- •1. Қала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік маңызы
- •Алматы қаласындағы көшелер бойындағы жаяужолдардың
- •2. Алматы қаласы аудандарындағы жаяужолдардың қазіргі сипаты
- •2.1 Жаяужолдардың қазіргі жағдайы бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізу
- •2.2 Әуезов, Бостандық, Алатау, Медеу аудандары бойынша жаяужолдардың қазіргі жағдайы, мәселелері және шешу жолдары
- •2.3 Қала аудандарындағы жаяужолдар сипатын талдау («Алматы қаласының даму орталығы» ақ мысалында)
- •3 Алматы қаласының жаяужолдарын көркейту, жетілдіру бағыттары
- •3.1 Қала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік маңыздылығын анықтау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар
2.2 Әуезов, Бостандық, Алатау, Медеу аудандары бойынша жаяужолдардың қазіргі жағдайы, мәселелері және шешу жолдары
Әуезов ауданы Алматы қаласында 1972 жылы құрылған. Бүгінгі күні аудан бойынша жалпы автокөлік жолдарының ұзындығы 250 км құрайды, тротуарлар 92 км, жаяужолдар 11 км құрайды. Өткен жылы жалпы аумағы 10,51 км жолдар, 3,526 км тротуарлар жөндеуден өткен. Сол сияқты 6 транспорттық айналымдар, 5 жер асты және 5 жер үсті жаяу өткелдері бар.
Абай, Райымбек даңғылдары, Төле би көшесінде қоғамдық көлік жүруі үшін арнайы жолақтарға орын берілді, барлығын қосқанда 11,9 км құрайды. Бұл қоғамдық көліктің 20 пайызға жылдамырақ қозғалуына ықпал етті [6].
Сурет-23
Әуезов ауданның картасы
Ескерту: Әуезов ауданы әкімінің аппараты- http://auezov.almaty.kz
№ |
Көшелер: |
Зерттеу нәтижелері: |
1 |
Шаймерденов Мұстафин-Жандосов |
Жаяужолдардың тазалығы орташа. Қоқыс жәшіктері бар, бірақ орындықтар жоқ. Пандустар бар, тек шығып-түсу жаяу жүргіншілер үшін қолайсыз. Тротуарлардың бойында орналасқан киосктар, аялдамалар кедергі тудыруда |
2 |
Ұлықбек Алтынсарин – Момышұлы |
Жаяужолдардың ені – 2,25м. Тротуардың жағдайы орташа. Бірақ, демалу орындықтары, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар және қоқыс жәшіктері жоқ. Тұрақтағы көліктер, шұңқырлар, киосктер кедергі келтіруде. Жаяужолдың бойындағы арық жүйелердің бетіне темір торлар қойылмаған. |
3 |
Шаляпин Щепетков Яссауи |
Жаяужолдар да қоқыс жәшіктері жоқ. Тротуарлардың бойында орналасқан шұңқырлар кедергі тудыруда.
|
4 |
Алтынсарин Жандосов-Қабдолов |
Демалу орындықтары, пандустар және қоқыс жәшіктері жоқ.
|
Бостандық ауданы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығына сәйкес 31 қаңтар 1966 жылы Калинин ауданы пайда болды. Қала маңындағы жерлер аумағының кеңеюіне байланысты қала маңындағы жерлерден аудан құрылды, ал 1997 жылы Бостандық ауданы болып өзгертілді. Ауданның ауданы 3 765га, халық саны – 302,7 мың. (2016) [7]
Сурет-24
Бостандық ауданының картасы
Ескерту: Бостандық ауданы әкімінің аппараты – http://bostandyk.almaty.kz
№ |
Көшелер: |
Зерттеу нәтижелері: |
1 |
Әл-Фараби |
Бұл көшедегі жаяужолдардың жағдайы өте жақсы. Ең бастысы таза. Қоқыс жәшіктері, скамейкалар, пандустар барлықтары қарастырылған. Жаяужолдың ені – 2,25. Демалыс орындары бар. Тротуардың таза және әдемі жасалынғанынан, серуендегенде адамға жағымды әсер қалдырады. |
2 |
Жандосов |
Бұл көшедегі жаяужолдың жағдайы қанағаттандырарлық. Тротуарлары таза. Бірақ, кейбір жерлерінде шұңқырлар кездеседі, пандустары бар. Алайда, қоқыс жәшіктерінің саны аз, скамейкалары жоқ. |
3 |
Сәтпаев |
Жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың жағдайы жақсы. Бірақ, бойындағы аялдамалар, дүкендер кедергі келтіреді. Қоқыс жәшіктері мен пандустары бар. |
4 |
Дулати |
Жаяужолдарда ешқандай кедергі кездестірмедік. Тек, қоқыс жәшіктерінің саны аз. Демалыс орындары қарастырылған. |
5 |
Фурманов |
Тротуарлар жақсы салынған. Таза, ешқандай кедергілер жоқ, қоқыс жәшіктері бар. Тек, скамейкалары жоқ. |
6 |
Новои |
Жаяужолдары таза. Қоқыс жәшіктері бар, скамейкалар қарастырылмаған. Тротуар бойындағы баспалдақтар шығуға ыңғайсыз. Зерттеу барысында,суретке түсіріп, жаяу жүргіншілерден сауалнама алынды. |
Алатау ауданы Алматы қаласындағы ең жас аудан болып есептеледі. 2008 жылы құрылды. Ауданы– 5,67км2. Халық саны–158,300 мың. (2016) [8].
