Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әуезов ауданы бар.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.23 Mб
Скачать

1.Мәселе

Көше бойындағы автокөліктердің басым болуы. Орталық көшелерде автокөліктерге көп орындар мен жолақтар берілген, бұл қозғалыстың қиындауына әкеліп соғады. Қиылыстарда жаяужолдар өте аз. Жаяужолдар көшедегі жылдамдығы жоғары қозғалыстар бойында орналасқан.

2. Мәселе

Келу пунктінің қиындығы. Қоғамдық көліктерді күту орындары және аялдамалар төмен сапада салынған. Қоғамдық көліктер туралы ақпараттың аздығы.

3. Мәселе

Қоғамдық орындардағы жаяужолдардың төмен сапада жасалынған. Жаяу жолдардағы кедергілер: өсіп кеткен ағаш бұталары, баспалдақтар,жаяужолдың сынған бөліктері және т.б. Жаяу жол аймағындағы жарықтар сапасының төмендігі, адамның діттеген жеріне бағытын көруге кедергі болады. Тағы айтып кететін мәселе, көшелерде жаяу жолдарға арналған демалыс орындары қарастырылмаған.

Осылардың барлығы Алматы қаласы үшін жаяу жолдардың қазіргі жағдайы арнайы зерттеуді қажет ететіндігі үлкен мәселе болып табылады. Ол мәселелерді былайша анықтадық:

- Көптеген көшелердің жаяужолдары қала тұрғындары үшін қауіпті;

- Жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өтпелдері тиімді болып саналады;

- Кейбір жаяужүргіншілерге арналған жолдар, төмен сапада жасалынған;

- Көптеген жаяужолдарда баспалдақтар орналасқан. Алайда, қарт адамдар мен

мүмкіндігі шектеулі жандарға, баспалдақтар мен табалдырықтардан көтерілуі

қиындық туындатады;

- Қыс мезгілінде кеш уақыттарда, жаяужолдардағы шұңқырлар мен кедергілер

адам өміріне қауіпті

Мысал ретінде, Алматы қаласында орналасқан жаяужолдарды, шет елдердегі жаяу жолдармен салыстырма жүргізілді:

  1. Райымбек даңғылындағы жаяужолдардың төменгі басымдылығы. Бұл жобаны жасағанда көше кең болғандықтан сәтті орындалған жоқ. Яғни, ғимараттар мен жаяужолдар арасындағы арақашықтық қалалық өмірге кедергілерін тудыруда. Зерттей келе, тротуар арқылы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін 8 221 жаяужүргіншілер өтті.

Копенгаген, Дания. Бұл Копенгаген қаласындағы көлік қозғалысы көп көшелердің бірі болып саналады. Жолақтар мен жаяужол маңы жоспарланып салынған. Тәулігіне жаяу жолдан 50 000 жаяу жүргіншілер өтеді.

  1. Абай даңғылы – ғимараттармен өзара байланысты емес. Көзқарас бойынша Абай даңғылы Райымбек даңғылымен сәйкес келеді. Бір ғана ерекшелігі Абай даңғылында велосипедке арналған жолақтар бар. Тротуар арқылы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін 8 785 жаяу жүргіншілер өтті.

Елисейлік алаң, Париж, Франция

Елисейлік алаң – бұл Париждегі ең тартымды аймақ. Кең аумақты жаяу жолдар ғимараттарды тартымды әрі көрікті етіп көрсетеді. Күніне 9 683 жаяу жүргіншілер жаяу жол арқылы жүреді.

  1. Абылай хан даңғылы – орталық көшеде транспорт қозғалыстары және тұрақтағы көліктері орналасқан. Жоласты өтпелдері адамдар үшін ыңғайсыз. Тротуар арқылы күніне сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін 10 000 жаяу жүргіншілер өтеді.

Австралия, Мельбурн, Сванстон көшесі

Мельбурн қаласының орталық көшелерінде автокөлік қозғалыстары жоқ. (тек қана қызмет автокөліктері) Ғимараттар жанындағы кең жайлы жолдар және де оңай жаяу жүргіншілер жолы қала тұрғындарына ыңғайлы етіліп жасалынған. Тәулігіне жаяужол арқылы 66 800 жаяужүргіншілер жүреді.

  1. Пушкин көшесі – бұл жасылдандырылған аймақтың енжарлы орны. Бұл бульварлық топтағы кең көше. Орталықтағы жасыл саябақта тұрақтағы және қозғалыстағы көліктердің саны өте көп. Орталық аймақ көп қолданылмайды. Күніне тротуардан 28 689 жаяужүргіншілер жүреді.

Барселона, Рамбла көшесі.

Ла Рамбл көшесінің орталық аймақтарындағы жаяу жолдар қазіргі заман талабына сай етіліп жасалынған. Зерттеу бойынша бір күнде жаяу жолдан 56 000 жаяу жүргіншілер жүреді.

