі тұрған ордасы-Қарақорым

Шыңғыс тұқымдарының арасындағы талас шиеленісе бастаған уақыт- 1259ж. Мөңке қайтыс болғаннан кейін

Шыңғысхан империясында басқару жүйесі басталды:Ондықтан

Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанған монғол әскерін басқарды:Жошы хан

Батысқа жорық жасауға шешім қабылдаған монғол құрылтайы өтті:1235 ж

Шыңғыс жаулап алып балаларына бөліп берген жерлерді Інжу деп атаған, оның мәні: Жасау

1201ж Аргун өзені бойында өткен құрылтайда таққа отырған Жалайыр билеушісі өзін жариялады:"Гурхан"деп

1207-1209 ж Шыңғыс хан бағындырған ел :Танғұттар

1219ж Бұқара қаласын басып алуға аттанған монғол әскерінің қолбасшысы: Төле

1235ж Бүкілмонголдық құрылтайда қабылданған шешім: Батысқа жорық жасау

1262ж Алтын Ордахан Беркеге достық қарым-қатынас жасау үшін өз елшісін жіберді: Мәмлүк Сұлтаны

Қазақстанда антропологиялық процесстердің жаңа өзгеріске ұшырау себебі: Монголдардың жаулап алуы

Діни қысым жасамау ұранын басшылыққа алған –Жебе ноян

Сыр бойындағы қалалардың қатігездікпен жаулап алынғаны туралы мәлімет береді-

Сыр Отырыр қаласында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары

Моңғолдар жаулап алғаннан кейін Сібір жерінің Жошы ұлысы құрамына енгенін жазған- Рашид ад-Дин

Алтын Орда

Алтын Орданың негізін қалаушы:Батый

Алтын Орданың астанасы:Сарай-Бату

Орыс деректерінде Алтын Орда атауы пайда болған уақыт- ХҮІғ. Аяғы

1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген - Батый хан

Батый ханның есімі тарихи деректерде айтыла бастайды-Батысқа жорық жасау шешімінен кейін

Батый ханның әділдігі туралы жазған парсы тарихшысы- Жувейни, Мұсылман деректерінде

Батый ханның Алтын Орданың экономикалық қуатын арттырып, қалалық өмірдің жандануына ерекше көңіл бөлгенін жазған- Орыс деректері

«Батый ордасына саудагерлер барлық жерлерден келіп жатты, олар түрлі тауарларды әкеледі. Ол тауарлардың барлығын алғызып, оның үстіне бағаны артығымен төлетіп отырған»-деп жазған- Парсы тарихшысы Жувейни

Батыйдың Батысқа жасалған 7 жылдық жорық уақыты- 1236-1242ж.ж.

Берке кезінде Алтын Орда байланысын күшейткен Египет сұлтаны-Бейбарыс

1262ж. Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым-қатынас орнату үшін өз елшісін жіберген- Египет сұлтаны Бейбарыс

Мәмлүк мемлекетінің 4 сұлтаны болған- Бейбарыс

Берке хан Алтын Орданы күшейту үшін Исламды қабылдап, мешіт салдырды- Әзірбайжан жерінде

Беркенің исламды қабылдаудағы мақсаты-Мұсылман елдерімен қарым-қатынасты күшейту

Берке хан байланысын күшейткен Орта Азиядағы қалалар-Үргеніш, Бұхара

Кавказ жерінде жорықта қайтыс болған Алт Орда ханы-Берке

1266-1280ж.ж. Беркеден кейін Алтын Орда тағына отырған- Меңгу Темір(1266-1280)

Меңгу Темірдің Византиямен келісімінің нәтижесі-Жерорта теңізі қалаларымен сауда жақсарды

Меңгу Темірдің Византияға қарсы жорығы- 1271ж.

Монгол империясына тәуелділігін мойындамай бүкіл монголдық құрылтайға қатысудан бас тартқан Алтын Орда ханы: Берке(1237-1266)

Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлес қосқан-Тохты хан(1290-1312ж.ж.

Иран,Кавказ елдерімен сауда байланыстарын жандандырып, Египетпен байл орн-Тохты хан

Алтын Орданың саяси және экономикалық жағынан жақсы дамыған кезеңі- Берке мен Өзбек хандар тұсында

Алтын Орданың гүлденген кезі- Өзбек пен Жәнібек хандар тұсында

Алтын Ордада қалалық өмірдің дамуына қатты көңіл бөлген хан-Өзбек

Египет сұлтанына жазған хатында өз елінде дінсіздердің азайғанын хабарлағанын-Өзбек хан

Алтын Ордада ислам діні мемлекеттік дін болып жарияланды- Өзбек хан тұсында

Алтын Ордада хандық билік үшін тартыс уақыты- 1357-1380ж.ж.

1357-1380ж.ж. тартыста Алтын Орда тағына отырған хандар саны- 20-дан астам

Куликово шайқасы өткен уақыт- 1380ж.

Куликово даласында Мамай жеңіліс тапты- Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен

Тоқтамыстың Мәскеуге басып кіріп, өртеп жіберген уақыты- 1382ж.

Тоқтамыс бірнеше рет шабуыл жасаған жерлері-Мауеренахр мен Кавказ

Алтын Орданың ХҮғ. Ортасында ыдырау нәтижесінде пайда болған хандықтар-Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Астрахань, Қырым

Алтын Орданың соңғы билеушісі- Шейх Ахмед

Алтын Орда мемлекет ретінде жойылды- 1502ж.(Шейх Ахмед өлген соң)

Алтын Ордада іс жүргізу жазуы- Ұйғыр жазуы

Алтын Ордада іс-қағазын жазушылар- Білікшілер(хатшылар)

Алтын Ордада азаматтық істерге билік жүргізген- Уәзірлер

Алтын Ордада ұлыстар бөлінген әкімшілік буын- Ұсақ үлестер

Алтын Ордада азаматтық басқару билігі берілген түрік әулетінен шыққан әкімдер-Мәлік

Алтын Ордада салық жинаушылар, халық санағын Ұйымдастырушылар- Даруға

Алтын Ордада әскери істерді басқарғандар- Беклербек

АлтынОрдада әскери бақылау жүргізіп, кейде салық жинаумен айналысқандар-Басқақтар

Алтын Орданың мұсылмандық мемлекетке айнала бастаған уақыты-ХІҮғ.

