Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМУ-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.4 Кб
Скачать

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 6саны мен цифрын табуды;

Игерді: 6 цифрының жазылуы туралы түсінікті; 1-ді қосу арқылы сан жасау туралы түсінікті;

Меңгерді: алты заттан тұратын топты табуды; 6 цифрын тануды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы :

Күні :

Тәрбиеші :

Білім саласы: «Таным»

Бөлім саласы: ҚМТҚ

Тақырыбы: Биік –аласа, жуан-жіңішке,тар –кең, 0-ден 6- ға дейінгі сандар. Биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарайсалыстыруға арналған жаттығулар.

Мақсаты:

a) заттардың биіктігі менқалыңдығы туралы түсінік қалыптастыру және оларды салыстыруды үйрету, «биік-аласа, жуан-жіңішке, тар –кең» деген сөздерді пайдалана отырып салыстыру, заттарды көзбен салыстыру, бір-бірініңүстіне қою, бастыру арқылы салыстыруды үйрету.

ә) заттардың кеңістіктегі орнын сипаттау қабілетін шыңдау, балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту;

б) эстетикалық тәрбие беру;

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Сабаққа құртақандарды «шақырады».

«Олар бірдей ме?» деп сұрайды. Біз оларды шамасына және киімінің түсіне қарай салыстырған болатынбыз. Ал енді оларды бойының биіктігі мен жуан-жіңішкелігіне қарай салыстырамыз.

Іздену ұйымдастырушы

Құртақандарды бойы ұзынынан бастап қойып шығуды ұсынады. Бірінші ең ұзыны, сосын одан аласалауы және т.б. «Мұны қалай істеу керек?» деген сұрақты қоя отырып, балалардан мынадай жауаптар алуға тырысады: «Алдымен көзбен өлшеп аламыз. Сосын бір бірімен қатарластырып қойып, қайсысының биік, қайсысының аласа екенін тексереміз».

-Кәне, балалар, оларға кофта мен шалбар таңдайық. Шалбарлар мен кофталарды қалың-жұқа демей, кең-тарлығына қарай анықтаймыз. Менімен бірге қайталаңдар.

1-кестенің 2-бетінде құртақандарға арналған кофталар мен шалбарлар бейнеленген. Шалбарларды еніне қарай қалай орналастырамыз? Балаларды алдымен көзбен шамалап, кейінзаттарды бір-біріне қойып салыстыруға жетелейді.

Содан соң тәрбиеші 5баланы бой-бойымен қалай тез тұруға болатынын түсіндіреді. Кейін қолдағы ұсақ бұлшықеттерді дамытуға арналған сергіту жаттығуын орындайды.

Дәптердегі №1, 2 тапсырмалар әр баланың «биік-аласа, ұзын-қысқа, кең-тар» деген сөздерді дұрыс қолдануы үшін берілген.

№2 тапсырма цифрларды дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыруға арналған. Дәптердегі №3 тапсырманы орындайды.

Балалар биіктігіне қарай салыстыру әдістерін түсіндіреді: «Алдымен көзбен шамалап аламыз. Содан соң бір-бірінің қасына қойып салыстырамыз».

Балалар құртақандарға киім таңдайды: «Кең шалбарды табу үшін оларды бір-бірінің үстіне қоямыз. Құртақандар бой-бойымен тұрады.»

Дәптердегі 1,2-тапсырманы орындайды. Заттардың ең биігін аласасымен, ең қысқасын ұзынымен қосады.

Рефлексивті коррекциялаушы

Тәрбиеші сабақты қорытындылайды. Биіктігі мен еніне қарайсалыстыру үшін қандай сөздерді пайдаланғанын сұрайды.

Қандай әдіспен салыстырдыңдар?

Содан соң балаларға алғыс айтады және үстел үстін реттеуге шақырады.

Сұраққа жауап береді: «Биіктігіне қарай салыстыру үшін «биік-аласа», еніне және қалыңдығына қарай салыстыру үшін «қалың-жұқа» деген сөздер қолданылады. Заттарды көзбен, бір біріне қою арқылы салыстыруға болады.