  1. Панфилов көшесі - көлік қозғалысына арналған жасыл дәліз. Панфилов көшесі Алматы қаласының ең жасылданған орталығы болып келеді. Көптеген метро бекеті мен орталық аймақтармен байланысқан. Бірақ та бұл көше адамдардың жүруіне ыңғайсыз. Себебі транспорттың көптігінен жаяу жүргіншілер серуендеп жүре алмайды. Тіпті көліктер аз уақыт болған кезінде де орталық аймақтарды көліктер басып жатыр. Сол себептен бұл жерді ыңғайсыз етіп көрсетеді. Жаяу жүргіншілер саны – 3 647 адам.

Лион, Жан Мермос даңғылы

Жан Мермос даңғылындағы жаяу жолдарға күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілген. Кең аумақ, кең көше, велосипедшілерге және жаяу жүргіншілерге арналған ыңғайлы кең жолдар салынды. Жаяу жүргіншілер саны – 18 453 адам.

  1. Жібек жолы - енжарлы қоғамдық орын. Жібек жолының жаяу жолдарының енінің ұзындығы көптеген Алматы қаласының көшелері сияқты. Үлкен ғимараттар мен кең көшелер қоғамға әсерін тигізіп отыр. 14 000 жаяу жүргіншілер, сағат 10:00-ден 22:00-ге дейінгі зерттеу бойынша.

Копенгаген, Стрёгет

Копенгаген көшелеріндегі жаяу жүргіншілерге арналған жолдар қаладағы басты жаяу жолдардың бірі болып табылады. Мысал ретінде жаз мезгілін алатын болсақ, бір күннің ішінде жаяу жолдан 85 000 жаяу жүргіншілер өтеді. Себебі жаяу жолдарда жайлы орындар, ғимараттар, мекемелер және демалыс орындары орналасқан.

Салыстырмалы талдау

Көзге көрінбейтін тарихи магистраль.

Абылай хан даңғылы қаланы кесіп өтетін тарихи ось болып табылады, ол оның көп сапалы сипаты бар – белсенді фасадтар мен жасылдың көптігі адамдар үшін келуге тартымды орындары бар. Бірақ ол қаланың басты көшесі статусына жетпейді. Осы көшедегі жаяу жүргіншілер саны басқа қалалардағы басты көшелердегі жүргіншілер санынан аз. Абылай хан даңғылы жаяу жүргіншілерге ыңғайсыздық танытады, көшеден өтуге немесе жылжу тротуарлардағы айналып өту мен рельеф кедергілері ерекшеліктерімен қиындатылған.

Көшеде адамдар тоқтап, отырып және демалуға арналған скамейкалық аумақтар бар. Алматыда салыстырмалы жаяу жүргіншілер саны едәуір Абылай хан көшесінде жаяу жүргіншілер саны көп емес. Абылай хан көшесіндегі өткелдер саны көп емес, ол Мәскеудегі Тверской көшесімен салыстырғанда 3,5 есеге аз (Тверской көшесінің қайта жасалуына дейінгі тіркелген өткелдермен салыстырғанда). Бұл Абылай хан көшесінің жаяу жүргіншілер үшін қызықты емес екендігін білдіреді.

Абылай хан көшесінің бойында орналасқан мәдени-тұрмыстық және тарихи нысандар қоғамдық көліктер, саябақтар мен бұталардың жасырын және көрнектілігі сүрілген. Төменгі этаждардың қасбеттері тротуарлар жағына көңіл бөлінбеген, ал жаяу жүргіншілер жолдары мен ғимараттар арасындағы жол шеттері қала өмір салтына қарама-қайшы келеді. Олар тұрақтар аумағына берілген, қоршаулар бар немесе тастанды күйінде қолданылмайды.

Кейбір шеткі аумақтар белсенді және тартымды.

Жасалған салыстырмалы талдаудан Алматы қаласындағы белді көшелердің әлемнің атақты қалаларындағы жаяу жолдары бар көшелермен салыстыруға келмейді. Мұның себептері біріншіден, қаладағы көлік санының көптігі, жаяу жолдарға арналған орындардың барлығына дерлік көліктер қойылып адамдардың өтуіне кедерге келтіруі және жекелеген жағдайларда өміріне қауіп төндіретіні белгілі. Екіншіден, қаладағы жаяу жолдары бар көшелер өзінің маңызына орай пайдаланылмайтындығында, немесе ондағы тротуарлар мен плиткалардың, сатылардың жүріп тұруға қолайсыз, демалатын орындықтар, қоқыс салатын жәшіктердің жоқтығы, ол көше бойымен демалып өтуге мүмкіндік туғызбайды.

Үшіншіден, қаладағы жаяу жолдары бар көшелердің тартымсыздығы көзге түседі, ондағы ағаш бұталарының жайылып өсіп кетуі, тұрғындардың көз тоқтатып сүйсіне қарайтын қызықты мүсіндердің, су бұрқақтардың жоқтығы.