Алтын Ордада қызметкерлердің негізін құрағандар-мұсылмандар мен буддистер

Алтын Ордада қай ханнан кейін аласапыран төңкеріс(Ұлы дүрбелең) басталды- Жәнібек

ХІҮғ. 60ж. Алтын Орда астанасы Сарайда 1 жылда ауысқан хандар саны- 4

Қалалық өмірдің дамуына қатты көңіл бөлген Алтын Орда ханы: Өзбек

Алтын Ордада исламды мелекеттік дін деп жариялаған: Өзбек

Алтын Ордада іс қағазы жүргізушілер: білікшілер, хатшылар

Алтын Ордада мыңдықтар бағынды: нояндарға

Алтын Ордада нояндар бағынды; беклербекке

Алтын Орда дәуірінде Кавказ бен Қырымды Қарақорым, Қытаймен байланыстырылған: Сарайшық қаласы

Батыйхан Шайбани ханға қосшы етіп берген тайпалар: найман, бұйрық, қарлұқ

Шыңғыс тұқымдарының қай ғасырдан бастап толық түркіленіп кетті: XIV ғ

Ақ Орда

Ақ Орданың Алтын Ордадан біржола бөліне бастаған уақыты: XIV ғ. II ширегі

Ақ Орданың Алтын Ордадан мүлдем оқшауланып, тәуелсіз хандық болып жарияланды - Ұрұс хан тұсында

Ұрұс хан өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырған уақыты- 1368-1369ж.ж.

1374-1375ж Еділ бойына жорық жасап, Алтын Орда астанасы Сарайды, Кама бұлғарларын бағындырған-Ұрыс хан(1376ж өлген)

Орда Ежен билік құрған мемлекет: Ақ Орда

Орда Ежен хандығын үисін руынан шыққан қандай би арқылы басқарған – Майқы би

Ақ Орданың аумағы Жошының осы балаларының иелігін қамтыды:Орда Ежен мен Шайбани ханның

Ақ Орда билеушісі болған Барақтың мақсаты: Сырдария бойындағы қалаларды қайтару

ХІІІғ.-ХҮғ. басында Шығыс Дешті-Қыпшақта өмір сүрген- Ақ Орда

Жошы ұлысының жері бөлінген әскери қанат- 2(оң және сол)

Жошы ұлысының сол қанатын басқарып Дешті Қыпшақтың шығыс билігінде билік жүргізген-Орда Ежен

Дешті Қыпшақтың солтүстігінен Батыс Еуропаға дейінгі жерлерді билеген-Батый

Қазақстан аумағында Монғолдардан кейін құрылған алғашқы мемлекет- Ақ Орда

Жошы ұлысының әскери сол қанатын құрайтын құрылымнан дербес мемлекет ретінде қалыптасқан- Ақ Орда

Ақ Орда мемлекет ретінде өмір сүру ұзақтығы- 240ж.

Қазақ халқының қалыптасып, мемлекетінің құрылуында зор тарихи роль атқарған мемлекет-Ақ Орда

1327-1328ж.ж. өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырған Ақ Орда ханы- Мүбәрәк

Алтын Орда ханы Өзбекпен арадағы күресте жеңіліс тауып, Қырғыздар мен Алтайға кетуге мәжбүр болған Ақ Орда ханы- Мүбәрәк

Ұрұс хан жазалаған Маңғыстау билеушісі- Тоқтамыстың әкесі Түй-Қожа

Тоқтамыс Темір-Мәлікті жеңіп, Сығанақты біржола алған уақыты- 1379ж.

Тоқтамыстың Мамай ордасын басып алған уақыты- 1380ж.

1395ж. Тоқтамысқа қарсы Әмір Темір Ақ Орда тағына отырғызды- Қойыршақ Оғланды

Әмір Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, Сырдария бойындағы көптеген қалаларды өзіне қайтарған Ақ Орда ханы- Барақ

1428ж. Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билік Жошының осы ұрпағына өтті- Әбілқайыр Шайбани

Ақ Орданың қалалық мәдениеті дами түскен тұсы- Ерзен хан кезінде

Ақ Орда мемлекетінің өмір сүруін тоқтатты:XV ғ. басы

Ақ Орданы әлсіреткен жағдай:Ақсақ Темір жорықтары

Ақ Орданың соңғы ханы: Барақ

Ақ Орданың астанасы: Сығанақ

1354-1364ж.ж. аралығында билік үшін тартыста қаза тапқан Ақ Орда хандарының саны- 12

Әмір Темірдің Алтын Орданы басып алмас бұрын Ақ Орданы әлсіретуді көздеген мақсатына табылған себеп: Түй – Қожаның ұлы Тоқтамыстың Темірге қашып баруы

1376ж Әмір Темірдің Тоқтамысты таққа отырғызған жері-Сауран

Ақ Орданың ханы Барақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін соғысып жеңді: Ұлықбекті (Темірдің немересі)

Тоқтамыстың Ұрысханның баласы Темір Мәлікті жеңіп, Сағанақты бір жола қолына алды: 1379ж

Ақ Орда ішкі-сыртқы жағдайын бөліп қарастыруға болады: 3 кезеңге

Отырар ,Сауран, Жент сияқты қалаларда мешіт медресе соғып,Сығанақ қаласын Орта Азия мен Шығыс Дешті Қыпшақтың арасындағы басты сауда орталығына айналдырған Ақ Орда ханы-Ерзен

Ақ Ордада көшпелі және жартылай көшпелі мал өсіруде жазғы жайылым ретінде пайдаланылды: Алтай, Ұлытау, Орал тауларының бөктерінде

Ақ Ордада көшпелілердің тұрақты қыстайтын аймақтары: Арал бойы, Сыр бойы, Шу бойы

Ақ Ордада жердің шұрайлысына иелік етті: ірі билік иелері

Дулат әміршісі Қамараддин хан тағына отырғызған Тоғылық Темірдің ұрпағы: Қызыр-Қожа оғлан

Ақ Орда ханы Ерзен хан тұсында Орта Азия мен Шығыс Дешті қыпшақтың арасындағы басты сауда орталығы: Сығанақ

Отырарда мешіт-медресе салған Ақ Орда ханы: Ерзен

Ұрыс хан ұрпақтары 15 ғ Ақ орда жерінде құрған мемлекеті-Қазақ хандығы

Алтын орда жер диқаншылық пен жартылай мал шаруашылығына қолайлы болды- Сығанақ қаласы

