Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әуезов ауданы бар.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.23 Mб
Скачать

2 Алматы қаласы аудандарындағы жаяужолдардын қазіргі сипаты

2.1 Әуезов, Бостандық, Алатау, Медеу аудандары бойынша жаяу жолдардың қазіргі жағдайы, мәселелері.

Әуезов ауданы Алматы қаласында 1972 жылы құрылған. Бүгінгі күні аудан бойынша жалпы автокөлік жолдарының ұзындығы 250 км. құрайды, тротуарлар 92 км, жаяужолдар 11 км құрайды.

Өткен жылы жалпы аумағы 10,51 км жолдар, 3,526 км тротуарлар жөндеуден өткен. Сол сияқты 6 транспорттық айналымдар, 5 жер асты және 5 жер үсті жаяу өткелдері бар.

Абай, Райымбек даңғылдары, Төле би көшесінде қоғамдық көлік жүруі үшін арнайы жолактарға орын берілді, барлығын қосқанда 11,9 км құрады. Бұл қоғамдық көліктің 20 пайызға жылдамырақ қозғалуына ықпал етті.

Сурет – Әуезов ауданның картасы

Аудандағы арықтық торлардың жалпы ұзындығы 91,54 км құрайды. Өткен жылы арықтарды және нөсерлік каналдар құрылысы және қайта жөндеу бойынша 7,2 км жұмыстары Тоқтабаев пен Сүлейменов және Щепкина, Абай – Сайын және Б. Момышұлы көшелері арасында жүргізілді.

Ауданды санитарлық тазалық сақтау бойынша жұмыстарға күн сайын 130 арнайы техника мен 250 адам жұмылдырылады, оның ішінде қосымша ұйымдардың көмегі бар.

  1. жылы жалпы аумағы 4,4 км құрайтын арық жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізу басталған, ол келесі көшелер бойынша 94 млн теңгеден аса қаражатты құрады:

  • Рысқұлбеков к-сі;

  • Ұлықбек к-сі;

  • Алтынсарин д-лы;

  • Қабдолов к-сі, Алтынсарин д-лы қиылысы;

  • Жұбанов к-сі, Сайын к-сі нен Момышұлы к-сіне дейін,

  • Қабдолов к-сі, Садвақасов к-сі қиылысы;

  • Қабдолов к-сі (Ақсай2);

  • Тастақ ш.а., Жармұхамедова к-сі;

  • Төле би к-сі, Отырарская к-сі;

  • Маречека к-сі, Өтеген батыр к-сі;

  • 9 шағын ауданы Ю.Ким к-сінен бастап Шаляпин к-сіне дейін;

  • Сүлейменов к-сі, Пятницкий к-сі, аялдама кешені;

  • Төле би к-сі, Момышұлы к-сі;

  • Момышұлы к-сі «Ақсай-Нан» төмен.

Көшелердегі жаяужолдарға орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату бойынша Абай, Сайын, Момышұлы көшелерінде ғана жүргізілді.

Жоспар бойынша:

  • көшедегі қоқыс жәшігі – 700 дана;

  • тұрақтағы қоқыс жәшігі – 366 дана;

  • арқалығы бар орындықтар -198 дана;

  • арқалығы жоқ орындықтар – 86 дана.

Алматы қаласының Автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілер транспорты басқармасымен келесі тротуарларға жөндеу жүргізілді:

- 5 шағын аудандағы №27 Орта мектеп кіре берісі;

- 1 ш.а. 97 Орта мектеп пен спорт мектебінің алды;

- 8 ш.а. шағын Өтеген батыр к-сі бойымен, Шаляпин к-сінен Абай

даңғылына дейін;

- 8 ш.а. Алтынсарин д-лы №116 Орта мектепке дейін;

- ҚТЛ кіру жолы «Ақсай-3» ш.а.

Ағымдағы жылы бос жатқан аумақтарды көгалдандыру жұмыстары жүргізілген:

  • Сайын к-сі бойымен Жұбанов к-сі төмен жалпы аумағы – 2056 м2;

  • Жандосов к-сі мен Сайын к-сі жалпы аумағы – 3904 м2;

  • Жұбанов к-сі мен Өтеген батыр к-сінің аралығы және Алтынсарин даңғылы жалпы аумағы 8 872 м2.

Бостандық ауданындағы жаяу жолдардың қазіргі жағдайы

Алматы қаласы Бостандық ауданы 1966 жылы құрылған.

Сурет - Бостандық ауданының аумағы

Зерттеу нәтижелері:

  1. Әл-Фараби көшесі. Бұл көшедегі жаяужолдардың жағдайы өте жақсы. Ең бастысы таза. Қоқыс жәшіктері, скамейкалар, пандустар барлықтары қарастырылған. Жаужолдың ені – 2,25. Демалыс орындары бар. Жаяужолдың таза және әдемі жасалынғанынан, серуендегенде адамға жағымды әсер қалдырады.

  2. Жандосов көшесі. Бұл көшедегі жаяужолдың жағдайы қанағаттандырарлық. Жаяу жолдары таза. Бірақ, кейбір жерлерінде шұңқырлар кездеседі. Пандустары бар. Алайда, қоқыс жәшіктерінің саны аз. Скамейкалары жоқ.

  3. Сәтпаев көшесі. Жаяу жолдардың жағдайы жақсы. Бірақ, жаяу жолдың бойындағы аялдамалар, дүкендер кедергі келтіреді. Қоқыс жәшіктері мен пандустары бар.

  4. Дулати көшесі. Жаяу жолдарда ешқандай кедергі кездестірмедік. Тек, қоқыс жәшіктерінің саны аз. Демалыс орындары қарастырылған.

  5. Фурманов көшесі. Жаяу жолдары жақсы салынған. Таза, ешқандай кедергілер жоқ, қоқыс жәшіктері бар. Тек, скамейкалары жоқ.

  6. Новои көшесі. Жаяу жолдары таза. Қоқыс жәшіктері бар, скамейкалар қарастырылмаған. Жаяу жол бойындағы баспалдақтар шығуға ыңғайсыз.

Зерттеу барысында, жаяужолдарды суретке түсіріп, жаяужүргіншілерден

сауалнама алынды.

Алатау ауданындағы жаяу жолдардың жағдайы және мәселелері.

Алатау ауданы Алматы қаласындағы ең жас аудан болып есептеледі.

Сурет – Алатау ауданының аумағы

Зерттеу нәтижелері:

  1. Розыбакиев көшесі. Жаяужолдардың жағдайы орташа. Жаяу жолдардың бойында шұңқырлар кездеседі. Қоқыс жәшіктері қойылған, бірақ скамейкалары жоқ.

  2. Ақын Сара көшесі. Жаяу жолдардың жағдай жақсы, таза. Қоқыс жәшіктері және скамейкалары бар.

  3. Рысқұлов көшесі. Жаяжолдар толық салынбаған. Яғни, жолдың кейбір жерлерінде жаяу жолдар жоқ. Қоқыс жәшіктерінің саны аз. Скамейкалар жоқ.

  4. Емцова көшесі. Жаяу жолда шұңқырлар бар. Ағаштың өсіп кеткен бұталары және тұрақтағы көліктер, жүруге кедергі келтіреді. Арық іші қоқыстарға толы. Қоқыс жәшіктері мен скамейкалары жоқ.

  5. Ырысты көшесі. Жаяу жолдары тар. Таза емес. Арық қоқысқа толы. Шұңқырлар көп кездеседі.