Сурет -25- Алатау ауданының аумағы
Ескерту: Алатау ауданы әкімінің аппараты- http://auezov.almaty.kz
№ |
Көшелер: |
Зерттеу нәтижелері: |
1 |
Розыбакиев |
Жаяужолдардың жағдайы орташа. Тротуарлардың бойында шұңқырлар кездеседі. Қоқыс жәшіктері қойылған, бірақ скамейкалары жоқ. |
2 |
Ақын Сара |
Тротуарлардың жағдайы жақсы, таза. Қоқыс жәшіктері және скамейкалары бар. |
3 |
Рысқұлов |
Жаяу жүруге арналған жолдары толық салынбаған. Яғни, жолдың кейбір жерлерінде жаяужолдар жоқ. Қоқыс жәшіктерінің саны аз. Скамейкалар жоқ. |
4 |
Емцов |
Жаяу жүретін жолдың бойында шұңқырлар бар. Ағаштың өсіп кеткен бұталары және тұрақтағы көліктер, жүруге кедергі келтіреді. Арық іші қоқыстарға толы. Қоқыс жәшіктері мен скамейкалары жоқ. |
5 |
Ырысты |
Тротуарлары тар. Таза емес. Арық қоқысқа толы. Шұңқырлар көп кездеседі. |
Алматы қаласы Медеу ауданы 1936 жылы қазан айында құрылған. Ауданның жалпы алаңы 93,6 шаршы км құрайды. Аудандағы жалпы халық саны 181 мың адам. Алматы қаласы бойынша ірі өнеркәсіпті, мәдени орталық ретінде қалыптасқан аудан [9].
Сурет-26 – Медеу ауданының картасы
Ескерту: Медеу ауданы әкімінің аппараты-http://medeu.almaty.kz
№ |
Көшелер: |
Зерттеу нәтижелері: |
1 |
Әл-Фараби ВОАД - Фурманов |
Жаяужолдардың жағдайы жақсы, қоқыс жәшіктері, демалу орындықтары бар. Мүмкіндігі шектеулі жандарға және велосипедшілерге арналған пандустар қарастырылған. |
2 |
Достық Төле би-Медеу |
Бұл көшелердегі тротуарлардың барлығы дерлік жаңа жабдықтармен жасалған. Жаяужолдардың бойы таза. |
3 |
Қонаев Абай-Райымбек |
Жаяужолдардың сапасы жақсы. Барлығы стандартқа сай жасалынған. |
4 |
Жолдасбеков Достық-Фурманов |
Көшелерінің бойында орналасқан тротуарлардың барлығы стандартқа сай жасалынған. Қоқыс жәшіктері, орындықтар, пандустар қойылған. |
5 |
Құрманғазы Қармысов-Фурманов |
Қоқыс жәшіктері таза. Мүмкіндігі шектеулі жандарға және велосипедшілерге арналған пандустардан шығып-түсу еш кедергі тудырмайды. |
Бұл бөлімді қорытындылай келе 4 аудан: Әуезов, Бостандық, Алатау, Медеу аудандары бойынша жаяужолдардың қазіргі жағдайы, мәселелері мен шешу жолдары анықталды. Яғни, әрбір ауданның өз кедергілері мен қолайсыз мәселелері болды. Әуезов ауданы мен Бостандық ауданының жағдайы жақсы болса, Алатау ауданы ең жас аудан болғандықтан әлі де толық жағдай қарастырылмағаны анықталды.
