Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
okonchatelny_variant.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.4 Mб
Скачать

«НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

«Қорғауға жіберілді»

«Мемлекеттік басқару» кафедрасының

меңгерушісі,э.ғ.к., доцент

_____________ М.М.Рысқұлова

№ __ хаттама, ________2017ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: «Алматы қаласының жаяу жолдарының қазіргі жағдайы және оның әлеуметтік маңызы»

«5В090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандығы

Орындағандар:

ІV курс (4 ж.о.) студенттері

_______________

А.Ж.Таужанова

_______________

_______________

Ә.М.Кадирова

Қ.Б.Құрманбаева

Ғылыми жетекшілер:

PhD докторы, доцент

_______________

К.А.Абенова

Алматы, 2017

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1.

1.1

2

2.1

2.2

2.3

3

3.1

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАЯУЖОЛДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ

Алматы қаласындағы көшелер бойындағы жаяужолдардың қазіргі

жағдайы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АУДАНДАРЫНДАҒЫ

ЖАЯУЖОЛДАРДЫҢ ҚАЗІРГІ СИПАТЫ

Жаяужолдардың қазіргі жағдайы бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізу

Әуезов, Бостандық, Алатау, Медеу аудандары бойынша жаяужолдардың қазіргі жағдайы, тиімділігі, мәселелер

Қала аудандарындағы жаяужолдар сипатын талдау

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАЯУЖОЛДАРЫН КӨРКЕЙТУ, ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

Қала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік маңыздылығын анықтау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

АҢДАТПА

Жобада Алматы қаласының жаяужолдарының қазіргі жағдайына зерттеу жүргізілді. Алматы қаласының жаяужолдары бар негізгі көшелерінің, тұрғындардың, саяхатшылардың, халықтың әлжуаз топтары үшін көрікті, ыңғайлы және демалыс орнына айналатындай етіп жарақтандыру. Алматы қаласын Қазақстанның ең негізгі қалаларының бірі ретіндегі әлеуметтік рөлін жоғарлату. Жобаның нысаны ретінде Алматы қаласының 4 ауданы қарастырылды. Соның ішінде, Медеу ауданы мен Бостандық ауданында саябақтардың барлығы, мәдени орталықтар, жасыл дәліздердің барлығы қарастырылған. Стандартқа сай жасалынған.

КІРІСПЕ

Жоба тақырыбының өзектілігі – 2016 жылдың басында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Алматыда болған сапарында бірқатар нысандарды аралап, Қысқы Универсиадаға дайындық жөнінде кеңес өткізіп, қала әкімі Б.Байбекке Алматы қаласына қамқорлықпен қарауды тапсырды.

Ол өз сөзінде: “Алматыны бүкіл Қазақстан жақсы көреді. Сондықтан қаланы жақсы көріп, аялап, ластамай, көгалдандыруға көңіл бөліп, көшелердің тазалығын, тәртібін қадағалау қажет. Тауларды, сұлулықты сақтап қалу керек” – деп қаланы оның көшелерін жақсартуға біршама тапсырмалар берді [1].

ҚР Үкіметінің қабылдаған «Алматы - 2020» бағдарламасында оны дамытудың 7 бағыты айқындалған. Онда: 1-ден, қала тұрғындар үшін жайлы болуы қажет. 2-ден, қауіпсіз, 3-ден, әлеуметтік салаға бет бұрған қала болғаны дұрыс. 4-ден, экономикалық жағынан тұрақты, 5-ден, жеке капитал мен бизнес қаласы болуы қажет. 6-дан, интеграцияланған, яғни барлық аумақтар бірдей дамыған, халықаралық қатынастарда орны маңызды, 7-ден, қала тұрғындары белсенді болуы керек. Осы басымдықтарды толықтай жүзеге асыру – алдағы бес жылда қаламызға айтарлықтай оң өзгерістер алып келеді деген сенімдеміз[2].

Қалалардың әсемдігі, архитектуралық-ланшафтық ортасы, ондағы қала тұрғындарының демалуына және қала көркіне бағдар жасай алуы үшін әрбір ірі қалалардағы жаяужолдар қарастырылған. Сол сияқты Қазақстанның бас қаласы, мәдениет пен қаржы орталығы болып саналатын Алматы қаласының саяси, экономикалық және әлеуметтік орны ерекше. Сондықтан да Алматы қаласының тарихи архитектуралық мүмкіндіктерін ескере отырып, ондағы бірнеше ірі жаяужолдардың барлығы және олардың қазіргі кездегі жағдайын зерттеп, мүмкін болғанда осы жолдарды ары қарай дамыту, көркейту және тұрғындардың пайдалануына қолайлы әрі тиімді етуге ұсыныстар беру дипломдық жоба тақырыбының өзектілігін білдіреді.