Моғолстан

Моғолстан мемлекетінің негізін қалаған бірінші хан:Тоғылық Темір хан

Моғолстан мемлекетінің орталығы: Алмалық

Моғолстан мемлекетінің құрылуына басты рөл атқарған әмір, дулат тайпасының ақсүйегі: Поладшы

Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша Моғолстанда Тоғылық – Темір тұсында бір күнде қанша мың адам ислам дінін қабылдаған: 160 мың

Моғолстанда дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұғаның хан тағында отырған уақыты: 1433-1462 ж

Моғолстанда билік үшін тартыста Темір әулеті Әбу Сайдтан көмек сұраған-Жүніс хан

Моғолстан хандығы қай ханның тұсында ыдырай бастады: Абд-ар-Рашид хан

Моғол хандығында этносаяси құрамында үйсіндердің орнына уақытша аталған тайпалар: Дулаттар

ХІҮғ. ортасына қарай Шағатай ұлысының ыдырауының нәтижесінде Шығыс бөлігінде құрылған мемлекет- Моғолстан

Моғолстанның негізгі территориясы- Оңт.Ш. Қазақстан және Қырғызстан

Монғол сөзінің «н» әрпі түсіп қалып, Моғол, Моғолстан деп аталу көзі- Шығыс деректерінде

Моғолстан мемлекетінің құрылған уақыты- 1348ж.

Атақты тарихшы М.Дулати жазуы бойынша Шағатайдың дулат әмірі Поладшыға берген жері- Маңлай Сүбе

Ш.Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең байтақ жерді алып жатқан өлке- Маңлай Сүбе

«Қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол»- деп көрсетілген еңбек- Тарих-и-Рашиди

Моғолстанда дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары атағы- Ұлыс бегі

Тоғылық Темірдің бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектер- Өлім жазасына кесілді

1360-1361ж.ж. екі рет сәтті жорығының нәтижесінде Мәуреннахрдың тағына Тоғылық- Темір кімді отырғызды- Баласы Ілияс-Қожаны

Ташкент қаласының маңында 1365ж. 22-маусымда болған шайқас- Батпақ шайқасы(2 жақтан 10000 адам қырылған)

Батпақ шайқасынан кейін Ілияс Қожа бастаған Моғол әскері қоршап ала алмаған қала-Самарқан

Қамараддин таққа отырғызған Тоғылық Темірдің соңғы ұрпағы-Қызыр қожа оғлан

Әмір Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы- 1371-1372ж.ж.

Моғолстанға аттанған Әмір Темірдің балаларының қолындағы әскерлермен қосқандағы адам саны- 120000(жүз жиырма мың)

Моғолстан ханы Жетісу мен Ыстық көлдің маңындағы жерлерді басып алу үшін Қазақ хандығына қарсы үлкен соғыс бастаған кезең: XVI ғасырдың 50-60 жылдары

Моғолстан мемлекетіндегі ең қуатты тайпа- Дулаттар

Моғолстан мемлекетінің орталық аймағы- Жетісу

1462ж. Есен Бұғаның қаза болуына байланысты таққа отырған- Жүніс хан

Моғолстан жеке мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты- ХҮІғ. басы

Моғолстан мемлекетінің өмір сүрген уақыты- ХІҮғ. ортасы- ХҮІғ. Басы

Жетісу жерінде, Түркістанның бір бөлігінде ХIVғ қалыптасқан мемлекет – Моғолстан

Мемлекет басқаруда Моғолстан ханына кім көмектесті – Ұлысбек

Тоғылық Темір елді қай кезеңде басқарды – Моғолстан мемлекетінің құрылуы кезінде

Әмір Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы: 1371-1372 ж

1371-1372 ж Моғолстандағы алғашқы жорығы кезінде Әмір Темір қай қаланың түбіне дейін жетті: Алмалық

1375-1377 жылдары Моғолстанға Әмір Темірдің 2-ші жорығы кезінде қай жерге дейін жетті: Шарын өзеніне дейін

Әмір Темірден жеңілген Қашараддин қашып құтылды: Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға

Әмір Темірдің 1380-1390 жылдары Моғолстанға жорығы кезінде әскер саны: 120мың

Моғолстанның Әмір Темір ұрпақтарынан тәуелсіздікке қол жеткізген Қызыр Қожа ханның мұрагері: Мұхаммед хан

Ферғана үшін таласта Ұлықбекке қарсы Ахмед Мырзаға көмектесіп жеңіске жеткен Моғолстан ханы: Мұхаммед

Моғолстандағы тақ үшін күресте Қызыр Қожаның ұлы Шер-Мұхаммедті қолдаған: Ұлықбек

Моғол мемлекетіне енген қазақстанның аймақтары-Жетісу мен Оңтүстік

Моғол хандығында алғашқы кезде өздерінің басымдығын көрсеткен монғол тайпалары-Арлат,чорас,калучи

Моғол хандығының тағына 6 рет өз адамдарын отырғызған дұғлат ұлысбегі-Хұдайдат 16ғасырда Моғолстанның ішкі-сыртқы істерінде үлкен ықпалы болған қазақ сұлтаны: Ескендір

Әмір Темір жорықтары

Монғолдың түркілеген Барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы- Әмір Темір(1336-1405ж.ж.)

ӘмірӘмір Темірдің Мәуреннахрды басып алған жылы- 1370ж.

Әмір Темірдің билік еткен жылдары- 1370-1405ж.ж. (35 жыл)

Әмір Темір мемлекетінің территориясы: Мәуреннахр

Әмір Темір қайтыс болған қала: Отырар(1405ж.)

Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің үлгісі: Қожа Ахмет Йассауи

Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салуға Әмір Темір бұйрық берген жыл: 1397 ж.

Әмір Темірдің Тоқтамысты пайдаланудағы түпкі мақсаты- Ақ Орданы да, Алтын Орданы да басып алу

Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Құндызша деген жерде болған шайқас уақыты: 1391 ж

Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Терек өзенінің жағасындағы шешуші шайқас уақыты: 1395 ж

Әмір Темір мемлекетінің астанасы- Самарқан

Әмір Темір жорықтарының Қазақ жеріне тигізген әсері: Экономикасының, мәдениетінің дамуына адам айтқысыз зардабын тигізді

Әмір Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы- 1371-1372ж.ж.

