Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әуезов ауданы бар.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.23 Mб
Скачать

3 Алматы қаласының жаяу жолдарын көркейту, жетілдіру бағыттары

3.1 Қала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік маңыздылығын анықтау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар

Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін қол жетімді және тартымды көшелер

• Жер деңгейіндегі анық белгіленген жаяу жүргіншілер өткелдерін орналастыру, жолдың жүретін бөлігін кеңейту және аз қозғалатын жаяу жүргіншелерге арналған жолдың жүретін бөлігін қысқарту арқылы жолдың ортасынан бөліп тұратын аралдар құру. Жаяу жүргіншілерге арналған жер асты өткелдерін қайта жөндеу.

• Көше бойларына уақыт өткізуге арналған түрлі шаралар ойлап табу және орындықтар қою.

• Көшеде уақыт өткізетіндерге арнап көзге тартымды болу үшін ағаштарды және арық жүйелерін қоршау қажет.

• Көше бойларын және ғимараттардың кіре берістерін талдардың жабайы шыбықтарынан тазартып сәнсіз қоршауларды жойып көрнекілігін жақсарту.

• Барлық көшелерідің бойыларына велосипедтік жолдарды ұйымдастыру

Қаладағы ыңғайсыз өмір:

1. Қаланың өсуі. Қаланың өркендеуі және таза болуы қаланың өсіп үлкеюіне әкеледі,бірақ тығыздығы одан әрі кішірейеді.

2. Көлікке деген тәуелділік. Қала тұрғындарында көлікке деген тәуелділік болғандықтан, олар жаяу және велосипедте аз жүреді.

3. Көшелердің көбеюі. Көліктерге арналған жаңа инфрақұрылымдар салынуда. Мақсаты: қиын, тығыз көшелер мен жолдардың мәселелерін шешу

4. Көліктер қоғамдық орындарды жаулап алды. Көшелерде және қоғамдық орындарда көлік қозғалысы мен көлік тұрағы көбейіп кетті.

5. Адамдар қаладан кетуде. Адамдар қалада жұмыс істеп, мұндай кептеліске ұшыраған жерде тұрғысы келмейді.

Қала үшін жайлы өмір:

1. Қоғамдық көліктердің қол жетімділігі

2. Қала тұрғындары толықтай өмір сүреді

3. Адамдар жаяу жүреді

4. Халыққа арналған көшелер

5. Қала халыққа толы

6. Тартымды қоғамдық орындар

Әдемілік пен тартымдылық мүмкіндіктері шектеулі.

1. Ағаштар мен оның бұталары көшелер мен жаяужолдарды тар етіп көрсетеді.

2. Ағаштар мен оның бұталары жаяужургіншілерге кедергі келтіреді.

3. Арықтар қоқысқа толы.

4. Бұлақтар бойында жаяужолдар үшін қауіпсіздік шаралары қарастырылмаған.

Қайырымды мүмкіндіктерді жұмыс істету.

Жасыл желі құру:

- Қарттардың және жастардың жаяужолдармен жүру үшін, ең бірінші олардың қызығушылықтарын ояту керек. Ол үшін жаяужолдар таза және барлық заманауи талаптарға сай болуы қажет;

- Таулы аймақтардағы демалысқа арналған жасыл аймақтарды қалаға қосу ;

- Жасыл аймақтарды саябақтарға қосу;

- Осындай жасыл аймақтар, жаяужүргіншілерге және велосипед айдаушыларға берілу тиіс;

Суару (арық) жүйелерін жақсарту:

- Жаз мезгілінде арық жүйелері және суы таза болуы қажет;

- Арық маңдарын тартымды жаяужолдарына айналдыру қажет;

- Су құбырын қала тұрғындарына, әсіресе кіші топтағы жасөспірімдерге қол жетімді етіп орналастыру.