Алматы – Қазақстанның ірі қаласы. 2017 жылғы 1 сәуірдегі көрсеткіш бойынша Алматы қаласының тұрғындары – 1 703 500 адамды құрайды. Алматы қаласының аумағы – 682 шаршы км [3].

Жобаны іске асыру үшін негізгі мақсаты ретінде Алматы қаласындағы жаяужолдардың қазіргі жағдайын зерттеу, олардың заманауи талаптарға сай әрлендіру және тұрғындарға қолайлы ету үшін ұсыныстар әзірлеу. Айқындалған мақсаттарға орай келесі міндеттерді шешу жүктеледі:

- қала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік маңызын зерттеу;

- қала тұрғындарын жаяу жүретін жолдардың ыңғайлығы мен көріктігін

анықтау бойынша социологиялық зерттеу жүргізу;

- Алматы қаласы орталығындағы жаяужолдар көшелерінің қазіргі жағдайын

сипаттау;

- Әуезов, Бостандық, Алатау және Медеу аудандары бойынша

жаяужолдардың қазіргі жағдайы, тиімділігі, мәселелерін қарастыру,

салыстырмалы талдау жасау;

- қала аудандарындағы жаяужолдар сипатын талдау, оның ішінде

социологиялық зерттеу жүргізу және суретке түсіру арқылы мәселелік

аймақтарды анықтап тиісті органдарға жеткізу;

Жобаның негізгі нысаны – Алматы қаласының Әуезов, Алатау, Медеу және Бостандық аудандарындағы және жаяужолдары бар басты Абылай хан, Абай даңғылдары, Жібек жолы, Панфилов, Пушкин көшелері және Республика алаңы қарастырылады.

Жобаның негізгі субъектілері - Алматы қаласының әкімшілігі және Алатау, Әуезов, Медеу, Бостандық аудандық әкім аппараты.

Жобадағы зерттеу пәні - аталған мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және Алматы қаласының тұрғындары арасындағы өзара қарым-қатынас.

Жобаның негізгі идеясы - Алматы қаласындағы тұрғындардың жүріп тұруына, демалуына, спортпен айналысуына қолайлы болатын жаяужолдардың жағдайын анықтап, оларды барынша көріктендіруге және пайдалы етуге ұсыныстар әзірлеу және әлеуметтік тиімділігін арттыру болып табылады.

Жұмыстың нәтижесі бойынша Нархоз Университетінде 2017 жылы 11 сәуір күні дөңгелек үстел өткізілді. Ғылым апталығы конференциясында Алматы қаласының даму орталығы берген тапсырманы презентация түрінде көрсетіп, сол орталықтың қызметкерлері жұмыстың нәтижесін бағалады. Сонымен қатар осы аптада мамандығымызға байланысты жеке – жеке статья жаздық. Дипломдық жобаның жұмыстарын үшеуіміз бөліп атқардық. 1.1, 2.1 – бөлімдерін Таужанова Аида, Кадирова Әлемшат - 2.2, 2.3 бөлімдерін, ал Құрманбаева Құндыз 3.1 және қорытынды бөлімдерін жаздық. Алматы қаласының даму орталығы берген тапсырмаларды орындап, яғни Алматы қаласындағы 4 аудан бойынша: Бостандық, Әуезов, Алатау, Медеу көшелеріндегі жаяужолдарды суретке түсіріп, оның бойындағы демалу орындықтарының, қоқыс жәшіктерінің және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустардың жағдайын, бар-жоқтығын анықтап, электронды картаға салдық.

1. Қала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік маңызы

    1. Алматы қаласындағы көшелер бойындағы жаяужолдардың

қазіргі жағдайы

Қаланың әдемілігі, тыныс тіршілігі ондағы халықтың жүріп-тұруына қолайлы, тіршілік етуге тартымды, экологиялық, санитарлық тазалығы, тәртібі қала көшелерінің, тротуарларының, демалыс орындарының саябақтарының негізгі ахуалында. Олар өз кезегінде қала тұрғындары мен қалаға келген қонақтар және саяхатшылардың назарына ұсынылатын тарихи, мәдени маңыздылығы бар демалыс орындарының заман талабына сай болуында. Солардың бірі қаладағы жаяужолдардың жағдайы немесе тротуарлардың бар болуы және заман талабына сай келуі қажет.

