Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМУ-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.4 Кб
Скачать

Күтілетін нәтиже:

Білді: заттардың қасиеттерін суреттейтін сөздерді: үлкен, кішкентай, орташа, негізгі түстер; заттың кеңістіктегі орнын білдіретін сөздерді: алдында-артында, алды, арасында.

Игерді: заттарды екі белгісі-түсі мен өлшемі бойынша салыстыруды;

Меңгерді: заттарды көрсетілген белгілері бойынша салыстыруды, заттың өлшемі мен түсін атап көрсетуді, оның кеңістікте орналасқан орнын сипаттауды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы :

Күні :

Тәрбиеші :

Білім саласы: «Таным»

Бөлім саласы: ҚМТҚ

Тақырыбы: Геометриялық фигуралар. Төртбұрыш (шаршы және тіктөртбұрыш)

Мақсаты: Балаларды дөңгелек, шаршы, үшбұрыш тәрізді геометриялық фигуралармен таныстыру, оларды ажыратуды үйрету; кеңістікте бағдарлау қабілетін қалыптастыру.

Керекті құралдар: геометриялық фигуралар, тірек сызбалар

Билингвалдық компонент:

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Балалардан отбасының не екенін сұрайды.

-Балалар, сендер жақындарыңды жақсы көресіңдер ме? Сендерде олардың суреттері бар ма?

-Енді дәптердегі отбасының суретін бәріміз бірге қарап шығайық.

Балалар педагогтің отбасы, жақын адамдар жайлы сұрақтарына жауап береді. Дәптердегі суреттерді қарауға кіріседі.

Іздену ұйымдастырушы

Дәптердегі 1-тапсырма бойынша фотосуретте кімнің суреті бейнеленгенін және оның сыртындағы жақтауының пішіні қандай екенін сұрайды. «Не өзгерді?» ойыны ойналады.

Екінші және үшінші жағдайда балалардың бәрі бірдей фигуралардың пішінін атап көрсете алмайды. Фигураларды салыстыруды ұсынады. Шаршы мен тіктөртбұрышты салыстырған кезде олардың бұрыштарын санау қажеттігін айтады.

Оның төртеу екенін анықтайды.

Фигуралардың екеуін де төртбұрыш деп атауға болатынын айтады. Басқа 4 бұрыштардың бұрыштарын санап, олардың арасынан шаршы мен тіктөртбұрыштарды табуды ұсынады.

Фигуралардың көлемі, түсі, пішіні сияқты қасиеттерін бірнеше рет қайталайды.

Балалар отбасы мүшелерінің суреттері қандай пішіндегі жақтауларға салынғанын табады. «Не өзгерді?» ойынына қатысады.

Сопақша, тіктөртбұрыш сынды жаңа фигуралардың атауын тәрбиешімен бірге қайталайды. Шаршы мен тіктөртбұрышты табады, олардың бұрыштарын саусақпен санайды, төртбұрыштарды табады.

Содан соң фотосуреттердегі жақтаулардың пішінін анықтауға кіріседі.

«Бұл-әжей. Оның суреті тіктөртбұрышты жақтауға салынған» немесе «Тіктөртбұрыш пішіндес жақтауға әжейдің суреті салынған» деген сияқты пікірлер айтады.

2-тапсырманы орындайды: фигураларды белгілі бір өлшемге, түсі мен пішініне қарай бояйды.

Рефлексивті коррекциялаушы

Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорыта отырып, балалардан бүгін қандай фигуралармен танысқанын сұрайды. Сол фигураларды тауып, суретті саусақпен сызып көрсетулерін сұрайды. Ауада қолымен белгілі бір фигураның суретін бейнелейді. Еденде оң аяқпен, сол аяқпен фигуралардың суретін сызады. Содан соң балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қаншалықты түсінгенін тексеру үшін оларға 3-тапсырманы береді.

Балаларды мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытады. Ауаға немесе еденге фигуралардың суретін бейнелеп көрсетеді.

3-тапсырманы орындайды.