- •Қ азақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
- •Курстык жұмыс
- •5В070800 - «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша
- •1 Геологиялық бөлім
- •1 Геологиялық бөлім
- •Кен орны туралы жалпы мағлұматтар
- •Кен орнының геологиялық зерттелу және игерілу тарихы
- •Стратиграфиясы
- •Тектоника
- •Мұнайгаздылығы және сулылығы
- •Өнімнің физика-химиялық сипаттамасы
- •2 Техникалық-технологиялық бөлім
- •2.1 Кен орнын игерудің ағымдағы жағдайы
- •2.2 Фонтанды ұңғысының жабдықтары
- •2.4 Лақтырысқа қарсы құралдар мен жабдықтар
- •2.5 Фонтанды ұңғының технологиялық режимін орнату әдістері
- •2.6 Фонтанды көтергіш диаметрін және штуцер диаметрін есептеу
- •2.7 Ұңғыны фонтанды тәсілмен пайдалану кезінде пайда болатын қиыншылықтар,олармен күресу
- •2.8 Фонтанды ұңғының арын шығынын, қысымды және көтергіштің п.Ә.К анықтау
- •Фонтанды ұңғының арын шығынын, қысымды және көтергіштің п.Ә.К анықтау
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиет
- •Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті
- •Тапсырма
Қ азақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
«Мұнай-газ ісі және машина жасау
технологиясы» кафедрасы
Курстык жұмыс
«Газ және газдыконденсат кен орандарын игеру»
пәнінен берілетін орындауға арналған
Курстык жұмыс тақырыбы Қарашығанақ кен орнын игерудің ағымдағы жағдайын талдау және газконденсатты ұнғымаларының технологиялық режимін анықтау
5В070800 - «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша
Орындаған НГДР-31 тобының ст. Утепкалиева Г.А.
Жетекшісі доцент, т.ғ.к. _________________ Рахимов А.А.
Орал – 2017
Курстык жобалау білім алудың қорытынды кезеңі болып есептеледі және оның негізгі міндеті студенттердің арнайы пәндерді оқып игеру кезінде алған білімдері мен дағдыларын көрсету болып табылады. Курстык жобаны орындау кезінде студент сонымен қатар, өз бетімен инженерлік шешімдерді таңдауда ынта көрсете алуы керек.
Курстык жобаның негізгі бөлімі келесідей тараулардан тұрады: геологиялық бөлім, техникалық-технологиялық бөлім.
Жобаның геологиялық бөлімінде кенорнының қысқаша сипаттамасы және геологиялық құрылысы, игерудің негізгі нысандарының геологиялық-кәсіпшілік сипаттамасы: стратиграфиясы, тектоникасы, мұнайгаздылығы, мұнай, газ және конденсат қорлары және т.б. қарастырылады.
Курстык жобаның тақырыбына байланысты бұл бөлімді былайша ашып көрсетуге болады:
1 Геологиялық бөлім
1.1 Кен орын туралы жалпы мағұлматтар ……………………….…………….
1.2 Кен орнының геологиялық зерттелу және игерілу тарихы ……………….
1.3 Стратиграфиясы ……………………………………………….……..……....
1.4 Tектоника………………………………………………………….………….
1.5 Мұнайгаздылығы және сулылығы ………………………………………….
1.6 Өнімнің физика- химиялық сипатамасы ……………………………………
Бөлімнің графикалық сызбасында кенорнының құрылымдық картасы немесе геологиялық қимасы көрсетіледі.
«Газ және газдыконденсат кен орандарын игеру» білім беру бағдарламасы бойынша техникалық-технологиялық бөлімінде кенорнын игерудің жобалық және нақты көрсеткіштерін салыстыру арқылы игерудің көрсеткіштеріне сараптау (талдау) жүргізіледі; есептеу нәтижелеріне сүйене отырып, салыстырылып отырған көрсеткіштердің сәйкессіздігі дәлелденеді немесе жоққа шығарылады және жаңа ұсыныстар жасалады.
Курстык жобаның техникалық-технологиялық бөлімінің құрамын жасақтау таңдап алынған тақырыпқа байланысты болады. Кейбір тақырыптар бойынша жобаның техникалық-технологиялық бөлімінің құрамы төмендегі мысалдарда көрсетілген:
2 ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ ………………………………
2.1 Қен орнын игерудің ағымдағы жағдайы …………………………..
2.2 Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің технологиялық корсеткіштерін талдау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.3 Фонтанды ұңғының жабдықтары …………………………….….………….
2.4Лақтырысқа қарсы құралдар мен жабдықтар ...……………………….....
2.5 Фонтанды ұңғының технологиялық режимін орнату әдістері ………..…
2.6 Фонтанды көтергіш диаметрін және штуцер диаметрін есептеу ……..….
2.7 Ұңғыны пайдалану кезінде пайда болатын қиыншылықтар, олармен кұресу
2.8 Ұңғының арын шығынын, қысымды және көтергіштің п.ә.к анықтау
КІРІСПЕ
Қазақстан бұрынғы ТМД елдері ішінен мұнай өндіру жағынан Ресейден кейінгі екінші орынды иеленіп отыр. 2000 жылғы өнім күніне 693000 баррель болды. Өндірілген мұнай-газдың жартысынан көбі 3 ірі кен орындарынан өндіріледі. Олар: Тенгиз, Өзен және Қарашығанақ. «Қазақойл» компаниясының бастығы Нұрлан Балгимбаевтың тұжырымы бойынша Қазақстан келесі 40 жыл ішінде мұнай және газ кенорындарынан 700 миллиард доллар кіріс (салықтарды қосқанда) таба алады.