Тротуар – жаяужол, ағылшын тілінде бір жол жағының бойымен жүру жолы деген мағынаны білдіреді. Кей жерлерде бұл термин – парк арқылы жол, жаяу жүргін жолы және белгі деп те қолданылады.

Тротуралардың пайда болу тарихы АҚШ тан басталады. АҚШ-да жаяужол термині жол жанындағы жаяу жүргіншілер үшін пайдаланылады. Жаяужол, жаяу жүргіншілер мен велосипед қолданушылар үшін тиімді болып табылады. Сонымен қатар, жаяужолдар да орналасқан баспалдақтар аллеясы, өту жолдары, пандустар термині кеңірек таралған.

Тротуарлар ежелден бері салынған деген мәліметтер бар. Грекиялық Коринф қаласы IV ғасырда қаланған және де римдіктер тротуар құрылысшылары болды деген деректер бар. Оларды ежелде «Semitas» деп атаған. Алайда, ортағасырда тар жолдар бір мезгілде екі санатты кез-келген жаяужүргіншілер мен вагондар пайдаланатын жолға айналды. Жаяу жүру жолы немесе тротуар қызметтерін ерте қолдану әдетте, тиімді болған жоқ.

1666 жылғы Лондондағы үлкен өрттен кейін, қаланы қайта өндеу баяу жүріп жатты. 1671 жылы жаяужолға және көшелерді тазалау мәселелеріне байланысты тәртіптер еңгізілген болатын. Олар тротуарды салу үшін «Purbeck» тасын қолданып, жаяу жүргіншілерді орта жолдардан қорғау үшін бағаналар орнатқан екен [4].

Көп жылдардан бері жаңа қалаларды жоспарлау, адамдардың орталық көшелердің жасыл аймағына көлік құралдарын қамтамасыз етуге назар аудара отырып, жүзеге асырылды. Бұл жағдай адамдардың орталық көшелерден кетуіне және көліктердің қоғамдық орындарында көбеюіне әкеліп соқтырды. Көліктер кептелісті және шаңды құрап, қалалық өмірді, ортаны жағымсыз етіп көрсетті. Бұл көрсетілген элементтердің барлығы Алматы қаласында кездеседі.

Тротуарлар транспорттық мәселеде маңызды рөл ойнайды, себебі олар адамдар қауіпсіздігін қорғайды. Ауылдық жерлерде жаяужолдардың болуы өте аз. Ал қалалық аудандарда және қалаға жақын жерлерде тротуарларды әр көшесінде кездестіріп жатамыз. Жаяужолдың болуы тұрғындардың жүрек-қан тамырларына семіздікті алдын алуға, басқада денсаулық сақтау мәселелеріне көмегін тигізеді. Сондай-ақ мектепке баратын балалардың концентрациясының жақсы болуынада көмегін тигізеді.

Халықтың әр санатындағы тұрғындары қарт кісілер, балалы әйелдер мүмкіндігі шектеулі адамдар және жастар үшін жаяужолдың маңыздылығы мен ерекшелігіне назар аударамыз.

Алматы қаласына тән қозғалыс мүмкіндіктері және мәселелері:

1. Көше бойындағы автокөліктердің басым болуы. Орталық көшелерде автокөліктерге көп орындар мен жолақтар берілген, бұл қозғалыстың қиындауына әкеліп соғады. Қиылыстарда жаяужолдар өте аз. Жаяужолдар көшедегі жылдамдығы жоғары қозғалыстар бойында орналасқан.

