Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әуезов ауданы бар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.23 Mб
Скачать

«НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

«Қорғауға жіберілді»

«Мемлекеттік басқару» кафедрасының

меңгерушісі,э.ғ.к., доцент

_____________ М.М.Рысқұлова

№ __ хаттама, ________2017ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: «Алматы қаласының жаяу жолдарының қазіргі жағдайы және оның әлеуметтік маңызы»

«5В090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандығы

Орындағандар:

ІV курс (4 ж.о.) студенттері

_______________

А.Ж.Таужанова

_______________

_______________

Ә.М.Кадирова

Қ.Б.Құрманбаева

Ғылыми жетекшілер:

PhD докторы, доцент

_______________

К.А.Абенова

Алматы, 2017

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1

1.1

1.2

2

2.1

2.2

3

3.1

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАЯУ ЖОЛДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ

Алматы қаласының орталығындағы көшелердің жаяу жолдарының қазіргі жағдайын талдау...............................................

Қала тұрғындарын жаяу жүретін жолдардың ыңғайлығы мен көріктігін анықтау бойынша социологиялық зерттеу жүргізу әдістемесі................................................................................................

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АУДАНДАРЫНДАҒЫ ЖАЯУ ЖОЛДАРДЫН ҚАЗІРГІ СИПАТЫ

Әуезов, Бостандық, Алатау, Медеу аудандары бойынша жаяу жолдардың қазіргі жағдайы, тиімділігі, мәселелері (суретке түсіру, жаяу жүргіншілермен сауалнама жүргізу)....................................................

Қала аудандарындағы жаяу жолдар сипатын талдау ......................

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАЯУ ЖОЛДАРЫН КӨРКЕЙТУ, ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

Қала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік маңыздылығын анықтау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар............................

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Қалалардың әсемдігі, архитектуралық-ланшафтық ортасы, ондағы қала тұрғындарының демалуына және қала көркіне бағдар жасай алуы үшін әрбір ірі қалаларда жаяу жолдар қарастырылған. Сол сияқты Қазақстанның оңтүстік астанасы, әрі қаржы орталығы ретіндегі Алматы қаласының саяси, экономикалық және әлеуметтік сипаты мол. Сондықтан да Алматы қаласының тарихи архитектуралық мүмкіндіктерін ескере отырып, ондағы бірнеше ірі жаяу жолдардың барлығы және олардың қазіргі кездегі жағдайын зерттеп, мүмкін болғанда осы жолдарды ары қарай дамыту, көркейту және тұрғындардың пайдалануына қолайлы әрі тиімді етуге ұсыныстар беру дипломдық жоба тақырыбының өзектілігін білдіреді.

Жаяу жолдары бар көшелердің және алаңдардың бір ерекшелігі ондағы арнайы көрнекі жабыңқылардың барлығымен сипатталады. Оларға түрлі заманауи техникалық және технологиялық көрнекі дизаиндағы материалдармен жабдықталғандығы және көшедегі дүкендердің, отыратын орындықтардың, су бұрқақтарының және т.б. элементтердің барлығы қаладағы жаяу жолдары бар көшелерді ерекше әсем етеді және олардың қала тұрғындары мен қаланы тамашалауға келген саяхатшылар назарына есте қаларлықтай әсер қалдырады.

Алматы – Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік шығысында орналасқан. 2016 жылғы көрсеткіш бойынша Алматы қаласының тұрғындары – 1 703 500 адам құрайды. Алматы қаласының аумағы – 682 шаршы километрді құрайды.

Жобаны жүзеге асыру үшін негізгі мақсаты ретінде Алматы қаласындағы жаяу жолдардың қазіргі жағдайын зерттеу, олардың заманауи талаптарға сай әрлендіру және тұрғындарға қолайлы ету үшін ұсыныстар әзірлеу.

Айқындалған мақсаттарға орай келесі міндеттерді шешу жүктеледі:

  • қала тұрғындары үшін жаяу жолдардың әлеуметтік маңызын зерттеу;

  • Алматы қаласы орталығындағы жаяу жолдар көшелерінің қазіргі жағдайын сипаттау;

  • қала тұрғындарын жаяу жүретін жолдардың ыңғайлығы мен көріктігін анықтау бойынша социологиялық зерттеу жүргізу әдістемесін қарастыру;

  • Әуезов, Бостандық, Алатау және Медеу аудандары бойынша жаяу жолдардың қазіргі жағдайы, тиімділігі, мәселелерін қарастыру, салыстырмалы талдау жасау;

  • қала аудандарындағы жаяу жолдар сипатын талдау, оның ішінде социологиялық зерттеу жүргізу және суретке түсіру арқылы мәселелік аймақтарды анықтап тиісті органдарға жеткізу;

  • қала тұрғындары үшін жаяу жолдардың әлеуметтік маңыздылығын анықтау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Жобаның негізгі нысаны – Алматы қаласының Әуезов, Алатау, Медеу және Бостандық аудандарындағы және жаяу жолдары бар басты көшелер Абылай хан, Абай даңғылдары, Жібек жолы, Панфилов, Пушкин көшелері және Республика алаңы қарастырылады.