1371-1390ж.ж. Әмір Темір Моғолстанға жорық жасады- 10 шақты рет

1376ж. көктемде Әмір Темір Қамар ад-Динге қарсы 30 мыңдық әскер аттандырды-Қыпшақ әмірі Сасы Бұға басшылығымен

1377ж. Бұғым шатқалында екі рет Әмір Темірден күйрей жеңілген Моғолстан әмірі- Қамар ад-Дин

Моғолстан Әмір Темірге толық тәуелділікке түсті- 1390ж. жорықтардан кейін

1371-1377ж.ж. Әмір Темір Моғолстанға алғашқы жорықтары жүрді- Сайрам, Талас арқылы

Әмір Темір жаулаған мемлекеттер саны- 27

Ақ Орда үшін 1374-1375 жылдар аралығында Сауран түбінде шайқаста жеңіліс тапқан: Тоқтамыс

Тоқтамысты жеңген Ұрыс ханның үлкен ұлы: Тоқтақия

Әмір Темірден жеңілген Ұрыс ханның ұлы: Мәлік Оғлан

Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып оған қарсы бүлік шығарған қыпшақ әмірі: Сасы Бұға

Ақ Ордамен Моғолстан билеушісінің Ақсақ Темірге қарсы одақ құруға әрекет жасады: 1380 ж аяғында

Осы жылғы жорықтардан кейін Моғолстан Ақсақ Темірге толық тәуелділікке түсті-1390жылдарда

Ноғай Ордасы

Алтын Орданың астанасы Сарайды басып алған Ақ Ордның ханы : Ұрыс хан

Алтын Орданың ыдырауы , Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанның солтүстік – батысында құрылған бірлестік –Ноғай Ордасы

Ноғай ордасының территориясы: Еділ мен Жайық аралығы

Ноғай ордасының негізін қалаған: Едіге

Ноғай ордасында билеушінің титулы: Хан

Ноғай Ордасының екінші аты:Маңғыт елі

Ноғай Ордасының орталығы Сарайшық қаласының іргесі қаланған уақыт: X ғ.

ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Жайық өзенінің жағасында салынған қала- Сарайшық

Ноғай Ордасында Едігенің билік құрған уақыты: .1396-1411 жж

Ноғай Ордасының ыдырай бастау уақыты:XVI ғ.

Қазақ ханы Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды «Екі туысқан Орда» деп атаған ғалым: Ш. Уәлиханов

Ноғайлы кезеңіндегі күйлер- «Ақсақ құлан», «Жошы ханның жортуылы», «Шора батыр», «Әмір ақсақ», «Қамбар».

Ноғай Ордасының астанасы- Сарайшық

Ноғай Ордасының астанасы Сарайшық қаласы орналасқан өзен- Жайық

Алтын Орда әскерінің қолбасшысының атымен аталған мемлекет – Ноғай ордасы

Сарайшықтың гүлденген дәуірі- ХІІІ-ХІҮғ.ғ.

Қасым хан тұсында Қазақ хандығының біраз жылдар астанасы болған- Сарайшық

1580 ж. Сарайшық қаласының біржола қирау себебі: Дон, Еділ қазақтарының Жайық бойына шапқыншылық жасау салдарынан

Алтын Орданың, Қазақ және Ноғай хандары жерленген қала- Сарайшық

Алтын Орданың бес ханының тұсында қолбасшы болған- Ноғай(1260-1306)

Ноғай Ордасы Алтын Ордадан оқшаулана бастады – Едіге тұсында

Ноғай ордасы өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шықты- Нұрад – диннің тұсында(1426-1440ж.ж.)

Алтын орданы басқарған Едігенің титулы- «Беклербек», «Ұлы Әмір»

Ноғай Ордасындағы билік- Мұрагерлік жолмен

Ноғай Ордасында басқарудың жүйесі- Ұлыстық

Едіге ХІҮғ. 90ж. үздіксіз соғыс жүргізді – Тоқтамыспен

Ноғай Ордасында Шыңғыс әулетінен хан көтеру кімнің келісімінсіз қабылданбайтын дәстүр қалыптасты- Едіге ұрпақтарының

«Едіге жырын»(эпосын) шығарған- Маңғыт елі

Едігенің билік жүргізген кезінде Ноғай Ордасының жері ұлғайды- Б.Сібір ойпатына дейін

Едігенің Ноғай Ордасын билеген жылдары-1396-1411ж.ж. (15 жылдай)

Б.Сібірде Едігенің билігін мойындаған тайпа- Тайбұға

Жазба деректердің мәліметі бойынша Ноғайлар ХҮғ. ортасында- Сырдарияның орта ағысына дейін жетті

Қазан, Астрахань хандықтарының Ресейге қосылу уақыты- 1550ж. ортасы

Ресей үкіметінің Қырым хандығын құлатқаннан кейін Ноғайларды қуғынға ұшыратуы- ХҮІІІғ. соңы

ХҮІІ-ХҮІІІғ.ғ. Орыс мемлекетімен, Қырым және Қазақ хандықтарымен сауда-экономикалық, саяси тығыз байланыста болған ел- Ноғай Ордасы

Ноғай Ордасындағы малдарынан айрылып, отырықшылыққа көшкен кедейлер- Тұмақтар

Ноғай Ордасымен шекарасы ортақ емес мем-т – Моғолстан

Алтын Орда дәуірінде Кавказ бен Қырымды Қарақорым, Қытаймен байланыстырған қала-Сарайшық

1446 жылы Үзкент қаласына билік жүргізген: Уақас би

Бүкіл Шығыс Дешті қыпшақтардың саяси өміріне белгілі болған Едіге ұрпақтары: Мұса Мырза, Жаңбыршы

Ноғайларға қоныстарын бірнеше рет өзгертулеріне тура келді-Туркия мен Ресей соғысы кезінде

Ноғай Ордасы көршілес Орыс мемлекетімен және қырым, қазақ хандықтарымен сауда –

экономикалық және саяси жағынан тығыз байланыста болған‑ XVII-XVIII ғ

Үлкен қыш күйдіру,темір қорыту цехтары мен ұстахана, ақша жасау шеберханалары болған қала – Сарайшық

Орда көршілес Орыс мемлекетімен және қырым, қазақ хандықтарымен сауда – экономикалық және саяси жағынан тығыз байланыста болған‑ XVII-XVIII ғ

Қыпшақтар бөлінген бірлестіктер- құлан қыпшақ, қытай- қыпшақ, сағал қыпшақ, маджар қыпшақ, торайғыр қыпшақ

XVIII ғасырлардың соңында Қырым хандығы құлағаннан кейін, Ресейдің қуғынына ұшырап, аман қалған ноғайлар көшіп кетті-Туркия,Салт.Кавказ, Қазақ елі мен Башқұртқа.

