Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМУ-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.4 Кб
Скачать

Күтілетін нәтиже:

Біледі: заттарды биіктігі мен қалыңдығына қарай салыстыру үшін «қалың-жұқа» сөздерін дұрыс пайдалануды;

Игерді: заттардың биіктігі мен қалыңдығы туралы түсінікті және оларды салыстыруды;

Меңгерді: заттарды көзбен, бір біріне қою арқылы салыстыруды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы :

Күні :

Тәрбиеші :

Білім саласы: «Таным»

Бөлім саласы: ҚМТҚ

Тақырыбы: Ұзындық. Шартты өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығына қарай салыстыру.

Мақсаты:

a) ұзындық туралы түсініктерін қалыптастыру , заттардың ұзындығын бір-біріне салу арқылы жәнешартты өлшемнің көмегімен өлшеуді үйрету;

ә) балалардың кеңістік қиялы мен сөйлеу қабілетін, зейінін дамыту;

б) сұраққа толық, дұрыс жауап беруге үйрету;

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Тәрбиеші: «Балалар, бүгін бізге қонаққа хайуанаттар бағынан аңдар келді» немесе «Оларды хайуанаттар бағына серуендеп қайтуға шақырайық»,-дейді.

Ойынға қосылады.

Іздену ұйымдастырушы

-Қай жануарға қандай тор қажет? Неге?

-Неліктен торларға жақындауға болмайды? Қараңдаршы, балалар сендер жақындамау үшін бақ қызметкерлері ашық түсті ленталар дайындап қойыпты. Лентаның қайсысы ұзын?

-Көзбен шамалап біле аласыңдар ма?

-Онда қайсысы ұзын екенін қалай білеміз?

Тәрбиеші ленталарды бір-біріне қойып салыстырады және балалардан олардың қайсысы ұзын екенін анықтауды сұрайды.

-Қараңдаршы, балалар, маймылдар мынадай фигуралар жасапты. Олар қандай фигураларға ұқсайды? (шаршылар, тіктөртбұрыштар). Келесі фигура қандай?

-Таяқшалардан осы фигураларды құрастырыңдар. Қайсысы ұзынырақ?Оны қалай таптыңдар?

Содан соң жануарлардың құйрықтарды бір-біріне қойып салыстыра аламыз ба? Онда не істейміз? Балаларға өлшеу үшін таяқшалар береді.

-Құйрықтарды қалай өлшеуге болады, ойланып көрелік.

Балаларға өлшеу тәртібін белгілеп алуды ұсынады: өлшегіш таяқшаны бірінен соң бірін қою керек, арасында ашық жер қалдыруға болмайды. Содан кейін біз оларды санаймыз.

Тәрбиеші балаларға көмектеседі.

Сонымен, жолбарыстың құйрығы 5таяқша, маймылдың құйрығы 3 таяқша, түлкінің 2таяқша, ал тиіндікі 1таяқша болды. Қайсысы ұзын? Қайсысы қысқа?

Сергіту минуты.

Содан соң №2тапсырманы береді. Оны орындау үшін өлшегіш құрал қажет. Тәрбиеші балаларға 1,5 сантиметрлік өлшейік жолақ береді.

Балалар хайуанаттар бағына барғаннда қандай қауіпсіздік ережелерін керектігін айтады.

Балалар қайсысы ұзын екенін айта алғаннан кейін, оны қалай өлшеудің жолдарын іздей бастайды.

Таяқшалардан көрсетілген фигураны құрастырады. Олардың ұзындығын анықтау үшін, ұзындығына орналасқан таяқшаларды санайды.

Жануарлардың құйрықтарын өлшеу үшін таяқшаларды, шартты өлшеуіштерді пайдаланады.

Рефлексивті коррекциялаушы

Балалардың сабақты түсіну деңгейін тексеру үшін мынадай логикалық тапсырмалар беруге болады:

-Қызыл қарындаш жасылқарындаштан ұзындау, алжасылы көгілдір қарындаштан ұзын. Ең қысқасы қайсы қарындаш?

Қарындаштарды тиісті түске бояңдар.

Жасыл лента көгілдірден, ал көгілдір лента қызылға қарағанда ені тар. Лентаның қайсысы енді?

Ленталарды тиісті түспен бояңдар. Содан соң тәрбиеші сабақты қорытады.

-Заттарды ұзындығына қарай қалай өлшейміз? Көзбен өлшеу ыңғайлы ма? Әлде қателесіп кетеміз бе? Заттарды үнемі бір-біріне қойып салыстыру мүмкін бе?(жоқ). Егер олардың суреті қағазға салынған болса, бізоларды қолға алып, бір-біріне қою арқылы салыстыра алмаймыз.

Онда қандай әдісті пайдаланамыз?

Ненің ұзын екенін қалай білеміз?(өлшеу керек). Өлшеуішпен қалай өлшейміз? (өлшеуіштерді бірінің артына бірін қоямыз)

Санау қабілетін бекіту үшін №3 тапсырманы береміз.

Тәрбиеші балаларды мақтайды және үстел үстін реттеуді тапсырады.

Логикалық тапсырманы жеке жеке орындап, қарындаштар мен ленталарды бояйды. Заттың ұзындығын салыстыру әдістері туралы сұрақтарға жауап береді.

Шартты өлшеуіштің көмегімен салыстыру тәртібін түсіндіреді.

Сабақты қорытады және үстел үстін реттейді.