Алматыдағы арық жүйесі арқылы қар және жаңбыр сулары ағады, ол көшелердің таза болуына және ыстық күнде салқын леб беруіне әсер етеді. Арық жүйелері тұрақты күтімді қажет етеді. Құрылысы жақсы арықтар адамдарға деген қауіпті азайтады.

Көшелерді таза ұстау, ағаштарға дұрыс күтім жасау, қаланы жағымды және ыңғайлы етіп көрсетуге септігін тигізеді. Кең көшелерде ағаштардың көп болуы, көшені жағымды етіп көрсетеді. Барлық ағаштардың уақытында кесіліп, күтілуі жол мен жаяужолға ешқандай кедергісін келтірмейді.

Алматы орталығындағы басты кездесу орны

- Алаңдарда скамейкалар орнатып, шағын архитектуралық жылжымалы баспалдақтағы орындықтар мен тамақ және сусындар сату үшін лотоктарын орнату уақыт өткізудің түрлі нұсқаларын құру

- Қала ландшафтысын ценсорлық қабылдау үшін тыныш және қозғалыстағы уақыт өткізуге мүмкіндіктер диапозонын ұсынуы

- Қолайлы және ыңғайлы ойын сауық атмосферасын құру үшін, жаздағы ауаны ылғалдандырумен жайлы дыбыстық фонды ұсыну, дизайнның сулық элементтерін енгізу

- Жалпы университетке және студенттерге көбінде университетпен аралас кеңестікті сабақ өткізу, көрме басқа да университеттік қызметтерге пайдалану

Жасыл дәліздер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін тартымды

- Басымдылық жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге беріледі, жасыл желектер арасымен олардың қозғалысы жеңіл әрі ыңғайлы

- Еркін қол жетімділік пен қоғамдық көлікпен өзара әрекеттестігі

- Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер осы дәліздерден жеңіл өте алады және жасыл скверлер мен жаяу жүргіншілер/велосипед жолдары торларына тікелей өте алады

- Адамдардың көшенің екі жақ бойында бір-бірін толық көре алатындай, көше белгілерін көретіндей етіп жабайы өсімдіктер қысқартылған, ал ағаштар бұталардан тазартылған

- Автокөліктерде жүру мен оларды тұрақтандыру тек жергілікті халық пен мекеме клиенттері үшін арналған

Осындай қағидалар Бәйсейітова көшесіне де қолдану жүзеге асырылды

Алматының көптеген жасыл дәліздері Панфилов көшесімен ұқсас. Оларға сондай мәселелер мен сипаттық белгілері тән. Сондықтан, Панфилов көшесіне қатысты қолданылатын ұсыныстардың басым бөлігі қала кеңістігіндегі басқа да ұқсас дәліздерге де пайдалануға болады. Бұл жағдайда Бәйсейітова көшесі көрсетілген. Тұрақ аумағы жойылған, нәтижесінде жасыл дәліз Қазақстанның Тәуелсіздік Монументі тұрған алаңға келіп тіреледі. Адамдар енді жаяу және велосипедпен Жібек жолы көшесінен бастап, Астана алаңына, Опералық театрға дейін көшелер мен скверлердің жасыл массивімен жеңіл жүріп өте алады.

Жол бермеу: Өту жолы кедергі ретінде.

Өту жолындағы қозғалыстағы және жол бойына тұрақталған көліктер жаяу жүргіншілердің бір-бірімен көрнекі байланысын бұзады және көшенің көлденең және ұзындығынан көру аймағын бұзады.