Батыс Сібір

Б.Сібір тайпаларымен көрші қонып, оларға елеулі ықпал еткен қазақ тайпаларының негізгі ұйытқысы болған- Қыпшақтар

Б.Сібір бірлестігінде басты роль атқарған- Керейттер

Алтын Орда ыдырауы кезінде Батыс Сібірді паналап сонда қайтыс болған хан-Тоқтамыс

Батыс Сібір хандығының астанасы: Қызыл-Тура (Чимги Тура)

Шыңғысханның құрметіне өзінің астанасы Тураны Чимги Тура деп атаған- Тайбұға

Тюмень қаласы орнында ертеде орналасқан – Чимги Тура(Қызыл Тура) қаласы

Көшім хан Батыс Сібірдің жергілікті халқына тарата бастаған дін:Ислам

Орыс патшасы ІІІ Иванмен өзара сауда қарым – қатынасын орнатқан хан: Ибақ

Көшім Қадырғали Жалаиридің «Жылнамалар» жинағындағы дерек бойынша осы әулеттің ұрпағы:

Шайбани

Б.Сібір Әбілқайыр ханның қарамағына өтті- 1428ж.

Қазақ хандары Жәнібек, Кереймен одақтасып, Әбілқайырдың мирасқоры ШайхХайдарды өлтірген- Ибақ хан

Шайх Хайдар өлгенен кейін Астраханға қашып кеткен ұлы-Мұхамед Шайбани

1481-1484ж.ж. Орыс мемлекетіне екі рет елшілік жіберген Б.Сібір ханы- Ибақ

1495ж. Ибақ ханды өлтіріп, Б.Сібірдің билеушісі болған- Мұхаммед хан

Ноғай Ордасының бірқатар рулары құрамына енді- Кіші жүздің

Б.Сібір территориясы Монғол шапқыншылығынан кейін қаратылған ұлыс- Жошы ұлысы

Б.Сібір жері- Шайбанилардың Батыс тармағы

Көшілді Қазақ ақсүйегіне жатқызған тарихшылар: Н.Карамзин, А.Левшин

Көшімнің Сібірге Қазақ даласынан келгенін жазған жылнамашы-Есипов

Көшілді Шайбани ұрпағы екенін растайтын еңбек: Әбілғазының «Түрік шежіресі»

Көшім жасақтарының ең осал жері: Дәрімен атылатын қарудың жоқтығы

Көшіммен болған ұрыста Ермақ басым түсіп қару жарақ шеберханасын, азық-түлік қоймасын басып алған жер: Қарашы түбінде

Ермак отряды Көшім хан қолын мылтықпен зеңбірек астына алып үлкен шығынға ұшыратты: Искер түбінде

Әбілқайыр өлгенен соң Батыс Сібірде билік өтті- Ибақ ханға

Ұлы Жібек жолы

Жібек сауда жолына «Ұлы» сөзінің қосылу себебі: Шығыс пен Батысты байланыстырды

Б.з.б. ІІ-І ғасырларда Қытай елімен сауда байланысын жасаған:Үйсін мемлекеті

Жібек жолының басы басталатын аймақ: Қытай жеріндегі Хуанхэ өзені

Жібектің бүкіл Евразияға әйгілі болған кезеңі- ҮІғ.

Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр: б.з.б. І ғасырдың ортасы

Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі: қытай немесе болгар бұрышы

Ұлы Жібек жолында сауданың өркендеуіне байланысты Қытайдан басқа жібек өндіру жандана бастаған өңір:Кавказ жері

Ұлы Жібек жолының б ойындағы Испиджабтан шыққан сауда жолы бөлінді:екі тармаққа

Ұлы Жібек жолының бәсеңдеуіне ықпал еткен жағдай:Монғол шапқыншылығы

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан мұсылман, христиан, буддизм т.б. діндердің жерлеу орындары, діни орындары ашылған қала: Тараз

Ұлы Жібек Жолының Оңтүстік бағыты Ферғана,Самарқан ,Иран,Ирак елдері арқылы шықты:Жерорта теңізіне

Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел: Соғды

Жібек жолы арқылы соғдылар түріктерден үйреніп менгерді: мал өсіруді

Ерте орта ғасырларда Жетісу жерінде теңге шығаруды дамытқан-Түркештер

Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел: Жапония(Нарға қаласы)

Жапонияның қай қаласында жібек сататын орындар болған- Нарға

Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралары табылған қала: Тараз

Қытайдың әдемі фарфордан жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары табылған қалалар- Талғар, Испиджап, Отырар

Ұлы Жібек жолының бойындағы әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт , медереселердің орындары табылған қалалар- Испиджап, Баласағұн, Тараз

Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі: б.з.б. ІІ ғ.ортасы

Қытай императоры У-Дидің 138ж. Жібек жолы арқылы Батыс елдеріне жіберген елшілігі қайтып оралды: 13 жылдан кейін

Алғашқы кезде сауда жолында елшіліктер арасында ақша, құнды сыйлық орнына жүрген аса бағалы тауар: жібек

Қазақстанның Оңтүстік-Шығысындағы Шығысқа шығатын керуен жолының негізгі қақпасы: Жетісу

Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі- Оңтүстік Қазақстан

Ұлы Жібек Жолының тармақтары түйісетін сауданың басты орталықтары- Испиджап, Тараз

Қытай қалаларында сауда отарлары болған- Соғдылар

Жібек жолының Қазақстандағы Солтүстік–шығыс тармағы арқылы Монғолияға Мөңке хандығына барып қайтқан елші: Рубрук

Христиан, Мұсылман, Буддизм, т.б. діни наным-сенімде жерленген адамдардың мүрделері мен діни орындары табылған қала- Тараз

XVIII ғ. Басында Жібек жолындағы сауданың бәсеңдеп, қалалардың әлеуметтік экономикалық жағынан күйреуіне алып келген оқиға: Монғол шапқыншылығы

Ұлы Жібек жолы қатынасының әлсірей бастауына әсер еткен басты оқиға: ХVІІ ғасырдан бастап теңіз жолдарының ашылуы

Қытай императоры жібектен жасалған әшекейлі киімдерді сыйлық ретінде жіберді:Иран шахына

Ұлы Жібек жолы бойында қалалар мен елдімекендер арасында сауда байланысының дамыған кезі- Х-ХІІғ.ғ.

