- •1 Қала тұрғындары үшін жаяу жолдардың әлеуметтік маңызы
- •1.Мәселе
- •2. Мәселе
- •3. Мәселе
- •1.2 Қала тұрғындарын жаяу жүретін жолдардың ыңғайлығы мен көріктігін анықтау бойынша социологиялық зерттеу жүргізу әдістемесі
- •2 Алматы қаласы аудандарындағы жаяужолдардын қазіргі сипаты
- •2.1 Әуезов, Бостандық, Алатау, Медеу аудандары бойынша жаяу жолдардың қазіргі жағдайы, мәселелері.
- •2.2 Қала аудандарындағы жаяужолдар сипатын талдау («Алматы қаласының даму орталығы» ақ мысалында)
- •3 Алматы қаласының жаяу жолдарын көркейту, жетілдіру бағыттары
- •Қорытынды
Қорытынды
Алматы қаласы Қазақстан Республикасының дамуындағы саяси-экономикалық, әлеуметтік және демографиялық маңызы бар қала болып табылады. Сондықтан да Алматы қаласы - өзінің әдемілігімен, көп салалығымен, көп ұлттылығымен және халықтың шоғырлануымен ерекшеленетін қала. Алматы сырт көзге сымбаты мен сыры мол қалалардың бірі ретінде тарихи маңызы бар ескерткіштер мен әсем ғимараттарға толы қала. Алматы сол сияқты республикалық маңызы жағынан жоғары деп баға беруге де болады. Сол себептен осы қаланың көріктілігі, ондағы тұрғындардың өміріне қолайлы демалыс орындардың, жаяу жолдардың, тұрмыс тіршілікке қауіп төндірмейтін жағдайда өмір сүруін зерттеу біз үшін маңызды болды. Атап айтқанда қаланың белді көшелеріндегі тротуарлардың, жаяу жолдардың қазіргі кездегі жағдайы мен ондағы арықтардың, орындықтардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріс-тұрысына қажетті пандустардың, гүлзарлардың, тазалық сақтауға қажетті қоқыс жәшіктерінің жетіспеушілігі бізді алаңдатты.
Өмір сүруге жайлы шарттары бар қала ретінде қалай өзгерту мен ол үшін не істеу керектігі туралы ұсыныстардың көптігімен нақтыланған. Түрлі бастамалар мен жобалардың дәйекті зерттеу жүргізу мен бағытын беру үшін стратегиялық дамудың жаңа құжаттарын әзірлеу қажет. Берілген стратегиялық құжаттар қалалық жоспарлауды өзгерту бойынша ойлау бейнесін сақтау мен қолдаумен қамтамасыз етеді. Мұнда, адамдық көлемдер мен қаланы қабылдаудың қағидаттары көз көру аймағында органикалық, заңды және Алматы қаласының болашақтағы жоспарлануы табиғи бағытталуға беттейді.
Жаяу жүру қозғалысын ұйымдастыру стратегиясы.
Басты жаяу жүргіншілер топ құрамына қосу мен олардың сапалық сипаттары мен стандарттарын қосу үшін маршруттарды анықтау (мысалы, жарық беру, беткі жабыңқы, өткел, жасылдандыру, демалыстың отыратын орындары)
Мақсаты - адамдарды көбірек жаяу жүру қозғалысы мен қыдыру арқылы қоғамдық орта сапасын көтеруге ынталандыру болып табылады.
Зерттеу жүргізу барысында Алматы қаласының төрт ауданының көшелеріне салыстырмалы талдау жасалынды. Талдау бойынша әр аудан өзінің орналасу маңызына орай, ондағы ғимараттар мен үйлердің ерекшелігі мен сипатына орай жаяу жолдардың жарақтандырылуы байқалды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