2. Қоғамдық орындардағы жаяужолдар төмен сапада жасалынған. Жаяужолдардағы кедергілер: өсіп кеткен ағаш бұталары, баспалдақтар, жаяужолдың сынған бөліктері және т.б. Жаяужол аймағындағы жарықтар сапасының төмендігі, адамның діттеген жеріне бағытын көруге кедергі болады. Тағы айтып кететін мәселе, көшелерде жаяужолдарға арналған демалыс орындары қарастырылмаған. Осылардың барлығы Алматы қаласы үшін тротуарлардыңдың қазіргі жағдайы арнайы зерттеуді қажет ететіндігі үлкен мәселе болып табылады. Ол мәселелерді былайша анықтадық:

- көптеген көшелердің жаяужолдары қала тұрғындары үшін қауіпті;

- жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өтпелдері тиімді болып саналады;

- кейбір жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, төмен сапада жасалынған;

- көптеген жаяужолдарда баспалдақтар орналасқан. Алайда, қарт адамдар

мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, баспалдақтар мен табалдырықтардан

көтерілуі қиындық туындатады. - қыс мезгілінде кеш уақыттарда, жаяужолдардағы шұңқырлар мен

кедергілер адам өміріне қауіпті;

Мысал ретінде, Алматы қаласында орналасқан жаяужолдарды, шет елдердегі жаяужолдармен салыстырма жүргізілді:

Сурет-1 Райымбек даңғылы мен Дания еліндегі Копенгаген қаласының

жаяужолдары

Ескерту: А-автормен қарастырылған, В-https://www.google.kz

1. Райымбек даңғылындағы жаяужолдардың төменгі басымдылығы. Бұл жобаны жасағанда көше кең болғандықтан сәтті орындалған жоқ. Яғни, ғимараттар мен жаяужолдар арасындағы арақашықтық қалалық өмірге кедергілерін тудыруда. Зерттей келе, тротуар арқылы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін 8 221 жаяу жүргіншілер өтті.

Копенгаген, Дания. Бұл Копенгаген қаласындағы көлік қозғалысы көп көшелердің бірі болып саналады. Жолақтар мен жаяужол маңы жоспарланып салынған. Тәулігіне жаяужолдан 50 000 жаяу жүргіншілер өтеді [5].

Сурет-2 Абай даңғылы мен Париж қаласындағы Елисейлік алаңындағы жаяужолдар

Ескерту: А, В- https://www.google.kz

2. Абай даңғылы – ғимараттармен өзара байланысты емес. Көзқарас бойынша Абай даңғылы Райымбек даңғылымен сәйкес келеді. Тротуар арқылы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін 8 785 жаяу жүргіншілер өтті.

Елисейлік алаң – бұл Париждегі ең тартымды аймақ. Кең аумақты жаяужолдар ғимараттарды тартымды әрі көрікті етіп көрсетеді. Күніне 9 683 жаяу жүргіншілер жаяужол арқылы жүреді [5].

Сурет-3 Абылай хан даңғылы мен Австралияның Мельбурн қаласындағы тротуарлар

Ескерту: А-автормен қарастырылған, В- https://www.google.kz

3. Абылай хан даңғылы – орталық көшеде транспорт қозғалыстары және

тұрақтағы көліктері орналасқан. Жоласты өтпелдері адамдар үшін ыңғайсыз. Тротуар арқылы күніне сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін 10000 жаяу жүргіншілер өтеді.

Мельбурн қаласының орталық көшелерінде автокөлік қозғалыстары жоқ. (тек қана қызмет автокөліктері) Ғимараттар жанындағы кең жайлы жолдар және де оңай жаяужолдары қала тұрғындарына ыңғайлы етіліп жасалынған. Тәулігіне жаяужол арқылы 66 800 жаяу жүргіншілер жүреді [5].

Сурет-4 Пушкин көшесі мен Барселона қаласындағы Ла Рамбл көшесінің бойында орналасқан жаяужолдар

Ескерту: А, В- https://www.google.kz

4. Пушкин көшесі – жасылдандырылған аймақтың енжарлы орны. Бұл бульварлық топтағы кең көше. Орталықтағы жасыл саябақта тұрақтағы және қозғалыстағы көліктердің саны өте көп. Орталық аймақ көп қолданылмайды. Күніне тротуардан 28 689 жаяу жүргіншілер жүреді.

Ла Рамбл көшесінің орталық аймақтарындағы жаяужолдар қазіргі заман талабына сай етіліп жасалынған. Зерттеу бойынша бір күнде жаяужолдан 56 000 жаяу жүргіншілер жүреді [5].