Қытай жылнамаларындағы Испиджап қаласы Махмұд Қашқари жазбасындағы атауы: сайрам

Қалалық мәдениет

10-12ғ қалалардың дамуында өзіне тән ерекшелік-Орталыққа және Шығысқа қарай таралуы

Тараз қаласының алғаш аталуы- 568ж

Оңтүстік қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жерлері- Арыс өзенінің Сырдарияға қосылатын тұсы

Орта ғасырларда Отырар қаласы орын тепкен аймақ- Фараб

Орта ғасырларда Осбаникет қаласы орын тепкен аймақ- Кенже

Орта ғасырларда Қарнақ, Қарашық, Шур қалалары орналасқан аймақ- Шауғар(Иасы)

Орта ғасырларда қалалық мәдениет дамыған аймақтар- Жетісу, Оңтүстік Қазақстан

Дамыған Орта ғасырларда көлемі 30га. асатын қалалар- Испиджап, Отырар, Сауран

Дамыған Орта ғасырларда көлемі 10-30га. дейінгі қалалар- Бурук, Хурлуг

Дамыған Орта ғасырларда көлемі 10га. жетпейтін қалалар- Алмалық, Лавар, Арасан, Ақтам, Қапал

Жетісу қалаларын алғаш рет сипаттаған қытай тарихшысы- Сюань Цзянь(630ж)

Х-ХІІғ.ғ. қалалар дамуының өзіне тән бір ерекшелігі- Отырықшы мәдениеттің Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарына таралуы

Ұлытау етегінен табылған қала жұрты- Бесқамыр, Аяққамыр

Кеңгір өзенінің бойынан табылған қалалар- Сарайлы, Торайлы

Х-ХІІғ.ғ. қалаларындағы басты бір жаңалық- Мұсылман дінінің енуіне байланысты мешіттердің пайда болуы

XI-XII.ғ. жататын “қоржын үй” табылған қала Құйрықтөбе

ХІІғ. тұрғын үйлеріндегі тағы бір ерекшелік- Дөңгелек және тік бұрышты темір ошақтар

Орта ғасырларда ошақтар безендірілді- геометриялық және өсімдік өрнектерімен

ХІІғ. лас суды ағызуға арналған құбыр- Ташнау

Орта ғасырларда ғимараттарды өрнектеуге арналған оюланған кірпіш- Терракота

X.ғасырға жататын шыны ыдыстар табылған қала Иасы

1217-1218жж. Хорезм шахы Мұхамед Текеш қай қалада теңге соқтырды Отырар

Терракота кеңінен қолданылған ғасырлар XI-XII.ғ

Боран мұнарасы қай ғасырға жатады X-XI.ғ

Хғ. аяғы мен ХІғ. басында Жетісу халқы жаппай мұсылмандыққа көше бастаған кезде салынған ғимарат- Боран мешіті

Бабаджа-қатын мен Айша-бибі кесенелері жақын орналасқан қала Тараз

Қазір мұражайға айналдырылған Шығыс моншасы Түркістанда

Х-Х1 ғасырларда әйнек жасау кәсібі дамыған қалалар Отырар, Тараз, Иассы

Х-ХП ғасырларда Қазақстандағы қыш құмырашыларының жетістігі шыны (әйнек)

Х-ХІІғ.ғ. шыны ыдыстарды жасау тәсілі- Үрлеу және қалыпқа құю

Х-ХІІғ.ғ. темір ұсталығының орындары табылған қалалар- Алматы, Талғар

Х-ХІІғ.ғ. темір ұсталығының болғандығын дәлелдейді- Көрік сынықтары, темір қыздыратын ошақтар

Орта ғасыр қолөнерінде дамыған кәсіптердің бірі- Сүйек ұқсату

Х-ХІІғ.ғ. сүйектен жасалған бұйымдардың ішінде көбірек кездесетіндері- мүйізден жасалған әшекейлер

Сүйектен жасалған түйреуіш, шахмат тастары табылған қала- Талғар

Орта ғасырдағы діни сәулет құрылысы- моншалар

Х-Х1 ғасырлар аралығында Боран мұнарасы салынды: Жетісуда

Бабаджа қатын кесенесінің салынған мерзімі Х-Х1 ғғ.

Х-ХП ғасырларда Қазақстан аумағында көлемі жағынан ірі қалалар Испиджаб, Отырар

X-XII ғасырларда ірі және кіші қалалардың Сырдария, Шу, Талас өзендерін жағалай орналасуы қай саланың дамығанын көрсетті егіншіліктің

ХІҮғ. аяғы мен ХҮғ. басында Шу аңғарында өңделетін жердің жалпы көлемі -700мың шаршы метр

Х-ХП ғасырларда Таразға жақын жерде салынған кесене Айша Бибі

Өзінің алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштер- Айша-Бибі, Бабаджа-Қатын

Аңыз бойынша Айша-Бибінің шамамен өмір сүрген кезеңі- ХІғ-ХІІғ.

Отырар, Тараз, Түркістаннан табылған шыны ыдыстар жатады: Х ғасырға

Х-Х1 ғасырлар аралығында Жетісуда салынған мұнара Боран

Мұсылман дінінің енуіне байланысты пайда болған ғимарат: мешіт

XI ғасырларда сәулет өнерінде – терракота: Өрнектелген кірпіш

X-XII.ғ Бабаджа-қатын және Айша бибі кесенелері Таразда

VI-IX ғасырларда түріктердің қалалық мәдениеті дамыған аймақ Оңтүстік Қазақстан

Оңтүстік Қазақстанда маңызды сауда орталығы болған “көпестер” қаласы атанған қала Тараз

Орталық Қазақстандағы Алаша хан мен Жошы хан мавзолейлері қай ғасыр ескерткіштеріне жатады XIV-XV ғғ.