Жылдам қол жеткізетін нәтижелер/қазір

- Жаяу жүретін адамдардың үлкен саны үшін ынталар құру мақсатында барлық қиылыстардағы жер деңгейіндегі жаңа жаяу жүргінші өткелдері (жер асты өткелдерін жабу)

- Барлық көшелердің бойында отыратын орындар немесе скамейкалар орнату

- Велосипедтік қозғалыс үшін көшелердің максималды мүмкін болатын көлемде сызық белгілерін жасау (уақыт өте келе тұрақты ету)

- Велосипедтік сызықтарды Астана алаңымен байланыстыру және Қазақстан-Британдық Техникалық Университетінің жанынан велосипедтер тұрағын жасау

- Басты көліктік дәліздегі қоғамдық көлік қозғалысы үшін белгіленген сызықтар белгілерін жасау

- Көшенің паралелді және перпендикулярдағы көрнекі байланысын қамтамасыз ету үшін көше бойын жағалап өсетін ағаштардың крондарын көтеру- қалқалы көшеттер мен төмен өсетін бұтақтарды алып тастау

- Үлкен көлемдегі жарнамалық белгілерді алып тастау және көше бойындағы көрнекі кедергілерді алып тастау

- Қоғамдық көліктердегі белсенді бос уақытты өткізу мен іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру (бақылау жүргізу мен бар мүмкіндіктерді анықтау және қандай нұсқалар жетістікті)

- Абылай хан жаңғылын іс-шаралар өткізуге пайдалану. Автокөлік озғалыс үшін күнделікті немесе демалыс күндері мәдени іс-шараларды немесе қаладағы мерекелік іс-шараларды өткізу үшін жабу

- Астана алаңындағы автотұрақтарды алып және қиып өтетін қозғалысты шектеу, онда қала өмірін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру

- Қоғамдық көлік маршруттарына және мәдени нысандарға көз деңгейіндегі белгілер орнату көмегімен бағытталу жүйесін жетілдіру

Жақын арадағы жетістікті/жедел уақытта

• Қала орталығындағы болашақ құрылыс бағытын білдіретін стратегиялар әзірлеу (алдыңғы бетті қара)

• Құрылыстардың шеткі аумақтарын қосымша салу арқылы белсендіру/негізгі жаяу жүргінші өткелдері бойындағы бірінші қабаттардан фасадтар ашу

• Беткі қабаттық және нөсерлік суларды шығару үшін су сіңіретін жабыңқыны жақсартуды қолданумен арықтық жүйені жақсарту

• Жоғарғы сападағы, оның өзара байланысын жиі кесте қозғалысы, 5 минуттық жүргіншіге қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін қоғамдық транспорт жүйесін жетілдіру

• - автобустық аялдаманы жақсы негізде жарақтандыру, отыруға арналған сәйкес келетін орын, шатыр мен қол жетімділікпен қамтамасыз ету

• Көптеген адамдарға тартымды бос уақыттық белсенділік пен уақыт өткізудегі орталық қоғамдық кеңістікті жоспарлауды әзірлеу. Мысалы, Көк базар алдындағы сауда қатарлары мен скамейкалық орындар санының көптігі, опералық театрдағы ашық аспан астындағы сахна, отыруға арналған орын және Астана алаңындағы спорттық ойындар.

• Белсенділікті тестілеу мен қолдану көлемі үшін уақытша жобаларды әзірлеу

- жақсы алаңдар жобасына байқау жасау

Қызметтер түрі үшін жағдай жасау

- Көше бойларының барлығына әр түрлі орналастыру орындарын ұйымдастыру

- Қосымша рекреациялық және мәдени-ойын-сауық іс-шараларын әзірлеу

- Көшедегі кафелер мен мейрамханалардың коммерциялық аумағын құру

Сапасын көтеру

- Көлеңке түсіру мен сырт келбетін жақсарту үшін жасыл желектерді сақтау мен дамыту

- Арық жүйесін су өткізетін беткі қабатты жасыл алаңға айналдыру

- Жаяу жүргіншілер үшін көшені жарықтандыру

- Түзу мен сапалы тротуарларды нығайту

- Қаланың өзі туралы және оның шеткі аумақтарындағы көрнекі орындар мен қыдыру орындары туралы ақпараттар ұсыну; жақын орналасқан қоғамдық көлік маршруттары мен велосипедтік маршруттар туралы ақпараттар қосу