Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМУ-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.4 Кб
Скачать

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 8 саны мен цифрын табуды;

Игерді: 8 цифрының жазылуы туралы;

Меңгерді: 8 заттан тұратын топты табуды; 8 цифрын тануды, қағаз бетінде бағдарлауды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы :

Күні :

Тәрбиеші :

Білім саласы: «Таным»

Бөлім саласы: ҚМТҚ

Тақырыбы: 9 саны және цифры. Жай мысалдар мен есептер құрастыру.

Мақсаты:

a) 9 саны және цифрымен таныстыру;цифр мен заттың санын сәйкестендіре білуге үйрету;заттарды санауға машықтандыру; 9 цифрын тану және белгілеуге үйрету.

ә) балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту;

б) үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу;

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Тәрбиеші кез келген ойын ұйымдастырады. Мысалы: сабаққа ертегінің тоғыз кейіпкерін шақырады. 8 түрлі кейіпкерді қатарластырып қойып шығады және балаларға санатады. Содан соң біздің сабағымызға қатысу үшін тағы бір кейіпкер жүгіріп келе жатқанын айтады. Сонда ертегі кейіпкерлері нешеу болды?

9 қайдан пайда болды?

-Кәне, балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын кім айтады?

Ертегі кейіпкерлеріне қызыға қарайды. Оларды санайды.

Бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.

Іздену ұйымдастырушы

Дәптерімізді ашып, 1 тапсырманы шиелерді санаймыз.

Санды цифрмен белгілейміз. 9 цифрын табамыз.

Педагог 9 саны мен цифры туралы тақпақ оқып береді.

Акробат қыз мықты

Сахнаға шықты.

Бүктеліп белі қайысты

«9» болып майысты.

Цифрды бастырып сызамыз.

Санды ауаға « жазамыз».Содан соң аяғымыздың ұшымен еденге саламыз. Енді қарындашты алып, дәптердегі санды салып шығамыз: алдымен дөңгелек сызықты жоғарыдан төмен түсіп, сызықты солға бұрамыз. 9 санын қолды үзбей жазуды үйрету.

Сергіту минутын ( 9 рет секіру,оң аяқпен 9 рет, сол аяқпен 9 рет жерді тебу, 9 рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 9 рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, тапсырманы орындайды. Цифр,сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен сәйкестендіру қажет. Бұл сабақта жазба үлгіден жасалған текшемен жұмыс істеуді бастаймыз (нүкте арқылы 1- ден 9- ға дейін, 9-дан 1-ге дейін тура және кері санау). Содан соң балалардан көзді жұмып, сандар тізбегіне қарамай санауды сұрайды.

№2 тапсырманы орындауға береді. Балалар тиісті цифрды көрсетілген орынға жапсырады.

1- ден 9-ға, 9-дан 1-ге дейін тура және кері санауды ұсынады.

Топ деңгейіне қарай нәтижесі 9 болатын мысалдар құрастыруға болады.

Заттарды санаймыз

9 цифрын табады және талдайды.

Цифрды көрсетеді.Ауаға санды жазады. Цифрды саусақпен сызып шығады. Еденге аяғының ұшымен жазады. Тура, кері санайды.

Үлестірмелі материалмен жұмыс істейді: тиісті затты санап алып, цифрды көрсетеді.

Дәптердегі 2-тапсырманы орындайды. Тура, кері санайды.

Рефлексивті коррекциялаушы

  1. ден 9-ға дейінгі сандар қатарын қаншалықтымеңгергенін тексеру үшін №3тапсырманы орындайды. Тәрбиеші моншақтарды сандар реті бойынша тізбектеп қосуды тапсырады. «Алдыңғы сан», «кейінгі сан» немесе «алдында», «артында», «арасында» деген сөздерді пайдалана отырып, тапсырманы қиындатуға болады.

  2. Балаларды ертегі кейіпкерлерін шығарып салуға шақырады. Сабақты қорытады және оған белсенді атсалысқаны үшін балаларды мақтайды.

Ертегі кейіпкерлерін шығарып салады. Сабақты қорытады.