XI-XIIғасырларға жататын Шығыс моншасы табылған қалалар – Отырар, Тараз, Иассы

Х-ХІІғ.ғ. қыш құмыра жасайтын шеберханалары бар қалалар- Отырар, Құйрықтөбе, Талғар, Тараз

Х-ХІІғ.ғ. сауданың басым түрі- Айырбас сауда

Шаштан(Ташкент) басқа елдерге сүйектен жасалған заттар шығарылса, ал мұнда түріктердің былғарысы, қымбат аң терілері әкелінгенін жазған- Әл-Макдиси

Х-ХІІғ.ғ. Әл-Макдиси деректерінде ақ маталармен сауда жасайтын орындары болған қалалар- Ферғана мен Испиджап

Х-ХІІғ.ғ. Әл-Макдиси деректерінде ешкі түбіттерімен айырбас сауда болатын қала- Тараз

Х-ХІІғ.ғ. қалалық отырықшылық мәдениеттің дамығандығын білдіретін басты көрсеткіш- Сауда

Қолданбалы өнердің құрылыс материалы- Сары топырақты балшық және ғаныш

Арыстан бейнесі бедерленген терракоталық тақталар табылған қала- Қызылөзен

Мұсылман дінінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат- Мешіт

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығын жазған араб ғалымы: Әл – Макдиси(араб-парсы жазба деректері)

Ең ертедегі мешіт орны табылған қалалар- Құйрықтөбе, Тараз маңындағы Өрнек қаласы

Қожа Ахмет Яссауидың ұстазы- Арыстан баб

Шаға қорымы табылған жер-Түркістан

Киіз үй туралы хабар береді-Қытай және араб деректерінде

Қайрақ салынатын зат –ШонданайПышақ-ҚындаМылтықтың оқ дәрісі-Оқшантайда

Алматы қаласында Шығыс моншасы жобасымен салынған- Арасан моншасы

Академик Байпақовтың зерттеуі бойынша ҮІІ-ҮІІІғасырлар арасында басталып, Қарлұқ қағанаты кезінде, яғни 766-893ж.ж. арасында салынып, бітпей қалған құрылыс- Ақыртас

Аңыздарға қарағанда Алан-Хазар деген жігіттің сүйікті қызына арнап салдырған сарайы-Ақыртас

Құдықтардың басына салынған күмбездер-Сардоба

Мырзашөл сауда керуен жолы бойында салынған сардобалар-Мырзарабад, Якка

Иассы қаласы Түркістан деп аталды- ХІҮ ғасырдан бастап

IХ-ХПI ғ басында Қазақстан даласында қалалар салу мәдениетінің көтерілген аймағы – Жетісу

Патша сарайы мен әкімшілік басқару орындары орналасқан қаланың орталық бөлігі - Цитадель

Түрлі кәсіп иелері мен кіші билеуші топ өкілдері қызметкерлері тұрған қала бөлігі – Шахристан

Еңбекші халық орналасқан қала бөлігі-Рабад

Йасы қаласының орнында IV-Xғ болған елді-мекен-Шаухар

Йасы қаласының п.б уақытысы – IX-Xғ

6-9 ғасырда Сырдария бойында Конгу Тарбан деген түрік бірлестіктерінің теңгелері табылды: Сырдария бойындағы қалалардан

Архитектура латын сөзінің мағынасы: Құрылысшы

VII-VIII ғасырда салынған Тараз қаласынан 40 км жерде орналасқан: Ақыртас

6-9 ғасырда салығын Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасы арасында орналасқан ғимарат: Білеулі

9 ғасыр ІІ жартысында салынған сыртқы көрінісі жартылай сфера тәрізді 5 күмбезден мешіт: Баба-Ата

Х ғасырда дуалы екі қатардан тұрғызылған қала: Баба-Ата

«Жыл 12 ай» бедерленген мыс алқаның(медальон) табылған жері- Баба-Ата қаласы

Түріктер кен қорыту ісімен таныс-5ғ бастап

Түріктерде қолбасшының жерлеу құрметіне қатысқандардың қойған белгісі: балбал

Көне түрік әліпбиінде әрі саны: 35

Көне түрік жазуы пайда болған уақыт:б.з.б І мыңжылдықтың ортасы

Көне түрік жазуы бүкіл халық игілігіне айналған уақытысы-8-9ғ аралығында

Жазба өнерінің дамуына байланысты түріктердің жазба әдебиеті дүниеге келді: б.з VIII ғасыр

Жібек жолының бұл тармағы Алтын Ордв кезінде негізгі сауда жолының біріне айналды:Қызылқұм ауылы Еділ бойы мен Кавказды байланыстырылған жол

Соңғы кездері Кемпіртас және Таскеліншектер деп аталып жүрген: балбал тастар

Балбал тастар көп кездеседі-Орталық Қазақстан мен Жетісуда

Көне түріктердің төл жазуы:Руналық жазу

Руна сөзінің мағынасы-Ескі,көне

Күлтегін жазуының авторы-Иоллығ тегін

Әкем Білге қағанға балбық тіктім деп жазған- Иоллығ тегін

Көне түрк дәуіріндегі тас мүсіндердің Орхон жазуындағы атауы-Балбық

Түрк қағандарының әскери саяси сипатын танытатын жартастағы суреттер- Салт атты жауынгерлер бейнесі

Салтанатты жиын өткізетін залдың аркаларында құдай суреттері болған қамал-Құйрықтөбе

Отыз ұланның адал достары! Мешін жылы елде жиырмадаеді деген жазу кездеседі- Талас жазуында

Көне түрік тілінде жазылған жәдігерлер саны: 200 астам

«Оғызнама» дастаны ІХ ғасырда аударылған тіл:Араб тілі

«Оғызнама» дастаны 6 ғасырда аударылған тіл-парсы

13ғ Оғызнаманы бірінші жазып қалдырған-Рашид-аддин

17ғОғызнаманы толық жазып қалдырған-Әбілғазы

Дін және мәдениет

Х ғасырда ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекет: Қарахан

Х-ХІ ғасырлар арасындағы қала мәдениетінің дамуында маңызды роль атқарды- Ислам

Жазба дерек хабарына қарағанда осы аймақтағы мұсылман дініндегі адамдардың мешіттерге баратыны айтылады- Отырар аймағы

Осы қала жұртының жанындағы зираттарды зерттегенде адамдардың мұсылманша жерленгендері анықталған- Құйрықтөбе

ХІІғ 2 жарт қыпшақтар арасында ислам діні кең түрде ене бастаған- Қыпшақ ақсүйектерінің Хорезммен жақындасуына байланысты

Қыпшақ орталығы Сығанақ қаласында өсіп шыққан ғұлама- Хисамаддин әл-Сығанақи

«Дін үшін соғыс» ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігін басып алды: 737-748 ж.ж.

Орта Азия мен Қазақстанға ислам діні кеңінен тарай бастады: Арабтардың келуімен

Ғылыми зерттеулерге қарағанда, Қазақстанда, ертедегі діни наным дәстүрлері кең тараған аймақ:Жетісу

Арабтардың «дін үшін соғыс» деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастаған уақыты: 633 ж.