Сурет-5 Панфилов көшесі және Лион, Жан Мермоз даңғылындағы тротуарлар

Ескерту: А,В- https://www.google.kz

  1. Панфилов көшесі - көлік қозғалысына арналған жасыл дәліз. Панфилов көшесі Алматы қаласының ең жасылданған орталығы болып келеді. Көптеген метро бекеті мен орталық аймақтармен байланысқан. Бірақ та бұл көше адамдардың жүруіне ыңғайсыз. Себебі транспорттың көптігінен жаяу жүргіншілер серуендеп жүре алмайды. Тіпті көліктер аз уақыт болған кезінде де орталық аймақтарды көліктер басып жатыр. Сол себептен бұл жерді ыңғайсыз етіп көрсетеді. Жаяу жүргіншілер саны – 3 647 адам.

Жан Мермос даңғылындағы жаяужолдарға күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілген. Кең аумақ, кең көше, велосипедшілерге және жаяу жүргіншілерге арналған ыңғайлы кең жолдар салынды. Жаяу жүргіншілер саны – 18 453 адам [5].

Сурет -6 Жібек жолы мен Копенгаген, Строгет көшелеріндегі жаяужолдар

Ескерту: А, В- https://www.google.kz

  1. Жібек жолы - енжарлы қоғамдық орын. Жібек жолының жаяужолдарының енінің ұзындығы көптеген Алматы қаласының көшелері сияқты. Үлкен ғимараттар мен кең көшелер қоғамға әсерін тигізіп отыр. Сағат 10:00-ден 22:00-ге дейінгі зерттеу бойынша 14 000 жаяу жүргіншілер жүрді.

Копенгаген көшелеріндегі жаяу жүргіншілерге арналған жолдар қаладағы басты жаяужолдардың бірі болып табылады. Мысал ретінде жаз мезгілін алатын болсақ, бір күннің ішінде жаяужолдан 85 000 жаяу жүргіншілер өтеді. Себебі жаяужолдарда жайлы орындар, ғимараттар, мекемелер және демалыс орындары орналасқан [5].

Жасалған салыстырмалы талдаудан Алматы қаласының бас көшелерін әлемнің атақты қалаларындағы жаяужолдары бар көшелермен салыстыруға келмейді. Мұның себептері 1-ден, қаладағы көлік санының көптігі, жаяу жолдарға арналған орындардың барлығына дерлік көліктер қойылып адамдардың өтуіне кедерге келтіруі және жекелеген жағдайларда өміріне қауіп төндіретіні белгілі. 2-ден, қаладағы жаяу жолдары бар көшелер өзінің маңызына орай пайдаланылмайтындығында немесе ондағы жаяужолдар мен плиткалардың, сатылардың жүріп тұруға қолайсыз, демалатын орындықтар, қоқыс салатын жәшіктердің жоқтығы, ол көше бойымен демалып өтуге мүмкіндік туғызбайды. 3-ден, қаладағы жаяу жолдары бар көшелердің тартымсыздығы көзге түседі, ондағы ағаш бұталарының жайылып өсіп кетуі, тұрғындардың көз тоқтатып сүйсіне қарайтын қызықты мүсіндердің, су бұрқақтардың жоқтығы, үлкен мәселе ретінде қарастыруға болады. Енді жекелеген көшелердегі жаяу жолдардың қазіргі жағдайына назар аударатын болсақ, онда мынадай мәселелерді көруге болады. Мысалы, 7 суретте Каблуков көшесінің жағдайы бейнеленген. 8 суретте бейнеленген жаяужолдың сипатында қарт кісі, балалы әйелдер немесе мүмкіндігі шектеулі адам емес, сау адамның өзі жүруі мүмкін емес. Жаяужолдағы ағаш, алынбай қалған томар, көшенің кішірейіп кетуі, оның қоршаумен бекітілуі бұл көшенің тротуарын қайта салуды қажет ететіндігі көрініп тұр.

Сурет -7

Ескерту: автормен қарастырылған

Бостандық ауданындағы Каблуков көшесі. Жаяужолдардың бойындағы қоқыстар мен сол жерге қойылған автокөліктер адамдардың жүруіне кедергі тудырады. Тротуарлардың сапасы өте төмен. Бұл көшеге қайта күрделі жөндеу жұмыстары қажет.

Сурет -8

Ескерту: автормен қарастырылған

Бұл Каблуков көшесінің Әл-Фараби даңғылынан қарағанда оң жағы. Жаяужол жоқ, эстетикаға сай емес өсіп тұрған ағаш бұталары мен электр бағаналары көшенің көркін бұзуда. Әлеуметтік әлсіз топтардың жүруіне қиын. Осы көшелердің бойындағы жаяужолдардың көлемін кішірейтіп жіберген, адамдарға өте ыңғайсыз.