Жобаның негізгі субъектілері Алматы қаласының әкімшілігі және Алатау, Әуезов, Медеу, Бостандық аудандық әкім аппараты.

Жобадағы зерттеу пәні аталған мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және Алматы қаласының тұрғындары арасындағы өзара қарым-қатынас.

Жобаның негізгі идеясы Алматы қаласындағы тұрғындардың жүріп тұруына, демалуына, спортпен айналысуына қолайлы болатын жаяу жолдардың жағдайын анықтап, оларды барынша көріктендіруге және пайдалы етуге ұсыныстар әзірлеу және әлеуметтік, экологиялық, экономикалық тиімділігін арттыру болып табылады.

1 Қала тұрғындары үшін жаяу жолдардың әлеуметтік маңызы

1.1 Алматы қаласының орталығындағы көшелердің жаяу жолдарының қазіргі жағдайын талдау

Қаланың әдемілігі, тыныс тіршілігі ондағы халықтың жүріп-тұруына қолайлы, тіршілік етуге тартымды, экологиялық, санитарлық тазалығы, тәртібі қала көшелерінің, тротуарларының, демалыс орындарының саябақтарының негізгі ахуалында. Олар өз кезегінде қала тұрғындары мен қалаға келген қонақтар және саяхатшылардың назарына ұсынылатын тарихи, мәдени маңыздылығы бар демалыс орындарының заман талабына сай болуында.

Солардың бірі қаладағы жаяу жолдардың жағдайы немесе тротуарлардың бар болуы және заман талабына сай келуі қажет.

Тротуар – жаяужол, ағылшын тілінде бір жол жағының бойымен жүру жолы деген мағынаны білдіреді. Кей жерлерде бұл термин – парк арқылы жол, жаяу жүргін жолы және белгі деп те қолданылады.

Тротуралардың пайда болуы тарихы АҚШ тан басталады. АҚШ-да жаяу жол термині жол жанындағы жаяу жүргіншілер үшін пайдаланылады. Жаяу жол, жаяу жүргіншілер мен велосипед қолданушылар үшін тиімді болып табылады. Сонымен қатар, жаяу жолдар да орналасқан баспалдақтар аллеясы, өту жолдары, пандустар термині кеңірек таралған.

Тротуарлар ежелден бері салынған деген мәліметтер бар. Грекиялық Коринф қаласы IV ғасырда қаланған және де римдіктер тротуар құрылысшылары болды деген деректер бар. Оларды ежелде «Semitas» деп атаған. Алайда, ортағасырда тар жолдар бір мезгілде екі санатты кез-келген жаяу жүргіншілер мен вагондар пайдаланатын жолға айналды. Жаяу жүру жолы немесе тротуар қызметтерін ерте қолдану әдетте, тиімді болған жоқ.

1666 жылғы Лондондағы үлкен өрттен кейін, қаланы қайта өндеу баяу жүріп жатты. 1671 жылы тротуарға және көшелерді тазалау мәселелеріне байланысты тәртіптер еңгізілген болатын. Олар тротуарды салу үшін «Purbeck» тасын қолданып, жаяу жүргіншілерді орта жолдардан қорғау үшін Столбиктер орнатқан екен.

Көп жылдардан бері жаңа қалаларды жоспарлау, адамдардың орталық көшелердің жасыл аймағына көлік құралдарын қамтамасыз етуге назар аудара отырып, жүзеге асырылды. Бұл жағдай адамдардың орталық көшелерден кетуіне және көліктердің қоғамдық орындарында көбеюіне әкеліп соқтырды. Көліктер кептелісті және шаңды құрап, қалалық өмірді, ортаны жағымсыз етіп көрсетті. Бұл көрсетілген элементтердің барлығы Алматы қаласында кездеседі.

Тротуарлар транспорттық мәселеде маңызды рөл ойнайды, себебі олар адамдар қауіпсіздігін қорғайды. Ауылдық жерлерде жаяу жолдардың болуы өте аз. Ал қалалық райондарда және қалаға жақын жерлерде тротуарларды әр көшесінде кездестіріп жатамыз. Жаяу жолдың болуы тұрғындардың жүрек-қан тамырларына семіздікті алдын алуға, басқада денсаулық сақтау мәселелеріне көмегін тигізеді. Сондай-ақ мектепке баратын балалардың концентрациясының жақсы болуынада көмегін тигізеді.

Халықтың әр санатындағы тұрғындары қарт кісілер, балалы әйелдер мүмкіндігі шектеулі адамдар және жастар үшін жаяу жолдың маңыздылығы мен ерекшелігіне назар аударамыз.

Алматы қаласына тән қозғалыс мүмкіндіктері: