Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әуезов ауданы бар.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.23 Mб
Скачать

1.2 Қала тұрғындарын жаяу жүретін жолдардың ыңғайлығы мен көріктігін анықтау бойынша социологиялық зерттеу жүргізу әдістемесі

Біз Алматы қаласындағы жаяужолдарды зерттей отырып, жаяужүргіншілерден сұхбат алып, бірнеше сұрақтар қойдық. Қойылған сұрақтар:

  1. Жаяу жиі жүресіз бе?

  2. Сізді қаладағы жаяу жолдың жағдайы қанағаттандырады ма?

  3. Сіз тұратын ауданда қоқыс салатын жәшіктер бар ма?

  4. Жаяужолдың бойында баспалдықтар бар ма?

  5. Жаяужолдар бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар бар ма?

  6. Пандустар нормаға сай келеді ме?

  7. Ауданның көгаландыру жағдайын анықтаңыз?

  8. Өсіп кеткен бұталар мен ағаштар жаяужүргіншілерге кедергі тудырады ма?

  9. Ауданның жаяужолдары көңіліңізден шығады ма?

Зерттеу барысында, біз 630 тұрғыннан сұхбат алдық . Оның ішінде әйел – 364, еркек – 236.

Қала тұрғындарына жүргізілген зерртеу нәтижелері бойынша қаламыздың жалпы жаяу жолдары туралы нақты ақпараттар алдық. Жаяу жолдармен жиі жүресіз бе? - деген сұраққа респонденттердің 35 пайызы ия, 25 пайызы жиі, 24 пайызы сирек, 16 пайызы жүрмеймін деп жауап берген. (сурет ).

Сурет – Респонденттердің жаяу жолдармен жүру туралы сауалнаманың нәтижесі

Нәтижесінде халықтың басым бөлігі жаяужолдармен жүретін болып шықты. Сол сияқты «Сізді қаладағы жаяу жолдың жағдайы қанағаттандырады ма?» - деген сұраққа, қанағаттандырады деп жауап бергендер 171 адам болды, ол 31 пайызды құрайды. Ал жоқ дегендер 315 адам, 47 пайыздың ойынша жаяу жолдар нашар. 144 адам немесе респонденттердің 22 пайызы үшін бәрібір деп жауап берді.

Сізді қаладағы жаяужолдың жағдайы қанағаттандырады ма?

Сурет – Жаяужолмен қанағаттанушылық

Респонденттер назарына тек жаяужолдардың қазіргі жағдайынан басқа ондағы қоқыс салатын жәшіктердің барлығы туралы сұрақ қойылған болатын Респонденттердің 52 пайызы қоқыс жәшіктері бар десе, 48 пайызы жоқ деп жауап берген, ол қаладағы кейбір көшелердегі қоқыс жәшіктерінің жоқтығын білдіреді.

Сурет – Қала көшелеріндегі қоқыс жәшіктерінің барлығы

Сол сияқты жаяужолдың бойыда орналасқан баспалдақтардың барлығы туралы сұраққа, респонденттердің 67 пайызы (423 адам) бар деп жауап берсе, 33 пайызы (207 адам) жоқ деп жауап берген. Жаяужолдардағы баспалдақтар жолаушылардың түсіп шығуына кедергі келтірмеуі тиіс немесе олар тым биік болмауы қажет.

Сурет – Жаяу жолдардағы баспалдақтардың барлығы

Сол сияқты «Жаяужолдар бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар бар ма?» - деген сұраққа 62 пайыз (393 адам) респонденттер бар деп жауап берді, ал 38 пайызы (237 адам) жоқ деген жауап қайтарды.

Сурет – жаяу жолдардағы пандустарға баға беру.

Жол бойындағы пандустардың қойылған талаптарға сай келуі бойынша респонденттердің 44 пайызы жоқ деп жауап берген, ал 39 пайызы иә, бірақ толық емес, 17 пайызы сәйкес келеді деп жауап берген.

Сурет – жаяужолдардағы пандустардың нормаға сәйкестігі

Сұрақ нәтижесі бойынша пандустардың талапқа сай еместігі белгілі болды. Пандустардың тазалығы мен жағдайын бағалауы бойынша респонденттердің 40 пайызы жақсы десе, 35 пайызы орташа, ал 25 жаман деген жауаптар берген.

Сурет – пандустардың тазалық жағдайы

Пандустардың тазалық жағдайынан басқа аудандардағы жаяужолдардың маңайын көгалдандыру жағдайы да маңызды орын алады. Көгалдандыру бойынша қойылған сұраққа респонденттердің 58 пайызы орташа деген жауаптар берсе, 26 пайызы жақсы, тек 16 пайызы жаман деп жауап берген.

Сурет аудандағы көшелердің көгаландыру жағдайы

Көшелердің көгаландыру бойынша орташа екендігі белгілі болды. Ал жаяужолдардағы өсіп кеткен бұталар мен ағаштар жаяу жүргіншілерге кедергі келтіре ме? - деген сұраққа 64 пайыз респонденттер ия деген жауап берген, тек 20 пайызы жоқ десе, 16 пайызының ойынша әр жерде әртүрлі деген. Бұл сұрақтардан қала аудандарының көшелерінің біркелкі жұмыс жүргізілмейтіндігі белгілі болды.

Сурет – Жабайы ағаштар мен бұталардың жаяу жолда кедергі келтіруі

Ауданның жаяу жолдары көңіліңізден шығады ма? – деген сұраққа 58 пайыз респонденттер (369 адам) ия деп жауап берген, ал 32 пайызы үшін (200 адам) көңілімнен шықпайды деген, 10 пайызы (61 адам) бәрібір деп жауап берген.

Сурет – аудандағы жаяужолдардың талапқа сай болуы.

Зерттеу нәтижесі бойынша Алматы қаласының жаяужолдарының қазіргі жағдайы орташа деуге болады. Респонденттердің пікірі бойынша басым көпшілігі жаяужолдардағы қоқыс жәшіктерінің барлығы, әрқашан да таза болмайтындығы айтылған, сонымен қатар жаяужолдардың көгаландырылуы, олардың көңілдеріненн шығуына орташа деп баға берген. Демек, қаладағы жекелеген көшелердегі жаяужолдары бар көшелерді әлі де жақсартуды қажет етеді.