Сурет-9

Ескерту: автормен қарастырылған

Өтепов көшесінде тротуар жоқ. Оның себебі, бұрыннан қалып қойған трамвай теміржолы. Бұл көше бойында мектеп орналасқандықтан, осы жаяужолмен оқушылар көп жүреді. Жаяужол белгісі қойылмағандықтан, олар үшін жаяужолдар өте қауіпті болуда.

Сурет-10 Ескерту: автормен қарастырылған

Көше бойында орналасқан жеке кәсіпкерлер (мейрамхана, көлік жөндеу орталықтары т.б) жаяужолдарды өз мүдделеріне ыңғайластырып, жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі келтіруде. Олар жаяужолдарды бұзып, өздеріне ыңғайлы етіп, бұзылған жерді жөндемей, қала сәніне кері әсер етіп тұр.

Сурет-11

Ескерту: автормен қарастырылған

Розыбакиев көшесіндегі жаяужолдардың жағдайы сын көтермейді. Арнайы веложолақтар жоқ, пандустар стандартқа сай емес. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай қарастырылмаған.

Сурет-12

Ескерту: автормен қарастырылған

Төле би Алматы қаласының ең үлкен көшелерінің бірі. Бұл жерде қала тұрғындарының көп бөлігі шоғырланған. Бірақ жаяужолдар шұңқырларға, қоқыстарға толы. Демалатын орындықтар қойылмаған. Суретте көрсетіліп тұрғандай жаяужолдың қасындағы арықтар бұзылған, тастармен көміліп, бітеліп қалған. Нәтижесінде жаңбыр жауып, су аққанда бұл жердің қала тұрғындарына қаншалықты қиындық туғызатынын айтпай-ақ түсінуге болады. Тротауарлар стандартқа мүлдем сәйкес келмейді.

Сурет-13

Ескерту: автормен қарастырылған

13 суретте Төле би көшесіндегі жаяу жолдардың келбеті берілген. Жаяужолдардың жанындағы арық жүйесінің іші қоқысқа толы. Бұл қоқыстар қаланың экологиясын бұзуда. Арық жүйесінің жағдайы бұзылған, жаяу жолдардың жиектері опырылып сынған және бұталар талғамға сай қырқылмаған. Қалың өсіп арасын қоқыс пен қалдықтарға толған.

Сурет-14

Ескерту: автормен қарастырылған

Басенов Жароков көшелерінің сол жағындағы қиылысында жаяужол жоқ. Тұрғындар жаяужолдың бөлігін өз мүдделері үшін қоршап алған, сол себепті жаяужолдың көлемі кішірейген. Ал көшенің оң жағындағы тротуардың жағдайы орташа. Көптен бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Көктем, күз мезгілдерінде бұл жаяужолмен жүру мүмкін болмай қалады. Жаңбыр жауғанның әсерінен шұңқырлар суға толады. Ал жаз мезгілінде көше шаңнан көрінбейді.

Осындай проблемасы бар қырық көшені электронды картаға, суретке түсіріп, оны Алматы қаласының даму орталығының урбандалу бөліміне ұсындық.

Сурет-15 Ескерту: автормен қарастырылған

Бұл мәселелер одан әрі Алматы қаласының әкімінің алдында мәселе ретінде ұсынылып, Алматы қаласы көшелерінің жаяужолдарын жөндеу, қайта салу тұрғындар үшін сапалы болуына, олардың бойында үлкен кісілерге, балалы әйелдерге, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған орындықтар, гүлзарлар, субұрқақтар салынады. Біз өз қаламыздың дамуына, оның тұрғындарының жайлы өмір сүруіне кішкентай болса да, ықпал еткенімізді мақтаныш тұтамыз.

1-ші бөлімді қорытындылай келе жаяужолдардың қазіргі жағдайын талдаудың әлеуметтік маңыздылығы теориялық жағы негізделді. Сонымен қатар Алматы қаласындағы жаяужолдардың қазіргі жағдайына ең алдымен үздік саналатын көшелер шет елдің көшелерімен бірге салыстырылып, анықтама берілді. Салыстырмалы талдау жаяужолдардың жағдайын қарастырып көруге өте ыңғайлы. Қала тұрғындары мен сырт елдерден келген саяхатшыларды қаланың әсемді, келбетті, таза болуы жағымды және тартымды етіп көрсетеді.