Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМУ-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.4 Кб
Скачать

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жыл мезгілдері мен ай аттарын, жыл мезгілдерінің белгілерін;

Игерді: әр жыл мезгіліндегі киім және адамдар еңбегі туралы түсінікті;

Меңгерді: жыл мезгілдері мен ай аттарының ретін қоя білу, жыл мезгілдерінің белгілерін түсіндіре білуді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы :

Күні :

Тәрбиеші :

Білім саласы: «Таным»

Бөлім саласы: ҚМТҚ

Тақырыбы : Қарапайым таразы арқылы заттардың салмағымен өлшеп көру. Дүкенге пайдаланылатын таразы мен таныстыру

Мақсаты: Қарапайым таразы көмегімен өлшеу барысымен таныстыру, заттарды таразы арқылы салыстыруға үйрету, ай аттарын, уақытты дұрыс атау дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру, зейіндерін және логикалық ойлауларын дамыту.

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

«Жеміс-жидектер дүкенінде» ойынын ойнату.

Ойынға деген қызығушылықтары пайда болады.

Іздену ұйымдастырушы

Дәптердегі 1-тапсырмада берілген таразыны қарауларын сұрау. Балалар онда ненің суретін көріп тұрғанын айтады.

-Неге таразы бір жағына еңкейіп тұр?

Тақтада және үстелде балалар цифр, таңба жазылған карточкалардан суретке байланысты жазулар құрастырады. 2>1, 1<3, 2=2

-Таразыны теңестіру үшін не істеу керек?

11-кестенің көмегімен осыған ұқсас жағдайлардың үлгісіне талдау жасайды.

Содан соң №2 тапсырма осыған ұқсас орындалады.

-Жеміс-жидектерді салмағына қарай таразыға дұрыс орналастырыңдар.

-Неге осындай жапсырмаларды таңдап алдыңдар?

Дүкендегі таразылар туралы әңгіме жүргізеді.

Оларды суреттен көрсетеді. Жылдың қандай мезгілінде ненің пісетінін сұрайды. Осы кезеңде ай аттарының атауларын қайталаған тиімді. Өз аймақтарында өсетін жемістер мен көкөністердің суреттерін таңдап алуға болады.

Дәптердегі 1-тапсырмаға қарап, таразыға не салынғанын айтады. Таразының екінші жаққа неге еңкейгені туралы қорытынды жасайды. Теңестіру нұсқасы ұсынылады: бір жемісті алу немесе тағы бір жеміс қосу.

Таразыға байланысты берілген логикалық тапсырманы шығарады.

2-тапсырманы орындау үшін, қажетті жапсырманы іздейді.

Қорытынды жасайды. Дүкендегі таразылар туралы әңгімеге қатысады.

Рефлексиялық-түзетушілік

№3 тапсырмада берілген кестедегі заңдылықты тауып, керекті машинаныжапсырады. Сондай-ақ таразы туралы әңгімемен жалғастырады.

-Қай машина ауырырақ?

Оқушылардың іс-әрекеті қорытындыланады.

-Біз бүгін дүкенде болдық. Онда не сатылды? (жемістер мен көкөністер)

-Ненің ауыр, ненің жеңіл екенін не арқылы анықтадық.

Тәрбиеші орындаған жұмыстарын мадақтап, сабақты аяқтайды.

3-тапсырманы орындайды. «Ең үлкені ауыр» деген қорытынды жасайды. Қорытынды жасайды.