Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМУ-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.4 Кб
Скачать

Күтілетін нәтиже:

Біледі: азайту амалының мәні және оның таңбасын (« »)

Игерді: цифрлар мен таңбалар арқылы азайту амалдарын жазуды;

Меңгерді: азайту амалын « » таңбасымен белгілеуді, азайту амалына берілген мысалдарды әртүрлі етіп оқуды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы :

Күні :

Тәрбиеші :

Білім саласы: «Таным»

Бөлім саласы: ҚМТҚ

Тақырыбы: 6 саны және цифры.

Мақсаты:

a) 6 саны және цифрын енгізу; заттың санымен сәйкестендіре білуге үйрету; 1-ді қосу арқылы сан шығарып алу туралы түсінікті қалыптастыру, сандық және реттік санау дағдысын жетілдіру; 6 цифрын тану және белгілеуге үйрету.

ә) балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту;

б) эстетикалық тәрбие беру;

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Сабаққа ертегі кейіпкерлерін шақыруды ұсынады. Біздің сабағымызға тағы бір кейіпкер жүгіріп келді. Енді олар нешеу болды? Қалайша алтау болды?(6дегеніміз -5 және1). Бүгінгі сабақтың тақырыбын кім табады?

Ертегі кейіпкерлеріне қызығушылық танытады. Кейіпкерлерді санайды. Сабақтың тақырыбын табады.

Іздену ұйымдастырушы

Дәптерімізді ашып, ондағы заттарды санаймыз. Санды цифрмен белгілейміз. 6 цифрын табамыз.

Педагог 6 саны мен цифры туралы тақпақ оқып береді.

Есікке салар іліп,

Мынау деген құлып,

Аузы ашылған қалпы

Айнымаған «6»

Санды ауаға « жазамыз».Содан соң аяғымыздың ұшымен еденге саламыз. Енді қарындашты алып, дәптердегі санды салып шығамыз: дөңгелек сызықты жоғарыдан төмен қарай, содан соң солдан оңға қарай жоғары сызамыз.

Сергіту минутын ( 6рет секіру,оң аяқпен 6рет, сол аяқпен 5рет жерді тебу, 6рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 6 рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, тапсырманы орындайды. Цифр,сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен сәйкестендіру қажет. Бұл сабақта жазба үлгіден жасалған текшемен жұмыс істеуді бастаймыз (нүкте арқылы 1,2,3, 4, 5,6сандарын көрсететін сияқты тапсырма. Картинадағы заттың санын табады.). Тәрбиеші 1-6 зат салынған кез келген суретті көрсетеді және балалардан текшенің соған сәйкес келетін жағы мен карточкадағы цифрды көрсетулерін сұрайды.

Материал үлестіріп беріп, кері тапсырма орындауға болады: үлгі мен цифр бойынша тиісті заттар санын шығару.

Содан соң №2 тапсырманы орындауға береді. Балалар алдыңғы сабақтарда осыған ұқсас тапсырмаларды орындаған болатын.

Цифрды іздейміз және бояймыз. 1-ден 6-ға дейін, 6-дан 1-ге дейін тура және кері санау. Топтың деңгейіне қарай нәтижесі 6 болатын мысалдар құрастыруды ұсынуға болады.

Заттарды санайды.

6 цифрын табады және талдайды. Тақпақты тыңдайды. Цифрды ауаға, содан соң қарындашты алып, дәптердегі 6санын бастырып сызады.

Математикалық сергіту минутын жасайды. Тиісті нүктелер мен тиісті цифрды көрсетіп, текшемен жұмыс істейді.

Дәптердегі 2-тапсырманы орындайды.

Рефлексивті коррекциялаушы

№3 тапсырма: жетпей тұрған пирожныйды жапсырып, оларды 6-ға жеткізуді сұрайды. Әр баланың сабақты қалай түсінгенін тексереді Сабақты қорытуға арналған сұрақтар қояды:

-Балалар, бізбүгін қандай санмен және цифрмен таныстық?

Ертегі кейіпкерлерін санап, шығарып салады. Бірінші...кетті, екінші... кетіп бара жатыр, үшінші-...

Балаларға алғыс айтады.

Суреттегі пирожныйды 6-ға толықтырып, жапсырмаларды жапсырады.

Ертегі кейіпкерлерін шығарып салады.

Сабақты қорытады.