714 жылы Шашты басып алған араб қолбасшысы: Күтейба ибн Муслим

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғ қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығын жазған араб ғалымы:Әл – Макдиси

Қазақ жерінде ғылым білім салаларының дамуына ықпал еткен дін: Ислам

Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастаған уақыт: X ғ.

Х ғасырдан бастап Қазақстанда әдеби және ғылыми шығармалар жазылған тіл: араб

VIII-IX ғасырда түрік жазуының өмірде қолданылу аясының тарылу себебі:

Ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуының түрік билеушілері арасында тез қабылдануы

Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп табынған: Ұмай анаға

Жазба деректердегі мағлұматтарда олардың қамыс қаламмен және IX-X ғ ежелгі түрік жазуымен жазғанын көрсетеді: Қимақтар

Жетісу қазақтарының да Ұмай анаға табынатынын жазған ғалым: Ш.Уәлиханов

Қақпақ тұтқасы қошқар мүйізіне, құс айдарына ұқсас жасалған қыш құмыралар жиі кездеседі- Отырар, Құйрықтөбе

Жазба деректерге қарағанда Сырдария аймағында өріс алған салт- Қойға табыну

Қойға табыну кең тарады- Оғыздар мен түркімендерде

Өздерінің шыққан тегін қоймен байланыстырып, қорғаушысы ретінде оған табынатын болған- Оғыздар

Тәңірге жалбарынудың белгісі ретінде қабір үстіне орнатқан- Қойтастар

Орта ғасырлық қалаларда кең таралды- Отқа табыну әдеті

ХІ-ХІІғасырларда үйлердің ошақтары ерекше безендірілген қалалар- Құйрықтөбе, Отырар

Қырғыз халқында отқа табынуды байланыстырған- «Қасиетті Ұмай анамен»

Жас келін түскенде жасалған рәсім- Отқа май тамызу

Ақтөбе қала жұртын қазғанда шарап ашытатын орыннан табылған кірпіштерде салынған таңба- Христиандық крест

Жетісу аймағында исламның таралуына қарамастан салт-дәстүрлері сақталған діндер- зороастризм, несториандық түсініктегі христиан діні, буддизм

Түгіскен кесенесі неден салынған? Күйдірілмеген кірпіштен

Ғылым мен білімнің дамуы

Түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын зерттеген белгілі ғұлама:М.Қашғари(1030-1090ж.)

М.Қашғари қалдырған үш кітаптан тұратын мәңгі өшпес мұра: «Түрік тілдерінің сөздігі»

(Диуани лұғат ат-Түрік)

Махмуд Қашғаридың бұл кітапты жазудағы басты мақсаты- Түрік тілінің мәртебесін көтеріп, араб тілінен ешбір кем түспейтінін дәлелдеу болды- деп айтқан- А.Н.Кононов

М.Қашғариды «Түрік тілдерін өзара салыстыра зерттеушілердің көшбасшысы»- деп атаған- Баскаков

Ж. Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқаны үшін алған лауазым атағы: Ұлы хас – хажип

«Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл-біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп өз тілін қорсынып, жат елдің тілінде сөйлеу, шығарма жазу сияқты әрекеттерге қарсы болған ғұлама:Ж. Баласағұни

«Жастығымда бейнет бер, Қартайғанда дәулет бер» деген қазақ мақал-мәтелі қай ғұламаның еңбегінде кездеседі: Ж. Баласағұни

Әл-Баласағүни "Құтадғу білік"енбеген жазды : ХІ ғасырда

Әртүрлі діни нанымдарға байланысты мешіт-медреселердің орындары табылған Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар:Тараз,Баласағұн,Испиджаб

Жазба әдебиеттің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын: А. Иүгінеки

Халықты инабатты болуға, адал өмір сүріп, арамдықтан аулақ болуға шақырған Қарахан халқына түсінікті түрік тілінде жазылған дастан:«Ақиқат сыйы»

«Ақындардың ақыны, даналардың көшбасы» деп халқы көзі тірісінде-ақ баға берген- А.Игүнеки

«Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнама» дастанының қағазға түсе бастаған уақыты: ХІ ғ.

«Қорқыт ата» кітабы неше жырдың қосындысынан тұрады: 12

Қорқыт атаның туған жері: Қазақстан

Қызылорда обл Қармақшы ауданында орн ескерткіш-Қорқыт

Қорқыт қай тайпадан шыққан - Оғыз

Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері: «Күлтегін», «Тоныкөк»

Дүние жүзіне Аристотель сынды ғұлама ғалым ретінде танылған: Әл-Фараби

Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Наср әл-Фараби өз шығармаларын қай тілде жазды- Араб

Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары- 870-950ж.ж.

Тарих, математика, география, астрономия, медицина салаларынан 150-ден астам ғылыми еңбектер жазып қалдырған- Әбу Райхан әл-Бируни(973-1050ж.ж.)

Ортағасырлық ғалымдардың ішінен Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын гелиоцентрлік жүйе туралы айтқан кім? Әбу Райхан Бируни

«Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші», «Асыл тастар» еңбектерінің авторы- Әбу Райхан әл-Бируни

Ахмет Яссауи Бұқара қаласында білім алған ұстазы- Юсуф Хамадани

Қожа Ахмет Яссауидың алғашқы ұстазы, әрі пір тұтқан адамы- Арыстан баб

Қожа Ахмет Яссауидан қалған мұра- «Диуани хикмет»

Диуани Хикмет жазылған тіл- Түрік тілінде, араб алфавитінде

Ахмет Яссауидың шәкірті, ел ішінде Хәкім Ата атанған- Сүлеймен Бақырғани(1104-1186ж.ж)

Сүлеймен Бақырғанидың еңбегі- Дүниенің ақыры(Ақыр заман)

Жүсіп-Зылиха поэмасының авторы- Әли ақын

VI ғасырда Оғызанама дастаны аударылған тілі: парсы

ІХ ғасырда Оғызанама аударылған тіл: араб

8-9 ғасырда халық арасында ауызша таралған дастандар: Оғызнама, Қорқыт

Баласағұни «Құтты білік» еңбегін Баласағұн қаласында бастап аяқтаған қаласы:Қашқар

Қожа Ахмет Иассауи өмір сүрді:1103-1167 ж

Қожа Ахмет Иассауи сауат ашуды үйреткен:әкесі Ибрахим

Қожа Ахмет Иассауи «Диуани хикметі» жазылған тіл:көне түрік тілінде

Қожа Ахмет Иассауи «Диуани хикметі» қай әліпби негізінде жазылған:араб