Қарашығанақ дүние жузіндегі ең ірі газоконденсат кен орындарының бірі. Кенорнына 4,3 миллиард долларға жуық инвестициялар салынған. Бұл қазіргі кезге Қазақстандағы ең ірі жоба болып табылады. Кен орнын төрт шетел компаниялары дамытуда. Атап айтқанда, Ұлыбритандық «BG Group», Италияндық «Eni» компанияларының үлесі 32,5 % құраса, Американдық «Chevron» компанисы–20 %, ал Ресейдің «LUKOIL» компанисы 15 %-ті құрайды. Осы төрт компания бірігіп «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» бірлестігін құрады.
Басқа кенорындардың операторларына қарағанда (мысалы, Тенгиз кен орнындағы «Chevron» компаниясының мұнай өндіру барысындағы қоршаған ортаға тигізген зиянды әсері) Қарашығанақтың даму тарихы сәтті болып табылады.
Дегенмен, жеткен жетістіктер мен сәттіліктерге қарамастан, Қарашығанақ кен орнында әлі де көптеген қиыншылықтар да бар, шешуге тиісті мәселелер де көп.
Ең басты мәселенің бірі кенорнының географиялық орналасу жағдайы болып отыр. Себебі кен орнынан өндірілген табиғи газды үлестіру мүмкіндігі шектеулі. Бұны шешудің бір ғана жолы – Ресейдің тасымалдау жүйесі арқылы экспортқа шығу және Орынбордағы газды даярлау зауытына жіберу. Қазіргі кезде «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы өндіріп жатқан газды «КазРосГаз» компаниясына сатуда. «КазРосГаз» компаниясы Ресейдің «Газпром» және Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» компанияларының бірлесуі нәтижесінде құрылған бірлестік. «КазРосГаз» компаниясы сатып алған газды Оренбургке экспортқа шығарып, әрі қарай Ресейдің газ тасымалдау жуйесі арқылы баска да қалаларға жібереді. Бұл «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясың басқа альтернативалардың тапшылығынан әлсіз позицияға әкеліп отыр. Осылайша компания өндірген газды Батыс Еуропа елдеріне сата алмай, «КазРосГаз» компаниясына арзанырақ (Еуропа елдерінің бағаларына қарағанда) бағамен сатуға мәжбүр болып отыр.
Кен орны Каспий маңы ойпатының солтүстік өңір алқабында орналасқан. Газконденсатты кеніш төменгі пермдік және таскөмір карбонатты пайда болулардың қуатты кешеніне тураланған. Сонымен қатар, мөлшері бойынша шамалы филлиповтык қатардың үстіндегі кеніштер мен ортадевондық шөгінділердегі жеңіл мұнай кеніші анықталды.
1983 жылы конденсат, газ, мұнай қорларын оперативті есептеу жүргізілді. Кен орны өлшемі (15×30 км) газ, конденсат және мұнай қорларының мөлшері бойынша өте сирек кездесетін кен орны болса, сондай-ақ сақталған сұйық қордың геологиялық құрылымның өзгешелігі бойынша өте күрделі болып табылады.
Тағы бір қиыншылық кен орнының құрылысына байланысты туындап отыр. Қарашығанақ газконденсатты кен орны болғандықтан, сұйық көмірсуларды өндіріп даярлау мәселесі қарастырылу қажет. Бұл өнімді КТК құбыр жүйесі арқылы Батыс елдеріне жеткізіп сатуға мүмкіндік береді.
«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы өнім көлемі азая басталғандығынан өндірілген газдың альтернативті қолданылу жолдарын іздестіре бастады.
Бірінші жол – белгілі бір газ көлемін (жылына 6 миллиард м3 газ) қайта жер астына жіберу арқылы қысымды керек қалыпта ұстап тұру, нәтижесінде сұйық көмірсуларды өндіру. Бұл техниканы жүзеге асыру арқылы шығымды
20 %-ке арттыруға болады.
Қарашығанақ кен орынның 2-игеру фазасы бойынша Қарашығанақ өндеу комплексінде төртінші технологиялық желінің құрылысы басталды. Төртінші технологиялық желіні эксплуатацияға жібергенде, жылына конденсаттың өндірісі және экспорты 2,57 млн тоннаға өседі, яғни KPC-дің қуаты 30 пайызға артады. Жобалаушылардың пікірі бойынша, енгізіліп жатқан технологиялар ең жоғары әлемдік үлгіге сәйкес келеді, осы технологиялар арқылы атмосфераға зиян затардың шығуын минимумға дейін жеткізеді.
Жер астына жіберілген газ кейін өндіріліп шығарыла алады. Екінші жол–өндірілген газды кен орнындағы құрылғылар, қондырғылар мен техниканың жұмысын қамтамасыз ету үшін электр генератор ретінде қолдану.
Табиғи газды немесе басқа да газды қайта жерге айдау арқылы ұңғыма ішіндегі қысымды жоғарылатуға болады. Бұл газ молекулаларының мұнайда еріп, жылдам козғалуына, яғни шығатын өнімнің артуына себеп болады.
Сондықтан Қарашығанақ кен орнында қайта жерге айдауға арналған газды жинау және дайындау – ең бірінші қарастырылатын мәселе болып табылады. Сол тұрғыдан қарағанда, газды комлекстік дайындау қондырғысының жұмысына анализ беріп кемшіліктерді айқындау және жұмысын жақсарту жолдарын ұсыну маңызды.
Мақсаты. Курстық жобаны жазу кезінде кен орынның геологиялық жағдайы, өнімнің колекторлық қасиеті, ұңғыны гидропоршеньді сораппен пайдалану технологиясы қарастырылды. жұмыс істеу принцпі мен саға және жерасты жабдықтарының техикалық сипатамалары қарастырылды.
